n+
n-
1
2
3
Ең аз қажетті
Оңтайлы
Барынша рұқсат етілген
400
1500 – 3000
50000
600
3000 – 5000
50000
5.1.3 Дербес компьютерлердің орналасуына және жабдықталуына
қойылатын талаптар
Есептеуіш техникасы кабинетінде оқушылардың жұмыс орнын олардың
кіріп – шығуына ыңғайлы етіп орналастыру қажет. Бүгінгі күнге дейін
компьбтерлік сыныптарда жабдықтарды орналастырудың бірнеше тәсілдері
сынақтан өткізіліп, оларды тиімді орналастырудың кейбір талаптары
тұжырымдалды. Сонымен бірге, мұндай сыныптарда ауаның ылғалдылығы,
бөлме температурасы, шудың естілуі, электрдің және радиацияның әсері, т.б.
ескеріледі.
Жалпы жағдайда
а) оқушылар мен мұғалімнің жұмыс орнының қауіпсіздігі;
ә) кабинеттегі жабдықтардың орналасу ретінің оқушыларға ыңғайлы
болуы;
б) оқушылар мен мұғалімнің әртүрлі оқыту тәсілдерін үйлестіруге
қолайлылығы;
в) бақылауды ұйымдастыру тұрғысынан мұғалімге ыңғайлы болуы;
г) қызмет көрсетуге және жөндеуге қолайлы болуы;
ғ) кабинет ауданын тиімді пайдалану, т.б. ескерілуі тиіс.
Мектепте және мектепке дейінгі мекемелерде есептеуіш техника
кабинетіндегі бір жұмыс орнының оуданы 6 м, ал көлемі 24 м, биіктігі 4 м-ден
кем болмауы тиіс және информатика кабинеті жанынан егер компьютерлер
саны 10-нан кем болмаса, онда ауданы 18 м кем емес қосалқы бөлменің болуы
стандартқа сай болып табылады.
Компьютерді орналастырудың екі жағдайы 3-суретте көрсетілген. 1-
жағдайда дербес компьютерлер ІІ (периметр) түрінде орналастырылады. Бұл
оқушылар мен кабинеттегі жабдықтар үшін қауіпсіз деп есептеледі.
Лабораториялық жұмыстар үшін мұндай орналастыру тиімді болғанымен,
теориялық сабақтар үшін қолайсыздығы байқалады. 2-жағдайда, комьютерлер
қабырғаны бойлай немесе қабырғаға жанай орналастырылады. Сынып
бөлмесіндегі бос орындарға үстелдер мен орындықтар қойылады. Бұл сабақ
формаларын
алмастырып,
үйлестіріп
жүргізуге
мүмкіндік
береді.
Оқушылардың бір бөлігі ортада отырып, қалғандары дербес компьютерлер
алдында отырып жұмыс жасай алады. Екі орынды үстелдерді біріктіріп қоюға
тиым салынады. Егер үстелдер қатар бойымен орналастырылса, онда олардың
арақашықтығы 1 м немесе 1,1 м болуы тиіс [39].
5.1.4 Жалпы мекемелердегі компьютерлік бөлмелерге қойылатын
санитарлық – гигиеналық талаптар
1. компьютер класының терезелері солтүстікке немесе солтүстік –
шығысқа қараған дұрыс. Себебі, бұл бетке орналасқан бөлмелерге күн сәулесі
тік түспейді. Күн сәулесі монитордың бетіне және оқушылардың көзіне тік
түспеуі керек және терезеге қара түсті перде ілуге болмайды.
2. мониторларды сәлелендіруден сақтандырып, жабдықтау қажет.
3. табиғи жарық солтүстікке немесе солтүстік – батыс орналасқан
терезелер арқылы мүмкіндігінше сол жақтан түсуі керек, оның шамасы 1,5% -
ті құрайды, ал жасанды жарық түсіру үшін люминесцентті лампаларды
қолданған тиімді, олардың жарықталынуы 300-500 люкс болуы керек.
4. компьютер экраны қолданушы көзімен деңгейлес немесе төменірек
болуы керек. Оқушылардың экранға қарау бұрышы 45° - тан кем болмауы,
экраннан қашықтық 60-70 см болуы, монитордағы белгінің биіктігі 3-4 мм
болуы керек. Бейнелерді, символдарды енгізуге арналған пиксельдер
жарқыраған нүктелер арасындағы қашықтық пиксельдер мөлшерінен кіші
болуы және қою жасыл фонға ақ түсті немесе ашық түсті фонға қара түсті
бояу қолдануға ұсынылады. Себебі, қызыл, күлгін, көк түстер көзді тез
шаршатады және 7 түрлі түс оқушыларға бір мезгілде көрінбеуі керек.
5. ОЖО – дағы ұзындығы 70 см, стол жиегімен клавиатура арасы 30 см,
бұл орын кітап пен дәптер қою үшін қажет.
6. бөлмені желдету немесе ауаны тазарту үшін желдеткіш конденционер
болуы міндетті, бөлме температурасы 18-22°С, ылғалдығы 52-65% болуы
қажет.
7. ЕТ бөлмелері шудан,тербелістерден қашық орналасуы керек.
Компьютерленген барлық оқу орындары, мектеп және мектепке дейінгі
мекемелердің жұмыс орындағы шу деңгейі 50 Дбл –ден жоғары болмауы
керек.
8. компьютерленген
барлық
мекемелердің
жұмыс
орындағы
микроклимат параметрлері 6-кестеге сәйкес қамтамасыз етулуі тиіс (6-кесте).
5.3 кесте - Компьютерленген мекемелердің микроклимат параметрінің
мүмкіндігіі және үйлесімділігі
Үйлесімді параметрлер
Мүмкін параметрлер
Температура
(°С)
Салыстырмалы
ылғалдылық
Температура
(°С)
Салыстырмалы
ылғалдылық
19
62
18
39
20
58
22
31
21
55
-
-
Ойын кезінде екі немесе одан да көп балаларды (балалардың жасына
қарамастан) бір компьютерге отырғызуға тиым салынады. Компьютерде
жұмыс істегеннен соң көзге жаттығу жұмыстарын және сабақтан кейінгі
үзілісте дене жаттығуларын жасау керек.
5.1.5 Компьютерге қойылатын дидактикалық талаптар
Оқыту процесінде ЭЕМ – дің техникалық сипаттамаларының өзіндік
мәні бар. Атап айтқанда, компютерге қойылатын сенімділік, тез әрекеттілік,
бір бейнелік, т.б. талаптар.
Сенімділік - компьютерлік техниканың оқу уақытына кедергі келтірмей
жүктелуі немесе қайта жүктелуі, автоматты ақаулар кезінде жұмыс
нәтижелерін жоғалтпауы, оқушы мен психологиясына кері әсер етпеу
тұрғысынан көрінеді.
Тез әрекеттілік мектеп ЭЕМ – нің программалық қамтамасыз етілуі,
олардың тез әрекеттілігі тұрғысынан қамтамасыз етіледі. Мысалы, 8 разрядты
процессормен жұмыс жұмыс істеу кезінде жоғарғы деңгейлі программалау
тілінде жазылған программаларды іске қосқанда, программаларды қайта
жүктегенде, уреттерді, объектілерді енгізукезінде біраз уақыт күту қажет
болады. ЭЕМ – мен сұхбаттық біраз уақытқа созылуы (3-4 секунд) оқушыны
абыржытады, шаршатады. Сондай – ақ жергілікті желіден алмасу барлық
мектеп ЭЕМ – де баяу орындалады. Сондықтан мұндай жағдайда «бас
машина» ретінде кәсіби дербес ЭЕМ – ді (ДЭЕМ) пайдалану орынды.
Клавиатураның бір бейнелігі өңдейтін тексті тез енгізу үшін қажет. Егер
дербес компьютерлерінің клавиатурасынң қосымша пернелері біріңғай
болмаса,онда басқа мекемелердегі клавиатурадағы қосымша пернелердің
қызметін қайта үйренуге тура келеді. Сондай – ақ текст жолдары экранда
көрнекі бейнеленіп, информациялар мен программаларды өңдеуге қолайлы
болуы керек. Мысалы, 32 және 64 символды қысқа қатарлар кестелерді
өңдеуге қолайсыз. Көрнекілікті түрлі – түсті графика арқылы безендіруге
болады. Көбінесе, графикалық экранның болмауы псевдографикамен жұмыс
істеуге мәжбүр етеді. Бұл түзудің, шеңбердің, т.б. сынық сызықтардан,
пиксельдер арқылы тұрғызылатынын көрсетуге мүмкіндік беретін
артықшылығын көрсетеді. Керісінше, бұл жағдай графикалық экранда
байқалмайды.
Текстерді бір компьютерден басқа компьютерге ауыстыруда олардың
дискілері форматтары бойынша үйлесімді болуын ескерген дұрыс. Өйткені,
текстік файлдарды әртүрлі дискілер бойынша оқуға арналған программалар
болғанымен де кейде бір типті компьютерлердің бірінде жазылған
информация екіншісінде оқылмауы мүмкін [6].
Достарыңызбен бөлісу: |