Дипломдық жұмыстың мақсаты сақтандыру туралы қажетті



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет21/29
Дата15.05.2018
өлшемі0,83 Mb.
#13843
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29

- MyISAM  қозғалтқышы  арқылы  толық  текстік  индексациялау  және 

іздеу; 


- енгізілген мәліметтер қоры кітапханасы; 

- жартылай  Unicode-ты  қолдау  (UTF-8  және  UCS-2-мен  кодталған 

мәліметтер, BMP типтегі мәліметімен шектеледі); 

- транзакция  қолдауы  бар  қозғалтқыштарды  (InnoDB  және  Cluster) 

қоданғандағы ACID ережелерінің толық сәйкестігі; 

- кестені 

партицияланғанда,  пратицияларды  оңтайландырғыштан 

толығымен жою; 

- MySQL Cluster арқылы ортақ мәліметсіз кластерлеу; 

- жағдайға  байланысты  "қатаң  мұрағаттау"  (mysqlhotcopy  қолдану 

арқылы). 

Ай  сайын  бағдарламашылар  MySQL  серверінің  жаңа  нұсқаларын 

шығарып  отырады.  Бағдарламаның  қайнарларын  MySQL  сайтынан  немесе 

MySQL-дің  Bazaar  репозиторийінен  GPL  лицензиясы  бойынша  алуға  болады 

[25]. 

MySQL  жүйесі  келесі  қосымшаларды  қолдауды  жүзеге  асырады.  Бірақ 



ол қосымшаларды басқа жүйелер қолдамауы мүмкін: 

- әр 


кестелерге  жеке  сақтау  қозғауыштарын  қолдану.  Бұл, 

бағдарламашыға тиімдісін таңдауға мүмкіндік береді(MySQL 5.0 нұсқасында 

әр  қозғауыштар  компиляция  арқылы  жүйеге  ендірілуі  керек;  MySQL  5.1 

нұсқасында,  қозғауыштар  динамикалық  түрде  қолданылу  барысында 

жүктеліне алады); 

- басты  сақтау  қозғауыштары  (MyISAM,  Falcon,  Merge,  Memory  (heap), 

Federated, Archive, CSV, Blackhole, Cluster, EXAMPLE, Maria, және MySQL 5.5 

нұсқасынан бастап жүйеде стандартты етіп қойылған InnoDB); 

- сырттан  жасалған  қозғауыштар(solidDB,  NitroEDB,  ScaleDB,  TokuDB, 

Infobright  (бұрынғы  Brighthouse),  Kickfire,  XtraDB,  IBM  DB2).  InnoDB  - 

сырттан  жасалған  қозғауыш  болатын,  бірақ  Oracle  компаниясының  сатып 

алуы, MySQL ядросын және InnoDB екеуін бірге қосты

- қоғамдастық  құрған  (memcache  engine,  httpd,  PBXT,  Revision  Engine) 

қозғауыштар; 

- меншік қоғауыштар; 

- топтасқан фиксация  -  секундына бірнеше  жазу  орындау  үшін бірнеше 

қосылымдардағы  бірнеше  транзакцияларды  біріктіру.  (PostgreSQL-де  бұл 

функционалдың кеңейтілген формасы бар). 

MySQL,  кебір  SQL  стандарттарын  толық  қолдамайды.  Мысалы, 

стандартты  SQL  синтаксисын,  мәліметтер  шектеулері,  сыртқы  кілттерге 

сілтемелерді тексеру және де басқа бизнес логикадағы тұрақтылықты сақтауға 

арналған  функциялары,  қатаң  тексерулерді  орындамайды.  Триггерлер  болса 

бір тапсырыста бір рет ғана орындалады, яғни бір кестеге орындалған енгізу 

операциясының алдында немесе одан кейін бір-ақ рет бір триггерді орындауға 

болады. Көріністерге болса триггер орындауға болмайды [26]. 



MS  ACCESS  деректер  базасы  және  оның  құрылымы.  Қызметтің  кез 

келген  саласында  жиі  деректердің  үлкен  көлемдерімен  жұмыс  жасау  қажет. 

Бұл  кездегі  негізгі  операциялар  –  бұл  ақпаратты  жинау,  оны  өңдеу  (қажет 

деректерді іздеу, сұрыптау және т.б.), деректерді қарап шығуға және баспаға 

шығаруға  арналған  формаларды  құрастыру  болып  табылады.  Осы  барлық 

функцияларды  қамтамасыз  ететін  ең  таңымалды  программалық  құрал  MS 

Access деректер базасын басқару жүйесі болып табылады. 

Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) 

сақталынатын файл (құжат). 

Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат 

деректер    базасына  енгізілінеді,  сұрыпталынады,  сүзбеу  жүргізілінеді,  қажет 

ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді. 

Деректер  базасындағы  бағандар  өрістер  деп  аталады,  ал  жолдар  – 

жазулар.  Жазулар  саны  қатты  дисктің  сыйымдылығымен  шектеледі. 

Өрістердің максималды саны – 255. 

Өрістер  мен  олардың  қасиеттерінің  жиынтығы  деректер  базаның 

құрылымын  анықтайды.  Жазуы  жоқ  деректер  базасы  да  деректер  базасы 

болып табылады, өйткені оның құрылымы бар. 

Деректер базасын құрастыру: 

1-қадам. Оның құрылымын құрастыру. 

2- қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру. 

Access-ті  жүктеген  кезде  деректер  қорының  объектілерімен  жұмыс 

жасауға арналған мәзір пайда болады [27]. 

Жұмыс  жасаудың  режимдері  және  объектілері.  Кестеле  –  жазулар 

жиынтығы болып табылады. Деректер базасында не сақталынады соның бәрі 

оның  кестелерінде  сақталынады.  Олардың  құрылымы  және  мазмұны  бар. 

Кестенің  құрылымын  құрастырғанда  өрістердің  атауларын,  өрістердің 

типтерін  және  олардың  өлшемдерін  анықтау  қажет.  Кестенің  әрбір  өрісіне 

ерекше  ат  беріледі.  Содан  кейін  қандай  типті  деректер  әрбір  өрісте 

орналасады  екендігін  шешу.  Өріс  типінің  мәні  Конструктор  режимінде  ғана 

көрсетілінеді. 

Сұраныстар  –  толтырылған  деректер  базасымен  жұмыс  жасауға 

арналған негізгі объект. Деректерді өзгерту, таңдау және талдау құралы болып 

табылады.  Олар  бойынша  бірнеше  кестенің  деректерін  өзгертуге,  талдауға 

және қарауға болады. Базаның байланысқан кестелерінен деректердің күрделі 

таңдауын  орындауға  және  оларды  нәтижелі  кестелер  түрінде  көрсетуге 

мүмкіндік береді. Нәтижелі кестелер тек жедел жадыда сақталынады, ал бірақ 

оларды сақтауға болады. 

Формалар – кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін және 

т.б.  мақсаттары  үшін  қолданылатын  экранның  арнайы  форматы  болып 

табылады.  Формалар  деректерді  енгізуге,  оларды  түзетуге,  қосуға  және 

жазуларды  жоюға  мүмкіндік  береді.  Бір  уақытта  өз  ара  байланысқан 

кестелермен операциялар істеу үшін формаларды құруға болады. 



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау