Кесте №8.
Құрал-жабдықтарды интегральды пайдалану көрсеткішінің есебі.
Көрсеткіштер
|
Базистік жыл
(2000 ж.)
|
Есепік
жыл
(2001 ж.)
|
Ауытқу
|
Өзгеру темпі
|
Құрал-жабдықтарды экстенсивті тиеу коэффициенті
|
3,439
|
8,892
|
+5,453
|
2,587
|
Құрал-жабдықтарды интенсивті тиеу коэффициенті
|
1,892
|
1,959
|
+0,067
|
1,035
|
Құрал-жабдықтарды интегральды тиеу коэффициенті
|
6,507
|
17,419
|
+10,912
|
2,677
|
Есептеулерден көріп отырғанымыздай құрал-жабдықты интегральдық тиеу көрсеткішінің өсуі құрал-жабдықтың экстенсивті жүктемесін көтеру нәтижесінен болып отыр. Интенситві жүктеменің төмендеуі өнім шығаруды көтеру мүмкіндіктерін пайдаланбай отырғанын сипаттайды, қосымша қуаттарды және жаңа капитал салымдарын пайдаланбай-ақ. Бұл коэффициентті өндірістің ұйыдастыру-техникалық деңгейін үйлесімдендіріп, өндірістегі қысқа орындарды жою арқылы көтеруге болады.
Негізгі қорлардың өсуі және олардың сапалы жетілдірілуі көп мөлшерде қол еңбегін автоматқа ауыстыруға, бір жұмысшыға келетін еңбек қорларының салмағы үздіксіз өсуіне алып келеді. Бұл еңбек құрылыс шаруашылығында еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді.
Құрылыс шаруашылығының өндірістік негізгі қорлардың салмағының үздіксіз өсуі күрделі қаржы салымдарын бөлуді және әр түрлі ресурстарды тартуды қажет етеді. Сондықтан да ең басты мақсат бар негізгі қорларды тиімдірек пайдалану болып табылады. Бұл үшін әр бір құрылыс ұйымында негізгі қорлардың пайдалану деңгейін оптимальды бағалау мүмкіндігі болуы қажет, себебі оның қорлардағы қажеттілігін дұрыс анықтап және бар резервтерді тиімдірек қолдануды әшкерелеу қажет. Құрылыс ұйымдарының негізгі қорларын тиімді пайдаланбаудың негізгі себептерінің бірі болып машиндердің едәуір жұмыс уақытын жоғалту болып табылады. Практикада құрылыс ұйымдарының жұмысында ішкі сменалық уақытын жоғалтудың басым бөлігі, ал кейде толық күндік тұрып қалулар документке тіркелмейді және есептемеге түспейді. Сондықтан шаруашылықта қолданылатын техника жайлы нақты мәліметтерді нормативті-іздестіру станциялары жүргізетін көп еңбекті қажет ететін терең зерттеулер арқылы алуға болады.
Толықкүндік жағдайлар барлық машина түрлерімен жұмыс уақыт қорының 20% құрайды, және оның қысқаруы әзірше байқалмайды. Көбінесе бұл жоғалтулардың елеулі себебі машиналардың жөндеуге келуі болып табылады.
Ішкі сменалық уақыттың көп мөлшердегі өнімді емес шығындарға жұмыстары технологиялық транспортпен байланысты машиналарға ие. Ішкі сменалық уақыттың өнімді емес шығындарының негізгі бір белгісі болып транспорттың жоқтығынан тұрып қалулар табылады. Келтірілген құрылыс мөлшендерінің толық күндік уақытты жоғалтуларының мөлшері туралы мәліметтер машидерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету сұрақтарын қоса құрылысты ұйымдастыруды жетілдіру аймағында бірталай резервтердің бар екенін куәландырады.
Бұл қорқайтарым көрсеткіштерінің талдауы негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануға әр түрлі факторлардың әсер етуін бағалауға мүмкіндік береді. Нақты ұйымдардың негізгі қорларын пайдалану деңгейін объективті бағалау тәсілдерін жасау олардың негізгі қорлардағы қажеттілігін дәйекті анықтау мақсатымен, қорлардың тиімді құрамы мен құрылымын шығару мақсатымен, сонымен қатар құрылымын шығару мақсатымен, олардың резервтерін тиімді пайдалану мақсаты құрылыс шаруашылығы үшін актуальды мәселе болып табылады.
3 Бөлім. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру
жолдары мен резервтері.
3.1. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері.
Резервтер болып пайдаланбаған, өндірістік күштердің өнімділігін көтеретін нақты мүмкіндіктері саналады. Резервтерді зерттеу олардың сандық бағасын белгіленген уақыт кезеңіне, өндірістің түріне, оның функционирленуінің орнына және мамқсатына байланысты, сонымен қатар лимиттенген ресурстардың бар болуына қолданылатын өзінің мақсаты бар. Резервтерді толық немесе жартылай қолдану өндіріске нақты шаралардың әсерін анықтайтын шараларды жүзеге асыратын жолдармен қол жеткізеді. Бұл шаралардың топталуы мүмкін болатын негізгі бағыттар өндірістің тиімділігін арттыратын факторлар болып есептелінеді.
Өндіріс процесінде негізгі өндірістік негізгі қорлармен жабдықталған жұмысшылар қатысатын болғандықтан негізгі қорларды иентенсивті пайдаланудың резервінің көпшілік бөлігі біржола еңбек өнімділігінің өсуінің резерві де болып табылады. Бірақ жекеше еңбек өнімділігінің жоғарылауы оның өндіргіш күшінің өсуі негізінде қол еңбегінің бірлігіне де өнімнің бірлігіне де негізгі қорлардың шығынының көтеріліп кетуіне байланысты болуынан олардың арасында толықтай түйісуі жоқ. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың жоғарылауы дәл осы себептен де, яғни оның өнім бірлігіне шығындарын азайтуы жекеше еңбек өнімділігінің көтерілуіндей өндіріс тиімділігінің жеке көрсеткіштерінің көрінісі ретінде тең қаралады, адекваттығы тек қана олардың арасындағы анықталған қатынасы кезінде қамтамасыз етіледі.
Барлық резервтер олардың құрылу көздеріне байланысты 2 топқа жіктеледі:
● Ғылыми-техникалық прогреспен және шаруашылықты жүргізу артықшылығынан пайда болған әлі де шынайы мүмкіндіктерін пайдаланбаған резервтер.
● Шаруашылық-ұйымдастырушылық қызметін және ресурстарды тиімді пайдалануды жақсартудың мүмкіндіктерімен байланысты резервтер.
Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтерудің резервтері есебінде мыналарды ескеру қажет: едәуір резервтердің бар екенін куәландыратын құрылыс машиндерінің негізгі түрлерінің құрылысты ұйымдастыруды жетілдіру облысында, машиндерге жөндеу және техникалық қызмет көрсету сұрақтарын қоса толық күндік және ішкі сменалық уақыт жоғалтулары. «Мұнаугазқұрылыс» ААҚ-да негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтеру үшін келесі сұрақтарға назар аударамыз.
● Құрал-жабдық жұмысының уақыты және қуаты бойынша нақты есебін ұйымдастыру, бұл негізгі номенклатураға кірмейтін өнімді дайындаудың резервтік қауттарын жүктеуді реттеу мүмкіндіктерін береді.
● Оптимальды эксплуатация мерзімін анықтау мақсатында әрбір құрал-жабдық бірлігінің жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге және эксплуатацияға кететін шығындар есебі, бұдан кейін құрал-жабдықтарды әрі қарай пайдалану экономикалық пайдалы емес.
Бұл техниканы пайдалану және оған кәсіпорын жұмысшыларының дұрыс шаруашылық қатынасының даму сұрақтарында қолданылатын адам факторы активизациясының негізгі бағыттары болып табылады. Учаскенің, цехтің нормативті өндірістік қуаттылығы кеернеулі жоспарлы ғимараттарды анықтаудың негізгі болып табылады.
Амортизациялық нормаларды анықтаудың қалыптасқан, бар тәртібі кәсіпорындарға өндірістік қорларын толығымен жаңартуға мүмкіндік бермейді, себебі негізгі қорлар көп жағдайда жұмыс жасау мерзімі аяқталудан бұрын олар моральды тозады. Негізгі қорлардың қайтарымы да олардың қызметінің бірінші жартысында жоғары болады. Сондықтан да негізгі қорлардың тозу есебінің әр түрлі тәсілдерін қолданатын халықаралық практикаға назар аударғанымыз жөн. Және де онда кәсіпорын қалаған тәсілін есептік саясатта бекітіп алуына құқылы.
Сонымен қатар есептік жыл ішінде бұл тәсілдер өзгеріп тұруы мүмкін. Амортизацияның нормативтерін және есептеу тәсілдерін, негізгі қорларды қайта бағалау және индекстеуді жақсарту ұсынылады, амортизациялық аударымдарды мақсатты қолдануға бақылау және экономикалық ынталандыру шараларын енгізу.
Берілген жағдайда жеделдетілген амортизация тәсілін қолдану ұсынылады. Оны артықшылығы мынада:
● Кәсіпорынды моральдық тозумен байланысты жоғалтулардан сақтандырады және мүлтіксіз (жаңа) техниканы енгізуге жағдай жасайды.
● Негізгі қорлардың жаңартуын тездетеді және оларды инфляциядан қорғайды, өнімнің бәсеке қабілеттілігін көтереді және т.б.
Жеделдетілген амортизацияда әртүрлі есептеу әдістері қолданылады, солардың ішінде: амортизациялық аударымдарды екі мәрте төмендететін әдісі (жылдар жиынтық әдісі). Бұларды жеделдетілген амортизация әдістері деп атайды, себебі тозу есебін жеделдетеді, оларды қолданғанда негізгі қорлар объектілерін пайдалану мерзімінің басында амортизациялық аударымдардың көлемі, талданатын кәсіпорында қолданылатын амортизацияны есептеудің бір қалыпты әдісін пайдаланғаннан гөрі көп болады. Бірақ бұл арттыру пайдалану уақыты біткеннен кейін аз аударымдармен компенсацияланады. Пайдалану мерзімі бойы барлық есептелген амортизация көлемі объектің амортизацияланатын құнымен бірдей және тең болады.
Амортизациялық аударымдарды екі мәрте төмендететін немесе регрессивті әдіс кеңінен таралым алды. Ол негізгі капиталдың баланстық қалдық құнынан нақты белгіленген проценттер негізінде амортизациялық аударымдарды анықтайды. Осы арқылы амортизацияны есептеудің бір қалыпты әдісінде қолданылатын максималды мөлшері амортизация мөлшерінен екі рет артады; кемитін баланс әдісі, ол пайдаланудың бірінші жылындағы амортизация нормаларын екі есе өсіруді болжайды, екінші жылы қалдық құннан 20% аударым және т.б.; «сандар жиынтығы» немесе «жылдар жиынтығы» немесе «кумулятивті» әдіс, бұл әдісте амортизация нормасы негізгі капиталдың жұмыс жасау мезгілінің бітуіне қалған жылдан санын (сағатын) бөлу жолымен есептелінеді. Мысалға құрал-жабдықтың жұмыс мезгілі 10 жыл, ол мынаған тең:
10+9+8+7+6+5+4+3+2+1 = 55
бірінші жылы амортизация нормасы:
10/55·100=18,2%;
екінші жылы:
9/55·100=16,4%
үшінші жылы:
8/55·100=14,5%
Регрессия принципі осы әдістердің негізінде жатқан бірінші жылы амортизацияны жоғары мөлшерде есептеуге мүмкіндік береді, ал аяғында оны төмендетеді. Ол 2/3 қорлар құнын жұмыс мезгілінің жартысында амортизациялауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындарға амортизацияны есептеу әдісін таңдауға дербестік беру ұтымды амортизациялық саясаттың құрамында жәрдем жасайды, ол еңбек өнімділігіне кері әсерін тигізетін көнерген құрал-жабдықтарды сақтауды тоқтатады, екіншіден кәсіпорынның негізгі қорларын жаңартуға ақшалай ресурстардың тез жиналуына ықпал жасайды.
3.2. Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары экономикалық потенциалдық материалдық базасын, олардың өндірістік аппаратын құрайды. Негізгі қорлардың құрамын сапалы жетілдіру, оларды пайдаланудың тиімділігін жақсарту еңбек өнімділігін көтерудің, өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары болып табылады.
Кәсіпорынның техникалық потенциалын тиімді пайдалануды көтерудің негізгі жолдары – бұл өндіріс процесстерінің механизациясы және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық прогресс шараларын жүргізу және т.с.с.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер ететін негізгі факторлар болып төмендегілер табылады:
● шығарылатын өнім сипаты;
● шығарылатын өнім көлемі;
● механизация және автоматизация деңгейі;
● мамандандыру және коопеприрование деңгейі;
● кәсіпорындардың климаттық және географиялық орналасу жағдайлары.
Бірінші фактор ғимараттардың көлеміне және құнына, тасымал құралдарының және жеткізетін құрылғылар үлесіне әсер етеді. Қанша шығарылатын өнім көлемі (екінші фактор) көп болса, сонша құрал-жабдықтардың және арнаулы прогрессивті жұмыс машиндерінің үлес салмағы артады. Қорлардың құрылымына үшінші және төртінші факторлардың әсер етуі дәл осындай сипатта. Климаттық жағдайлардан ғимараттармен құрылыстар үлесу байланысты.
Негізгі қорлардың өндірістік құрылымына концеетрацияның, маманданудың, коопирирлеу және өндірісті біріктірудің дамуы әсер етеді, оған тағы да капиталдық құрылыс әсер етеді. Құрылыстың құнын төмендету арқылы, мысалға өндірістік ғимараттардың, негізгі қорлардың массивті элементі үлесінің жалпы құнын төмендетуге болады және осының арқасында жаңа кәсіпорынның негізгі қорларына салынған шығындардың тиімділігін көтеруге болады.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсартуға төмендегілер мүмкіндік береді:
құрал-жабдықтарды жаңарту және модернизациялау;
станок және машиналардың прогрессивті түрлерінің үлесін көтеру нәтижесінде құрал-жабдықтардың құрылымын жетілдіру, әсіресе мәрелік операцияларды орындайтын станоктар, автоматты және жартылай орындайтын станоктар, универсалды агрегаттық станоктар, автоматтық машиналарды, сандық программамен басқарылатын станоктар;
ғимараттарды және үйлерді жақсы қолдану, бос алаңдарда қосымша құрал-жабдықтар орналастыру;
құрылыс жобаларын дұрыс жасау және кәсіпорынның құрылыс жоспарларын жоғары сапалы орындау;
аз пайдалынатын және артық құрал-жабдықтарды және оның бөлек топтарының арасында дұрыс пропорцияларды қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды орнату.
Құрылыс көлемі артқан сайын кәсіпорын алдында терең бір проблема болып каапитал салымдарының тиімділігін көтеру табылады, яғни капитал салымдарының бірлігіне келетін материалдық өндіріс саласында қайтарымды көтеру немесе жоғары әлеуметтік эффектіге жету. Капитал салымдарының тиімділігі - өте ауыр көрсеткіш, оның жақсаруы келесі факторлардың комплексінен байланысты болады:
1. Инвестициондық цилды қысқарту, яғни қандай да бір құрылыс объектісін қаржыландырудың басы және оны пайдалануға енгізу аралығы. Бұл кезеңді қысқарту 2 мәселені шешуге мүмкіндік береді:
а) құрылыс объектісіне жұмсалатын халық шаруашылығынан алаңдайтын құралдар, демек олар өнімдерді пайдалану өндірісінде және халықаралық пайдаға қатыспайтын уақытын қысқарту;
б) негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуының арасындағы айырылысты қысқарту;
Бұл мәселелер құрылыстың негізгі объектілеріне капитал салымдарын біріктіру, құрылыс ұзақтығын және қуаттарды меңгеру мезгілін қысқарту есебінен шешілуі мүмкін.
Негізгі құрылыс объектілерінде капитал салымдарын біріктіруді көтеру олардың эксплуатацияға тез енгізуіне және аяқталуына жәрдем береді.
Құрылыс ұзақтығын және кәсіпорындарды реконструкциялау қысқарту – қазіргі замандық құрылыс өндірісінде бірден-бір актуальды мәселе болып табылады. Біздің елімізде құрылыс ұзақтығының қолданылатын нормалары өте жиі сақталынады, нормативтен 1,5 – 2 есе артатын нақты мезгілі белгіленген құрылыс объектілері кездеседі.
Бұл мәселені шешуде маңызды болып құрылыстың ары қарай индустрияландырылуы табылады, ол құрылыстық өндіріске машиндерді кең көлемде енгізу және құрылыстың өнеркәсіптік базаларын дамыту есебінен болуы керек.
Құрылыстық өнеркәсіптік базаларының технологиясын және ұйымдастыруын жетілдіру төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:
● заводтық дайындау, өнімді тасымалдау және объектілерді тұрғызу сатыларында толық еңбек сыйымдылығын төмендету;
● құрылыстың материал сыйымдылығын және отын-энергетикалық ресурстардың шығындарын төмендету;
● эксплуатацияға енгізілетін объектілердің сапасын көтеру;
● эксплуатациялық объектілердің қажетті сапамен қамтамасыз еткенде құрылыстың құнын төмендету.
Құрылыс ұзақтығын қысқарту үшін құрылыс объектілерінің техникалық дайындалған және жабдықтауды жақсарту үлкен маңызға ие. Құрылыс бөгелістерінің көпшілігі территорияның құрылысты салуға уақытына дайын болмауы (барлық бөгелістердің 10% мөлшерінде), техникалық құжаттамаларының уақытына дайын болмауы (7% мөлшерінде), құрылыста техникалық және технологиялық үзілістер және т.с.с. объектілерді енгізу мезгіліне құрылысты материалдармен, бұйымдармен және конструкциялармен өзіндік өнеркәсіптік кәсіпорындардың қуаттылығын меңгеру уақытын қысқарту инвестициялық циклдың қысқаруына әсер етеді.
2. Транспортта және құрылыста өнеркәсіптік базаларының еңбек өнімділігін көтеру. Құрылыс өндірісінің барлық звеноларына және соның ішінде кәсіпорындардың өнеркәсіптік базаларына еңбек өнімділігін көтеру резервтері жұмыс уақытының жоғалуын қысқарту, техниканы жақсы пайдалану және ең алдымен ауыр қол еңбегімен байланысты болады.
Еңбек өнімділігі тиімді өсуі үшін құрылыс детальдарының және конструкциялардың заводтық дайындылығын көтеру табылады. Бұл еңбек операцияларын құрылыс алаңдарынан заводқа аудару операциясы техникалық прогресстің принципті бағыттарының бірі.
3. Құрылыстың сапасын көтеру. Құрылыс өндірісінде біткен объектілердің ақырғы өнімнің сапасы тек қана олардың ұзақ уақыт пайдалануында ғана әшкереленеді. Өз кезегінде бұл ақырғы өнім сапасы объектілерді тұрғызуға қолданған барлық материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың сапасы қиыстырылады. Осылайша құрылысқа қызмет көрсететін әрбір өнеркәсіптік кәсіпорында құрылыспен дайындалған объектінің сапасы сол немесе өзге өлшемде қалыптасады. Бұл жағдай өндірістік кәсіпорындарда жобалауда, олардың қызметін жетілдіруде және өндірілетін өнімнің сапасының бағасын анықтайтын болуы қажет.
4. Құрылыстың басқару жүйесін жетілдіру, соның ішінде құрылыс материалдары, бұйымдар және конструкциялар өнеркәсіптерінің кәсіпорындары, олардың ведомствалық бағыныштылығына байланыссыз. Техникалық прогресс жүрісінде өндіріс звеноларының саны көбейеді, құрылысқа қатысатын ұйымдар арасындағы байланыстар қиындайды және біржола оперативті шешім қабылдау және тарату талаптары көбейеді. Басқару жүйесін бірқалыпты жетілдіру, өндірісті жоспарлаудың барлық стадияларында оптимизационды есептерін пайдалану, басқарушылық еңбектің механизациясы және автоматизациясы - өнеркәсіптік құрылыс базалы кәсіпорындардағы техникалық прогресстің сипатты элементтері болып табылады.
5. Құрылыс құнын төмендету – көптеген фактор санына байланысты нәтижелі көрсеткіш. Еңбек процестерінің көп мөлшерін құрылыстан заводқа ауыстырғанда құрылыс құнымен берілген заводтық өндірістің рөлі артады. Бірақ онымен завод өнімінің өзіндік құнының төмендеуіне алып келмейді. Кейінгі шығындарға талдау жасап және заводының өзіндік құнын төмендеткен өнімді немесе оның өндіріс технологиясын өзгерткен кезде келесі этаптарда артық шығындарға алып келмейтінін көрсету қажет. Белгіленген шаралардың тиімділігі құрылыс өндірісі деңгейінде тек қана нәтижелік шығындармен бағалануы мүмкін.
Құрылыс жұмыстарын механикаландыру әр түрлі жұмыстарға арналған кең көлемде машин паркін қолдануды қажет етеді. Осыған байланысты құрылыс техникасын жетілдіру және оның даму тенденциясы салалық қимада үлкен бір мәселе болып табылады. Бұл үшін ары қарай құрылыс техникасының негізгі түрлерін жетілдірудің мағынасын және артықшылығын жеке қарастырайық.
Бірковшты экскаваторлар – циклдік әрекетпен жұмыс жасайтын жер қазатын машиналар, арнайы және универсалды болып келеді.
Экскаваторлардың экономикалық артықшылығы конструктивті және технологиялық артықшылықтарынан шығады. Осылайша ауыстырылатын жұмыс құралдарының номенклатурасын кеңейту және оның спецификалық кинематикасы, сонымен қатар жұмыс қозғалыстарын біріктіретін жылдамдықты тәуелсіз реттеу бұрын қолмен жасалып жүрген жұмыстарды механикаландыруға жағдай жасайды. Бұл мүмкіндік тек қана бағасын түсіріп және мұндай жұмыстардың өндірісін тездетіп қана қоймай, сонымен қатар көптеген жұмысшыларды жұмыстан босатады. Бұдан басқа эксплуатацияланатын эксковаторлар паркі үшін запас бөлшектерінің номенклатурасы едәуір төмендейді және машина жөндеудің агрегаттық әдісін қолдануға мүмкіндік туады, демек олардың жөндеуде тұрып қалулары төмендейді және пайдаланудың пайдалы уақыты көбейеді.
Басқаруды автоматтандыру нәтижесінде еңбек жағдайларын жақсарту экскаваторлардың өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді, ал олардың приводтарын автоматтандыру энергетикалық ресурстардың үнемдеуіне алып келеді бұның салдарынан машиндердің барлық КПД көтеріледі.
Машиндерге техникалық қызмет көрсетуге арналған уақытты қысқарту оның смена ішінде пайдалану коэффициентін көтеруге және кеңінен тараған экскаваторларға қызмет көрсететін персоналдың санын қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта техникалық деңгейін ары қарай көтеру гидравликалық экскаваторлардың конструкциясын принциптары болып мыналар табылады: өнімділікті 1,5 – 2 есе көтеру; маатериал сыйымдылығын минимум 20% үлеске және энергия сыйымдылығын 10% үлеске түсіру; мықтылығы жоғары болаттарды енгізу; техникалық қызмет көрсетудің сенімді және еңбек сыйымдылығы көрсеткіштерінің кенет жақсаруы; басқару жүйелерін жетілдіру және машинистің жұмысына жағдай жасау; микропроцессорлық техниканы құру және енгізу, соның ішінде ақпараттарды бейнелейтін құрылғылар және т.б.
Шетел тәжірибесінде машиндерді жетілдірудің аталған бағыттарды пайдалану үшін тенденциялар байқалды. Экскаваторлардың кең номенклатурасын құру, мини экскаваторларды қоса сипатты болып табылады.
Үздіксіз қимылдағы экскаваторларды ары қарай дамытудың негізгі бағыттары болып оның эксплуатациалық сипаттарын (өнімділігі және сенімділігі) көтеру; универсалдығын және қолдану облыстарын кеңейту.
Өнімділік эксплуатациялық сипаттардың негізгісі, ол қондырғылардың қуаттылығын көтеру жолымен, жоғалтуларды төмендету, өндеудің жаңа процесстерін қолдану арқылы көтеріледі. Үзіліссіз қозғалыстағы экскаваторлардың өнімділігін ары қарай көтерудің негізгі факторлары болып жұмыс процестерін жетілдіру табылады. Жұмыс органдарын гравитионды және инерционды түсіру, жұмыс жылдамдығын көтеруді қолдану перспективталы.
Үзіліксіз қозғалыстағы экскаваторлардың өнімділігінің негізгі факторы болып оның автоматтандырылуының деңгейін көтеру табылады. Үзіліксіз қозғалыстағы экскаваторлардың сенімділігін арттыру осы заманғы топталған бұйымдарды және материалдарды пайдалану жолымен жүреді, сонымен қатар жұмыстан шыққан және эксплуатацияда тексерілген детальдарды пайдалануға мүмкіндік беретін оның унификациясын жоғары деңгейге көтеру. Үзіліксіз қозғалыстағы экскаваторлардың универсалдығын және қолдану облыстарын кеңейту әр түрлі ауыстырылатын жұмыс құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Жетекші елдердің тәжірибесінде автогрейдерлерді шығарушылар қуаттылығы және массасы әр түрлі типтегі автогрейдерлерді шығаруға үлкен көңіл бөледі. Бір типтік автогрейдерлердің кеңейтумен бірге дәстүрлі машиналар да жетіледі. Жетілдіру негізінде келесі бағыттарда жүреді: жүргізушінің еңбегіне жайлы жағдай жасау, жаңа шуды басатын, кондиционер орнатылған кабиналар жасау, техникалық күтіммен қызмет көрсету аралық мерзімін едәуір ұзартуға мүмкіндік беретін жаңа майлағыш жүйелерін қолдану, машиндерді құрастырудың модульдық әдісін дамыту.
Жер қазатын машиндер паркінің негізін бульдозерлер құрайды. Оларға жер жұмыстарының барлық көлемінің 40%-ті келеді. Жер жұмыстарының құрылысын жүргізгенде бульдозерлер және қопсытқыш бульдозерлер маңызды дәрежеге ие. Бульдозерлердің және қопсытқышы бар бульдозерлердің анықталған даму тенденциясы болып келесілер табылады: бір типті бульдозерлер көбейту және жетілдіру, сонымен қатар минибульдозерлер жасау; машиндердің техникалық қызмет көрсеткіштерін және жөндеуін жеңілдету жолымен олардың эксплуатациялық үнемдеуін жоғарылату, жұмысқа дайындалу уақытын азайту; визуальдық бақылауды және механикаландырылған майлауды қамтамасыз ету; техникалық қызмет көрсетуді жүргізуді жеңілдететін және тездетін тиімді диагностикалық құрылғыларды арнаулы құралдарды қолдану және т.б.
Отандық және шетелдік тәжірибені құрылыста қазіргі машиндерді құрастыру және қолдану облысында зерттеу олардың дамуының келесі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді: машинистің еңбек жағдайын ары қарай жақсарту, кабиналарды машиннің негізгі тораптарының жұмысын бақылайтын информатика құрылғыларымен және қоршаған ортадан қорғайтын жүйелерімен жабдықтау; вибрациялы машиндерді пайдаланып еңбек өнімділігін арттыру, оларды автоматтық басқару құралдарымен және жұмыс циклын түгелдей автоматтандыруға мүмкіндік беретін борттық электронды есептеуіш машиналармен жабдықтау.
Құрылыстың өнімділігін және сапасын көтерудің қажетті шарты болып қажетті нәтижеге мүмкіндік беретін құрылыс машиндерінің тиімділігі жоғары жұмыс органдарын қолдану және іздеу табылады. Прогрессивті бағыттары болып әр түрлі құрылыс материалдарымен жұмыс жасай алатын универсалды және көпфункционалды машиндерді шығару. Техниканы жетілдірудің қажетті шарты болып машиндерге қызмет көрсетуге еңбек сыйымдылығын төмендеткенде олардың сенімділігін көтеру табылады.
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды көтерудің, жоспарлаудың негізгі формасы болып техникалық дамуының, өндірісті ұйымдастырудың және кәсіпорынның техникалық қайта құралдануының жоспары табылады.
Техникалық даму және өндірісті ұйымдастыру жоспарында негізгі өндірістік қорларды пайдалануды көтеру шаралары келесі тарауларға топталған:
Прогрессивті технологияларды енгізу, өндірісті механизациялау және автоматтандыру;
Құрал-жабдықтардың қозғалыстағысын модернизациялау және көнергенін ауыстыру;
Өндірісті басқаруды, жоспарлауды және ұйымдастыруды жетілдіру;
Ғылыми-зерттеулік және тәжірибелі-конструкциялық жұмыстар;
Ғылыми еңбекті ұйымдастыруды енгізу.
Қорытынды
Нарықтық экономикаға өтумен байланысты басты орында өндірістік кәсіпорындардың тіршілік етуі негізгі қорларды тиімді пайдалануында, осыған байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау және оның актуалдығы шартталады.
Ұсынылған дипломдық жұмыста мынадай негізгі жағдайлар айқындалған, олар: кәсіпорынның негізгі капитал құрамы және құрылымы, кәсіпорынның негізгі қорлар қозғалысы, олардың техникалық жағдайының есебі, пайдалану көрсеткіштерінің анализі, жекелегенде негізгі қорлардың қорқайтарылымы, негізгі қорлардың қорқайтарылымына әр түрлі факторлардың әсер етуі арқасында өзгеруін зерттеу, оларды тиімді пайдалануды жетілдіру жолдары келтірілген, олардың ішінен негізгілері кәсіпорындағы негізгі қорлар сұрақтарын оперативті шешу үшін есептеуіш техниканы толықтай пайдалану және жетілген программамен қамтамасыз ету, яғни бір ортаға топталып ЭЕМ есеп жүргізу.
Амортизация нормативтерін және есептеу әдістерін, негізгі қорлардың қайта бағалау жүйесін және индексациясын жетілдіру, амортизациялық аударымдардың экономикалық ынталандыру шараларын және мақсатты пайдалануын басқару ұсынылады. Кәсіпорынға негізгі қорлар классификация түрлеріне өзгертулер енгізу ұсынылады.
Классификациясын өзгеру – оларды классификациялық топтарға таратқанда негізгі қорлардың функционалдық арнаулығын дәл анықтауға мүмкіндік береді, бөлек топтардың мағынасын өндірістік процесстерде олардың сипатын өзгертуге мүмкіндік береді.
Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорларды тиімді пайдалану және жағдайын талдауды жетілдіру бойынша келесі қорытындыларды және ұсыныстарды құрастыруға болады. 2001 жылы өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың ортажылдық құны 2000 жылмен салыстырғанда 10,7% өсті (73855/66735 = 110,7), ал жоспарды орындау проценті 102,6% құрады (73855/72000= 102,6). Қорлардың активті бөлігінің құны (машиналар және құрал-жабдықтар) 2000 жылмен салыстырғанда 46,7% өсті, яғни бұл қозғалысқа жаңа құрал-жабдықтар енгізілгендігімен түсіндіріледі.
Негізгі қорлардың техникалық жағдайын талдау негізгі қорлардың көп бөлігі жақсы жағдайда екенін көрсетеді. Талдау қорытындысы бойынша жарамдылық коэффициенті 93% құрады, ауыстыру коэффициенті 2001 жылы 20,7 % құрады. Барлық негізгі қорлар бойынша тозу коэффициенті жыл аяғына 0,003 (0,064 – 0,067) төмендеді және 0,064 немесе 6,4% құрады. Кәсіпорынның негізгі қорлардың техникалық жағдайының берілген көрсеткіштері кәсіпорында негізгі қорлардың техникалық деңгейі өндірістің берілген көлемін толық масштабты орындауға жағдай туғызады.
Кәсіпорынның негізгі қорларын сапалы пайдалануды сипаттайтын көрсеткіш – қорқайтарымы болса жүргізілген талдау бойынша өнеркәсіпті-өндірістік және олардың активті бөлігі алдыңғы жылмен салыстырғанда өскен.
Құрал-жабдықтарды пайдаланудың анализі 2000 жылмен салыстырғанда номиналды уақыт қоры 100,4% (3120/3107) құрады. Құрал-жабдықтар жұмысын календарлы (100%) және номиналды уақыт қорларының әр түрлі пайдалану проценттері есептік жылдағы нақты жұмыс күндерінің саны ескергеннен төмен болғанын куәландырады. 2000 жылмен салыстырғанда есептік жылы (2001 жыл) тиімді уақыт қоры 104,2 % (2758/2648) құрады. Өткен жылы құрал-жабдықтарды жөндеуге 459 маш./сағ. жұмсалған. Есептік жылы құрал-жабдықтарды жөндеу уақыты 97 маш./сағ. келіп 362 маш./сағ. құрады. Бұл көрсеткіштің өзгеруі кәсіпорын 2001 жылы негізгі қорларды тиімді пайдаланғаны көрінеді. Бұл анализ пайдаланбаған немесе тиімді пайдаланбаған уақыттың көлемін есептеуге мүмкіндік берді, ол уақыт 1869 маш./сағ. құрады. Тиімсіз пайдаланбаған уақыттың негізгі себептері болып бұрын жоспарланбаған 2000 жылғы болған жоспардан тыс тұрып қалулар, төрт күндік жұмыс аптасы екені анықталады.
Нарықтық экономикада қаржылық талдау басқарудың негізгі бір функциясы болып табылады. Есеппен қатар ол осы талдау арқасында тек қана нақты нәтижелердің констанциясын алып қана қоймай санымен қатар негізгі қорларды пайдалану тиімділігіне оң немесе теріс әсер еткен факторларды анықтауға мүмкін болатындай етіп құрылуы қажет.
Кәсіпорында өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың үлкен мөлшері папйдаланатындықтан қойылған мәселелерді аналитикалық жұмыстарды механикаландыру немесе автоматтандыру жолымен шешу ұсынылады. Қорқайтарымға талдау жүргізгенде экономико-математикалық әдістерін және ЭЕМ қолдану орынды болып табылады.
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың анализін жетілдірудің басқа бағыты болып негізгі қорлар анализінің жүзеге асып тұрған методологиясын жетілдіру табылады.
Қазіргі кезде негізгі қорлардың жаңарту процесі машиндердің және құрал-жабдықтардың бағасы қымбаттауына байланысты жүзеге асыру қиынға соғып отыр. Құрал-жабдықтарды ауыстыруға және жаңа техннологияларды құруға көп ақша мөлшері қажет. Кәсіпорынның өзінің қаражаттары жеткіліксіз, сондықтан бұл жерде инвесторлардың көмегінсіз қиынға соғады.
Кәсіпорында реструризация программасы жасалынып жатыр оның ақырғы мақсаты өндірісте шығындарды бақылайтын оперативті басқару жүйесі құру, ол кәсіпорында толықтай бәсеке қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін көтеруге үлкен әсерін тигізеді.
Жалпы алғанда негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін көтеру келесі бағыттарды кірістіреді:
Өндірістік процестердің механизациясы;
Құрал-жабдықтардың модернизациясы және оларды ауыстыру;
Еңбекті және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру және т.с.с.
Барлық берілген бағыттар кәсіпорынды дамыту жоспарында қарастырылады. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 3-4 жылдан кейін кәсіпорынның бір қалыпты өзінің дамуы қамтамасыз етіледі және әр түрлі тұрақсыз сыртқы факторлар кәсіпорынға айтарлықтай әсерін тигізбейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республиасы Агенттігінің статистика бойынша үкімі 28.05.1999 ж. №17: «Негізгі қорлардың бар болуы және қозғалысы және материалды емес активтердің статистикалық есептемелерді құру бойынша құсқайлар».
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.09.1999 ж. №1308 үкімі: «Негізгі қорлар бойынша жылдық тозу мөлшерін бекіту туралы».
Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 04.12.1995 ж. №13-5-3/10068 хаты: «Негізгі қорлар субъектін бағалау туралы».
Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің үкімі 21.10.1994 ж. №1178: «Қазақстан Республикасында негізгі қорларды индекстеу туралы».
Грабового П.Г. және Цая Т.Н. Құрылыс өндірісін ұйымдастыру – М. 1999 ж.
Радостовец В.К. Бухгалтерлік есеп, Алматы: Бико 1998 ж.
Русак Н.А. Қаржылық талдаудың негіздері, Мн: Меркаванне, 1995 ж.
Савицкая Г.В. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қазметін талдау. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық: 1996 ж.
Снитко Х.Ф. Өнеркәсіптік кәсіпорында негізгі қорлар есебі, конспект шолуы. – Минск: Экаунт, 1993 ж.
Құрылыс экономикасы. Под. ред. И.С. Степанова, - М., 1998 ж.
Кәсіпорын экономикасы. Под. ред. В.М. Семенова, - М., 1998 ж.
Ашимбаев Т. Қазақстанның нарық жолындағы экономикасы, Қазақстан, 1994 ж.
Шмолен Г. Кәсіпорын экономикасының негіздері және проблемалары – М., 1996 ж.
Окаев О., Дюкова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. Алматы, 1994 ж.
Хамзин С.К. Құрылыс өндірісінің экономикасы. Алматы: «Баспа», 2002 ж.
Бухгалтерлік есептің Қазақстандық үлгілері және оларға методикаалық ұсыныстар. Бөлім 1. Журнал. Алматы: «Бико», 2002 ж.
Статистикалық есептеме, форма 11 «Кәсіпорын негізгі қорларының қозғалысы және бар болуы» 2000-2001 ж.ж.
Кәсіпорынның жылдық жиынтық табысының декларациясы, форма 100.
Кәсіпорынның 2000 жылғы негізгі қорлар амортизациясының журналы.
Құрал-жабдықтар
Орнатылған Орнатылмаған
Кәсіпорында орнатуға арналғандары
Кәсіпорын үшін артық
Нақты жұмыс жасайтындар
Жұмыс жасамайтындар
Қоймадағылар
Монтаждағылар
Жинақталған бірақ әлі эксплуатацияға берілмеген
Кіспорын үшін артық құрал-жабдықтар
Қолдануға жарамсыз құрал-жабдықтар
Жоспар бойынша жұмысқа арналғандар
Жоспар бойынша жұмыс жасамайтындар
Сызбанұсқ2. Өндірістік процесіне қатысуы бойынша құрал-жабдықтардың топталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |