1.2 ААҚ “Наурыз-Банк Қазақстан” сипаттамасы
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банк өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар.
Ұлттық банкінің ең жоғарығы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма тоғыз адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның төрт орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:
мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;
Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;
сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;
Ұлттық банк туралы ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.
ААҚ “Наурыз-Банктің” ұйымдастыру құрылымы.
Банктің ұйымдастыру құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыруы тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.
Банктің ұйымдастыру құрылымы басты екі әдіспен анықталады - банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.
Басқару органдарын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым-қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзыретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындықтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғарғы басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды және т.б.. , яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір рет , жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.
Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау және бақылау жасау үшін акционерлер жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды.
Басқарма (банк кеңесі) - банк иелерінің , оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды.
Басқарманың ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиенттерінің мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.
Басқарманың негізгі қызметтері:
Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі банкте мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-әрекеттер бағдарламасы, басқарма мен басқару жетекшілері бірлескен түрде дайындалған арнайы меморандумда көрсетіледі.
Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк-күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
Комитет құру.
Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Банк қызметін мерзімді тексеру.
Ірі банктер, әдетте, функционалдық белгісі бойынша құрылатын бөлімше мен басқармадан тұрады. Олардың жетекшілері бұл бөлімшелердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Басқарма бастықтары және олардың орынбасарлары бөлім мен қызмет көрсету жұмыстарын координациялайды, олардың бағдарламалары мен нақты мақсаттарын айқындайды. Сонымен қатар, жұмыстарын бағалайды және кеңес береді. Олар басты назарын негізінен соңғы нәтижелеріне аударады.
Бөлімдер мен клиентке қызмет көрсету жұмыстары банк операцияларының қандай да бір бөлігіне шағын ғана маманданған жұмыспен айналысатын кәсіби мамандардан тұрады.
ААҚ “Наурыз-Банк Қазақстанның” тәуекелдікпен қамтамасыз ететін органдары.
Банктегі тәуекелдікті басқарумен қамтамасыз ететін органдар болып:
Акционерлердің жалпы жиналысы;
Директорлар Кеңесі;
Басқарма;
Активтер мен пассивтер бойынша комитет;
Несиелік комитеттер (Басты Банктің, Банк филиалдарының);
Проблемалы несие бойынша комитет;
Тарифтік комитеттер (Басты Банктің, Банк филиалдарының);
Ақпараттандыру бойынша комитет.
Банктің Директорлар Кеңесі Банктің ішкі құжаттарындағы тәуекелдікті басқару бойынша ақпараттарды Банктің жалпы Акционерлер жиналысына ұсынады.
Директорлар Кеңесі негізде төмендегілерді жүзеге асырады:
Банктің ішкі құжаттарын бекітеді:
а) операцияларды жүргізуде шарттарды анықтайтын жалпы ережелер;
б) келесі мәселелерді қамтитын саясат жүргізу:
активтер мен пассивтерді басқару;
банктің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін, құқықтық тәртібін сақтау негізінде Банк операцияларын жүргізу;
несие беру бойынша тексерістер жүргізу және лимиттер қою;
адам ресурстарын басқару;
теңбе-тең (адекватты) капитал;
ұзақ мерзімді және үлестік инвестицияларды анықтау;
бухгалтерлік есептің бақылау жүйесі;
ішкі аудит бағдарламасы;
шетел валюталарының операцияларын жүргізу;
банктің электронды қызметтері мен мәліметтерін өңдеу.
в) Банк операцияларын жүргізу бойынша процедуралар мен мәліметтерді қамтитын құжаттар;
г) Конфеденциалды ақпараттардан тұратын құжаттар;
д) Банктің кейбір ішкі органдары (несиелік комитет, тарифтік комитет, ақпараттандыру бойынша комитет) анықтайтын және сол бойынша несиені қабылдауға мүмкіндік беретін құжаттар.
Банктің берілген ішкі құжаттарының құрамды бөлігі болып:
банк қызметімен байланысты тәуекелдікті шектеу процедуралары;
операцияларды жүргізу кезінде Банк Басқармасының жауапкершілігі.
Тәуекелдікті басқару жүйесінің ұйымдастырылуына байланысты:
а) Банктің ұйымдық құрылымын бекіту;
б) Банк басқармасын және Банк Басқармасының Төрағсын сайлау. Банк Басқармасына сайланатын талап білдіруші тұлға міндетті түрде тәуекел-менеджерінің қызметін білу қажет. Қызметі:
Банкті тиімді тәуекелділік басқару жүйесімен қамтамасыз ету;
Банк тәуекелдеріне мониторинг жүргізу.
в) Банк Өкілділігі мен филиалдарының құрылуы туралы шешім қабылдау;
Банк Басқармасымен келісе отырып, банктің орта және ұзақ мерзімді мақсаттарын анықтау (рұқсат етілген тәуекелдікті ескергенде);
Банк қызметіне мониторинг жүргізу;
Ішкі және сыртқы аудит жүргізу барысында анықталған кемшіліктер туралы ақпараттарды уақтылы алып отыру және банк операцияларына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру. Банктің ішкі аудиты Директорлар Кеңесіне ай сайын есеп беріп отырады;
Директорлар Кеңесі банк қызметіне мониторинг жүргізуде ақпаратты алу реттілігін анықтайды;
Банктің ірі акционерлері мен Банктің басқарушы қызметкерлерінің коммерциялық қызығушылықтарын жыл сайын салыстырып талдайды;
Басқарма Төрағасы жыл сайын жылдық нәтижелер бойынша есеп береді;
Банк Басқармасы тәуекелдікті басқару жүйесінің келесі жолдар арқылы тұтастылығы мен функционалдылығы қамтамасыз етілуі тиіс:
Банк стратегиясын жүзеге асыру;
Банк стратегиясының мақсатына байланысты рұқсат етілген және камсыздандырылған тәуекелдіктерді анықтау негізінде саясатты жетілдіру;
Басқарылатын ақпарат жүйесінің функционалдылығы мен жетілділігін қамтамасыз ету;
Банктің құрылымдық бөлімшелерінде, банк филиалдарында пайда болатын сұрақтарды шешу;
Қызметкерлерді таңдау, дайындау және пайдалану бойынша шешім қабылдау;
Банктағы әр түрлі саясаттарды жүргізу үшін арнайы алқа мүшелері құрылуы керек:
активтер мен пассивтерді басқару саясаты;
несиелік саясат – Несиелік комитет, проблемалы несие бойынша комитет (Басты банк пен Банк филиалдарының);
тарифтік саясат – Тарифтік комитет (Басты банк пен Банк филиалдарының);
Ақпараттық саясат – Ақпараттандыру бойынша саясат.
1-сызбада ААҚ “Наурыз-Банк Қазақстанды” басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы келтірілген. [Положение Наурыз-Банк Казахстан]
Достарыңызбен бөлісу: |