6.1 Суреті – ӨҚБ-н шақыру сандарын жылдар бойынша тегістелген деңгейлерімен бөлуі және 2015 жылға қатысты болжамы.
6.1 Суретінде ӨҚБ-нің жалпы шақыру сандарына қысқа мерзімге көрсетілген (келесі жылға) болжамы.
Сондықтан, ағымдағы 2015 жылда ӨҚБ-мен шамамен 5030 шығулар, оның ішінде, өрт сөндіруге, апаттық-құтқару жағдайларға және басқа да өрт орын алу жағдайларына шығу, болжануда
7. Біріңғай шығулардың талдауы
Біріңғай шығуларды зерттеу мақсатында, ақпараттық қосымшаны қолдану арқылы, жылдарға бөлінген аудан аймақтары бойынша 2009-2014 жылдар аралығында орын алған тек өрт жағдайларына шығу мәліметтерді анықтадық, атап кету қажет, зерттеу барысында апаттық-құтқару жағдайларына шығулар есепке алынған жоқ.
Осымен қатар, ірі қалалар мен елді-мекендерде өртті сөндіруге бірнеше өрт сөндіру бөлімшелері қатысқанда нақты ӨСБ-нің қай аймаққа жататыны туралы мәліметтер болмағандықтан, елді-мекендегі өрт оқиғасына қатысқан нақты өрт сөндіру бөлімшелері бойынша талдау жасалған жоқ.
7.1. Өртке қарсы бөлімшелерінің өрт орнына біріңғай шығу жедел іс-қыймылына әсер етуі
Көпшілік жағдайда өрт алған оқиға туралы шақырулардың кезекшілікке біріңғай түсуіне байланысты, ірі қалалар мен елді-мекендерде өрт оқиға орынына, жедел қызметтердің біріңғай шығуына әкеп соқтырады.
Сондықтан, өртке қарсы қызметінің жедел бөлімшелерінің елді-мекендерде өрт қауіпсіздігін нығайту және уақытылы көрсетуді қамту мақсатында, осымен қатар, біріңғай уақыт мерзімінде орын алып қалу мүмкін өрт алған жерге, апат болған жерлеріне біріңғай және тиісті күштер мен жабдықтармен қамту мақсатында, біріңғай шығауды толық түрде қамтамасыз ету басты мәселел болып табылады.
Алайда, кезекшілік бөліміне келіп түскен шақырулар, тек өрт сөндіруді ғана емес, осымен қатар, апаттық-құтқару жұмыстарына, өрт сигнализацилардың қосылуы, немесе кей жағдайларда жалған дабыл соғулар және т.б. жағдайлар орын алу мүмкін.
Қатарынан бірнеше шақыруларда бірден бірнеше жерде орын алған өрттеді сөндіру қажет болатын жағдайлар туындау мүмкін, осымен қатар, апаттық-құтқару жұмыстарын өткізу қажет етеді, аталмыш жағдайлар ӨҚБ-нің көп мүмкішліктері мен күштерін жұмсауды талап етед. Сондықтан, біріңғай шақырулар, өртке қарсы техникасы мен жеке құрамның саның қажеттілігі және жеткіліктілігі маңызын анықтауды талап етеді.
Елді-мекендерде өртке қарсы бөлімшелерінің жедел іс-қыймылын рационалды ұйымдастыру мақсатында бөлімшелермен түскен барлық шақыруларды қамту мүмкіншілктерін дұрыс бағалау қажет.
ӨҚБ-нің жұмыс атқару барысында елді-мекендерде орын алуы мүмкін жағдайларды болжап, біріңғай шығуларды қатарынан орындауды қамтуға мүкіншіліктері болуын басшылыққа алу қажет.
Аталмыш критикалық жағдайлар өртке қарсы бөлімшелерінің аса жедел және шапшан қыймылдауын талап етеді.
Біріңғай өрт болу жағдайларда мамандар осы уақытқа дейін, елді-мекенінде 3 сағат аралығындағы орын алған өрт жағдайларын ұғым еткен, аталмыш уақыт бір өртті толық түрде сөндіруге 3 сағат көлемін қажет еткендіктен. Сондықтан, егер қалада немесе басқа да елді-мекенінде 3 сағат ішінде орын алған өрт жағдайлары, оның жеке сипаттары мен созылу уақытына қарамастан, біріңғай деп есептеледі.
Осыған байланысты, көп жағдайларда біріңғай өрттер, нақты қарағанда, біріңғай өрттерге жатпауда мүмкін, өйткені олардың орын алу және өртті тоқтау уақыттары бір-бірімен уақыт аралықтарымен қыйлыспайды. Әрине, қойылған мақсатты шешу жолында біріңғай өрттің орын алуы саның, көпшілікте, ұзақ мерзім уақытында тек 3 сағат аралығында орын алған өрттер саны есепке алынатыны белгілі. Осы әдіс бойынша, 1942-1948 ж.ж. аралығында Н.А.Тарасов-Агалаков, ҚСРО-ның 200-ден астам қалалары бойынша кең статистикалық материалды жинап талдаған, осымен қатар, 1963 жылы аталмыш методикасы арқылы Н.П.Андриенкода, 1959-1962 ж.ж. аралығында 3 қала – Пенза, Куйбышев және Свердловск бойынша мәліметтер жинаған.
Аталмыш методиканың негізгі кемшілігі, біріңғайлықтың ұғымын, бұл жағдайда бір өртті сөндіруде ғана деп дұрыс талқыламаған. Басқа кемшілігі, сол немесе басқа қалада біріңғай өрттің орын алуы ұзақтығы мен жиелігіне баға берудің болмауы.[12].
Біріңғай шығуларды зерттеу барасында, біріңғай деп, бір ӨҚБ-мен алғашқы болған өртті сөндіруді аяқтамай, немесе алғашқы орын алған өртті сөндіру кезінде келесі шақыру түскен жағдайды, және алғашқы өртті сөндіру барысында бір сағат аралығнда түскен шақыру деп ұғамыз.
Өрт болғаны туралы шақырулары кездейсоқ мезгілдерінде түсуіне байланысты және бір шақыруды қамту уақыты кездейсоқ көбейткіші болуы да мүмкін болғандықтан, біріңғай шақырулар мүмкіншілікпен сипатталады деп тұжырымдауға да болады.
Біріңғай шақыруларды, осымен қатара, ӨҚБ-нің біріңғай шығуын талдау мен болжаудың тиімділігі, алғашқы түскен шақыруда өртке қарсы техника мен жеке құрамды бір мезетте қолдануы, келесі шақыруға сол уақыт аралығында басқа өртті сөндіруге қамтуға мүмкіншілітің болмауында. Аталмыш біріңғай критикалық жағдайларды толық және жан-жақты қамту мақсатында, ӨҚБ-нің құрамында жеткілікті адам ресурстары мен техникасы болуы қажет.
Осымен қатар, біріңғай шығулар туралы мәліметтері елді-мекендегі өртке қарсы деполардың санын анықтауға қажет
7.2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел қызметін талдау
Әлемнің көптеген елдерінде өртпен күрес, жекеменшік, адам өмірі мен денсаулығын қорғау мемлекеттік міндеттердің негізгісі болып табылады, оның мүлтіксіз орындалуына біраз материалдар мен еңбек ресурстары жұмсалады.
Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары өзекті әрі қиын болып бара жатыр. Өртке қарсы қызметтің жұмысын тиімді жоғарылату үшін бірнеше амал бар. Мысалы, материалды-техникалық базаны жоғары деңгейге жеткізу мен оны кеңейту. Бұл әдіс маңызы аз емес болғандықтан, қызметке ірі қаржылық құюларды талап етеді. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің ұйымдастырылуы мен басқарылуына жатқызуға болатын басқа да тәсілдері бар. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмысының эффективтілігін жоғарылатудың негізгі резервтерін басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру амалдарын іздестіру керек және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қоғам үздіксіз қатысуы керек.
Өртке қарсы қызметтің жұмысында ғылыми басқарудың принципі оның бөлімшелерін басқару мен оның қызмет істеу процестерінің заңдылықтарын зерделеуді талап етеді, кадрларды орналастыру мен оларды таңдау, басқару процессін ұйымдастыру, басқарудың жаңа бөлімшелерін әзірлеу мен бар бөлімшелерді оңтайландыруда осы заңдылықтардың дұрыс пайдалану [2].
Өрттерді өшіру, жәбірленгендерді құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мемлекеттік өртке қарсы қызметтің оперативті бөлімшелерінің негізгі міндеттері болып табылады.
Елді-мекендердегі оперативті жағдай (қалаларда, ауылдық елді-мекендерде), олардың өртке қарсы қорғанысы жағдайында, көп жағдайда өртке қарсы қызметтің қауіптілікті сипаттайтын елді-мекеннің элементтерінің кешенімен динамикалық байланысымен анықталады.
Мемлекеттік жеке-меншікке жататын қоныстану аумақтары, стратегиялық, мемлекеттік маңызды объектілер мен өмірін қамтамасыздандыру объектілерін Қазақстан Республикасында Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 415 өрт бөлімшелері қамтамасыз етеді. Тәулік сайын жауынгерлік кезекшілікте 2500 жуық өрт сөндіруші қызметті атқаруда. Республика бойынша бір тәулікте орташа есеппен алғанда 50 өртке жуқ болады, өрт бөлімшелері дабыл бойынша 160-қа жуық шығу орындайды.
8. Мемлекттік өртке қарсы қызметінің бөлімшелерінің шақыру құрылымын талдау
Елді-мекендерде өрт және апаттар орын алған жағдайларда шақырулар ӨҚҚ-нің Бірегей кезекшілік-диспетчерлік қызметіне түседі «112» (одан әрі қарай БКДҚ-ті) – аталмыш қызметі адамның өміріне қауіпті және денсаулығына залал келтіру, осымен қатар, төтенше жағдайлардың орын алу немесе болуы туралы, немесе басқа да қауіпті жағдайлары, жедел көмек пен қорғауды талап ететін, аталмыш іс-әрекеттерді өзі лауазымына сай әрі қарай ұйымдастырып жетілдіруді қамту, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және қорытуды қамтамасыз етеді.[13].
ӨҚБ-нің іс-қыймылы мен шығуларының мінездемесін анықтап көрейік.
ӨҚҚ-нің бөлімшелері халықты қорғау күштері бола тұра, заңда көрсетілгендей, өрттерді алдын алу және болдырмаумен, сөндірумен, осымен қатар, алдын ала апатты-құтқару жұмыстарын жүргізуге және облыстарда, қалаларда, республикалық маңызды қалаларында, астанада, аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, селитебтік аймақтарда және өнеркәсіп объектілерінде аталмыш жұмысты атқаруға арналған күштері болып есептеледі.[13].
Өрт оқиғасы болған жағдайда, ӨҚҚ-нің бөлімшесінің жеке құрамының басты мақсаты, тактикалық мүмкіншіліктер арықылы қолданыстағы күштер мен арнайы құралдарын пайдаланып, адамдарды өрттен сақтап, егер олардың өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда оны сол жерден эвакуациялау, өртті тоқтатып толық сөндіру болып табылады.
Сонымен, ӨҚҚ-нің бөлімшелерінің оқиға орнына барған кездегі негізгі мақсаты өртті сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу.
Алайда, тәжірибеде төтенше шығаудан басқа, ӨҚҚ-нің бөлімшелері жай тұтану деректеріне, осымен қатар, жалған шақыруларға, осымен қатар, жаттығу дабылдары бойынша шығуларды қамтады.
Өрт деп есепке алынбайтын, тек тұтануға жататын жағдайларға:
Өнеркәсіптегі технологиялық процесттерде (өз технологиялық регламентіне еңгізілген немесе техникалық құжаттарына еңгізілген) кәсіптіктегі қондырғылар мен агрегаттардың, осымен қатар, бөлмелерді тұрмыстық пештермен жылыту барысында орын алған тұтанулар;
Заттарды отпен, жылумен немесе басқа да термолық әдіспен қыздыру барысында (кептіру, пісіру, тегістеу, қайнату, балқыту және т.б.) әдістерді қолдану кезінде орын алған тұтанулар;
Статикалық электрқуатының салдарынан орын алған атылулар, жарық шашулар, өртке айналмаған жағдайларда;
Өртке айналмаған, электржүйелерінде қысқа атылуы, электржабдықтарда, тұрмыстық техниканың атылуы;
Өртке айналмаған, тамақ дайындау барасында қаты тұтануы;
Иесіз ғимараттарының, автокөліктердің, кеуіп қалған шөптің, жапырақтардың, дала және ашық аймақтарыда, арнайы орындарда, бос жерлерде, урналарда, жол жиектерінде, тұрғын үйлердің сатыларында, үй шатырларында қоқыстың тұтануы;
Адамдардың өзіне қол жұмсау салдарынан өртеніп кетуі;
Жол апаты салдарынан автокөліктің жанып кетуі;
Темір-, авиа- су-жолдарында, ланкестік актісінде, сғыс кезінде, құқыққорғау органдарының арнайы шаралары нәтижесінде орын алған тұтанулары;
Адамдар оттың иісінен улану салдарынан қайтыс болуға әкеп соқтыру жағдайлары;
Пиротехниканың өмірге және залал келтірмеген жағдайларда, тұтанулары.
Кәсіби дайындықты арттыру және нығайту мақсатында, өрт алған жағдайда шешуші шараларды сапалы және уақытылы қолдану мақсатында, адамдарды өрттен құтқаруға, эвакуациялау әдістерін мерзімінде қолдану мақсатында, өртті сөндіру жедел штабын ұйымдастыруға оқу-тәжірибелі гарнизондарына, адамдардың тығыз болуы орындары мен кәсіптік объектілеріне шығулары үнемі ұйымдастырылады.
Осымен қатар, өрт сөндіру арнайы техниканы және құрал-жабдықтарды тиісті жұмыс бабында сақтау мақсатында, су көздері тексеріледі.
Аталмыш шаралары жеке құрамымен дер кезінде қолданылып тұрған салдарынан, өртті жағдайларына қосымша күштерді қолданылмай, болдырмауға тиісті шаралары іске асырылады.
ӨҚҚ-нің бөлімшелерінің іс-қыймылын талдау мақсатында, ҚР-ның ІІМ-нің ӨҚК-нің мәліметтері басшылыққа алнды (8.1, Кестесі және 8.1 Суреті)
8.1 Кестесінде 2010-2013 ж.ж. аралығында ӨҚҚ-нің бөлімшелерінің дабылмен шығу мәліметтері
Есептік жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Қауіп-қатер дабылымен шығу саны, соның ішінде
|
59163
|
48681
|
56870
|
45910
|
51539
|
өртке
|
17710
|
13975
|
15720
|
13926
|
13924
|
апаттық-құтқару жұмыстарына
|
4446
|
4180
|
4500
|
4617
|
4714
|
өрт есебіне жатпайтын өртенулерге шығу саны
|
36756
|
30266
|
36559
|
27290
|
32768
|
Жалған шақыртулар
|
251
|
260
|
91
|
77
|
133
|
8.1 Суреті – 2010-2013 ж.ж.аралғында ӨҚҚ-нің бөлімшелерімен өртке шығу санының динамикасы
8.1 Кестенің мәліметтерін қолданып шеңберлі диаграммадағы (8.2 Суреті) ӨҚҚ-нің бөлімшелерінің әр-түрлерінің, ӨҚҚ-нің нақты қолндаыстағы, республика бойынша бөлімшелерімен жалпы санымен қарастырып көрсетеміз.
8.2 Суреті – Республика бойынша ӨҚҚ-і бойынша шақыруларының көрсеткіштері.
Сонымен, жалпы шақырулардың ішінде, өрттерді сөндіруге және апаттық-құтқару жұмыстары саны, 18% құрайды. Жалпы сандарының ішінде 27%, өрттер болып есептелмейтін тұтұну жағдайлары мен жалған шақыруларды құрайды. 55% шақырулар саны, ол гарнизондық-тактикалық оқытуларға, нормативттарды іске асыруға, адамдарды эвакуациялау және құтқаруға, өрттерді сөндіруге жедел штабтарды ұйымдастыруға, су көздерін тексеруге, механикалық бекеттерді орнатуға және басқа да, арналған тәжирибелік-жаттығу жұмыстарына жататын «Басқа шақырулар» болып құралады.
Егер Республика облыстары бойынша шақыруларды қарастырсақ, онда мынандай көрініс болады. Өрттерге шығулардың ең көпшілігі Алматы және Қарағанды облыстарында орын алған – 1506 және 1906 (барлық шақырулардың ішінде 27% құраған), ең төмен көрсеткіштер Атырау және Маңғыстау облыстарында 360 (14,9%) және 256 (7%) құраған. Орташа облыстар бойынша жылына 828,3 өртке шығулар тіркелген.
Апаттық-құтқару жұмыстарына ең көп шығулар Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облыстарында 565 (4,5%) және 1490 (13,9%) құраған; ең төменгі шығулар Қызылорда және Ақтөбе облыстарында 27 (0,8%) және 32 (1%) құраған. Орташа көрсеткішті алғанда облыстар бойынша апаттық-құтқару жұмыстарына 288,6 шығулар тіркелген.
Қарағанды облысында өртдеп тіркелмейтін тұтұну жағдайларға шығулардың ең көп жағдайлары (5021, 40%) және жалған шақыруларға (18, 0,1%) тіркелген. Осы жағдайларға ең төменгі шығулары Солтүстік-Қазақстан облысында (556, 13,3%) және жалған шақырулар Ақмола (1, - 00,3%) тіркеліп, ал Атырау, Қызылорда және Астана қалаларында 2013 жыл аралығында орын алмаған.
Басқа да шақыруларға ең көп шығулардың көрсеткіштері Қостанай және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында 6078 (62,6%) және 6178 (56,5%) құраған; ең төменгі көрсеткіштері Атырау 1187 (49,2%) және Ақтобе облстарында 1746 (54,6%) құрап тіркелген. Жылына облыстар бойынша орташа көрсеткішпен алғанда шығулар 3404,76 санды құраған.
Мәліметтер көрсеткендей, ең жоғары шығулар саны Қарағанды облысында – онда жылына 17604 тіркелген.
8.1. Шақырылған жерге ӨҚҚ-нің бөлімшелері жету уақытына әсер ететін автожолдарының сапасы мен мінездемелерін талдау
Өртке қарсы қызметінің бөлімшелерінің өрт алған орынға жету уақыты көпшілікте бағыттағы автожолдардың сапасы мен нақты өрт болып жатқан орынға жетіп орналасуына тығыз байланысты.
ҚР-ның автожолдарының ұзындығы 128 мың.км құрайды, оның ішінде 97,1 мың.км – ол жалпы қолданыстағы автожолдары, оның ішінде, 23,5 мың.км республикалық маңызы бар жолдар, 73,6 мың.км жолдары жергілікті жүйеге жататын жолдар болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар автожолдары жүйесі негізгіде кәсіптік және шаруашылық қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында құрылып салынған.
Жалпы автожолдар жүйесінде тас жолдар 32,8% құрайды.
Алайда көпшілікте жолдардың сапасы экономиканың талаптарына сай болмай тұрады: республикалық маңызы бар жолдардың 80% және жергілікті жолдардың 97% тек III-V саннатығы жолдар деп есептелінеді. Республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы бойынша негізінің – 25% құрап, оның ішінде, 4% ғана I техникалық санатына жатады . Қазақстанның барлық автожолдардың оннаң бір бөлігі топырақ жолдары және 1574 км автожолдары санаттарға бөлінуге келмейді.
1990 жылымен салыстырғанда Қазақстанда автожолдарының ұзындығы 10,3 мың.км созылған, оның ішінде тас жолдардың саны 5,3 мың.км ұзартылған.
Атап айтқанда, жаңа автожолдардың жартысы толық тас немесе басқа да түрдегі жолы деп есептелмей, топырақ жолдары болып тұр.
Автожолдардың ұзартылуы кейіңгі уақытта жергілікті маңызы бар көпшілікте ені 4,5 м бір жолды автожолдарын салу салдарынан болған.
Қазақстанның автожолдарының негізгі мәселелрі болып:
төмен техникалық көрсеткіштері (автокөлікке түсетін ауырлықтың есептеуімен, санаттары бойынша және т.б. себептерге);
2 жолды автожолдарда апаттық және жолдарда өлімнің биік көрсеткіштеріне;
Республикалық және жергілікті жолдарды қамтамасыз ету эксплуатациялық техникасы мен олардың сапасы төмендіктен қамту төмен деңгейде болуына;
Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың төмен жағдайда болуы, осымен қатар, жергілікті бюджетпен көпірлердің жөндеу және құруына жеткііліксіз қаржыландыру;
Қазақстандағы автожолдарды жөндеу сапасы төмен болуы себептері, тиісті білікті мамандардың болмауы, жол салу кезінде сапасыз және мерзімі шыққан құралдарды қолданудан, осымен қатар, жол салу кезінде тендерлік саясатты өткізудегі орындаушылардың кәсіби тәжірибесі, автожолдарды жобалау және жөндеу жұмыстарының сапасы өте төмен болуында.
Мемлекеттің автокөліктенунен жол жүйесінің қалып қою, экономиканың бәсекелестігінің төмендеуіне, осымен қатар, автокөліктің жанар-жағай майын жұмсауды көп талап ететін энергия көп қамтуды талап етіп, жұмыс күшінің қозғалуын төмендетіп және кәсіпорындардың арасында байныстарды шектегу әкеп соқтырады. Осының салдарына, халықты медициналық, әлеуметтік және мәдениеттік инфраструктураларын қол жеткізушілікті төмендетіп, көліктік жеткіліксіздіктен, жедел қызметтерінің іс-қыймылын төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін.
Елді-мекендердің анкеталық мәліметтері бойынша, Алматы облысындағы елді-мекендері арасындағы автожолдарының сапасы мен сипаттарын көруге болады (8.3 Сүрет).
8.3 Суреті – Алматы облысы бойынша жолдардың түрлері
Автожолдардың көпшілігі асфальт, асфалтті-бетонды, асфальттык-гравийлік болғанымен, олардың сапасы қанағаттандырылықсыз, сондықтан, осы жағдай өрт алған орынға бағытталған уақытта өртке қарсы автокөліктердің жылдамадығына және жедел жетуіне әсер етеді.
8.2. Өрттің өркендеуінің ерекшеліктері мен өртке елеудің уақытша мінездемелері
2012 жылғы ҒЗЖ есебінде «уақыт елеуінің уақытының» болмысы анықталған болатын. Ары қарай зерттеуде қолданылатын кей ұғымдарды еске сала кетейік.
Шетелдік өрттен қорғау құрылымдарының материалдарында (статистикалық есептерде, мақалаларда, кітаптарда) «елеу уақыты»,, «жүйенің реакциясының уақыты», шақырылған жерге «келу уақыты», бөлімшелердің шақыру болған жерге «жүру уақыты» деген ұғымдарды кездестіруге болады. Бұл ұғымдардың байыбын 13 суреттің көмегімен көрсетейік:
өрттің тұтанып даму уақыты
өртті табу уақыты
tкелу
tсл
t1 t 2 t3 t4 t5 t6 t7 t
Сурет 8.1. – Өрттің өркендеуінің ерекшеліктері мен өртке қарсы қызметтерінің өртті елеуінің уақытша мінездемелері
Бұл жерде t1 – өрттің тұтану уақыты; t2 – өртті табу уақыты;
t3 – диспетсерлік пунктке өрттің шығуы туралы хабарлау уақыты; t4 – өртке қарсы бөліміне өрт шыққан жерге шығу туралы бұйрықтың келуі; t5 – кезекші қарауылдың деподан шығу уақыты; t6 – шақыртылған жерге келу уақыты; t7 –өртті ауыздықтауды бастаған уақыт.
ӨҚҚ бөлімшелерінің өрт шыққан жерге баруы – ол өрт болды деген хабар келгеннен бастап өрт шыққан жерге бірінші өртке қарсы бөлімшелердің жетуінің уақыт арасы.
Шақыруға (өртке) қызмет ету уақыты – бұл өрт басталғаны туралы келген хабардан бастап оны толық ауыздықтағанша кеткен уақыт аралығы.
Өртке қарсы қызметтің өрт туралы дабылды қабылдағанна бастап,өрт басталған жерге дейінгі жету жауап беру немесе реакция уақыты
откл. = t
6 - t
3. Егер шақырту өртке қарсы қызмет бөлімшешіне түссе, онда жауап беру уақыты диспетчеризация периодына қысқыруы мүмкін (сол кезде t
3 = t
4), дабылды қабылдау уақыты, қай бөлімшені жіберу керектігін шешу және шақыруға шығуға дайындық шамамен 1,5-2 минут көлемін алады. ӨҚҚ бөлімшелерінің жол жүру уақыты – алғашқы өрт сөндіру көліктерінің деподан бастап өрт болған жерге дейінгі жол жүру уақыты t
след = t
6 - t
5.
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық Регламентіне сәйкес, ӨҚҚ бәлімшелерінің өрт басталған жерге дейінгі уақыты ауылдық аумақтырда – 20минуттан кем емес, ал қала ішінде 10 минут болуы керек.
Біріншіден, бұл шамалар өрттің физико-химиялық мінездемелері мен өрттің өздігінше шарпу уақытына сүйеніп жасалуы тиіс. Өрттің өздігінше шарпу уақыты өрттің басталу уақытынан оны ауыздықтау басталған уақытына дейінгі кез tсв.р. = t7 - t1, және осы уақыттың негізгісі бөлімшелердің жетуі мен әскери жазуға кеткен уақытқа байланысты, ол 6 дан 8 минутқа бейінгі аралық. Өрттің өздігінше шарықтау уақыты сызықтық және көлемді болып бөлінетін өрттің шарпуының мінезіне бвайланысты.
Өрттің сызықтық таралуы кезінде от жалыны жанатын заттардың бетімен (мысалға, сұйықтық) белгілі бір бағыт пен жазықтықта (мысалы, төбемен немесе қабылғамен) шарпиды. Өрт ошағында тұтанатын жану жылуды бөлумен анықталады. Бұл жылу белгілі бір қашықтықта орналасқан өрт ошағына жақын тұрған жанатын заттар мен беткейлерге өтеді. Ол беткейлер өздігімен жанатын деңгейдегі температураға дейін жеткенде, олардың жануы, одан ары қарай шарпу шегі басталады.
Тұрғындық, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттарда болатын өрт бөлменің жану жағдайымен, жанатын қатты заттармен, ішкі немесе сыртқы өңдеу және қаптайтын заттармен, карниздермен, және ғимараттң басқа да конструктивті элементтерімен шарықтауы мүмкін. Сонымен қатар, өрттің өркендей түсуі түрлі қуыс жерлер мен қатты, сұйық және газ тәріздес жанатын заттарды тасымалдайтын коммуникация жүйесімен шарықтауы мүмкін. Өрттің сызықтық таралуының негізгі параметрі болып оның сызықтық жылдамдығы мен көлемі болып табылады.
Өрттің шарықтауының сызықтық жылдамдығына әсер ететін негізгі факторладың бірі болып: өрт басталған бөлмедегі ауа массаларының ауысуы, олардың жанатын заттардың түрі, беткейінің түрі, заттардың қандай температураға дейін қызғандығы, бөлмедегі жанатын заттардың орындары, заттардың бөлшектенген деңгейі.
Өрттің көлемді таралуы ол бірінші болып басталған орт ошағынан белгілі бір қашықтықта өрттің жаңа ошағының пайда болуы. Өрттің таралуының негізгі себебі, бөлмедегі жылу бөлінуінің, ковекцияның және жылу өткізгіштегіне байланысты. Өрттің сызықтық таралуының белгілі бір мәнге дейін ұлғаюымен байланысты, бөлмен іші ысып тұрған жанатын заттарға толады, олар өздері жылу бөліп, қасында тұрған заттарды да ысытады. Жанатын заттардан басқа, жылуды бөлетін от алауы да бар. Жанатын заттар мен алау жаңа өрт ошағын туғызуы мүмкін. Бірнеше өрт ошағы болған жағдайда, өзара ысыту пайда болады, бұл жаңа заттардың жануына әкеліп, өрттің өршуіне мүмкіндік береді. Айтарлықтай ауа кіруінің себебінен от жалындай түсіп, өрт ауданы шарықтай түседі
Көптеген жағдайда оттықпен немесе газ жанарғысымен қиын тұтанатын заттар өрт болған жағдайда тез тұтанып, жанады. Ол заттың алдын-ала қызуымен сипатталады. Осындай жағдайларда өрттің көлемді таралуы байқалып тұрады, оның жылдамдығы сызықтық жылдамдықтан әлдеқайда көп болады.
Өрт өршуіне байланысты үш кезеңге бөлінген: бастапқы, негізгі (шарықтаған) және соңғы. Бұл кезеңдер жазықта немесе бөлмеде болған барлық өрт түріне тән.
Бастапқы кезеңіне өрттің тұтанған жерінен бастап бөлмені толықтай оттың алуына дейінгі кезең болып саналады. Бұл кезеңде температураның өсуі мен ондағы газ қысымының азаюы. Ойықтар арқылы кететін газдың саны жанатын газ тәріздес күйге көшкен материалдар мен заттар кіріп жатқан ауадан көп болады.
Өрттің бастапқы кезеңінде бөлмедегі ауа мен жанатын заттар көлемі ұлғаяды, қысым бірнеше ондық паскальға жетеді, соның салдарынан газ қоспалары құрылыс конструкцияларының тығыздалмаған түйіскен жерлері арқылы, есік арасындағы тесіктер арқылы, терезелер, ауа өткізгіштер арқылы және тағы басқа тесіктер арқылы шығады. От ауа оттегімен сақталып тұрады, оның концентрациясы бірте-бірте төмендейді. Егер бөлме басқалардан оңашаланған болса, мысалға терезелері бұзылмаған немесе олардың мүлде болмауы, есіктердің тығыз жабылып тұруы және ауа өткізгіштері жабылған болса, оның ішіндегі өртің азаюы немесе мүлдем тоқтауы мүмкін. Басқсша болған жағдайда өрттің бастапқы кезеңінің бөлменің айтарлықтай ауданын жаулап алу және конструкциялар мен материалдардың қызу қауіпі бар, орташа қысымдық температурасы 200-3000С дейін көтеріліп, түтінде көміртек оксиді мен диоксид құрамы өседі, бөлмені түк көрінбейтіндей етіп көк түтін басады.
Алғашқы он минутта (бұл орташа уақыты) жалын жанғыш материалдарды бойлай сызықтық арқылы тарайды. Осы кезде түтін бөлмені толтырып, бөлме ішіндегі коп материалдардың жану температурасына дейін көтеріледі, ол 250-3000С. Осыдан кейін өрт көлемдік кезең фазасына өтеді. Бұл фаза оттың бұкіл бөлмеге мезетте таралуымен мінезделеді.
Бөлменің көлеміне байланысты өрт жүгінің герметизациясы мен орнықтыру деңгейінің бастапқы кезеңі 5-40 минут жалғасады (кейде одан да көп, бірнеше сағатқа дейін). Бірақ адамға қауіпті жағдайлар 1-6 минут ішінде пайда болады.
Өрттің бұл кезеңі құрылыс конструкцияларының отқа беріктігіне әсер етпейді, өйткені температурасы аса жоғары емес.
Өрт жылдамдығының сызықты таралуы бірінші кезезеңдегі жану процессін екі есе бәсеңдете түсу фактсін көрсетеді.
Өрттің таралуының негізгі кезеңі орташа көлемдік температураның максимумға дейін көтерілгені болып есептеледі. Бұл кезеңдематериалдар мен жанғыш заттардың 80-90% жанып кетеді, бөлмедегі газдың қысымы мен температурасы уақыт аралығында онша өзгермейді. Тағы 10 минуттан кейін шынылану бұзыла бастап, таза ауа кіре бастайды, ол өрттің тез мезетте өршуіне әкеледі, сол кезден бастап келесі фазаға ауысады: бөлме ішіндегі температура 9000С дейін өсіп, жану максималды жылдамдыққа жетіп, 10 минут ішінде түгелдей жана бастайды.
Өрт басталғаннан кейін 20-25 минутта оның бірқалыпқа түсуі басталып, 20-30 минут жалғасады. Содан кейін, егер өрт басқа бөлмелерге тарамаса, кеми бастайды.өрттің дамуының бұндай тәртібі қалыптасқан деп аталады, кететін газдардың шығыны келген ауа мен жанған заттарға жақын шамаға тең.
Өрттің соңғы кезеңінде жану процессі аяқталып, температура ақырын төмендей түседі. Кететін газдар көлемі келетін ауа мен жанатын заттарға қарағанда азайады [18]
Сонымен, өртті сөндіруді ең алғашқы кезеңінде, жанудың максималды интенсивтілігіне жетпей тұрғанда бастаған жөн. Ол адамдарды қорғау үшін уақыт қорды сақтауға болады
Жану зоналары мен жылу әсерінің ықпалы және әрбір өрттегі түтін өздерінің көлемі, формасы және мінезі жағынан түрлі болады. Әрбір зоналардың үлкендігі мен оның интенсивтілігін анықтайтын параметрлер өте көп. Өрт практикасында өртті ауыздықтау үшін жұмсалатын күш пен қаражатты анықтайтын және өртті сөндіретін бөлімшелер жұмысының параметрлеріне мән беріледі.
Өртті сөндіру келесі кезеңдерден тұрады: ауыздықтау – бұл өртке қарсы бөлімшелердің келуімен басталады. Ауыздықтау үшін 5-15 минут уақыт аралығы жетеді. Ал өртті жою – бірнеше сағатты талап етеді.
Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, өртке қарсы бөлімшелердің келуінің нормативті уақыты қала үшін- 10 минут, ал ауылдық аумақтарда 20 минут деген тұжырым дәлелденген болып есептеледі.
Қорытынды
Нормативті-құқықтық құжаттардың бар болғанымен, мемлекет территориясы мен халқы өртке қарсы қызметтерімен толық қамтамасыз етілмеген.
Қазақстан Республикасының «Азаматтарды қорғау» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елді мекендерде өртті сөндіру ұсыныстарын шығару қажет.
Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары өзекті әрі қиын болып бара жатыр. Өртке қарсы қызметтің жұмысын тиімді жоғарылату үшін бірнеше амал бар. Мысалы, материалды-техникалық базаны жоғары деңгейге жеткізу мен оны кеңейту. Бұл әдіс маңызы аз емес болғандықтан, қызметке ірі қаржылық құюларды талап етеді. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің ұйымдастырылуы мен басқарылуына жатқызуға болатын басқа да тәсілдері бар. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмысының эффективтілігін жоғарылатудың негізгі резервтерін басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру амалдарын іздестіру керек және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қоғам үздіксіз қатысуы керек.
Мемлекет шекарасындағы өртің шығуы жағдайының талдауы көрсеткендей, мемлекеттегі өрттер саны мен олардың салдары азайғанға қарамастан, бөлімшелердің оперативті шығулары ұлғайған. ӨҚҚ бөлімшелері табиғаттық немесе техногенді мінездегі, өртке байланысы жоқ, апаттық-құтқару жұмыстарына көп жұмылдырылады, бұл жағдайды МӨҚҚ жұмыстарын жоспарлау, ресурстарды бөлу кезінде, өртке қарсы деполардың орналасуының оптималды жері мен оны жабдықтаған кезінде ескеру қажет.
Келіп түсетін шақыртулар бірнеше параметрлер бойынша кездейсоқ сипаттамада болады: ТЖ шыққан жер мен уақытына байланысты, қызмет көрсететін оперативті бөлімшелердің қажеттілігі және оларға қызмет көрсетуге кететін уақыт ұзақтығы. Болжамалы-статистикалық әдістер мен математикалық модельдеу әдістерін қолдану шақырулар ағындарының кездейсоқтығын болжауға мүмкіндік беріп, өртке қарсы қызметін жоспарлау мен оның жұмысын болжауға көп әсерін тигізеді. Негізінен, өңірдегі шақырулар ағынының талдауы негізінде қысқа мерзім үшін (1-2 жылға) ӨҚҚ бөлімшелерінің шығуының жалпы болжауын жасауға болады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында өрттің жедел жағдайларының келесі бағыттарына талдау жасалды:
Шақырулардың структурасы;
Шақырулардың саңдарын жыл мезгіліне бөлу;
Шақырулардың сандарын жыл бойынша тәуліктерге бөлу;
Шақырулардың саңдарын қызмет көрсетудің уақыт мезгілдеріне бөлу;
Шақырулардың саңдарын «Автокөліктердің саны» сипаты бойынша бөлуді.
Талдау көрсеткендей, кейбір критерияларды жорамалдауға болады, яғни ол өрттер орын алу жағдайларына баға беруге мүмкіншілік беріп және тиісті шаралар қолдануға мүмкіншілік береді деп тұжырымдауға болады.
Әдебиеттер
Брушлинский Н.Н. Системный анализ деятельности Государственной противопожарной службы. – Москва, 1998. – 252 с [Атлас]
Брушлинский Н.Н., Соколов С.В., Вагнер П. Человечество и пожары. М.: ООО «ИПЦ Маска». 2007.142
2015жыл 1 қаңтар ҚР облыстары қалалары және аудандары бойынша халық саныъх
«Нысандарды қорғауға өртке қарсы техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» регламенті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №16 Қаулысымен бекітілген);].
ҚР СН 2.02-30-2005 «Өртке қарсы қызмет органдары нысандарын жобалау нормалары»
Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасы Елбасының Жарғысы. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі туралы: 1996 жылғы 22 қарашада бекітілген
«О состоянии пожарной безопасности Алматинской областиза период 2011-2014 годы»
ҚСН 2.02.04-03 Елді мекендерді және кәсіпорындар аумақтарын өрттен қорғау
Н. Брушлинский, Ю.М. Глуховенко, Е.А. Клепко, В.Б. Коробко Өрт тәуекелін бағалау негізінде қалалық муниципалдық құрылымдарды өрттен сақтауды қамтамасыз ету жүйесін басқару әдісі туралы.
10.Андреенко Н.Г., Тарасов-Агалаков Н.А. Обоснование радиуса выезда пожарных частей (команд) и численности оперативных отделений пожарной охраны городов // Пожарная безопасность. - М.: Стройиздат.- 1964.-Вып.3.-С.87-94.Алматы облысы бойынша 2011-2014 жылдары аралығында өрт жағдайы
11. Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. Статистический сборник /Под ред. А.А. Смаилова/ Астана, 2010 – 110 с. - официальные сборники по итогам переписи населения 2009 года по областям Республики Казахстан
12. Департамент статистики Алматинской области сайт http://www.almatyobl.stat.kz, Алматинская область. Итоги национальной переписи населения 2009 г. Том 1. Статистический сборник/Под ред. Смаилова А.А/Астана, 2011-128с
13. Административно-территориальные единицы Алматинской области на 1 января 2014 года Статистический сборник, Департамент статистики Алматинской области, Алматы, 2014.
14. https://ru.wikipedia.org/wiki/
15. Атлас
16. Қазақстан Республикасы Президентінің 17.04.2014 ж №798 Жарғысы
17. Закон Республики Казахстан «О гражданской защите» от 11 апреля 2014 года № 188-V ЗРК
18. Гмурман В. Е. Теория вероятностей и математическая статистика: Учебное пособие для вузов. — 10-е издание, стереотипное. — Москва: Высшая школа, 2004. — 479 с.
19. Анализ оперативно-служебной деятельности ГУ «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ» ДЧС областей, городов Астана и Алматы за 2014 год
20. Ву Ван Тхюй организационное проектирование системы управления противопожарной и аварийноспасательной службой вьетнама, диссертации на соискание ученой степени кандидата технических наук Москва – 2013
21. http://www.atyrau-city.kz/ информационно-познавательный сайт города Атырау
22. Статистический сборник «Здоровье населения РК и деятельность организаций здравоохранения в 2011 г.» Астана, 2012, С.158-160