t
100 = 155,2 мин.
Осымен қатар келесі жағдай белгілі болады, ең алыс орналасқан мекен-жайлар ол халықы аз ауылды мекендер болып табылады. Мысалы Қаратал ауданына қарасты Ақжар ауылының халық саны 212 адам болса, өрт сөндіру бөлімшесінен 112 км қашықтықта орналасқан, осы елд-мекенге ең жақын елд-мекен 2 км қашықтықта орналасқан, өрт сөндіру автокөлігінің орташа 45,5 км/сағ.жылдамдықпен қозғалса шамамен 2,5 сағатта жетуі мүмкін. Одан бұрын, 2005 жылы Ақжар ауылында 3 өрт оқиғасы орын алған, ауыл маңындағы орман массивтерінде өрт болған, онда ауылдағы орналасқан шұғыл 8 адамнан құрайтын топ негізгі ӨҚБ-сі келіп жеткенше өрт сөндірумен айналыса алатын кейбір жабдықтарды қолдана береді.
Республикамыз бойынша өрт сөндіру бөлімшелерінің қамту радиусы 2-20 км дейін қалаларда, ал ауылдарда 300 км дейін құрайды.
ӨҚБ-нің бірінші автокөлігінің орташа жылдамдығын басшылыққа ала тұра өрт орын алған жерге жету уақытын нормативтік белгілерді және 4.2 көрсеткішті қолданып, қамту зонасын анықтап көрейік.
Ауылдық мекен-жайларда жету уақыты нормативтік белгілерге сай 20 минут (0,33 сағ), ӨСК-нің орташа жылдамдығы – 38,6 км/сағ, сонымен қамту аймағы келесі көрсеткіштерде болады:
S= 38,6 х 0,33 = 12,7 км
Сондықтан, егер 20 минуттық нормативтік уақытты сақтау үшін өрт сөндіру бөлімшесінің қамту орташа радиусы ауылдық мекен-жайда 12,7 км дейін болу қажет. Бұл жағдайда аймақтардың ерекшеліктері – ол жолдардың сапасы мен қиылыстары, өрт алған жерге келуі мәселесі, аймақтың табиғат-географиялық жағдайлары есепке алынған жоқ. Алайда, аталмыш көрсеткіш өрт сөндіру бөлімшелерінің қамту аймағын алдын ала, осымен қатар, елді-мекендерде өртті алдын алу мәселелерін бағалауға мүмкіншілік береді. Сондықтан, мемлекеттің барлық аймақтарын қамту үшін, радиусы орташа қамту радиусына тең 12,7 км шеңберлеріне, бөлу қажет деп есептеймін. Осымен қатар, өрт сөндіру бөлімшесі шеңбердің ортасында орналасқаны өте дұрыс болады.
Шеңберлерді аталмыш радиусымен орналастыруға бірнеше әдісі бар. Кейбірлерін қарастырайық:
Бірінші әдіс, ол шеңберлер аудан көлемінде бір-бірін кесіп тұрмайды, алайда әрқайсысы бір-бірімен бір нүктеде көршілеседі (4.2 Сурет).
R
R - өрт сөндіру депосының қамту радиусы,
- өрт сөндіру депосы,
- қамтылмаған аймақ.
4.2 Суреті – Өрт сөндіру бөлімшесінің қамту радиусына сай аймақты шеңберлермен жабу және қамтылмаған аймақтары.
Аталмыш әдісті қолдануы, өрт сөндіру бөлімшесінің қамту аймағы радиусы R=12,7 км тең шеңбермен белгіленіп,
S = πR² = 507 км2, тең болады.
Алайда осы әдісті қолдану салдарынан кейбір аймақтар қамтылусыз қалады. Қамтылмаған аймақ көлемі жалпы аймақтың көлемінің 21,8 % құрайды.
Екінші әдіс: өрт сөндіру бөлімшелерінің қамту аймақтарын «алтыбұрыш» тәртібінде орналастыру, бұл жағдайда әр шеңберлердің шекаралары бір-бірімен көршілес болып тұрады. Бұл әдіс шеңберлерді қоршап тұрған алтыбұрыштар болып табылады. (4.3 суреті).
R
- өрт сөндіру депосы,
R - өрт сөндіру бөлімшесінің қамту радиус.
4.3 Суреті – Өрт сөндіру бөлімшесінің қамту радиусына тең қамту аймақтарын алтыбұрыштармен жабу.
Аталған екінші әдіс, ең рационалды, Қазақстан Республикасының өртке қарсы қауіпсіздігін дұрыс жобалап нығайту мақсатында қолданатын әдіс ол, қамту аймақтарын шеберлер дұрыс алтыбұрыштармен қоршалып, қамтылмаған аймақтар мүлдем болмайтының көрсетеді.
Шеңбермен қоршалып және шеңберді қоршап тұрған алтыбұрыштың сипаттарын қарастырып көрейік (4.4 суреті).
r
R
R
4.4 Суреті – Шеңбермен қоршалып және шеңберді қоршап тұрған дұрыс алтыбұрыш.
Дұрыс алтыбұрыштың негізгі сипаты оның тең қабырғалары мен қоршап тұрған шеңбердің радиусы R = t, содан әрі
Бұрыштары - 120° тең.
Қоршалып тұрған шеңбердің радиусы :
тең, (5.2)
Дұрыс алтыбұрыштың периметрі :
тең (5.3)
Дұрыс алтыбұрыштың ауданы келесі формуламен анықталады:
,
(5.4)
Алтыбұрыштар аудан көлемін толық қамтып бос орындар қалмайды.[8].
(4.2. - 4.4) көрсеткіштерін басшылыққа ала тұра, орташа радиусы 10,98 км болатын қамтылатын алтыбұрышты аймақтың ауданы: S – 417,14 км2, екенің анықтаймыз.
Әр әкімшілік аймағы тығыз халықы бар, немесе бос, кейде қамту аймағында өрт қауіпті объектілері жоқ аймақтарда орын алуға мүмкін.
Әрине әкімшілік аймақтардың, елді-мекендердің аймақтары, осымен қатар, өртке қарсы бөлімшенің қамту аймағы нақты дұрыс геометриялық фигурасындай болмайды.
Өртке қарсы бөлімінің қамту радиусын дұрыс алтыбұрыш формасында орналастыру сипаты, өртке қарсы бөлімшелерді нақты елді-мекендердің тығыз орналасқан жерлерін толық қамтуға және қамту шекараларын нақты бекітуге аса үлкен мүмкіндік береді.
Ұсынылған есеп Алматы облысы бойынша мәліметтерге сүйене отырып жасалды және келесі зерттеу кезеңідегі заңдылықтар мен критерияларды анықтауға мүмкіншілік береді.
5. ӨҚБ-нің шақыру саның динамикасы мен болжауын зерттеу
Зерттеу көрсеткендей, өртке қарсы бөлімшелері әрекеттенетін және оның мінездемелерін мен іс-қимылын сипаттайтын, ол елді-мекендерде өрт қауіпі деңгейіне әсер ететін сыртқы факторларды, атап айтқанда, халық саны, халық тығыздығы, аймақтың ауданы, географиялық, климат мінездемесі, экономикалық-әлеуметтік дамуы және т.б., аймақтың жағдайын бағалауға болады. Жедел жағдайды бағалауға оның ішінде ең маңыздысы, ол жедел кезекші бөліміне келіп түсетін және жедел өртке қарсы бөлімшесінің оқиға орнына шығуын талап ететін, шақырулар.
Аймақтың Біріңғай Жедел Кезекшілікке келіп түсетін барлық шақырулар бірнеше параметрлері бойынша байқаусыздан болған: ол орын алған жері мен уақыты, қамтуға арналған жедел бөлімшелерінің санымен, осымен қатар, шықыруды қамтуға арналаған уақыттың қажеттілігімен ерекшеленеді.
Шақырулардың келіп түсуі және оларға шығып жету мезгілдері де кейде біріңғай болмайды, осымен қатар, өртке қарсы бөлімшелерінің шақыру мен шығудың теңестігін сипаттауға болады. Аталмыш шақырулардың және оқиға орын алу мәліметтерін анықтауға орын алу-статитикалық және математикалық құрастыру методттарын қолданамыз.
Математикалық құрастыру, елді-мекеннің өртке қарсы қызметінің алдын тұрған мақсаттарды шешуге, келесі мүмкіншіліктерді береді:
-Өртке қарсы бөлімшелерін шақыру сандарын болжауға, жедел қызметтерімен біріңғай қамтылуын және т.б.;
-Болжау нәтижелерінің мәліметтері бойынша, елді-мекеннің өртке қарсы қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, жедел бөлімшелерінің қажетті сандарын құрауға;
-Елді-мекенде (ауданның бөлігінде) жедел бөлімшелерін рационалды бөлуін анықтауға;
-ӨҚБ-нің толық дайындығы болу мақсатында, өртті сөндіруге тиісті күштер мен жабдықтардың қол астында болуын қамтамасыз етуге.
Құрастыру өртке қарсы бөлімшелерінің мүмкіншілігін санды түрде бағалауға және ең тиісті ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.
ӨҚБ-дің оқиға орнына шақыру ағымын толық бағалауға математикалық методттарды қолдану барысында, нақты аймақтағы өрт жағдайын қысқа мезгілде болжауға болады.
Аймақтың көрсеткіштерін болжау өрт қауіпсіздігі қызметінің дамуы мен іс-қимылын ұйымдастыруға басты материал болып есептеледі.
Сондықтан, жедел жағдайдың және әр елді-мекендегі жедел бөлімшенің жұмысының жалпы көлемін мінездейтін, жедел қызметіне ол келіп түскен шақырулардың көлемі болын есептеледі.
Жедел қызметтерін шақыру ағымында, өрттер, жанулар, апаттар және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпараттардың кезегімен, бір-бірінен кейін кезекшілік бөліміне келіп түсуін, түсінеміз.[11].
Анықталғандай, өртке қарсы бөлімшелерінің шығу саны қалалар мен ауылды елді-мекендері арасында өзі санымен де жиелігімен де айырымашылығы болады.
Осы жағдай, қала мен ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты:
- Халықтың саны мен тығыздығына;
- Аймақтың ауданына;
- Құрылыстардың ерекшелігіне;
- Өртке қауіпті объектілерінің болуына;
- Өрт қауіпсіздігі мәденитетіне және т.б. жағдайларға байнысты.
Осымен қатар, шақырулардың өзі араснда кездейсоқ болуыда мүмкін, өйткені өртке қарсы қызметін алғашқы шақыруы мезгілінен бастап келесі шақырулардың уақытын нақты болжауға мүмкіншілік болмайды. Атап айтқанда, әр елді-мекеннен жедел кезекшілік бөліміне келіп түскен шақырулар ешқашанда тегіс түрде болмай және болуы мүкін деген болжамда түсіп тұрады. Одан басқа, уақыт бірлігімен қарағанда (сағат, тәулік) шақыру сандары уақыттың жүру интервалына байланысты кездейсоқ ұғым болуы мүмкін.
Республика бойынша өртке қарсы қызметінің шақыру структурасын талдау үшін.[9]. ӨҚБ-не түсетін шақырулары процесінің заңдылықтарын сипаттайтын, болу-статистикалық методттардың ережелерін қолданып көру қажет.
5.1 Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің оперативті қызметінің негізгі көрсеткіштері
Заманауи үлкен қалалар мен ауылдық елді-мекендердегі адамдардың өмірлік іс-әрекеті біршама қауіпті факторлармен байланысты болады. Адамдардың денсаулығы, мүлкі, тіршілікті қамтамасыз етуі, мәдени мұрасы, социалды және экологиялық саулығына техногенді, экологиялық және социалды сипаттағы құбылыстар қауіп төндіреді. Осы құбылыстардың алдын-алу, жою және азайту үшін төтенше жағдайларға төтеп беретін жедел әрекет ету қызметтері құрылады (көпфункционалды немесе арнайы), оларға – өртке қарсы қызметтер, полиция, жедел-жәрдем, авариялық қызметтер және т.б. жатады. Қауіпті жағдайдың пайда болатын орны мен уақытының болжап болмайтындығынан, оның сипаты мен масштабы анықталмағандығынан жедел қызметтерге олардың орналасуы бойынша жоғары талаптар қойылады.[9].
Елді мекендерде МӨӨҚ құрылуының заманауи ұғымы келесі ұғымдарға негізделеді: кез-келген уақытта қалада (елді мекенде, ауылда) төтенше жағдай болған жағдайда барлық күш жұмсап, дереу елеп-ескеру.
Соның өзінде, жоғарыда айтылғандай екі негізгі шектен шықпауы тиіс:
- шақыру болған жерге қызметтің келуі ұйғарынды уақыт интервалында болуы қажет;
- елді мекендегі ӨҚҚ күштерінің жалпы саны экономикалық ақталуы тиіс, берілген төтенше жағдайдың тәуекел деңгейіне лайық болуы қажет.
Берілген шарттарды орындау үшін ӨҚҚ орналасқан барлық елді мекендерде ТЖ жоюға арналған барлық жұмыстар және олардың шығындары дәлелденуі керек (қажет етілетін техникалық, адам және уақыт ресурстары).
Негізі Ресейде өткізілген зерттеулер, қаланың өртке қарсы қызметінің жұмысындағы уақытқа байланысты кейбір бағалау сұрақтарына жауап табуға көмектесті. Алдымен, қаладағы ӨҚҚ жұмыс көлемін уақыт бірлігінде өртке қарсы бөлімшелерінің шыққан саны береді. Мысалы, Мәскеу қаласында соңғы жылдары 50 мыңға жуық, Санкт-Петербургте 30мыңға жуық, Киев қаласында 15 мыңнан артық, ал Харьков қаласында 5мыңға жуық шақыруларға шығады. .салыстыру үшін Нью-Йорк қаласында жыл сайын 300мыңға жуық шығулар болады, Лондонда 150мыңға жуық болады.
Қалалардағы ӨҚҚ жұмысының көлемін анализ бен болжау үшін зерттеушілер біршама сандық сипаттама қолданады, ол қала тұрғындарының белгілі санына келетін уақыт бірлігіндегі (жыл, тәулік, сағат) өртке қарсы бөлімшелердің шығу санын анықтайды.
Сонымен, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Киевте қаланың әрбір 1000 тұрғынына соңғы уақытта 5-6 шақыру өртке қарсы қызметіне, Харьковте 4 шақыру, ал Нью-Йоркте – 30-дан астам шақыру келеді. Бұл параметр уақыт функциясы болып, оның динамикасының сенімді болжамын құруға мүмкіндік береді, оперативті қала қызметтерінің түрлі уақыт сипаттамаларын бағалау қажет (шақыртылған жерге келу уақыты, жұмысқа жауынгерлік әзірлігінің).
Өртке қарсы автомобильдерінің өрттің көздеріне дейігі жол ұзындығының уақытына байланысты, және оның жүріс жылдамдығы зерттелген.
Әрбір аумақ үшін жүріс жолының ұзындығы бірқатар факторларлар мен сол аумақтың айырмашылықтарына байланысты. Негізгі мағлұматтары болып ол өрт сөндіру бөлімшелерінің саны, олардың дислокация жері, аймаққа қызмет көрсету шекарасы, оперативті бөлімшелерінің саны, өрт сөндіру автокөліктерінің шақыруға шығуларының. Жол ұзындығына әсер ете алатын фактор болып, өрт сөндіру деполарының тығыздығы болып. Өрт сөндіру деполарының тығыздығының талабы мен өрт сөндіру автокөліктерінің уақыт жылдамдығының орташа мәні көрсетілген.
Келтірілген зерттеулер қалалық аумақтарда қолданылған. Ауылдық аумақтардағы шығу ағындарының мәліметтері бүгінге жоқ. Қазақстанда өрт қауіпсіздігінің эффективті жүйесін құру үшін ауылдық аумақтардағы шығу талдауын жүргізу керек. Өртке қарсы бөлімшелерінің әсер ету уақытын төмендету үшін шақырылған жерге жол қозғалысының оптималды уақытын анықтау, уақыт қозғалысына кеткен минималды шығындар. Ара қашықтан басқа, әсер ету уақытын анықтайтын бір фактор – жылдамдық. Қазіргі уақытта өрт сөндіру автокөліктерінің уақыт жылдамдығы қазіргі уақытта 30-33 км/сағ деңгейінде, Алматы облысы бойынша орташаланған мәліметтер. Бұл бағыт өрт сөндіру автокөліктерінің жылдамдығын ұлғайтумен байланысты, бірінші кезекте техникалық сипаттамаларын жақсарту арқылы.
Ең қысқа жолды қарауыл бастығы таңдайды. Ең ыңғайлы маршурры анықтау ауданның оперативті-тактикалық ерекшеліктерінде негізделеді, оларға транспорттық магистарльдердің сипаттамасы, түрлі уақытында көлік ағымының интенсивтілігі, көру шарттары т.б жатады.
Ең қысқа жолды есептеу үшін динамикалық программалау әдісіне, баған теориясына негізделеді; потенциалдар амалды, Флойд амалды, «сыпырғыштар» амалды және т.б эвристикалық амалды қолданады.
Көліктердің жүру процессіне көптеген факторлар әсер етеді: автокөліктің техникалық параметрлері, жолдың геометриялық сипаттамалалары, қозғалыстың жалпы шарттары, жүргізушінің психофизикалық сапасы, жол бетіндегі дөңгелектің тіркелу коэффициенті.
Ауылдық аумақтарда келу уақытын азайту мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер мен ерікті өртке қарсы құрылымдырдың (ӨҚҚ) арқасында шешілуі керек. Жол жүру уақыты көлік ағынының жылдамдығына тең, ал ара-қашықтығы- объектінің өртке қарсы бөлімшеге дейінгі жолдың ара қашықтығының орташа мәніне тең, қала жолдарының түзу емес екенінің коффициенті, бөгеулер (өзендерд, теміржолдарды және т.б) есепке алынады. Автомобиль жолдарының нақты сызбасы кей кезде еленбейді.
Өртті тез арада ауыздықтау мен өртке келіп жету уақытын азайту үшін жыл мезгілі мен тәулік кезеңін ескере отырып, шақыру ағынының интенсивті өзгеруіне байланысты опративті бөлімшелерді қайта бөлу димакикалық түрде болып жатыр.
Қала бөліктерінде оперативті бөлімшелердің орналасуы нұсқаларының эффективті есебі және уақытша факторлардың әсерлері аймақтық шақырулардың ағынының интенсивті өзгеруін болжау үшін математикалық модельдер құрастырылған.
Математикалық модельді құрастырған кезде қаланың өртке қарсы бөлімшелері бір-бірімен әрекеттесетін жаппай қызмет көрсету жүйесі ретінде қарастырылды. Білгілі бір модельді таңдау өртке қарсы бөлімшелеріндегі диспетчер журналындағы статистикалық мәліметтерге сүйеніп алынған. Модельдер шақыру ағындарының кездейсоқ мінезі мен өрттің тұтануының уақытын, сөндіру үшін қажет бөлімшелер санын (негізгі немесе арнайы өрт сөндіру автокөліктерінің) және бөлімшелердің шақыруларға кететін уақытын есепке алады. Қала бөліктеріндегі оперативті бөлімшелерінің рационалды нұсқасының есебі – әрбір өрт сөндіру бөлімінің шығу аймағы ның белгіленгені (шақырылған жерге бірінші өрт сөндіру бөлімшесінің мүмкін болатын өту долының шекарасын анықтау).
Оперативті бөлімшелерді қала аудандарының орналастырудың түрлі нұсқасының эффективтілігі бөлімнің санының минималды болуына ұмтылатын, белгілі бір уақыт қиығында шақыруға қызмет етуге көрші аудандардан қосымша көмек көрсету критерий көмегімен бағаланады. Белгілі бір уақыт қиығындағы аудандарда бөлімшені орналастыру нұсқасы димакилақ программалау әдісімен жасалады. Сипатталған амал бейімделген басқарудың күрделі системасының принципі болып табылады.
Осы шаралардың барлығы ауылдық аумақтарда өрт қауіпсіздік жүйесінің кәзіргі қызметінің эффективтігін арттыра түседі. Қаланың жоспарлау-ғылыми шешімдеріндегі өртке қарсы нормаларын регламенттейтін қаланы жобалау мен қайта жандандыру кезінде қолданылатын негізгі нормативті құжатта өрт депосының қызмет көрсету радиусы r = 3 км шегінен шықпауы керек. Өртке қарсы деполардың бұл радиусының шектік мәні өткен ғасырдың 90-шы жылдары белгіленген. Бұл өрт депосының шектеулі қызмет көрсету радиусы өткен ғасырдың 90-шы жылдарында жаппай қызмет көрсету талаптарының ең жай шақыртуы және үлестірудің көрстекіш заңы бойынша өрт бөлімшелерінің уақыт тығыздығын сипаттау мүмкіндігін болжау негізінде бекітілген.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы деподан бастап пайда болған өртке жету уақыты әртүрлі факторларға байланысты. Оның негізгісі – деподан өрт шыққан жерге дейінгі ара-қашықтық. Келу уақытына жүру жылдамдығы да, түрлі факторларға байланысты болатынын естен шығармауымыз қажет, олар маршрут күрделілігі (жолдың немен төселгені, оның ені, жол жолақтарының саны, жол түйіндірі мен олардың түрлері (реттелетін, реттелмейтін), біржақты қимылы бар жолдардың болуы, қозғалыс ағынының орташа интенсивтілігі, және т.б). қарастырылып жатқан есепте геометриялық мінезі бар шектеулер бар: өртке қарсы деполардың территорияларын басып өтпеу. А және Б категориядағы ғимараттар үшін максималды қашықтықта нормаланған болуы қажет ауданның құрылыс тығыздығы әртүрлі болуы мүмкін. Құрылыс ғимараттарының арасындағы тығыздық айырмашылығы түрлі тығыздықтағы аудандарға дейінгі қашықтық түрлі максималды-мүмкін тапсырмаларымен ескеріледі. Максималды тығыздалған аудандар, аз тығыздалған аудандарға қарағанда максималды рұқсат етілген қашықтықтан аз шама болуы қажет.
Сонымен, келесі тапсырма пайда болады. Өртке қарсы бөлімшелердің дислокация орнын анықтау үшін ауылдық аумақтарда өртке қарсы деполардың және солардың типіндегілердің, деподан оперативті бөлімшелердің өрт болған жерге дейін келу уақытының минималды болуы мен жоғарыда аталып өткен шектеулерді ескере отыру қажет.
6. Мемлекеттік ӨҚБ-н шақыру саңдарын болжау және динамикасын ең төмеңгі шаршыларды қолдану методттары арқылы талдау
Уақытта шақыру сандардың өсуінің ағымы мен жылдамдығын анықтау үшін келесі кезендерді қолдануға болады: абсолюттік өсім; өсу деңгейі және өсімнің деңгейі. [9].
Осы жағдайда, жылдамдықты физикалық көбейткіш деп ұғамыз, ол автокөліктің аймақта қозғалуының жылдамдығын сипаттайды, ал жеделдікте – кезендердің, ол өсімнің, өсудің және өсімнің деңгейінің көбейіуін (азайыуы) ұғамыз.
Осы көрсеткіштердің есептелуі динамиканың кезендерін салыстыруда негізделген. Динамиканың кезеңінің деңгейінде – әр сандық белгілерінде, оқиғаның көлемін мінездейтін көрсеткіштің белгілері болып есептеледі.
Егер әр кезең алдыңғысымен салыстырылса, нәтижесіндегі көрсеткіштер шынжырлы деп аталады, өйткені олар бір тұтастықтың бөлшектері, осымен қатар, әр кезенді байланыстырып тұрады.
Егер барлық кезеңдер, салыстырудың үнемі базасы болып басшылыққа алынып тұрылған ұғым болып, бір деңгеймен салыстырылса, көрсеткіш нәтижелері базисттік болып есептеледі. [9].
Абсолюттік өсім, деңгейдің базистік деңгеймен салыстырғанда қаншама бірлікке өскенің (немесе азайғаның) және салыстыру мен базистік деңгейдің айырмашылығына тең болады. Бұл өсім, кезендердің көлеміндей бірліктермен есептеледі:
(1.1)
бұл жерде, П - абсолюттік өсім t уақыт бірлігінде; Yi - салыстырма деңгейі;
Yi t – базистік деңгей.
Егер салыстырма базасына әр жағдайда алғашқы деңгей басшылыққа алынса, онда формула келесі түрде болады:
(1.2)
Егер деңгей базистік деңгеймен салыстырғанда азайған болса, онда абсолюттік өсім жағымсыз болып абсолюттік азаюды көрсетеді.
Абсолюттік өсім уақыт бірлігінде өсімнің абсолюттік жылдамдығын есептейді. Алайда, өсудің процесін толық мінездейтін жағдайды, абсолюттік көбейткіштер салыстырмалы көбейткіштермен қосымшаланып, олар деңгейдің өзгеруінің салыстырма жылдамдығы сипаттайтын, атап айтқанда, өсу процесінің қозғалуын көрсететін, өсу және өсім деңгейлері сипаттайды (12).
Өсу деңгейі, салыстырмалы деңгейі базистік деңгейіне қарағанда қаншаға өскенің (немесе оның қанша бөлігін құрайтының) көрсетеді.
Өсу деңгейі Тр салыстырмалы деңгейді базистік деңгейге бөлумен есептеледі:
(1.3)
Егер салыстыру базасына әрдайым алғашқы деңгейді қолданса, онда бізге шынжырлы өсім деңгейі анықталады:
(1.4)
Басқа салыстырмалы көбейткіштер сияқты, өсім деңгейі коэффициент формасы (жай салыстырма) және пайыздық мөлшерде көрсетіледі.
Өсім деңгейі салыстырмалы өсім деңгейін, атап айтқанда абсолюттік өсім көбейткішін базистік деңгейге салыстырғандағы көсеткішімен сипатталады.
(1.5)
Онда, Тр – өсімнің деңгейі t уақыт бірлігінде;
П – абсолюттік өсім сол уақытты алғанда;
Yi t – базистік деңгейі.
Пайыздық көрсеткішпен сипатталған өсім деңгейі, 100 % алғандағы көрсеткішпен салыстырғанда пайыздық мөлшерде қаншаға көбейгенің немесе азайғаның көрсетеді. Абсолюттік өсім сияқты, өсім деңгейі жағымды болуы мүмкін, ол деңгейдің өсуін немесе азайыуын көрсетеді. (1.1-1.5) формулаларын басшылыққа алып: абсолюттік өсімнің, өсу деңгейін және өсімнің деңгейін есептеп көрейік. Базистік деңгейге ӨҚБ-нің 2014 жыл аралығында шығу сандарын басшылық етеміз:
Абсолюттік өсім:
Өсу деңгейі:
Өсімнің деңгейі:
Есептердің нәтижесін 6.1 кесетесінде көрсетейік.
6.1 Кестесі – ӨҚБ-нің шығу сандарының эмпериялық түрде болу
Жылдар
|
Шақыру сандары
|
Абсолюттік өсім
|
Өсімнің деңгейі
|
Өсу деңгейі
|
бірін-
ші жылмен салыс.
|
был-
тырғы жылмен салыс.
|
бір-
інші
жыл.
салыс.
(%)
|
был-
тырғы
жыл.
салыс.
(%)
|
былтырғы
жылмен
салыстыр
(%)
|
2014
|
3580
|
0
|
0
|
100,0
|
100,0
|
0,0
|
2013
|
3170
|
-410
|
-410
|
88,5
|
88,5
|
-11,5
|
2012
|
3902
|
322
|
-732
|
108,9
|
123,09
|
8,9
|
2011
|
3073
|
-508
|
830
|
85,8
|
78,7
|
-14,2
|
2010
|
3040
|
-540
|
-32
|
84,9
|
98,9
|
-15,1
|
Достарыңызбен бөлісу: