Дипломдық жұмыс Жұмыс тақырыбы


Мыс элементінің мақта мүшелерінде азот және фосфор мөлшеріне әсері



жүктеу 0,72 Mb.
бет3/4
Дата10.12.2017
өлшемі0,72 Mb.
#3656
түріДиплом
1   2   3   4

2.1 Мыс элементінің мақта мүшелерінде азот және фосфор мөлшеріне әсері.

Біз тәжірибе барысында 2-4 анық жапырақ, бутондау және жеміс пайда болуы дәуірлерінде жапырақ құрамындағы азот және фосфордың түрлері мөлшері және олардың қатынасын зерттедік. Алынған нәтежелерге қарағанда мыс элементін аммофос құрамында берілгенде, азоттың белокты, белоксыз және жалпы түрлері мөлшерінің артуына мақтаның 2-4 нағыз жапырақ кезеңінде –ақ әсерін тигізді. 2 кестеде көрініп тұрғандай тәжірибе варианттарында, жапырақ құрамында белоксыз азот кемейіп кетті (бақылау 0,71%; аммофос 0,63%; мочевина 0,69% ). Бұл жағдай мыс элементінің жапырақтың менгеру процестеріне әсерін тигізгенін көрсетеді.

Мақтаның жеміс мүшелері пайда болу кезеңінен бастап жалпы азот мөлшері бір қалыпта сақталып қалғанымен, белоксыз азоттың төмендегенін көрдік. Мыс элементін аммофос және мочевина құрамында мақтаға пайдалану жапырақта белоксыз азотты 0,76 –0,54% - дейін төмендетті. Бұндай жағдай мыс элементі аммофос және мочевина минералды азотты ораникалық түріне айналдыруға әсерін тигізді, алған нәтежелерге сүйене отырып мыс элементі аммофос және мочевина құрамында минералда азотты белокты азотқа айналдырып жеміс мүшелеріне ағымына әсерін тигізеді деген болжамға келеміз. Сондай ақ біздің алған тәжірибе нәтежелеріне қарағанда мыс элементін аммофос құрамында мақтада қолдану өсу кезеңі басында ақ жалпы органикалық және бейорганикалық түрлерінің артуына әсерін тигізеді. 3 кестеде фосфордың мөлшері мысты мочевина және аммофос құрамы берілген варианттарда жоғары болды (бақылау 0,69%; аммофос 0,75%; мочевина 0,77% ). Тәжірибе жағдайында мыс элементі фосфордың органикалық түрінің артуына әсерін тигізеді. Алынған нәтежелерді қорыта келе мыс элементі аммофос пен мочевина құрамында мақтаның жапырағы жұмысын белсендіріп фосфордың органикалық түрге өтіп күшейтумен жеміс мүшелерінде көбірек топталуына сонымен бірге мақта өнімінің артуына әсерін тигізеді деп болжамдаймыз.

Кесте 2 Мақтаның жапырағында жалпы және белокты азоттың топталуына мыстың әсері %.






2-4 нағыз хапырақ

Бутондау

Жеміс пайда болу

Азоттың мөлшері %

жалпы

белокты

белоксыз

қатынасы

жалпы

белокты

белоксыз

қатынасы

жалпы

белокты

белоксыз

қатынасы

1

2,96

2,24

0,71

3,25

2,84

2,30

0,54

4,37

2,87

2,11

0,76

3,23

2

3,67

2,67

0,63

3,93

3,38

2,94

0,44

6,79

2,89

2,23

0,66

3,56

3

3,27

2,74

0,69

4,18

3,35

2,82

0,56

5,70

3,17

2,66

0,51

5,44

Кесте 3 Мақтаның жапырағында органикалық және бейорганикалық фосфор топталуына мыстың әсері %.






2-4 нағыз хапырақ

Бутондау

Жеміс пайда болу

Фосфор мөлшері %

жалпы

белокты

белоксыз

қатынасы

жалпы

белокты

белоксыз

қатынасы

жалпы

белокты

белоксыз

қатынасы

1

0,76

0,36

0,39

0,88

0,87

0,41

0,46

0,89

0,69

0,28

0,39

1,01

2

0,78

0,42

0,36

1,17

0,86

0,45

0,41

1,22

0,75

0,37

0,39

1,17

3

0,84

0,54

0,30

1,93

0,89

0,51

0,38

1,53

0,77

0,41

0,36

1,27



2.2 Аммофос және мочевина құрамында мыс элементінің мақта өнімі техникалық сапа қасиеттеріне әсері.
Мақта талшығының техникалық қасиеттері мақта сорттарының қалыпты белгілері болып есептеледі. Бұл қасиеттерді қазіргі кезде макро микроэлементтерді тиімді пайдалану мен жоғарылатуға болады.

Біздің алған нәтежелерге қарағанда мыс элементі аммофос және мочевина құрамында қолданғанда мақтаның талшық шығымы бірінші терім 33,4; 33,5 екінші терімде 32,0; 32,2 % құрады, бұл көрсеткіштер бақылау вариантында 33,0; 31,5 % құрады. Сондай ақ 1000 тұқым салмағында бақылау вариантына қарағанда жоғары болды. Мақта талшығының өндірістік сортына келсек бірінші терімде барлығы 1-ші сорт болғанымен, екінші терімде мыс аммофос және мочевина құрамында берілген вариантта жоғары болғандығын көрсетті(кесте-4).

Мыс элементін аммофос және мочевина құрамында мақтаға берілгенде мақта тұқымының майлылығына да әсерін тигізді (кесте-5). Алынған нәтежелерге қарағанда тұқым майлылығы бірінші терімде жоғары болды бақылау вариантында 20,1 % аммофос -20,9; мочевина құрамында 22,3 % болды,бұл көрсеткіштер екінші терімде 16,6; 17,8; 18,7 % құрады.

Солай етіп біз тәжірибемізден алынған нәтежелерге сүйене отырып мақтаның талшығы сапасын және тұқым майлылығын арттыруда мыс элементін жай және күрделі минерал тыңайтқыштар құрамында пайдалану негізгі агротехникалардың бірі деп қорытуға болады.

Кесте 4 Мақтаның технологиялық сапасына мыс элементінің әсері.




1000 тұқым салмағы, гр

Талшық шығымы, %

Талшық ұзындығы, мм

Метрлік мөлшері

Талшық пісуі

Үзілу ұзындығы,км

өндірістік сорты

1

терім


2 терім

1 терім

2 терім

1 терім

2 терім

1

терім


2 терім

1 терім

2 терім

1 терім

2 терім

1 терім

2 терім

1

115,2

96,6

33,0

31,5

32,1

32,0

5440

6363

2,0

1,6

23,6

28,8

1,0

3,0

2

115,7

99,0

33,4

32,0

32,2

32,2

5370

6337

2,0

1,7

24,0

23.2

1,0

2,0

3

109,0

96,2

33,5

32,2

33,0

33,0

5330

6070

2,0

1,8

23,8

23,6

1,0

2,0

Кесте 5 Мыс элементінің мақта тұқымы май мөлшеріне әсері, %.




Бірінші терім

Екінші терім

Жалпы

Ерекшелігі

Жалпы

Ерекшелігі

1

20,1

-

16,6

-

2

20,9

0,8

17,8

1,2

3

22,3

2,2

18,7

2,1


2.3 Мақта мүшелерінде мыс элементі мөлшері және топырақтан шығуы.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктері топырақтан жыл сайын көптеген қоректік элементерді алып шығады. Ол топырақта қоректік элементтердің тапшылығына алып келеді. Сондай ақ өсімдік мүшелерінде түрлі элементтер мөлшері түрліше болады.

Біз осы мақсатта мақтаның өсу кезеңі соңында мақта мүшелерінде мыс элементінің таралуы және жылдам топырақтан алып шығуы динамикасын зерттедік.

Алынған нәтежелерге қарағанда мыс элементі ең көп мөлшерде мақта тұқымында 14,0 мг/кг құрғақ зат есебіне, екінші орында жапырақ, ал кем мөлшерде мақта талшығында 0,97 мг/кг болғанын анықтадық.

Мақта өсу дәуірі жинау кезеңіне дейін жапырағы төгіліп кетуін есепк алып мыс элементінің әр жылғы топырақтан негізгі және қосымша өніммен алып шығылуын есепке алдық. Алынған нәтежелерге қарағанда мақта өніміне қарай жылына гектарынан мыс берілмегенде 23,6г, ал аммофос берілгенде 29,8г, мочевина құрамында мыс жылына 31,0г мыс элементін алып шығуы анықталды.

Азот пен фосфор қатынасын қалыпты жағдайда пайдалану өсімдіктердің өсіп-өркендеуіне, бойының өсуіне және тұқымының өніп шығуы коэффициентін арттырады.(Колоярова 1970, Чуманов 1989, Деревицкий 1988, Усманов 1989 т.б.)

Азотты фосфорлы қоректендіру мақтаның бойының өсуіне, өсіп-өркендеу процестеріне, өнімі және сапасына әсерін тигізеді. (Малигин 1957, Белоусов 1985). Азот өсімдіктер құрамында фосфор жетіспегенде бойының өсуіне қарамай өсу дәуірлердің келуі уақытын ұзартады. Өсімдік құрамында минералды түріндегі азоттың артуына алып келеді.

Көптеген ғалымдардың анықтауы бойынша калийдің өсімдік тіршілігінде ролі үлкен екендігі анықталды. Калийлі қоректенуді реттеумен биохимиялық процестерді өзгертіп алынатын өсімнің сапасын жақсылауға болады.

Алынған мәліметтерге қарағанда мыс элементін топырақтағы мөлшеріне қарап 4-5жылдан бір рет пайдалануға болады деген болжамға келуге болады.

Біз осы тәжірибемізде мақтаның өнімін анықтадық, мақта өнімін анықтау үшін варианттарға мақта қатарының шеткі екі қатарын қорғау қатарына қалдырып ортадағы төртінші қатардың мақтасын қолмен терілді , әр вариант бөлек өнімі теріліп алынды. Барлық терімдерде осылай өнім жиналды. Алынған нәтежелерге қарағанда мыс аммофос және мочевина құрамында мақтаға берілгенде мақтаның бірінші терім өнімі 70-80 % құрады. Жалпы өнімі мыс аммофос құрамында берілгенде гектарына 35,5 центнер, ал мочевина құрамында берілгенде 37,0 центнер өнім алынып, бақылау вариантымен салыстырғанда 1,7 және 3,2 центнер қосымша өнім алынды. Алынған мәліметтерді қорыта келе мыс элементінің жай және күрделі тыңайтқыштарға қосып берілгенде мақтадан гектарына 1,5 -3,5 центнерге дейін қосымша өнім алуға болады деп болжаймыз.

Кесте 6 Мақтаның өсу мүшелерінде мыс элементі мөлшері, г/га.






Мақта мүшесі

Бақылау

Аммофос + Сu

Мочевина + Сu

1

Жапырақ

10,7

14,8

15,5

2

Сабағы

6,1

7,5

7,7

3

Қауашағы

2,5

3,6

3,7

4

Тұқымы

14,0

17,2

17,8

5

Талшығы

0,97

1,5

1,8

6

Барлығы

34,3

44,6

46,5

7

Алқаптан шығады

23,6

29,8

31,0

Кесте 7 Мақтаның өніміне мыс элементінің әсері.





Терім бойынша, %

Жалпы

Қосымша

1

2

3

ц/га

ц/га

1

24,8

6,2

2,8

33,8

-

2

26,6

5,9

3,0

35,5

1,7

3

27,9

5,9

3,2

37,0

3,2

3 Тәжірибе жүргізу әдістерімен жағдайы.

Мыс элементінің мочевина және аммофос құрамында мақтаның өнімділігін арттыру бойынша жүргізілген тәжірибелер Сары ағаш ауданы, Келес тәжірибе өндірістік кәсіп орнында жүргізілді. Сары ағаш ауданы топырағы сұрғылт топырақ.

Тәжірибе 4 –қайталауда делянка көлемі 7,2X100=720м2 оның ішінде есепке алынатын көлемі 360м2. Тәжірибе төмендегі кесте бойынша орналасты.

Кесте 8 Тәжірибе кестесі.





Жылдық тыңайтқыш нормасы кг/га.

Тыңайтқыш түрі

N

P

K

Cu

1

240

170

100

-

Аммофос+мочевина

2

240

170

100

1,2

Мочевина+аммофос+Сu

3

240

170

100

1,2

Мочевина+Сu+аммофос

Тәжірибе агротехникалық шаралар осы шаруашылықта қабылданған әдебиеттермен жүргізілді.

Тыңайтқыштар ретінде фосфор және мочевина арнайы экспериментальды өндіріс жағдайында дайындалған тыңайтқыштар болып фосфор құрамында P2O5 – 46%, N-11%, Cu-0,5% құрады. Фосфорлы тыңайтқыш егіс алдынан НРУ -300 агрегатымен себіледі және мақта өсу дәуірінде культиватормен 10-12, 15-18 см тереңдікте берілді. Тыңайтқыштарды мақта өсу кезеңдерінде бөлшектеп берілу жүйесі төмендегі кестеде көрсетілген.

Кесте 9 Мақтаға тыңайтқыштарды бөлшектеп беру жүйесі. кг/га.





Егістен алдынғы өңдеуде

Егіспен бірге

2-4 жапырақ

Бутондау

Гүлдеу

аммофос

Калий

аммофос

мочевина

мочевина

мочевина

аммофос

N

P

Cu

K

N

P

Cu

N

Cu

N

Cu

K

N

P

1

20

100

-

50

10

40

-

80

-

70

-

50

60

30

2

20

100

6,87

50

10

40

0,33

80

-

70

-

50

60

30

3

20

100

-

50

10

40

-

80

0,64

70

0,56

50

60

30

Азотты тыңайтқышта мақтаның 2-4 жапырақ бутондау гүлдеу дәуірінде берілді. Бірақ гүлдеу дәуірінде азот, фосфор, мыс элементінсіз берілді.

Мыстың жылдық нормасы гектарына 1,2 кг құрады. Аммофос егістен алдын және егіспен бақылау вариантында гектарына 304 килограммнан мыссыз жай аммофос берілсе екінші вариантта осындай нормада 0,4% мысы бар аммофос берілді.Үшінші вариантта гектарына 240 кг мочевина 0,5% мыс элементімен жоғарылады кесте бойынша берілді.

Тәжірибені жайластыру және мақтаның өсіп өркендеуіндегі есепке алу, фенологиялық бақылаулар, СоюзНИХИ (1973) алқаптық және вегетациялық тәжірибелер жүргізу әдістеріне сәйкес жүргізіледі.

Тәжірибе мақтаның 47-27 сорты егілді, тұқым 90х10-1-2 жүйесінде жайластырылып өсімдік қалыңдығы 100-115 мыңды құрады.Тәжірибе барысында топырақ және өсімдіктерден үлгі алынып олардың құрғақ салмағы, құрамындағы элементтер анықталды.

Кесте 10 Тәжірибеде жүргізілген агротехникалық іс шаралар




Атқарылған жұмыстар

Уақыты

1

Тегістеу

28 XI

2

Тырмалау

18 IV

3

Чизилдеу

21 IV

4

Малалау

22 IV

5

Егу

22 IV

6

Арам шөптерді тазалау

II-12 V. 21 VI. 12 VII

7

Культивация

4 VII. 8 VIII

8

Қоректендіру-1

15 V

9

Қоректендіру-2

2 VI

10

Қоректендіру-3

20 VII

11

Суару

2-4 VI. 1 VII. 25 VII. 13 VIII

12

Өнімді жинау-1

28 IX

13

Өнімді жинау-2

10 X

14

Өнімді жинау-3

22 X

Тәжірибе барысынды төмендегідегі зерттеу жұмыстары амалға асырылды.

1. Өсімдіктердің гүлдеу пісу дәуірлерін бақылау.

2. Өсімдіктің бойын өлшеу, оның жапырақ саны, жеміс бұтағы , бутоны, түйін жеке көсегін есепке алу.

3. Мақта өнімін есепке алу алынған өнімнің талшығы және тұқым сапасын есепке алу.

4. Мақтадан алынған үлгілерден төмендегі анализдер жасау:

а) тұқым ядросы және оның мөлшері

б) мақта талшығы шығымы, ұзындығы және мықтылығы

в) талшық жетіліп пісуі

г) талшықтың ұзындығы, күші

д) талшықтың үзілу ұзындығы.

Химиялық анализдер жасау үшін өсімдік жапырағы, сабағы, қауашағы және өнім мүшелері (бутон, түйін және мақтасы) әр бір өсу кезеңдерінде бөлшектеніп алынады. Алынған үлгілер бумен өңделіп кейін ауадағы құрғақ салмағы анықталды.

Жалпы азот және фосфор бір өлшеумен Гинзбург, Щеглева және Вульфиус әдісімен, ал калий жалынды фотометрде анықталды.

Тұқымның майлылығы Сокслет әдісімен петралейн эфирімен айдалып кейін құрғақ салмағына есептелді. Белокты және белоксыз азоттар Калинин және Ястрембович әдістерімен анықталды, органикалық және бейорганикалық фосфор Соколов әдісімен анықталды.

Мыс элементі ЦИНАО (1977) Дитизон әдісімен анықталды. Топырақ құрамындағы қара шірік Тюрин әдісімен ал жалпы азот және фосфор Кельдаль және Мещеряков әдісімен, ал жалпы калий жалынды фотометрде анықталды. Топырақтағы нитрат мөлшері Гранвальд-Лягк әдісімен анықталды, ал жылжымалы фосфор және айналымдағы калий Магигин және Протасов әдісімен анықталды. Микроэлементтер ЦИНАО (1977)әдісімен Круглованың рН 3,5 ерітіндісімен анықталды.
3.1 Қара шірікті И.В.Тюрин әдісі бойынша анықтау.

Әдістің мақсаты: Әдіс топырақтағы қара шірікті К2 Cu2 О7 тұзымен күкірт қышқылына тотықтау, оны колорометрлеу негізделген.

Жұмыстың барысы: Алдын ала дайындалған орташа үлгіден аналитик таразыда 0,001 гр шыны ыдысқа салынады, тартып алынады. Бұл салмақ топырақтың қара шірік мөлшеріне байланысты болады. 7% көбірек болса 0,05 – 0,10 гр, 4-7% болса 0,1-0,2 гр, 2-4 % болса 0,25-0,35 гр, ал 2% болса 0,50-0,70 гр алынады. Даладан алынған топырақ құрғатылып, тесікті сеткадан өткізіп, одан 5 гр 2-3 рет алынады. Жақсылап, тамыр қалдықтарынан тазаланған топырақтан 0,25 аламыз. Осындай жолмен топырақтан 5 жерден алынады. Тартып алынған топырақ 50 см3 өлшеп таразыға қайта тартып, оны өлшеу пробиркасына салыңыз. Оны 1 сағат қайнатамыз, содан араластырылады, суытылады. Оның үстіне 40 см3 дистилденген су құямыз.
Кесте 11 Қара шірікті анықтаудың салыстырмалы шкаласы.




Колбаның реттік саны.(ерітінді)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Судың мөлшері см3

40

38

36

32

30

25

20

15

10

2

Тотықсыздандыру ерітінді мөлшері см3

0

2

4

8

10

15

20

25

30

3

Тотықсыздандыру ерітіндісіне сәйкес келетін қара шірік салмағы. мг

0

1,03

2,07

4,14

5,17

7,76

10,30

12,90

15,50

1 см 3 жұмсалған тотықсыздандыру ерітіндісіне 0,517 мг қара шірік сәйкес келеді. Ол мына формуламен анықталады.

М · К · 100

М

Г = ----------



m
мұндағы: М = қара шірік салмағы.

К = тотықсыздандыру ерітіндінің түзілуі.

100 = пайыз коэффициенті.

m = топырақ салмағы.


Ерітінді дайындау: Хромды қоспа, майдаланған К2Cu2О7 тұзынан 40 гр өлшеп аламыз. Фильтр қағазына салып, дистилденген сумен сүземіз. Тумбаға 1 литрге дейін су құямыз, ерітіндіден 3-5 дм3 алып фосфор ыдысына құямыз, оның үстіне 70-100 см3 аралығы 10-15 минуттан концентрленген күкірт қышқылын араластырып салып құямыз. Кейін фильтрлеп шыны ыдысқа саламыз.
3.2 Қозғалмалы фосфорды анықтау.

Жұмысшы шкаласын құру немесе бірінші үлгілі ерітіндіні дайындау. Ол үшін КН2РО4 аналитикалық таразыда 0,192 гр тартып аламыз. Оны бір литрлік өлшеу колбасына салып 0,5 молярлы сірке қышқылына ерітеміз, кейін колбаның белгісіне дейін қышқылға толтырамыз. Кейінгі үлгі шкаласын осы ерітіндімен құраймыз. Ол үшін 500 см3 өлшеу колбасына төменгі таблицада көрсетілген мөлшерде аламыз. Олардың сірке қышқылы белгісіне дейін толтырамыз және калориметрде тексереміз.

Кесте 2 Қозғалмалы фосфор анықтау шкаласы.


Үлгі саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Көрсеткіштер:

1.Бастауыш ерітіндідегі фосфаттың 1 см3 мөлшері.



0

4

10

15

20

30

40

50

60

2.Колба ішіндегі Р2О5 – 100 см 2/мг.

0

0,008

0,02

0,03

0,04

0,06

0,08

0,10

0,12

3.Р2О5-тың топырақтағы мөлшері мг/кг.

0

20

50

75

100

150

200

250

300

Нәтежелерді есептеу. Топырақтағы фосфордың мөлшерін белгілеген график бойынша фотоколориметрде көрсетілген салыстырмалы шкала бойынша есептелінеді. Бұл төмендегі формула бойынша есептелінеді. Бұл төмендегі формула: V·1000

Р2О5 = -------------

V1 ·m

Мұндағы: С = Р2О5 - концентрациясы (100см3) салыстырмалы шкала бойынша.

V = анализге алынған сүзгіден сүзілген ерітінді мөлшері 1000 – 1 кг топыраққа өту коэфициенті.

m = топырақтың салмағы.

V1 = колометрлеуге алынған колбадағы ерітінді мөлшері.

Анализ екі- үш рет қайталанып отырылды. Олардың арасындағы ерекшелік 50 мг/кг, Р2О5 болғанда 20 пайыз, одан жоғары болса 15 пайыздан аспау керек.

Ерітінді дайындау: бірінші 0,5 моляр сірке қышқылын дайындау үшін мұзды сірке қышқылын 30 см3 алып, 1000 см3 дистилденген суда ерітеміз. Оның сілтілігін фенолфталинде анықтаймыз.


3.3 Қозғалмалы калийді анықтау.

Калий фосфатынан қалған сүзілген ерітіндісінен стаканға 5-7 см3 алынып, фотометрде 766, 5 және 766,9 н/м толқын ұзындығында анықталады. Үлгі шкаласын немесе салыстырмалы үлгі шкаласын дайындау.

Біріншіден ерітенді қажет болады. Ол ерітіндіні алу үшін калий хлор тұзынан 0,792 гр тартып алынады. 0,5 моляр сірке қышқылына 1 литрлік колбада ерітеміз.

К2О мөлшері 0,5 литр грамға тең.

Осы дайындалған ерітіндіден салыстырмалы үлгі шкаласын құраймыз. Ол үшін 250см3 өлшеу колбасына төменгі таблица бойынша КСL ерітіндісін аламыз.
Кесте 3 Қозғалмалы калийді анықтау үшін салыстырмалы шкала.


Үлгі рет саны
Көрсеткіш

1

2

3

4

5

6

7

8

1.Алынған КСL ерітінді, см3 мөлшерінде.

0

0,5

1,0

2,0

4,0

8,0

12,0

16,0

2.К2О ерітіндісінің салыстырмалы мөлшері мг/1000см3

0

1,0

2,0

4,0

8,0

16,0

20,0

32,0

3. К2О топырақтағы мөлшері мг/кг.

0

25

50

100

200

400

600

800

Калийдің топырақтағы мөлшерін төмендегі формуламен анықтаймыз:

С· V·1000

К2О = -------------

V1 ·m

Мұндағы: С = К2О - концентрациясы (100см3) салыстырмалы шкала бойынша.

V = анализге алынған сүзгіден сүзілген ерітінді мөлшері 1000 – 1 кг топыраққа өту коэфициенті.

m = топырақтың салмағы.

V1 = колометрлеуге алынған колбадағы ерітінді мөлшері.

Тәжірибе алқабының тәжірибе жүргізуден алдыңғы алынған топырақ үлгісі құрамының анализіне қарағанда фосфор жетерлі, калий орташа, мыс жеткіліксіз, орташа сорланған құнарсыз топыраққа жатады деуге болады.

Қозғалмалы фосфор және калий Чирикова әдісі бойынша бойынша анықтау.

Әдістің мақсаты: бұл әдіс топырақтағы фосфор және калий бір үлгіден 0,5 моляр сірке қышқылы жәрдемінде ажыратып алуға болады.



4 Еңбекті қорғау

4.1 Еңбекті қорғауды ұйымдастыру және қауіпсіздікті сақтау жағдайын талқылау.
Қазіргі заман өндірістік шаруашылықтары үздіксіз жаңа және күрделі машина, техника, агрегаттар құралдармен жабдықталып тұрады. Олар қауіпсіздікті қорғау талабына сай ғимараттармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ шаруашылықта электр энергиясынан пайдалану жұмыстарды, қызметшілерді электр қауіпсіздігі және техниа қауіпсіздігімен танысу міндетті болады.

Шаруашылықты химиялндыру ауылшаруашылығы қызметкерлерін улы заттар және тыңайтқыштар жұмыс атқару тәсілдерін терең үйренуді талап етеді. Себебі аталған заттармен білімсіз жұмыс атқару тек улануға емес тіпті жарылыс және өрткеде алып келеді[25].

Еңбекті қорғау ауыл шаруашылығында жұмысшылардың еңбек жасау жағдайын жақсартуда қорғауда санитарлық-гигиеналық техникалық жұмыстарды жүргізуде заңмен қадағаланады.

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жұмыс атқарудың күрделігі ауыл шаруашылығы өсімдіктері және жануарлардың үздіксіз өсіп өніп өркендеп баруы және олардың өнімін асыруда өз уақытында алдын-ала шараларды қолдану болып табылады.

Түрлі табиғи және кездейсоқ жағдайларға байланысты жоспарланған жұмыстар өз уақытында атқарылмай қалып кейде жұмыс уақытынан кейін түнде жұмыс атқаруға тура келеді. Солай етіп жұмыстың жүру реті бұзылады. Бұл жағдайда шешуші ролді шаруашылық басшыларының жұмысшылар еңбегін дұрыс ұйымдастыру қабілеті қажет.

Қауіпсіздік жеке қорғаныс бұйымдары жұмысшылардың күйуден, уланудан, өндірістік жарақаттан электр тогынан өрт шығуынан, ыстық, жарықтың тағы басқа заттардан тиетін зиянды әсерлерден сақталуға арналған болып табылады. Сондай-ақ түрлі жұқпалы мамандық ауруларынан сақтайды.

Жеке қорғаныс бұйымдарының жалпы ұжымдық қорғаныс бұйымдарынан ерекшелігі әр бір адамды бөлек түрлі жағдайдан қорғайды. Әр бір жұмыстың бағытына қарай олар тыныс алу жолдарын қорғау, көру, есіту мүшелері сондай-ақ тері және бүтін организм қорғау болып бөлінеді. Бұл бұйымдарды бөлек, құрғақ басқа заттардан оңшақталған үйлерде бөлмелерде сақталады[26].

Техникалық қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талабына сай барлық өзі жүретін техникалар конструкциясы бойынша таратылады. Ауыл шаруашылығы машиналар, тракторлар айдаушылар травма қауіпсіздігі үшін алынатын, ығыстырылатын, көшірілетін жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Жоғарыдағы аталған қауіпсіздік талаптарына жауап беретін (механизм болмауы, жабдықталмаған жұмыс орны, жөнделмеген тежегіштер, дыбысты белгілері болмаған, алғашқы жәрдем дәрі-дәрмек құтысы және температураны түсіретін дәрмек болмаған техникалар) жұмыс атқаруға жіберілмейді.

4.2 Минералды тыңайтқыштар, жеке химикаттармен жұмыс атқаруда еңбек гигиенасы.

Минералды тыңйтқыштар химикаттармен жұмыс атқару агроөндіріс, ауыл шаруашылығын химияландыру басқармасының кепілдемелерімен ауыл шаруашылығы кәсіп союзы (профсоюз) келісімімен қамтамасыз етілу қажет. Минерал тыңайтқыштар және химикаттар тарату арнайы складтардан пайдаланады.

Минерал тыңайтқыштар, химикаттар алыс аудандарға тасымалдауда, жабдықталған техникалар және сақталатын арнайы орындары бар жағдайда жіберіледі.

База және складтарда түрлі тыңайтқыштар химикаттармен жұмыс атқаруда еңбек қауіпсіздігіне жағдай жасауда техникаларды жөндеу, көзден өткізу арнайы орындар, техникалар машиналарды зарядтайтын орын, техникаларды тазалауда компрессор, тазалық қызмет орны, канализация құбырлары болуы қажет.

Минералды тыңайтқыштар, химикаттарды сақтау жағдайы, олардың физика-химиялық қасиеттеріне, арнайылығына байланысты блғаны үшін склдтар жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Көбінесе сұйық химикаттарды сақтауда үлкен қауіп туылады, соның үшін оларды сақтауда және тасымалдауда крандардың толық жабылуына, тесік жарық болмауына, монометр жағдайына, сұйықтың көлеміне, тағы басқа қауіпсіздік шараларға үлкен назар аударылуы қажет.

Химиялық өсімдіктерді қорғау препараттардан пайдалануда, үлкен сергектік сақталуымен бір қатарда жеке қорғаныс заттарынан дұрыс және өз уақытында пйдалану қажет.

Химиялық препараттармен жұмыс атқаруда тек дені сау медициналық көріктен өткен және химиялық препараттар қасиеттерін әсерін жақсы білетін олармен дұрыс жұмыс істей алатын адамдарға рұқсат беріледі. Химиялық заттармен жұмыс атқару тәулікте 6-сағаттан артпауы қажет. Әр бір шаруашылықта хииялық улы зөаттарды ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне зиянкестерге қарсы жұмсалуы қатаң есепке алынуы керек.

Химиялық қауіпті заттармен жұмыс алып барғанда жұмысты бастаудан алдын сол аймаққа жақын тұрғандар және медициналық пункт қызметкерлері құлақтандырылуы қажет. Уақытшалық қауіпті аудндарда қорғаныс, түсті маталар, жалаулар, белгілер қойылады.

4.3 Өрт сөндіруде сумен қамтамасыздандыру.

Ауыл шаруашылығында өрттен сақтануда сумен қамтамасыздандыру, ауыл ауыл шаруашылығында жыл бойы қажетті қысыммен 3 сағат ішінде немесе өрт күшейуі уақытына дейін толық жеткізілуі қажет. Судың жұмсалу нормасы өрт сөндіру ғимараты және құрылмалары кестеде көрсетілген.

250 мың адам жасайтын ауылдық жайлы және поселкаларда судың бір ғимаратқа жұмсалуы (10л/с) дұрыс келеді. Ауылдық құс фермасы, жалпы ғимараттар үшін 5 л/с ағатын су дұрыс келетін. Ауылдық жерлерде сумен қамтамасыздандыру көзі болып (өзен, көл, тоғандар немесе жасанды өрт сөндіру бассейндері) есептеледі. Сыртқы және ішкі өрт өшіру су жұмсалу нормасын төмендегідей формуламен есептеуге болады

Qп = 3,6 х 1х 6 х 5000 = 60600 (1)

Бұнда: q – ішкі және сыртқы өрт өшіруге кететін су сығым нормасы

Тn - өрт уақыты.

Пn – бірдей басталған өрт, өрт бассейні жұмсалмайтын су қоры м3.

Wп = 60600 +1400 + 0,5х 2000= 86000 (2)

Бұнда: Qт – техникалық бағытта жұмсалған су м3/сағ.

Qх – шаруашылық бағытына жұмсалатын су м3/сағ.

Өрт өшіруде су құндағынан ағатын су жылдамдығы төмендегі формуламен анықтайды:

V0 = √ 2 х1х9,8 = 10,6 (3)

Бұндағы: Н – құдықтағы су сығымы м.

g = 9,8 м2/с.

Ауа қарсылығын есепке алмағанда судың атқылауының теориялық қашықтығы, теңдеуге қарасақ:

10,6


L = ----------- 30 = 436 (4)

1

Бұндағы α = 300



Бір құндақтағы су жұмсалуын төмендегі формуламен анықтауға болады. Qқұн. = 0,5х 32 х √2х 9,8х36 = 120 (5)

Бұнда: М – жұмсалу коэффициенті, ол атқылау диаметрі (0,5) есебінде.

S – құндақ тесігі көлемі мм2.
Эвакуациялауға кететін уақыт адамдар жағдайының жоғары критикалық көрсеткішіне байланысты. Оларға: температура 600 С жоғары, бөлмедегі ауада оттегінің мөлшері нормадан (20%) төмендеуі, түтін нәтежесінде көру қашықтығы кемиді.Ауада улы заттардың пайда болуы кіреді.
5 Қоршаған ортаны қорғау

Табиғатты қорғау халықаралық және қоғамдық жоспарлы жүйесі есептеледі. Ол табиғат ресурстарын жіктеу, қоршаған ортаны ластанудан бұзылудан қорғау, табиғи ресурстардан тиімді пайдалануға бағытталған, сонымен бірге қазіргі жасап жатқан адамдарға және келешек ұрпақтардың материалды және моральды талаптарын қанағаттандыруға бағытталған.

Қазіргі заман табиғатты қорғаудың міндеті болған табиғат ресурстарын тиімді пайдалану сырт ортаны түрлі ластанудан сақтау, табиғи байлықтарды сақтау мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау комитетіне жүктелген.

Табиғат ресурстары – адамзаттың жасауы үшін табиғат қойнынан алып пайдаланатын түрлі заттар. Оларға: топырақ құнарлығы, өсімдіктер түрлері, су, кен, орман, көмір, мұнай, адамзат техникаларға энергия көзі болған түрлі жанатын заттар, жабайы өсімдік және жануарлар, адамзатқа қосымша қоректік болған т.б. кіреді. Солай етіп табиғи ресурстар адамзат қауымының материалдық базасын жарататын бір бүтін дене болып есептеледі.

Табиғи ресурстардан пайдалану классификациясында ресурстар сарқылуына қарай пайдаланылады. Соған қарай табиғат ресурстарысарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді. Ол өз ретінде қайта тіктелетін және қайта тіктелмейтін болып бөлінеді.

Сарқылмайтын табиғат ресурстарына климаттық факторлар: күн радиациясы, жауын шашын, энергия, жел жатады. Су байлықтары дүние жүзіндегі көлемімен сарқылмайтын ресурстарға жатқанмен кейбір жерлерде өте қажетті және дефицитті болып есептеледі, соның үшін суды үнемдеу керек. Тиімді пайдалану заман талабына сай келеді.

Сарқылатын табиғи ресурстар қайта тіктелетін және қайта тіктелмейтін болып бөлінеді. Қайта тіктелмейтін ресурстарға қазылма байлықтар кіріп, олардан немқұрайлы пайдалану бұл ресурстардың сарылуына келіп соғады.

Қайта тіктелетін ресурстарға топырақ өсімдік жануарлар ресурстары кіреді. Олардан пайдалануда қайта тіктеу мүмкіндігі болады. Соның үшін топырақтардан пайдалану негізін ауыл шаруашылығы болғандықтан, бұл талап ауыл шаруашылығына түктеледі. Ол жерден білікті тиімді пайдалануды талап етеді.

Жұмысшыларды жалпы демалысын жоспарлауды ұйымдастыру табиғатты қорғау басқармасы алдында үлкен міндеттер тұрады. Адамзаттар демалыста табиғи байлықтардан кең пайдаланады. Табиғат аясында демалу жұмысшылардың денсаулығын байытады, жұмысқа қабілеттігін жақсартады. Соның үшін табиғатты қорғау мемлекеттің алдында негізгі мәселелердің бірі. Табиғат ресурстарын үнемдеудің тиімді шараларының бірі кем шығынды және шығындысыз технологиялардан пайдалану болып есептеледі. Кен байлықтарды қорғауды жақсылау және минералды ресурстарды комплексті пайдалану қазба байлықтардың жойылуын төмендету, көбінесе оларды қазып алуда тасымалдауда және өңдеуде тиімді пайдалану табиғатты қорғауда мемлекетімізде заманауи басқару мүшелерінен пайдалану.

5.1 Шаруашылықта табиғатты қорғау шаралары

Шаруашылықта топырақты қорғауда негізгі атқарылатын жұмыстар жел және су эрозиясынан қорғау шаралары болып есептеледі. Жел эрозиясы қалаған өсімдіктер сирек алқаптарда болуы мүмкін. Сонымен бірге қатарда ауыл шаруашылығы егіндері енді пайда болған алқаптарда жел эрозиясы қауіпті болып саналады.

Жел эрозиясына қарсы бірінші шаралардың бірі алқаптарды желден қорғау. Екіншіден топырақтың ылғалдығын сақтау. Бұл мәселелерді шешуде орман жолақтарын құру, жоғары қалың сабақты өсімдіктер (жүгері,күнбағыс) егіп топырақты сақтау және басқада орман мелиоратив жұмыстары атқарылды.

Су эрозиясында табиғи жағдайға қарап көп кездеседі. Су эрозиясының бір түрі ирригациялық эрозия болып ол суғаруда көп су нормасынан пайдаланудан келіп шығады. Эрозияның бұл түріне қарсы суландыру нормасын реттеу, отвалсыз терең аудару, бұл шарада топырақ суды көбірек сіңіру көбірек ұсталды. Және бір ең жай және оңай шаралардың бірі ауыл шаруашылығы егіндерін еніне егу, ол судың ағымын іркеді. Сондай-ақ шаруашылықта агротехникалық, орман мелиорация және гидротехникалық шараларда қолданылды.

Су көздерін қорғау.

Су суармалы жерлерде өнімділікті асыру факторының бірі. Суды үлкеннен – кіші барлығымыз қорғауымыз тиістіміз. Сондай-ақ судан тиімді пайдаланып өзен су қоймаларын таза ұстап ластанудан сақтау қажет.

Ауыл шаруашылығында су резервтерінен үнемді пайдалану ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілі соның үшін өсімдік талабына қарай суғару және техникалық суғаруға үлкен назар аударылады.

Ауыл шаруашылығында инсектицидтерді және гербицидтерді білімсіз пайдалану олардың суға түсуіне себепші болады. Ол канал өзен суларының сапасының бұзылуына алып келеді. Ауыл тұрғындары пайдаланатын су сапасы өте жақсы болуы қажет. Ластанған сулар адам және жануарларға үлкен зиянын тигізеді. Соның үшін пайдаланатын сулар қорғауды талап етеді. Ішімдік және ағынды сулардың биологиялық және бактериялық жағдайы барлық уақыт қадағалау қорғау жұмыстары жақсы қойылды.

Атмосфера ауаны қорғау.

Ауыл шаруашылығы өсімдіктері, орман, қала және қала сырты көгалдандыру үлкен зиянын тигізетін нәрсе өндірістік шығындылар есептеледі. Ауаны ластандыруда көбірек таралған және өте улы зат бірі күкіртті газ. Сондай-ақ фтор, көмірхлорид т.б Олардың өсімдіктерге зияны төмендеуге көптеген ғылыми мәліметтер бар.

Ауыл шаруашылығында тракторлар, комбайн және дизельді двигательдер атмосфераға зиянды компонентерді тастайды. Атмосфера ауасы тазалағын сақтау үшін ормандарды көбейту олардың өнімділігін арттыру, ормандарды өрттен сақтау, өсімдіктерді түрлі зиянкестер аурулардан қорғау жұмыстары атқарылуы қажет.

Табиғатта жануарлар және өсімдіктер өте тығыз байланыста болады. Жануарлар өсімдіктермен қоректенеді, ауаға көмірқышқыл газын шығарады, сонымен бірге топырақты құнарландырады. Соның үшін жануарлар және өсімдіктерді пайдалануда тиімді жұмысқа асыру ауаны қорғаудың бір түрі. Соның үшін жануарлардан тек сүт, ет, жүн терісі үшін емес табиғатты қорғау үшінде мал шаруашылығын өркендету керек.

Табиғатты қорғаудағы шаралар.


  1. Қауыпты шығындылар көзінен пайдалануда зиянды заттарды кемітетін жаңа технологиялардан пайдалану.

  2. Жанармайлардың құрамын жақсылау, аппараттардан техникалардан атмосфера және суларға түсетін зиянды заттардың алдын алу.

  3. Зиянды шығындыларды ауаға тастайтын өндірістік зоналарды орман, көгалдандыру жолымен түрлі шығындылардан сақтау.

  4. Ормандардан тиімді пайдалану олардың аралық өнімдерін өңдеуде жаңа технологиядан пайдаланып орман өнімін арттырумен орманды қорғау.

  5. Өсімдік және жануарлардың өнімділігін асыру және оларды тиімді пайдаланумен олардың санын сапасын жақсарту.

5. Экономикалық тиімділігі

Мақта Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы егіндерінің ішінде жетекші орынды егеленеді. Сонымен бірге өнім алуда көптеген шаралар қолдану нәтежесінде өнімнің өзіндік бағасы арта түседі, соның үшін экономикалық тиімділігіне үлкен назар аудару қажет.

Мақтаның өнімін арттыруда түрлі шаралар қолданылып келеді. Соның басты факторының бірі тыңайтқыштар, ал тыңайтқыштардың микроэлементтер жәрдемінде тиімділігін арттыру шаралары кем зерттелген.

Біз өз тәжірибелерімізде тыңайтқыштардың тиімділігін анықтауда мақта жетістіруде жұмсалған толық қаржыны есепке алынды.

Соның ішінде, топырақты өңдеу, баптау, тыңайтқыштар, жыйнау, тасымалдау және мыс элементі есепке алынды. Варианттар бойынша жалпы алынған өнімді сатылған бағасы есебінен құны табылды. Мақта жетістіруде атқарылған жұмыстар құны барлығы бақылау вариантына сәйкес келгені үшін тек қосымша өнім құны және жұмсалған мыс элементі, қосымша өнімді жинауға жұмсалған қаржыны есепке алып қосымша өнім жалпы құныныан алынып тасталып, қосымша өнімнен алынған таза пайда анықталды. Алынған нәтежелерге қарағанда мыс аммофос құрамында берілгенде қосымша пайда гектарына 21-26,7 тенгені, ал мочевина құрамында берілген мыс есебінде 2344,7 тенгені құрады. Жалпы қорытындыға келгенімізде мыс элементін аммофос және мочевина құрамында мақтада қолдану тиімді деп есептейміз.

Кесте 8 Мыс элементінің аммофос және мочевина құрамында берілгенде мақта өнімділігі экономикалық тиімділігі






Көрсеткіштер

Тәжірибе варианты

Бақылау

Аммофос+Сu

Мочевина+Сu

1

Тыңайтқыш нормасы. кг/га




N

240

240

240




P2O5

170

170

170




K2O

100

100

100

2

Мақта өнімі. ц/га (соның ішінде сорт бойынша)







33,8

35,5

37,0




1 сорт

22,2

25,3

27,0




2 сорт

5,8

6,2

5,2




3 сорт

2,7

2,1

2,8




4 сорт

3,1

1,9

2,0

3

Өнім құны. Тн.

22788,0

25049,0

25264,2

4

Қосымша пайда тн.г

-

2261,0

2476,2

5

Жалпы қаржы. тн.

1854,0

1972,1

1968,9




а) тыңайтқыш

964,7

1009,1

10016,9




б)өнім жинау

889,4

963,0

961,8

6

Накладной құны

27,81

295,8

295,3

7

Барлығы

2132,2

2267,9

2264,0

8

Бақылаудың ерекшелігі

-

135,7

131,8

9

Гектарына алынған таза пайда

-

2126,7

2344,2

Қорытынды

1 Мыс элементі мочевина және аммофос құрамында мақтаға берілгенде мақтаның өсіп өркендеуіне және көсек санының артуына әсерін тигізеді.

2 Мыс элементі мақта құрамында азот алмасуын жақсылайды. Белокты азоттың генеративтік мүшелерге менгерілуіне үлкен әсерін тигізеді.

3 Мыс элементі мақтада фосфор алмасуына үлкен әсерін тигізеді, органикалық фосфордың менгерілуіне әсерін тигізеді.

4 Мыс элементі мақтаның талшығы сапасына әсерін тигізіп 1 сорт талшық мөлшері артуына әсерін тигізеді, сондай-ақ мыс элементі мочевина құрамында гектарына 32, ал аммофос құрамында 1,7 центнерге мақта өнімін арттырады.

5 Мыс элементін мочевина және аммофос құрамында қолдану гектарына 2344,2 тенге, аммофос құрамында 2126,7 тенге таза пайда алуға мүмкіндік береді.


жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау