Дипломдық жұмыс Жұмыс тақырыбы


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



жүктеу 0,72 Mb.
бет2/4
Дата10.12.2017
өлшемі0,72 Mb.
#3656
түріДиплом
1   2   3   4

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




АННОТАЦИЯ

Бізде мақта шаруашылығы интенсивті өркендеуінің негізгі себептері минералды тыңайтқыштарды жоғары нормада тиімді пайдалану.

Микроэлементтерді жай және күрделі тыңайтқыштар құрамында ауыл шаруашылығы егіндерінде қолдану бойынша мәліметтер өте жеткіліксіз Қазақстан жағдайында мақтада мұндай тәжірибелер жүргізілмеген. Осы мақсатта біз Оңтүстік Қазақстан топырағы жағдайында мыс элементін мочевина және аммофос құрамында мақтаның өсіп өркендеуіне сапасына, өнімділігіне әсерін зерттедік.

Мыс элементінің мочевина және аммофос құрамында мақтаның өнімділігін арттыру бойынша жүргізілген тәжірибелер Сары ағаш ауданы, Келес тәжірибе өндірістік кәсіп орнында жүргізілді. Сары ағаш ауданы топырағы сұрғылт топырақ.



АНЫҚТАМА

Протеин - өсімдік құрамындағы меңгерілетін ақуыз.

Органикалық заттар - өсімдік құрамындағы азотты және макро-микроэлементтер.

Экстракция – элементтерді сұйықтыққа ажырату.

Технология - өнімді және сапасын арттыру шаралары.

Рн – қышқылдық көрсеткіш.




БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Нарти – Годлин әдісі.

Магний – Шмука әдісі.

Өсу дәуірін бақылау – союзники (1973ж).



NPK – азот фосфор және калий фон жылдық тыңайтқыш нормасы.

Фотосинтез – СО2 есебіне топталған өнім.

Қосымша өнім – жалпы өнімнен аралығы.

Алқапты тәжірибе – далалық тәжірибе.

ц/га – гектарынан алынған өнім.



N-NH4 – аммиакты азот.

N- NO3 – нитратты азон.

P2O5 – менгерілетін фосфор қышқылы.

К2О – менгерілетін калий түрі.

Фосфор – Лоренц әдісі.

Азот – Кельдаль әдісі.

Гумус – Тюрин әдісі.

Жылжымалы Р.К – Б.Магигин әдісі.

Нитрат – Гранувальд-Ляги әдісі.

Еритін тұз – Ласукова әдісі.


Кіріспе

Ауыл шаруашылығында минералды және органикалық тыңайтқыштарды тиімді пайдалану қазіргі уақытта егіншілік өндірісінде өнімді арттырудың негізі шаралары бірі болып есептеледі.

Бізде мақта шаруашылығы интенсивті өркендеуі минералды тыңайтқыштарды жоғары нормада тиімді пайдалану.

Ежелден мақта егіліп келе жатқан аудан топырақтарында жергілікті және шет ел әдебиеттерінде микроэлементтердің сарылып бара жатқандығы жөнінде мәліметтер береді. Оның себебі өсімдіктердің алып шыққан элементтердің, өз орнына қайтып толтырылмауы себепті болуы есептеледі.

Е.К Круглова (1968) мәліметтері бойынша корбаннатты топырақтарда мақтаға себілгенде мыс, мырыш және бор элементтері тиімділігі төмен болу себебі, топырақта аталған элементтердің жоғары дәрежеде меңгерілуі деп есептеледі.

Орта Азия жағдайында микроэлементтер тиімділігі жөнінде мәліметтер А.К Переверзова (1961) жұмыстарында толық көрсетілген

Б.М Исаевтың (1979) мыспен жүргізілген 18 тәжірибенің мақта өн,імділігі 16 жоғары дәрежеде, ал мырышпен жүргізілген тәжірибесінің 15 гектарынан 1,5-5,0 центнер қосымша өнім алынды. Кейінгі жылдары вегетациялық және алқаптық тәжірибелермен ежелгі және ашық сұр топырақ жағдайында мыс элементі мақтаның өнімі артуына және вилт ауруына төзімділігін арттырады. (Гульахмедов 1961, Рафикова 1965, Исаев 1974, Круглова 1968, Исаев, Агунбаев 1974, Исаев , Алжанов 1976, Мусбанов 1977).

З.И Мамедов (1963) алған мәліметтерінде хломенен сорланған топырақ жағдайында бор, мыс, мырыш, марганец, молибден және кобальт элементері мақтаның өсуін белсендендіреді, көсек санын арттырады, сонымен бір қатарда жеміс мүшелері төгілуінен сақтайды.

А.К Носов (1968) түркістан топырағы жағдайында бор, марганец, мыс, мырыш элементтері мақтаның сор жағдайына төзімділігі артуын көрсетеді. С.Бекмуратов (1967) Қарақалпақыстан сорланған топырағы жағдайында мыс жән мырыш элементерін мақтаға әсерін зерттеген гектарынан 3,5-3,7 центтерден қосымша өнім алды. Сондай ақ (Задорожный 1968, Задорожный, Ванкенко 1972,1973) мырзашөл топырағы жағдайында мырыш және мыс элементері жүгері және мақтаның өсіп өркендеуіне, өнімділігінің артуына әсерін тигізуін көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген әдебиеттер мәліметтеріне қарағанда микроэлементтердің суда еритін бейорганикалық тұздарын мақтада қолдану әдістерін және нормаларын анықтау қазіргі қазіргі заман өзекті мәселерінің бірі.

Микроэлементтерді жай және күрделі тыңайтқыштар құрамында ауыл шаруашылығы егіндерінде қолдану бойынша мәліметтер өте жеткіліксіз Қазақстан жағдайында мақтада мұндай тәжірибелер жүргізілмеген. Осы мақсатта біз Оңтүстік Қазақстан топырағы жағдайында мыс элементін мочевина және аммофос құрамында мақтаның өсіп өркендеуіне сапасына, өнімділігіне әсерін зерттедік.

Бұл жұмысты амалға асыруда біздің міндетімізге мыс элементінің мочевина және аммофос құрамында топыраққа енгізілгенде мақтаның өсу және жеміс мүшелерінің артуына, мақта талшығы сапасына азот, фосфордың менгерілуін, микроэлементердің мақта мүшелерінде жайласуы заңдылықтарын зерттеуді міндет етіп алдық.



1 Әдебиеттерге шолу

Алғаш рет мыс элементінің жоғары саты өсімдіктеріне қажет екендігі жөнінде 1931 жылы Соммер айтып өткен еді. Одан кейін бізде өсімдік тану практикасында мыс элементін қолдану өндіріске енгізіліпті тіпті масақты өсімдіктерден жоғары өнім алына бастады ( Лашкевич 1952,1955,1976, Островская 1956,1961, Жизневская 1972). Зерттеулер бойынша мыстың ең көп мөлшері топырақ құрамында екені анықталды. М.Я Школьниктің (1974) алған нәтежелері бойынша мыстың 70 процентке жуығы хлоропласта топталған болып, құрамында мыс элементін ұстайтын цитохорм оксидаза ферменті фотосинтез және өсімдіктер тыныс алуында үлкен роль атқауы анықталды.

Мыс және темір элементтері азот окисі редуктаза және нитроредуктазаны белсендендіру екені жөнінде мәліметтер бар (Заблуда 1976, Окунцова 1986, Жизневская 1981).

Л.К Островская және Б.А Геллер (1985) мыс элементі жетіспегенде өсімдіктер ұлпасында амид көп мөлшерде топталып ақуыз синтезінің бұзылуына алып келуін атап өтеді.

Мыс элементінің саңырауқұлақтармен келетін ауруларға өсімдіктердің төзімділігін арттырады екен. Солай етіп В.П Важенин (1986) картоптың фитофитора ауруына төзімділігі мыс әсерінде артқандығын көрсетті. Сондай ақ мыстың өсімдіктердің ыстық және суыққа төзімділігі оның клеткаларында тургор процесі прту тәрізді қасиеттері артуына әсер етеді.

М.Я Школьник, Н.А Макаров (1987) өсімдік ұлпаларында каллоидтық гидрофилділігі төмендеуін мыс тапшылығымен байланыстырады.

М.Я Пейве (1981) жұмыстарында өсімдіктің топырақт ылғалдылық тапшылығына төзімділігі артуында мыстың маңызы жөнінде жазады.

Өсімдікткрдің ыстыққа төзімділігіде мысқа байланысты деген болжамдар жоқ емес.

Түркістанның суландырылатын 740 мың гектар жерінің 400 мың гектары сұр топырақ болып, жалпы құрамында мыс тапшылығымен ерекшеленеді.

Гулахмедов (1989) нәтежелеріне қарағанда ол сұр топырақтар мыс қолданылуы қажет екендігін көрсетті.

В.П Пономаревтің алған нәтежелеріне қарағанда батпақты және сұрғылт батпақты фосфор құрамында жоғары дәрежеде болған топыраққа азот фосфорлы тыңайтқыштарға мыс элементін қосып бергенде жоғары нәтеже алғандығын көрсетті. Батпақты топыраққа молибден және мырыш берілгенде мақтаның өнімі гектарынан 2,2 және 3,2 центнерге артқандығын көрсетті.

Құрамында 34 мг/кг Р2О5 болған сұрғылт батпақты топырақта мақтадан жоғары өнім молибден қолданғанда алынған, бұнда алынған қосымша өнім гектарына 3,7 центнерді құрады.

Тәжікстанның сорланған топырағы О.Н Алиханова (1981) алған нәтежелеріне қарағанда, сорланбаған топыраққа қарағанда бор элементінің мөлшері көп екендігі анықталды.

Мақтада жүргізілген тәжірибелерде (Рыжов, Аганбаев 1986), молибден (Исаев, Агунбаев 1984, Пирахунов, Кариев 1985) мыс элементінің азотты қоректік зттарымен тығыз байланыста екенін көрсетті.

Исаев, Рустамов (1975), Белаусов, Исаев (1976) азот және фосфордың өсімдікке тек менгерілуін жоғарылатып қоймай, олардың жоғары молекулалық қосылыстары пайда болуына жағдай жасауын көрсетті. Бұл мыс элементінің пайдалану минералды тыңайтқыш құрамындағы элементтерді тиімді пайдалануына алып келеді.

Осыларға қарамай мыс элементінің мақтаға әсері әлі күнге дейін жетерлі дәрежеде зерттелгені жоқ. Әдебиеттерге назар аударсақ көптеген жұмыстар мақта тұқымын егуден алдын малумен шегаралаланған Е.А Гудько (1982) жүргізілген тәжірибелерде мақта тұқымын 0,005% CuSO4 5H2O тұзына малынғанда өнімді гектарына 5 центнерге дейін асырғанын, С.С Абаева (1989) осыған сәйкс ерітінділірге 12 сағат малынған тұқымның өнімділігін төмен температурада артуын сонымен бір қатарда мақтаның суыққа төзімділігін арттырып мыс элементі гектарынан 7 центнерге дейін өнімді арттырғанын көрсетеді.

С.М Ибрагимов, Я.Н Пакинаев (1984), М Усманов, А.М Якубов, Р.Р Рахманов (1985), Х Ходжаева (1988) т.б. жүргізген тәжірибелерінде мыс күкірт қышқылы тұзының 0,03% ерітіндісінде тұқымды өңдегенде мақта өнімінің 2,7 – 7 центнерге дейін артқанын көрсетеді.

П. Задарожный және И.Н Венченко (1983) тек мыс элементінің ерітіндісінде малынуы емес сондай ақ мыс сульфат тұзын топыраққа беруде де жоғары нәтеже алғандығын көрсетті.

Осыған ұқсас тәжірибелерді Е.К Курнова (1989), Ф.Х Шарафутдинова (1984) жүргізді. Осыларға қарамай мыс элементін қолдану дозасы, мерзімі және қолдану әдістері жөнінде анық мәліметтер жоқ, бұл жетерлідей тәжірибелер жоқ екендігін көрсетеді.

С.С Абаева (1959), И.А Джалилов (1988), З.И Малидов (1990), С.М Ибрагимов, Я.М Пакинаев (1984) айтуынша мақта тұқымын егуден алдын ерітіндіге малумен, топыраққа беруді салыстырғанда , егістен алджын тұқымды малуға жоғары баға береді. Топыраққа берудің төмен нәтеже беруін мыс элементінің топыраққа түскеннен кейін. Оның топырақпен бірігіп жылжымалылығы төмендеп кетеді деген болжамдар көрсетеді.

Ал енді бұл болжамдарға кері нәтежелерде бар. А.Н Гюлахмедов (1981) жүргізген тәжірибелерде мақтаға микроэлементерді тамырсыз бергеннен көрі тамырымен мақтаның бутондау дәуірінде беру жақсы нәтеже беруін атап кетеді. Осыған ұқсаған тәжірибелерді Б.М Исаев (1983), П Рустамов (1985), Б. Альжанов (1986) жүргізіп жоғарыдағы авторлар алған нәтежелерді қолданады.

Мыс элементі өсімдікте еритін қант, крахмал синтезін және блок амин қышқылдары топталуын жеделдетеді. Сондай ақ хлорофил тұрақтылығын арттырады және оның синтезінде қатысады (Заблуда 1978, Окунцев 1986). А.Кустова (1982) және А.М Лемаева (1992) Түркістанда жүргізген тәжірибелерінде мыс элементі ферментердің тотығу тотықсыздану белсенділігін, фотосинтез өнімділігін, көмірсу және ақуыз ауысуында қатысады..

Микроэлементтер метобализмнің негізгі процестерінде қатынасып, өсімдіктің өсіп өркендеуіне үлкен әсерін тигізеді.

Г.А Дюшев (1987) Қырғызстан мақташылық аймағында топырақ жағдайында жүргізілген тәжірибелерінде микроэлементер: мыс, мырыш, марганец, бор мақтаның жіңішке талшықты сортарында жер беті биологиялық салмағы, тамыр жүйесінің өркендеуіне үлкен әсерін тигізіп жеміс пайда болуына , көбірек толық көсектер санын арттыруға септігін тигізеді. Осыған сәйкес нәтежелер Е.К Круглова (1968) жұмыстарында да атап өтіледі.

Мыс, мырыш, марганец элементері өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі. Г.А Дюжев (1977) алған нәтежелерінде микроэлементтер өсімдік құрамында өсіру жағдайына байланысты топталады. Микроэлементтер өсімдік сорттарына байланысты және олардың талабына қарай өзгеріп отырады. Борды мақта гектарынан 100-400 г, марганец 200-500г, мырышты 100-200г және мысты 200-300 грамын өзімен топырақтан алып шығады.

Әдебиеттерде өсімдіктердің метаболиттік тіршілігінде мыс элементі ролі үлкен екені көрсетілген, бірақта мақта өімдігінде бұл мәселелер кем зерттелген. Бұл жағдайдан басқа кейінгі жылдары мақтаның үздіксіз егілуі және жаңа сорттарының пайда болуы, агротехникалық шаралардың жаңаланып өркендеп баруына байланысты, топырақта минералды баланс өзгеріп барады. Осыларды есепке алып мақта өндірісінде микроэлементтер атап айтқанда мыс элементінің мақтаның өсіп өркендеуіне зат алмасу процесіне сапасына тигізетін әсерін зерттеу жұмыстары негізгі мәселелер бірі болып есептеледі.

Б.М.Исаевтың (1989) жинақты есебі жұмыстарында мыс элементімен жүргізілген 18 тәжірибенің 16 тәжірибесінде, мырыш элементімен жүргізілген 21 тәжірибенің 15 тәжірибесінде мақта өнімділігі артқаны және гектарынан 5 центнерге дейін қосымща өнім алғандығы жөнінде жазып өтеді. Кейінгі жұмыстарда (Гюлахмедов 1971, Исаев 1974, Рафикова 1975, Исаев, Альжанов 1976, Мустанов 1977) ежелгі сұрғылт және батпақты топырақ жағдайында мырыштың қомақты қосымша өнім беруі, сонымен бір қатарда мақтаның Вилт ауруына төзімділігін артуын көрсетеді.

З.Н.Мамедов (1983) сорланған топырақ жағдайында бор, мыс, мырыш, марганец, молибден және кобальт элементінің өсімдіктің өсіп өркендеуіне үлкен әсерін тигізумен, мақтаның көсек санын арттыруы және жеміс мүшелерінің түсіп кетуінен сақтауына әсерін тигізуі жөнінде мәліметтер береді.

А.К.Носов (1978) Түркменстан жағдайында бор, марганец, мырыш, мыс т.б. элементтер мақтаның тұздылыққа төзімділігін арттыру жөнінде жазады.

Қарақалпақстан топырағы жағдайында С.Бекмуратов (1977) мақтаға мырыш және мыс элементерін пайдаланып гектарына мырыштан 3,5, мыстан 2,2 центнер қосымша өнім алды.

Г.А.Рафикова (1985) Ташкент облысы сұр топырағы жағдайында мырышты гектарына 4 кг қолданып мақтаның өнімін 5,8 центнерге көтереді.

М.Г.Абуталыбов (1984) Азербайжан топырағы жағдайына гектарына 1 кг мырыш қолданғанда мақта өнімі 3,1-5,8 центнерге дейін артқанын, ал гектарына 4 кг берілгенде өнімнің төмендегенін көрсетті.

О. Сахатов, Б.Мамедханов (1981) мырыш, мыс, бор элементтерін жіңішке талшықты мақтаның 9647- И сортына өсу кезеңінде бөлшекткп берілгенде топырақта микроскоптың саңырауқұлақтардың кемигенін, сонымен топырақты аурулардан тазалау мүмкіндігін арттырады. Авторлардың айтуынша топырақтың биологиялық белсенділігінің артуына гектарына мыс 2-5 кг өсу дәуірінде бөлшектеп қолдану жақсы нәтеже беруін анықтады.
Л.К Островская (1981) өсімдіктердегі мыстың физиологиялық ролін зерттеп, өсімдік құрамындағы мыс мөлшерімен полифенолоксидаза белсенділігі арасында мықты байланыс бар екендігін анықтады.

Г.Я Жизневская (1989) микроэлементтердің соның ішінде мыс элементінің жасыл жапырақ фотосинтез апаратының пайда болуында қатысуы жөнінде мәліметтер береді. Мыс элементінің 50-75% жапырақтың хлоропластында кездесуі, мыстың хлорофил биосинтезінде қатысуынан дерек береді.

Б.М Исаев (1989) мақтаның хлорофил құрамында мыс элементі көп мөлшерде болуын анықтады. өсімдіктерде мыс элементі жетіспегенде өсімдіктерде тыныс алу интенсивті төмендеуі дәлелденді. (Островская 1961) ал (Школьник, Абдурашидов 1978, Алиев 1973) мыс элементін қолдану тыныс алу интенсивтілігін артуына алшып келуін анықтады. Осындай мәселелер (Б.М Исаев 1979) жұмыстарында толығымен дәләлденді. Мыс жетіспеуі мақтада хлорофилдің пайда болуына әсерін тигізді.

Көпшілік әдебиеттерде мыс элементінің азоттың айналымында қатысуы жөнінде мәліметтер беріледі (Маслов 1976, Шевчук 1986).

СоюзНИХИ-дің физиология лабораториясында (Исаев 1979) алынған нәтежелерге қарағанда мыссыз өсірілген мақтада алғашқы өсу кезеңінде белокты азот синтезі баяулаған. Ол жеміс пайда болу кезеңінде, пластикалық заттардың генератив мүшелерге өту кезеңінде басталды. Бұнда мыс берілген вариантта жалпы азқот 4,462 соның белокты азоты 3,4924 –ті құрайды. Бұл көрсеткіштер мыссыз вариантта 3,554 және 2,051% құрады. Ал мақта топырағында керісі мыс берілген вариантта кемірек ал мыс берілмеген вариантта көбірек екені анықталды.

Б.М Исаев, К Рустамов (1985) мақтаны азотпен жтерлі дәрежеде қоректендіру мыс элементіне тапшылдығын арттырғанын көрсетеді.

В.Н Мельнигук (1981) айтуынша азоттың жоғары нормасын торфты топырақта шөптес өсімдіктерге бергенде оның құрамындағы мыс мөлшері құмды топырақта өсірілген шөптерге қарағанда 2 есеге көбейген. Ал енді торфты және құмды күлгін топырақта шөптес өсімдіктерге фосфор берілгенде оның құрамындағы мыс мөлшері кемигенін көрсетті.

Н.Д Тимашев (1988) жоғары азот тыңайтқышын нормасын қолданылғанда өсімдіктердің мыс элементіне талабының күшейуін төмендегідей түсіндіреді.

Өсімдіктердің азотты менгеруінде өсімдік құрамында фосфордың және барлық органикалық қосылыстардың топталуына, ал амин қышқылдарының кемуіне келіп соғады. Осы процесті тіктеу үшін мыс элементі қажет. Сондай ақ мыс элементінің маңызы фосфор алмасуында да маңызы үлкен. Ол өсімдік құрамында жалпы фосфордың топталуына алып келеді, көбінесе органикалық заттардан эфирсахарид, ДНҚ, РНҚ және АТФ – тің көбейуіне әсерін тигізеді (Навайтене 1983, Исаев, Рустамов 1985, Исаев 1989).

Ф. Мирзев, Л.Каюмова (1982) көрсетулері бойынша мыс және Гумат аммониді сұйық және қатты тыңайтқыштарға қосу қоектік элементердің пайдалы коэффицентінің артуына алып келеді.

Л.Каюмова, А.Киселева (1981) алған нәтежелеріне қарағанда мыс элементінің сұйық тыңайтқышқав қосылғанда өнімнің гектарына 1,4 центнер, ал аммофос құрамына қосылғанда гектарына 1,3 центнерге артқандығын көрсетті.

Е.К Круглованың (1988) ңбектері нәтежесінде сұрғылт топырақ жағдайында топырақта жылжымалы мыс мөлшері 0,4 мг/кг-нан төмен 0,8 мг/кг –нан көп болуы өсімдіктердің өсуінің баяулайына алып келуін анықтады.

Микротыңайтқыштарды мақта шаруашылығы практикасында қолдану мәселелері, микроэлементтер көзі, қолдану кезеңі туралы мәселелерді шешуді талап етеді. Сонымен бір қатарда жоғары агротехникалық тиімділік және мақтаның микротыңайтқыштарға талабын анықтау қажет.

Бізде және басқа мемлекеттерде ауыл шаруашылығында микроэлементтерді пайдаланудың тиімді жолдарының бірі негізгі тыңайтқыштарға қосып пайдалану болып есептеледі.

Көптеген авторлар айтуынша өдірістік заводтарда микроэлементерді жеңіл еритін тұздар түрлерін негізгі тыңайтқыштарға қосып пайдалану барлық тыңайтқыш құрамындағы элементердің меңгерілуін қамтамасыз етеді. Сонымен бір қатарда заводта шығарылған микроэлемент қосылған тыңайтқыштар, микроэлементердің топыраққа толық таралуына да қамтамасыз етеді (Чернишенко, Пячура, Жмуро 1985, Исаев 1989,Потобуева 1981).

И. Бабаджанов, Ш. Юсупов (1992) алған мәліметтеріне қарағанда микроэлементтер мыс, мырыш, бор аммофос және мачевина құрамында мақтаға берілгенде мақтаның өнімінің сапасының артуына алып келеді. Мақта талшығы ұзындығы 0,5-1,1 мм, 1000 дана тұқымы салмағын 3-5 гр –ға арттырумен мақта талшығын өндірістік 1-сортқа көтерілуіне септігін тигізеді.

И.Г.Важенин (1988) топырақты жаңа топтарға бөлу немесе микроэлементтер тобына оларды өсімдіктер талабына қарай бөлу немесе олардың микроэлементерді топырақтан алып шығуына қарай бөлуді ұсынды. Бірақта И.Г.Важенин топырақты өсімдік талабына қарап шкалаға бөлу жөнінде жетерлі мәліметтер жоқ екендігін, олар әлі зерттелуі қажеттігін айта кетеді.

Орта Азия республика корбонатты топырақтары үшін Е.К.Круглова (1982) мақта өсіру үшін микроэлементтер шектелген есебін анықтаған. Ол берген мәліметтер СоюзНИХИ тәжірибелерімен анықталып қолдануға ұсынылды.




2 Мақтаның өсіп өркендеуіне мочевина және аммофос құрамында мыс элементінің әсері.
Мақтаға азоттың пайдалы әсер коэффициентінің жоғарлауы мен төмендеуінің маңызы зор, төмендеген кезде сыртқы орта нитраттардың және нитриттердің зиянды қосылыстарымен ластанады. Аммофостың азотының тиімділігін арттыруда оны нитрификацция ингибиторымен бірге қолдану жақсы көмек береді. Соның ішінде отандық өндірістегі АТГ мен КМП.

Қазіргі уақытта агрохимиялық ғылым көптеген фундаментальді өңдеулерге ие, оларды азотты тыңайтқыштарды жоғары эффективтілікте қолдану үшін қолданылады. Соңғы жылдары бұл өңдеулер азоттың тұрақты изотобын қолдануға байланысты даму үстінде. Оны қолдана отырып жасалынған көптеген зерттеулер, азотты тыңайтқыштардың формасы мен мөлшеріне байланысты вегетациялық тәжірибелерде 50-60% аралығында және егістік тәжірибелерде 30-50% аралығында өзгеруі мүмкін.

Өсімдіктің өсіп өркендеуінде оның бойы, жеміс бұтағы жемісін саны негізгі көрсеткіштердің бірі болып есептеледі. Біз өз тәжірибемізде мақтаның 3-4 жапырақ, бутондау және жеміс пайда болу кезеңдерінде бақылау жұмыстары жүргізілді, алынған нәтежелер 1- кестеде көрсетілген.

Мыс элементінің мочевина және аммофос құрамында мақтаның өсіп өркендеуіне әсерін зерттегенімізде мы элементінің мақтаның бойының өсуіне әсерін тигізгені анықталды. Маусым айында мыс аммофос құрамында өсімдікке берілгенде, бақылау вариантында 9,9 см болды. Бұл көрсеткіштер шілде және тамыз айларында 44,2; 44,6; және 75,3; 87,2 см құрады, ал бұл көрсеткіштер бақылау вариантында 39,4 және 75,6 см –ді құрады. Тамыз айында өсімдіктің жеміс бұтағы аммофос құрмында мыс берілгенде 12,2, ал мочевина құрамында 14,3 дананы құраған болса, бақылау вариантында 1,2 дананы құрады.

Мыс элементінің аммофос құрамында мақта жеміс бұтағына әсері тимегенін мыс элементі фосформен күрделі тұздар түзумен түсіндіруге болады. Тамыз айына келіп мыс аммофос құрамында көсек санына әсері тигізбеді, ал мыс мочевина құрамында 7,7 дана болып бақылау вариантымен 1,4 көсекке арттық болды.

Өсу кезеңдері соңына келіп көсек саны мыс аммофос құрамында 0,5 ал мочевина құрамында 1,5 көсекке артуына алып келді. Солай етіп мыс және күрделі тыңайтқыштар құрамында мақтаның өсіп өркендеуі және жеміс мүшелерін топтауда үлкен әсерін тигізеді.

Аммофос физиологиялық қышқыл тыңайтқыштарға жатады. Фосфордың қалыпты мөлшерін енгізген кезде топыраққа аммонийлі азоттың аздаған мөлшері түседі, ол топырақты қышқылдандырмайды. Азоттың фосфорға тепе-теңдіксіз қатынасына байланысты аммофос негізінен фосфорлы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Аммофос қарапайым тыңайтқыштарға қарағанда үлкен концентрацияға ие, құрамында екі қоректік элемент бар. Сондықтан басқа жай тыңайтқыштарға қарағанда, оның топырақтағы қоректік элементтерінің айналымын өсімдіктерге басқаша қолданады.

Аммофосты күрделі тыңайтқыш ретінде зерттеу жақында басталды және әр түрлері типтегі топырақтарда әр түрлі жағдайда сұр орманды топырақтарда (Щерва С, Гуренович С.М.), кәдімгі, оңтүстік және Кавказдық қара жерлерде (Кондратьев И.Г., Мельник Л.В.), сары топырақтарда (Чуманов Я.И., Зеленин Н., Иргашев Э және т.б.) жүргізілді.

Карбонатты топырақтармен әрекеттесу процесінде аммоний фосфаттары дикальций фосфатқа айналады. Сондықтан аммофостың тиімділігі приципитаттың әсеріне жақындау және жай супер фосфаттың тиімділігінен жоғары.

Аммофос мақта себетін аудандар үшін қолайлы тыңайтқыш болып табылды, Орталық Азияның Республикаларында мақтамен жүргізілген 67 егістік тәжірибелер жай тыңайтқыштарға қарағанда аммофостың артықшылығы көп екендігін көрсетті. Аммофостың есебінен мақта шикізатының өнімі орташа 2,5 ц/га артты (Петербургский А.В. 1967).

Н.Н.Зеленин (1986) аммофостың артықшылығын көрсетті, ол жай және қос суперфосфатқа қарағанда мақта үшін тиімді қоректік тәртіп орнатады.

Я.И.Чуланов (1983) Орталық Азияның сары топырақтарында аммофостфң фосфорлы қышқылы үлкен жылжымалықта болады; топырақтың тамырлы қоректенетін қабатын оңай қабылдайды дейді.

Қарапйым азотты түктермен салыстырғанда аммофостың тиімділігі және аммофостың фосфор қышқылының аса қозғалғыштығы жайында мықты қара жер жағдайында бидаймен жүргізілген вегетациялық тәжірибелердің нәтижелерімен куәландырылады (Сидорен А.В. 1986).

Жоғарыда айтылғандардың барлығы аммофостың Н2РО4 анионды бөлігінің топырақтағы әрекетімен көп немесе аз болса да зерттелгенін, ал NH4 тыңайтқышының катионды бөлігінің әзірге зерттелмей қалып отырғанын көрсетеді. Сондықтан аммофостың азотының тиімділігін анықтау қызықты болып отыр.

Аммофосты енгізгенде нитраттардың топырақта алмасу реакциясына түспейтінін және аммонийге қарағанда суда жақсы еритінін ескеру қажет. Сондықтан аммофосты енгізгенде тек газ тәрізді жоғалтура ғана болмауы мүмкін. Сонымен қатар, азотты тамыр тіршілік қабатынан тысқары нитраттар түрінде жуу. Бұл өз кезегінде ағынды судың басталуына әкелуі мүмкін. Сондықтан аммофостың азоттың жоғалтуын төмендететін және қолдауң коэффициентін жоғарлататын шығару үлкен ғылыми өндірістік маңыздылыққа ие.

Қазіргі таңда белгілі болғандай агрохимиялық ғылым мақта және басқада ауылшаруашылық дақылдарында қолданылатын жоғары нәтижелі минералды тыңайтқыштардың ғылыми негіздерін шығару үшін маңызды көптеген фундаментальді еңбектерге ие. Кейінгі жылдары бұл өңдеулер азоттың тұрақты изотобын қолданумен байланысты аса жоғары дамуға жетті. 15N және 14N изотопты бөлігінің көмегімен топырақтағы азоттың тыңайтқышқа айналу табиғатымен әр түрлі жағдайларда оны өсімдіктерді қолдануын танып білу мүмкін болды.

1984-1985 жылдары АТГ, КМП ингибиторын мочевинаның құрамына енгізе отырып, бірнеше тәжірибелер жасалынды. Н.К.Закревская, З.Р.Анфимова (1980) нитраттау ингибиторларының арпамен жүргізілген егістік тәжірибесінде азотты тыңайтқыштардың тиімділіген әсерін зерттеді. Ингибитор ретінде 3 препаратты қолданды:

ЦГ – циангуамидин, ЦП – цианпиримидин, АТГ – аминотриазол-гидрохлорид. Зерттелетін препараттар егістік тәжірибелерде арпаның өнімділігін 2,5-8 ц/га арттырды. Нитраттау ингибиторларын қолданған кезде 1982 жылға егін өніміндегі негізгі қоректік элементтердің құрамын (N, Р, К) өзгертпейді. Басқа зерттеулерде (Кир Н.И., Педголинская) нитраттау ингибиторлары N-serve, АТГ, КМП-ның талшықтың технологиялық қасиеттеріне тиімділігі көрсетілді.

Г.М.Смирновтың, Э.А.Муравиннің, С.Д.Базилевичтің (1986) мәліметтері бойынша, егістік тәжірбиелерде аммоний сульфаты немесе мочевина формасындағы азоттың аздаған мөлшерінің фонына нитраттау ингибиторын (ЦГ, АМП, ЦП) қолданғанда ылғалдылығы жеткілікті аудандардағы дәнді дақылдардың өнімін жоғарлатқан. Азоттың мөлшерін арттырған сайын нитраттау ингибиторлары күріш және мақта өсіруде жақсы әсер беретіндігі анықталды.

П.М.Смирновтың, В.В.Кидиктің, Р.К.Педищюстың, В.Н:Назаровтың (1987) зерттеулері , аммоний сульфаты мен циангуамидиннің мочевинасын пиридин қоспасын, хлоаминопиридинді және N-serve-і бірге қосқанда өсімдіктің азотты тыңайтқышты қолдану коэффициентінің жоғарлағандығы және оны топырақта тұрақтануын көрсетті. Э.А.Муравиннің, Э.Ф.Нейгебаэрдің, Т.В.Мочковтың, В.И.Насоротовтың (1980) айтуы бойынша отандық өндірістің ингибиторлары өзінің нитраттауды тежеу қабілеттілігі және азотты тыңайтқыштардың тиімділігіне әсері бойынша американдық препараттарға жол бермейді. Әр түрлі дақылдармен жүргізілген үш жылдық тәжірибелер нитраттау ингибиторларының өнімнің сапасын төмендетпестен оң әсер беретіндігін көрсетті.

Кесте 1 Мыс элементінің аммофос және мочевина құрамында мақтаның өсіп өркендеуіне әсері.




варианттар

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

өсімдік бойы, см

өсімдік бойы, см

өсімдік бойы, см

Жеміс бұтағы, дана

Көсек саны, дана




1

Аммофос+мочевина

9,9

39,4

75,6

12,2

6,3

7,5

2

Мочевина+аммофос+Сu

11,4

44,2

75,3

12,3

6,3

8,0

3

Аммофос+мочевина + Сu

13,9

44,6

87,2

14,3

7,7

9,0


жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау