Дипломдармен мара пат тады. Олардың қатарында ауда ны­ мыздан Қанибай Айтымбетов бас­



жүктеу 397,88 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата25.05.2018
өлшемі397,88 Kb.
#17677
түріДиплом
1   2   3   4

Саяси  қуғын-сүргін  кезінде  халқымыздың 

бетке ұстар азаматтарын жоғалтсақ, ашаршылық 

кезінде  бүтіндей  халқымыздан  айырылып  қала 

жаздағанымызға тарих куә. Осы зобалаң кезінде 

қаншама қазақ отбастары аштан қырылды немесе 

туған елінен басқа жерлерге жер ауды.

Осындай 

ашаршылық, 

қуғын-сүргін 

салдарынан  балапан  басына,  тұрымтай  тұсына 

бас  сауғалап,  ел  ауған  отбастары  арасында  

киелі  Қармақшы  өңірінің  “Ақтайлақ”  мекенінен 

өлместің күні үшін   және  голощекиндік саясаттың 

құрсауы мен елді жайлаған ашаршылықтан бала-

шағасын аман сақтау мақсатында әуелі Өзбекстан, 

одан әрі Ауғанстанға өткен отбасылар арасында 

Боранбай ақсақалдың да отбасы бар еді.

Баласы  Әлиасқар  әйелі  Зеріппен  және 

балалары  Әбсаттар  мен  Нұрлыбекпен  бірге 

олар Ауғанстан елінде 17 жыл өмір кешті. Осы 

жылдардың  ішінде  Әбсаттар  баласы  Ауғанстан 

қазағы,  Торыбай    елінің  қызы  Мәрзияға 

үйленіп,  Әлиасқардан  Қанбибі,  Рүстембек, 

Әбсаттардан  Раушанбек,  Үрбибі,  Асан  атты 

балалар өмірге келеді. Бұрыннан шаруашылыққа 

бейім  Боранбай  ұрпағы  өздерінше  кәсіп  ашып, 

байларға арнап олардың сұраныстарымен атқа ер 

жасап, әрқайсысын бір қараға  өткізсе, Әбсаттар 

Кабул  қаласында  кілем  сатумен  айналысады. 

Әлиасқар  ірі  байлардың  тойында  топқа  түскен, 

жауырыны  жерге  тимеген  палуан  болып  бас 

бәйгеге  тігілген  ірі  қара  малдарды  олжаласа, 

кіші  баласы  Нұрлыбек  Ақалтеке  сәйгүлектерін 

баптап,  үнемі  тойлардың  бас  бәйгелерін  иеленіп 

жүрді.  “Құлдай  еңбек  етсең  бидің  асын  ішесің” 

дегендей,  өздерімен  бірге  келген  отбастарының 

көбісінің зорға күндерін көріп жүрген кездерінде 

бұлар 


өздерінің 

тынымсыз 

еңбектерінің 

арқасында  тұрмыстарын  түзеп  алды.  Осылайша 

Боранбай ақсақал бір үйді тойындырып, аштықтан аман 

алып қалғанын шүкіршілік еткенімен, көкірегіндегі туған 

жерге деген сағынышы жыл өткен сайын мазалап, туған 

елдің топырағына бір аунап, бір уыс топырағын иіскеу 

арманы  болды.  Сондай  күндердің  бірінде  Боранбай 

ақсақал әулетінің бүкіл ұрпақтарын оңаша жинап алып, 

туған жерге деген сағынышын, кіндік қаны тамған жерге 

жету  арманын,  ең  болмағанда  5  немересі  Раушанбекті, 

Қанбибіні, Рүстембекті, жаңа ғана өмірге келген 6 айлық 

Асанды,  олардың  аналары  Зеріп  пен  Мәрзияны  туған 

жерге жеткізуді құпия жағдайда балаларына аманаттап, 

оны  жүзеге  асырудың  жолдарымен  ойласады.  Осыдан 

кейін олар мекен-жайларын шекара маңына жақындатып, 

бір  байдың  жабық  қоралы  үйін  сатып  алып,  шекара 

бойын  бақылауға  алады.  Оншақты  арық  қой-ешкі,  1 

есек сатып алып, оны шекара бойына жайып, әрі шекара 

жағдайымен,  әрі  шекарашылармен  таныстықтарын 

пысықтайды.  Шекарада  2  әскер  2  күн  сайын  ауысып 

тұратындығын  есепке  алады.  Ал,  Нұрлыбек  11  бас 

қара  қоңыр  түрікпен  жылқысын  түнекке  бағып,  жарата 

бастайды.  Ол  кезде  қазіргідей  виза  жоқ,  екі  жақты 

шекара жабылған, одан ұшқан шыбын өте алмайтын еді. 

Осындай аса құпия жағдайда шекараны бұзып өту 1950 

жылдың қараша айының екінші жартысына белгіленеді. 

Жолға  шығар  алдында  үйішілік  мәслихат  өткізіліп, 

ешқандай  дүние-мүлік,  мал  алмаймыз  бәрі  осында 

қалады.  Өзіміз  салт  атпен  шекараны  бұзып  өтеміз, 

егер  артымыздан    қуғыншы  шығып,  атыс  болатын 

болса  біз  ер  адамдар  ауған  әскерімен  соғысып,  оларды 

жақындатпаймыз. Ал, Боранбай мен әйелдер балалармен 

Жетіқарақшы  жұлдызын  маңдайға  аласыңдар,  ол 

Кеңестер елі шекарасына алып барады. Мақсат 5 баланы 

шет  жерде  қалдырмай  шекарадан  аман-есен  өткізіп, 

атамекенге жеткізу. Артымызда ер-азаматтарымыз қалды 

деп қарайламайсыңдар деген шешімге келеді. Әлиасқар, 

Әбсаттар,  Нұрлыбек  бесатар  мылтықпен,  адамға 

лақтыратын  пышақпен  қаруланып,  бапталған  жүйрік 

аттарға  ересектер  отырып,  шаршағанда  ауыстыратын 

аттарды  жетекке  алып,  түннің  бір  уағында  үй-мүлкін, 

малдарын тастап, Әлиасқардың әйелі Зеріптің арқасына 

5 жасар қызы Қанбибіні байлап, қоржынның бір басына 

3  жасар  Рүстембекті,  бір  басына  тамақ  салынады. 

Әбсаттардың  әйелі  Мәрзия  мінген  аттың  қоржынына  3 

жасар Үрбибі мен 6 айлық Асанды салып, қалғаны салт 

атпен  ешкімге  білдіртпестен  елдің  шекарасына  қарай 

бет  түзейді.  Түнімен  жүріп,  таң  ата  КСРО  шекарасына 

жақындап  бүкіл  қаруларын  сол  жерге  тастап,  ені  20 

метрдей  болатын  шекараны  басып  өтіп,  ішке  енеді. 

Біраз  жүріңкіреп  бір  сайға  тамақтануға,  тынығуға 

тоқтаған  кезде  әуеден  тікұшақ,  айнала  танкілердің 

гүрілі,  қаптаған  Кеңес  шекарашылары  қоршап  алады. 

Бұлар шекарашылар офицерлерімен түсіністік әңгімеден 

кейін, көк ракета аспанға атылып, әскерлердің қайтуына 

белгі  беріледі.  Аман-сау,  бастары  түгел  өткен  отбасы 

мүшелерін 

шекарашылар 

Чарджау 

НКВД-сына 

тапсырады.  Ересектерді  шекараны  бұзғаны  үшін  3 

жылға  бас  бостандықтарынан  айырып,  түрмеге  қамаса, 

балалары  Раушанбек,  Қанбибі,  Үрбибі,  Рүстембекті 

балалар  үйіне  өткізіп,  Мәрзия  мен  Зеріпті  6  айлық 

Асанмен  қоса  әйелдер  колониясына  жібереді.  1  жасқа 

толған соң Асанды Ашхабад қаласындағы сәбилер үйіне 

өткізеді.  1953  жылы  Сталин  қайтыс  болған    соң  олар 

мерзімдерінен 6 ай бұрын түрмеден босап, Әмударияның 

Арал теңізіне құяр жеріндегі Мойнақ порты арқылы Арал 

қаласына, одан әрі пойызбен Жосалыға, яғни атамекеніне 

жетеді.1955 жылы Боранбай ақсақал дүниеден өтіп, осы 

күнгі  Қармақшы  қорымына  жерленеді.  Ал,  атамекенге 

оралған соң Әлиасқар мен Зеріптің отбасында Бақыткүл 

деген қыз бала дүниеге келіп, ол да ұзақ жыл ұстаздық 

етіп, «ҚазССР оқу ісінің үздігі» атағымен зейнеткерлікке 

шықты. Әбсаттар мен Мәрзияның отбасында Сұлтанбек, 

Дастанбек деген егіз ұл дүниеге келіп, қазір олар түрлі 

салаларда еңбек етіп жүр, отбасылы. Нұрлыбек ақсақал 

елге  келген  соң  әлімнің  қарасақал  аталығының    қызы 

Аршамен  отау  құрып,  үбірлі-шүбірлі  болып,  ел  ағасы 

атанып,  2012 жылы дүниеден өтті. Әлиасқар, Әбсаттар 

түрлі  салаларда  еңбек  етіп,  өткен  ғасырдың  60,  70 

жылдары өмірден озды. Сол кезде атқа мінгесіп немесе 

қоржын  ішінде  келген  балалар  бұл  күндері  жапырақ 

жайған  бәйтеректей  елге  танымал  азаматтар  болып, 

үлгілі ұрпақ өсіріп отыр.

Раушанбек Әбсаттарұлы Алматы қаласында тұрады. 

Философия  ғылымдарының  докторы,  профессор.  Тек 

Қазақстан  ғана  емес  шетелге  танымал  ғалым.  Қанбибі 

Әлиасқарова  ұлағатты  ұстаз,  құрметті  зейнеткер.

Үрбибі Әбсаттарова ұзақ жылдар Жосалы механикалық 

зауытында токарь болып   еңбек етсе, Рүстембек Боран-

ба ев  облысқа,  ауданға  белгілі  су  шаруашылығының 

орденді  маманы.  Ал,  Асан  Әбсаттаров  өмірден  ерте 

озғанымен ұрпақтары Алматы қаласында жемісті еңбек 

етіп жүр.

Бәрінен  өскен-өнген  ұрпақтар  ата-ана,  бабаларының 

аттарына кір түсірмейтін ұлағатты ұрпақтар болып өсіп 

түрлі салаларда жемісті еңбек етуде.

Туған  ел  мен  жерге  шексіз  сүйіспеншілік  пен 

сағыныш, туған жерге жету жолындағы кезінде үстінен 

құс ұша алмайтын шекараны кесіп өтіп, бір үйлі жанның 

бастарын  қатерге  тігіп  жанкештілік,  көзсіз  ерліктері 

кімді  де  болса  тебірентпей  қоймайтындығы  және 

кейінгі  ұрпаққа,  өз  еліне,  Отанына  деген  патриоттық 

сезімін  оятуда  үлгі  болары  сөзсіз  деген  мақсатпен  осы 

бір жанкешті оқиғаны  қағаз бетіне түсіруді жөн санап, 

баспасөз арқылы көпшілікке ұсынып отырмын.



Сұлтанбек МЫРЗАБАЕВ.

Жалғасы . Басы 1-бетте

ҚАРМАҚШЫ

таңы


2

30 мамыр

, 2015 жыл

Байқоңырға - 60 жыл

31 мамыр - Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні

Осы  жерде  азаматтар  электронды  түр-

де  жәрдемақы  тағайындауға  өз  өті ніш-

терін  берулеріне  болады.  Сонымен  қа тар, 

Халыққа  қызмет  көрсету  орталығы  бөлім-

ше лері  арқылы  8  қызмет  түрі  көрсетіліп, 

аза маттарға  жәрдемақылар  тағайындалып, 

төленуде.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 нау рыз-

да ғы  қаулысымен  бекітілген  мем ле кеттік 

стандарттар  бойынша  күнде лік ті  жұмыс 

күні  9.00-ден  сағат  14.00-ге  дейін,  сенбі 

күні жұмыс күні болып, кезекші мамандар 

9.00-ден  сағат  14.00-ге  дейін  азаматтарды 

қа  былдайды.

Ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапа-

сын, халыққа қызмет көрсету жай лы лы ғын 

жақсарту, мемлекеттік қызметтен алған ха-

лықтың қанағаттану деңгейін арт

 

тыру шең-



бе рінде  ЗТМО  мына  іс-шараларды  жү зеге 

асырды:


2014  жылдан  бастап  мемлекеттік  қыз-

мет ті  сапалы  көрсетуді  қамтамасыз  ету 

үшін  «ХҚО»  БАЖ  бірыңғай  мониторинг 

жүйе сіне мемлекеттік қызмет көрсету мәр-

те бесін беру енгізілді;

2014 жылдан бастап ЗТМО-ХҚО өзара 

іс-қимылы  мемлекеттік  қызмет  көрсету 

кезінде  халықтан  талап  етілетін  құжаттар 

санын қысқарту, бизнес-үдерістерді оңтай-

лан дыру есебімен электрондық құжаттарды 

беру,  қабылдау  жолымен  электрондық 

түрде жүзеге асырылды;

ЗТМО  бөлімшесінде  алдағы  уақытта 

«электрондық  кезек»  бағдарламалық-ап-

параттық  кешені  орнатылады,  бұл  келу-

шілер ағымын басқаруды жақсарту мен оң-

тай

 

ландыруға,  сондай-ақ  оны  көрсетудегі 



әр  кезеңінде  ұсынылатын  қызметтің  сапа-

сын бағалауға мүмкіндік береді;

Шалғай  жатқан  елді  мекен  тұр ғын-

дары на  мемлекеттік  қызмет  қол же тім ді-

лі гін  арттыру  мақсатында  «Қазпошта» 

АҚ  мамандары  мен  Зейнетақы  төлеу 

жөніндегі  мемлекеттік  орталығы  мен  ха-

лық қа  қызмет  көрсету  орталықтары  қыз-

меткерлерінің  қатарынан  мобильді  топ 

құрылады,  сонымен  қатар  әр  айдың  10-14 

жұлдызы  аралығында  Қызылорда  ме ди-

ци налық  әлеуметтік  сараптама  бөлі мі-

мен  бір лесіп  мүгедектерге  жәрдемақы  та-

ғайын дауға  аудандық  емханада  құжаттар 

қа  былдау  жұмысы  мамыр  айынан  бастап 

жүр гізілді. Бұл жайлылықты, жеңілдетілген 

тәр тіпті,  мемлекеттік  қызметті  алудағы 

аза маттардың  уақыты  мен  шығындарын 

азайтуды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ,  кәсіпорын  базасында  Call-

Centr 1411 тегін қысқа нөмірі, электрондық 

пошта, WEB және WAP порталдары арқылы 

халыққа  қызмет  көрсетуді  ұсынатын  ақ-

парат тық-анықтамалық  Байланыс  орта лы-

ғы қызмет істеуде.

Ақпараттық-анықтамалық  қызметтер 

тө  мендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:

-еңбек қатынасы;

-жұмыспен қамту;

-зейнетақымен қамсыздандыру;

-әлеуметтік  қамсыздандыру  және  әлеу-

мет тік сақтандыру.

 Шалғай елді мекен тұрғындарына мем-

ле кеттік қызмет көрсету бойынша «ЗТМО» 

РМҚК,  «ХҚО»  РМК  және  «Қазпошта» 

АҚ  арасында  өзара  түсіністік  пен  ын ты-

мақ тастық  туралы  Меморандумға  қол 

қойылды, осыған орай мобильді топ жұмыс 

жасайды.  Бұл  ретте  мобильді  топ  арқылы  

зейнетақы  мен  әлеуметтік  қамсыздандыру 

туралы  аудан  халқына  түсіндірме  жұ-

мыс  тары  жүргізілуде.  Мобильді  топ  жұ-

мысының  тиімділігі  үшін  жасалған  шығу 

графигіне  сәйкес  мобильді  топ  келетіндігі 

туралы  халыққа  хабар  беру  жұмыстары 

жүргізіледі,  мемлекеттік  қызмет  көрсетуде 

халықты  қабылдауы  үшін  орынжайларды 

ұйымдастыру  мақсатында  ауылдық  округ 

әкімдігімен  алдын  ала  жұмыс  өткізіледі, 

ауылдық  округтар  әкімдері  мемлекеттік 

қызмет тағайындаудағы бланк өнімдерімен, 

қажетті  құжаттар  тізбесімен,  мемлекеттік 

қызмет  көрсету  стандарттары  бойынша 

түсініктеме  материалдары  және  қажетті 

тех никалармен,  ноутбук,  ксерокс,  сканер, 

принтер,  фотоаппаратпен  қамтамасыз  еті-

ліп азаматтардан зейнетақы, жәрдемақы та-

ғайын дауға құжаттар қабылданады. 

Зейнетақымен  қамсыздандыру  мәселесі 

болашағын  ойлайтын  азаматтардың  бар-

лы ғын  толғандырады.  Бұл  бағытта,  Қазақ-

стан  Республикасы  мен  дүниежүзілік  зей-

нет ақы  жүйесінің  жетілу  тәжірибесін  іске 

асыру және алға қойған міндеттерді орын-

дай  отырып,  зейнетақы  жүйесін  әрі  қа-

рай  жетілдіріп,  жаңғыртуға  бағытталған 

іс-шаралар  әзірленді.  Зейнетақы  жүйесін 

жаңғыртудың  қажеттілігі,  ортақ  зейнетақы 

мөлшерінің  азаюынан  және  зейнетақы 

төлем  көздерін  одан  әрі  әртараптандыру 

қажеттігінен, экономикалық даму циклінен, 

зейнетақымен  қамсыздандыру  жауап кер-

ші

 

лігін  мемлекеттің,  жұмыс  беруші  мен 



қыз меткердің  арасында  бөлуді  одан  әрі 

оң тайландыру  қажеттігінен  туындап  отыр. 

Бұл  ретте,  ҚР  Президентінің  2014  жылғы 

18 маусымдағы №841  жарлығымен «Қазақ-

стан  Республикасының  зейнетақы  жүйе сін 

одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі 

тұжырымдамасы» бекітілді. Осыған сәйкес:

2017  жылғы  1  шілдеден  бастап,  зей не-

тақы  жүйесіне  қатысу  өтілі  10  жыл  болса, 

базалық  зейнетақыны  ең  төменгі  күнкөріс 

деңгейінің  50%-ы  мөлшерінде  белгілеу 

ұсынылады,  ал  10  жылдан  асқаннан  кейін 

әрбір жылға оның мөлшері 2%-ға ұл ғай ты-

ла ды және қатысу өтілі 35 жыл және одан 

көп болса, ол ең төменгі күнкөріс деңгейіне 

тең болады.

2018  жылдан  бастап  зейнетақы  жүйе-

сі нің  жаңа  шартты-жинақтаушы  құрам -

дауышын  енгізу  ұсынылады.  Өздері нің 

пайдасына  жұмыс  берушілер  өз  қара жа ты 

есебінен  қызметкер  табысының  мөл ше-

рі нен  есептелетін  5%  міндетті  зейнетақы 

жарналарын  аударатын  қызметкерлер 

шартты-жинақтаушы  құрамдауышына  қа        -

тысу шылар болып табылады. Шартты мін    -

деттемелерді  есепке  алу  БЖЗҚ-да  ашыл-

ған  жеке  шоттарда  жүргізіледі.  Жи нақ   тар 

шартты  болып  табылады,  мұраға  қал-

дырылмайды  және  жүйеге  қа тысу шы ның 

меншігі  болып  табылмайды.  Зейнетақы 

төлемдеріне  құқық  басталатын  ең  төменгі 

өтіл 5 жылды құрайды. Белгіленген зей нет-

кер лік  жасқа  жеткен  кезде  ғана  төлемдер 

жүр гізіледі.  Шартты-жинақтаушы  құрам-

да уышына  қатысушыларына  зейнеткерлік 

жасқа  жеткенде  зейнетақы  төлемдері  өмір 

бойы жүргізіледі. 

2016  жылдан  әлеуетті  құрылымдардың 

қызметкерлерін  зейнетақымен  қамсыздан-

дыру жүйесін реформалау;

Жинақтаушы  зейнетақы  жүйесінің  па-

ра метрлерін  жетілдіру.  Бұл  ретте  ала тын 

зейнетақы  төлемдерінің  шамасы  аза мат-

тардың жүйеге жарналарды тұрақты түрде 

аударуына,  сондай-ақ  зейнетақы  жинақ-

тары ның кіріс деңгейіне байланысты бола-

ды.  Сондай-ақ,  жинақтаушы  зейнетақы 

жүйесі нің тиімділігін арттыру және қар

 

жы-


лық  орнықтылығын  қамтамасыз  ету  үшін 

БЖЗҚ-дан  зейнетақы  жинақтарын  алыну 

принциптеріне  және  міндетті  зейнетақы 

жарналарының  сақталуы  бойынша  мем ле-

кет тік кепілдіктерді төлеу тәртібіне өз геріс

-

тер енгізу.



Әрине, 18 жыл көлемінде қол жеткізген 

мәуелі  жетістік  болса,  оған  жетуге  аянбай 

еңбек  еткен  білімі  терең,  қажыр-қайраты 

мол,  сауатты,  тәжиребесі  мол  мамандар 

Шаймерденова  Зарина,  Бекенова  Лаура, 

Жиенбаева Рыскүл, Қожағұлова Дүйсенкүл, 

Қолашев  Бағлан  және  Көздібаева  Жанат 

мінсіз  қызмет  атқарғанын  айрықша  атап 

өткім келеді.  

Өмір   жолы    келер ұрпаққа өнеге бола-

тын,  кәсіптік  шеберліктері  мен  білімдерін 

әлеу  меттік салаға арнаған, қаншама жас ма-

ман  дарды  тәрбиелеп,  бағыт  берген  ұстаз, 

бүгінде  құрмет  демалысындағы  зейнеткер 

Құдабаева  Зинаның  еселі  еңбектері  үлкен 

мақтаныш. 

Елбасы  әрдайым  халық  мүддесімен 

сабақтас  салалардың  дамуына  айрықша 

көңіл бөліп келеді. Осы 18 жыл ішінде зей-

нет ақы реформасын бастап, оны жетілдіру 

жолында қыруар еңбек сіңірген Елбасы Қа-

зақ станды аталған түйінді мәселе бойынша 

да  әлемдік  өркениеттің  көшімен  ілгері 

бастап келеді. Біз бүгінгі жетістігімізді Қа-

зақ стан  Президентінің  дәйекті,  салиқалы 

сая сатымен байланыстырамыз. 



Ә.МЫРЗАҚҰЛОВ,

зейнетақы төлеу жөніндегі 

мемлекеттік орталықтың  аудандық 

бөлімшесінің бастығы. 

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

1950-ші  жылдары  КСРО  басшылығының 

ұйғарымымен  ғарыш  алаңын  құру  алғашқы 

кеңестік  құрлықаралық  Р-7  баллистикалық 

раке тасын  жасап  шығару  қажеттілігімен  бел-

гі ленген  болатын.  Бірақ,    сол  ракетаның    ұшу 

қашықтығы 8000 шақырымды  асып кетіп, ақыр 

соңында Кеңес Одағының тұтастай Азия бөлігі 

арқылы шығыс бағытында өтетін жаңа трассаны 

жабдықтау  қажеттігі  туындады.  Ракетаның 

қалдық сатыларының түсуі үшін жаңа аумақтар 

мен жаңа өлшеу пункті қажеттігі туындады. Осы 

ракеталарды  ұшыру  үшін  жаңа  полигон  салу 

керек болды. Нәтижесінде аталмыш мәселелерді 

түкпілікті    шешу  мақсатында  өткен  ғасырдың 

50-ші  жылдарының  басында  үкіметаралық 

комиссия құрылып, жаңа полигонға қойылатын 

талаптар  әзірленді  және  оны  құруға  қолайлы 

аудандар белгіленді.

Міне, сол комиссияның ракета ұшыру алаң-

дарын  іздестіру  мақсатындағы  тынымсыз 

еңбектерінің  арқасында    жаңа  полигонды  Қы-

зылор да  облысының  Төретам  теміржол  беке ті 

аумағына орналастыру нұсқасы таңдалды. 

Сөйтіп, 1955 жылдың 12 ақпанында полигон 

салу туралы КСРО Министрлер Кеңесінің №292–

181  қаулысы  қабылданып,  ғарыш  алаңының 

ауданы 6717 шақырым және солтүстіктен оңтүс-

тік ке  дейін  ұзындығы  75  шақырым,  батыс-

тан  шығысқа  дейін    90  шақырым  аумақ  бо лып 

белгіленді.

Ал,  ғарыш айлағының бас қаласы  Байқоңыр 

1955  жылы  салына  бастады.  Қаланың  бас 

жоспары  сол  жылдардағы басқа  әскери  қала-

шық тар ға ұқсас болды. Тұрғын үй, мекемелердiң 

орны, спорт және дәрiгерлiк аймақ тың қонысы 

№10 алаң деп аталды. Сол жылдың 5 мамырында 

қаланың  бiрiншi  көшесі  мен  онда  ор

  

наласқан 



түрлі  ғимараттар  бой  көтерді.  Ол  көшеге  В.И. 

Ленин нің есімі берілді. Ал, 1966 жылдан бастап 

қала Ле нинск болып аталды.

Осы    уақыт  аралығында  Байқоңыр  ғарыш-

кер лер  айлағында  көптеген  тарихи  оқиғалар 

өтті.  Осы  өңірден  адамзат  баласы  өмірінде 

алғашқы рет ғарышқа жол тартты. Содан кейінгі 

жылдарда  да  көптеген  кеңестік  ғарышкерлер 

ғарыш өміріне зерттеулер жүргізді. Ғарышкерлер 

ай лағының астанасы атанған  Байқоңыр қаласы 

да  заман талабына сай дамыды.

Міне, сол қала мен ғарышкерлер айлағының 

дамуына  өзіндік  үлес  қосқан  есімдері  әлемге 

тан ы мал ғарыш саласының мамандарымен бірге 

қоян-қолтық  еңбек  еткен  қазақстандықтардың 

арасында  киелі  Қармақшы  өңірінің  тумасы, 

«Байқоңыр қаласының құрметті құрылысшысы» 

Сағидулла Ршауовтың да есімі құрметпен ата ла-

ды. 

1936  жылы  Қармақшы  ауданына  қарасты 



қазіргі  Иіркөл  ауылындағы    Ршау  мен 

Зейнекүл  есімді  шаруа  отбасында  дүниеге 

келген 

Сағидулла 



ағамыздың 

балалық 


шағы  Ұлы  Отан  соғысымен  қатар  келіп,  ол 

өзінің    қатарластарымен  бірге      елімізді  неміс 

басқыншыларынан  азат  етуге  аттанып  кеткен 

ер-азаматтардың орнын басып қалған ауылдағы 

жасы келген қарттар мен аналарға көмектеседі. 

Көктем,  жаз  және  күз  мез гілдерінде  егістік 

басында егін күтіп, шөп дайындауға көмектессе,  

қыста отын шауып, қамыс орады.  Ұлы Жеңісті 

жақындатуға атса лыс ты.

Міне,  көптің  зарыға  күткен  Жеңіс  күні  де 

келіп  жетті.  Ауылдан  Отан  қорғауға  аттан ған  

азаматтарымыз  елге  оралып,  халық  шаруа шы-

лы ғын  қайта  қалпына  келтіру  жұмыс тары на 

белсене араласып кетті.

Сағидулла  ағамыз  ауылдың  өзге  балалары 

сияқ ты мектеп партасына қайта отырды.

Ал,1954 жылы  мектепті тәмамдаған соң ол 

өзінің алғашқы еңбек жолын Жосалы теміржол 

стансасында  кондуктор  болып  бастайды.  Бір 

жылдан  соң    Орынбор  қаласындағы  теміржол 

техникумына оқуға түсіп, онда тәлім алып, елге 

оралған соң  Жосалы стансасына қарасты Ордазы 

разьезінде  кезекші  қызметін  атқарады.  Жас 

маманның  өз  қызметіне  деген  жауапкершілігі 

мен ізденімпаздығын, адалдығы мен білімділігін 

жоғары бағалаған сала басшылығы  оны Чкалов 

қаласындағы  техникалық  мектептегі  арнайы 

курсқа  оқуға  жібереді.  Курсты  тәмамдап 

келген  соң  ол  №108  разьезде  станса  кезекшісі 

бо лып  қызмет  атқарады.  Ал,  1966  жылы 

Ақмола  қаласындағы    теміржол  саласының 

арнайы  мектебінде  бір  жылдық  курсты  бітіріп 

келіп,  Ордазы  разъезінің  бастығы  қызметіне 

тағайындалады.  Осы  қызметті  ол  1967  жылға 

дейін абыроймен атқарады. Сол жылы Сағидулла  

ағамыз Байқоңыр қаласы әскери басшылығының 

бұйрығымен  Байқоңыр  қаласындағы  №11535 

әскери  бөлімге  қарасты  Ордазы  разъезінің 

бастығы  қызметіне  тағайындалады.  Осы  қыз-

мет ті 1991 жылға дейін атқарып, абырой биігінен 

көрініп, құрметті зейнеткерлік дема лысқа шыға-

ды.


-Мен  өзімнің    өмір  жолымды  әскери  темір-

жол


 

шы  қызметіне    арнадым  десем  артық 

айтпаған  болар  едім.  Расында  да,  мектепті 

тәмамдап  шыққан  соң  алғашқы  еңбек  жолым 

теміржолшы  болу дан  басталып  еді.    Оның 

жалғасы әскери темір жолшы болумен аяқталды. 

Кондуктор,  разъезд  кезекшісі,  бастығы  болып 

еңбек еттім, кейін нен әскери салаға ауысып, онда 

да өзімнің азаматтық парызымды адал атқардым 

деп ой лай мын. Ордазы бекетіне қарасты  әскери 

бөлімді  басқарған  кезімде  қарамағымдағы  30 

жауынгермен      Байқоңыр  ғарыш  айлағындағы  

ракета  ұшу  алаңдарына  баратын  тас  жолға 

төселетін  палас  қиыршықтарымен  қамтамасыз 

етуде күніне 120 вагон құм жіберетін едік. Кей 

күндері одан да көп тиелетін-ді,-дейді бұрынғы 

күндерді еске алған ардагер аға.    

Міне, осындай ел алдындағы әскери парызын 

өтеудегі ерен еңбектері үшін Сағидулла ағамыз  

Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық 

дауына  зор  үлес  қосқаны  үшін  «Байқоңыр 

қаласының  құрметті  құрылысшысы»,  «Бай-

қоңыр  қаласының  ардагері»    атақтарының 

иегері,    «1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  со-

ғысын дағы  Жеңіске  60,  65  жыл»,  «Г.Жуков»,  

«Адамзат  баласының  ғарышты  игергеніне-50 

жыл», «Байқоңыр қаласына-50,55 жыл», «Батыр 

шапағаты  Бауыржан  Момышұлы»,  Байқоңыр 

ғарыш  кешенінің  дамуына  үлес  қосқаны  үшін 

«Еңбек, Абырой, Құрмет» және  «Еңбек ардагері» 

мерекелік    медальдары  мен  төсбелгілерімен 

марапатталды.

Өмірлік  жары  теміржолшылар  әулеті  атан-

ған  Болысбай  мен  Тойғанның  отбасында 

дүниеге келген Ақсұлу апамыз екеуі 1957 жылы 

отау  құрып,    бүгінде  өздері  тәрбиелеп-өсірген 

бақытты  қара  шаңырақтан  үлкен  өмірге  қанат 

қаққан  ұлдары  Мыңділда  мен  Ерділда  және 

қыздары    Күнсұлу,  Ләззат  және  Жансұлуы 

мен  немересі  Нұрділда  әскери  қызметте  болса, 

Жанділдасы    аудан  орталығындағы  Қазалы 

стансасына  қарасты  ПЧ-58    жол  дистанциясы 

бастығының  орынбасары  қызметін  атқаруда, 

қыздары  Нұрсұлу  Жосалы  кентінде,  ал  Сәулесі 

Қызылорда  қаласында  кәсіпкерлікпен  айна лы-

са ды.  Олардың  бәрі  де  өңірімізде  кәсіпкерлік 

саласын  дамытуға  өзіндік  үлестерін  қосуда  

абыройлы еңбек етуде. 

Ал,  әулеттің  отанасы  жайлы  айтар  болсақ, 

Ақсұлу    Болысбайқызы  1941  жылы  дүниеге 

келіп,    ауылдағы  мектепті  тәмамдаған  соң  

теміржол  саласында,  кейіннен  аудандық 

«Қармақшы  таңы»  газетінің  баспаханасында  

еңбек  етіп,  құрметті  зейнет кер лік  демалысқа 

шығады.  Апай    «Күміс»  және  «Алтын  алқа» 

иегері, сонымен қатар ІІ және ІІІ дәрежелі «Ана 

даңқы»  ордендері мен І және ІІ дәрежелі «Ана» 

медалі,    «Байқоңыр  қаласына  -50,55  жыл», 

«Батыр  шапағаты  Бауыржан  Момышұлы» 

мерекелік  медальдары  мен  «Еңбек  ардагері» 

төсбелгісімен марапатталған ардақты ана.

Бүгінде  өздерінің  өнегелі  өмірлерімен  киелі 

Қармақшы халқына сыйлы болған Сағидулла аға 

мен Ақсұлу апамыз өздері тәрбиелеп өсірген ұл-

қыздарынан тараған  20 немере мен 7 шөберенің 

ардақты  да  аяулы  ата-әжесі  ата нып,  туған  елі 

мен халқының  амандығын, бей бітшілігін  тілеп 

отырған бақытты жандар.



Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

БАЙҚОҢЫРДЫҢ ҚҰРМЕТТІ 

ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ

АТАМЕКЕНГЕ ЖЕТУДЕГІ 

ЖАНКЕШТІ ЕРЛІК

ХХ ғасырдың басындағы, әсіресе 20 жылдардың аяғы мен 30-шы жылдары Голощекиннің қазақ 

даласына әкелген “Кіші қазан” науқанының қызу жүргізіліп, күштеп отырықшыландыру, ұжымдастыру 

1928  жылғы  қазақ  байлары  мен  орташа  дәулеттілерді  кәмпескілеу  арқылы  олардың  меншігінен,  яғни 

малдарынан айыру, басқа аймақтарға жер аудару, қамауға алу, 1931 жылғы бай-кулактарды тап ретінде 

жою,  ауқаттылар  мен  орташа  дәулеттілердің  тұтқындалып  немесе  айдалып  кетуі,  т.б.  түрлі  негізсіз 

алым-салықтардан туындаған, кейбір деректерге қарағанда 3 млн.нан астам қазақтың қолдан жасалған 

ашаршылықтан қырылу оқиғалары бағасын ала алмай келе жатқан сияқты.




жүктеу 397,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау