Дипломат (шешендердің) этикеті Халықаралық қатынастардағы шешендіктеріне орай оқиғасы



жүктеу 62,16 Kb.
бет3/11
Дата26.01.2022
өлшемі62,16 Kb.
#35172
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
13. Халықаралық қатынастардағы шешендік өнер

3)Көпшіліктің алдына шығып сөйлеуге қалай дайындалу керек.

Дайындық кезеңдері, материал көздері. Бі­ліктілік пен дағдылар

Шешендік өнерді меңгеру – өзімен көп жұмыс істеуді және сөйлеудің үлкен тәжірибесін қажет ететін ұзақ үдеріс. Сөйлеуге күнделікті дайындалу, өзінің сөз шеберлігін күнделікті жетілдірудің маңызы зор. Күнделікті дайындық – бұл ғылымның, техниканың, өнердің әртүрлі салаларынан жаңа білім алу және бір мезгілде сөйлеу техникасын меңгеру, сөйлеу мәдениетін арттыру.

Қазіргі риторикада сөйлеуге дайындалудың мынадай кезеңдері қарастырылады:

Тақырыпты таңдау және мақсатты бағдарды анықтау.

Материалды іріктеу, оны зерделеу және талдау.

Сөйлеу жоспарын әзірлеу.

Композицияға жұмыс істеу.

Сөйлеу мәтінін жазу.

Көпшілікке сөйлейтін сөздің әмбебап ережесі жоқ: әрбір шешен өзінше қайталанбас бірегей шешен. Тыңдаушылардың құрамына қарай, шешеннің алдында тұрған тақырыпқа, міндет пен мақсатқа қарай сөйлеу композициялары өзгеріп отырады. Алайда, сөйлеу композицияларын жасау кезінде ұстанатын жалпы қағидаттар бар:

Сабақтастық қағидаты – әрбір айтылған ой алдыңғысынан туындауы керек немесе онымен ара қатынасы болуы тиіс.

Күшейту қағидаты – аргументтердің маңыздылығы және сенімділігі бірте-бірте өсуі тиіс, ең күшті дәлелдері сөздің соңында пайдаланылады. Органикалық бірлік қағидаты – материалды бөлу және оны сөзде ұйымдастыру шешеннің материалының өзінен және ниетінен туындауы қажет.

Үнемдеу қағидаты – алға қойылған мақсатқа мейлінше қарапайым, рационалды тәсілдермен, әрекет пен уақыттың аз жұмсалуы арқылы қол жеткізуге болады.

Сөйлеудің дәстүрлі құрылымы үш элементтен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.

Кіріспе. Кіріспеде тақырыптың көкейтестілігі, оның осы аудитория үшін маңыздылығы айтылады, сөйлеудің мақсаты жасақталады, мәселенің тарихы қысқаша айтылады.

Сөйлеудің табысы шешеннің қалай сөйлеуді бастағанына, оның қаншалықты аудиторияны қызықтырғанына байланысты болады. Хабарламаның басында немесе аяғында айтылғаны көбінесе есте қалатыны дәлелденген, сондықтан да шешен кіріспе бөліміне жақсы тер төгуі керек. Белгілі шешен А.Ф. Кони студенттерге алғашқы сөздердің ұғынықты, қызықты болуы, олар тыңдаушылардың назарын «аударуы» тиіс екендігін үйретеді.

Ортаға шығып сөйлеу – ерекше бастаманы талап етеді. Осыған орай, тақырып, сөйлеу түрі, аудиторияның құрамы, оның дайындық дәрежесі ескеріледі.

Басты бөлімі. Басты бөлімінде композицияның негізгі ережесін ұстану қажет – логикалық сабақтастық және материал берілуінің жинақылығы. Сөйлеу құрылымы материалды бере білу тәсіліне байланысты. Бұл индуктивті немесе дедуктивті әдіс, аналогиялық әдіс немесе сатылық әдіс болуы мүмкін, алайда олардың кез келгені (немесе олардың жиынтығы) сөзді дәлелді, ал пікірді сенімді етіп жасауы қажет. Ерекше рөл дәйектеуге беріледі. Ойды растау үшін тексерілген фактілер, статистика (қажет болған жағдайда), беделділерге апелляция пайдаланылады.

Сөйлеу композициясындағы ықтимал кемшіліктер туралы түсінік болуы тиіс. Ол кемшіліктер мыналар:

логикалық сабақтастықтың бұзылуы;

теориялық пайымдаулармен мәтіннің толып кетуі;

дәлелді негізгі ережелердің жоқтығы;

қарастырылатын сұрақтар мен проблемалардың (олар 3-4-тен аспауы тиіс) көптігі [1, 6768 бб.].

Қорытынды. Кез келген сөз сөйлеудің маңызды композициялық бөлігі қорытынды болып саналады, ол айтылғандардың тиімділігін күшейтуге жұмылдырылған. Сенімді әрі анық қорытынды тыңдаушылардың есінде қалады, сөзі туралы жақсы әсер қалдырады, ал сәтсіз болғаны керісінше, жақсы сөзді құртуы мүмкін.

Қорытынды сөз оптимистік тұрғыда дыбысталуы тиіс, бұл көбінесе шақыру немесе резюме: айтылғанның қорытындысы шығарылады, шешімдер жасалады, алға міндеттер қойылады.

Шешеннің білімі, біліктілігі және дағдылары. Көпшіліктің алдында сөйлеу үшін шешен арнайы біліктіліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс. Шешеннің дағдыларына мыналар жатады:

қажетті әдебиетті іріктеу және зерделеу дағдысы;

жоспар жасау дағдысы;

сөйлеу мәтінін жазу дағдысы;

аудитория алдында өзін-өзі ұстау дағдысы;

уақытқа бейімделу дағдысы.

Алынған дағдылардан біліктілік қалыптасады. Шешен білуі тиіс:

сөз сөйлеуді дербес дайындауды;

материалды анық және сенімді беруді;

тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беруді;

аудиториямен байланыс орнату және ұстап тұру;

техникалық, аудиобейне құралдарын, көрнекілікті және т.б. қолдануды.

Егер де сөйлеушінің қандай да бір дағдылары мен біліктілігі болмаса, онда оның сөзі тиімсіз болуы мүмкін.

Көпшіліктің алдында сөйлеу табысы – сөйлеушінің сөйлеу тақырыбын білуіне байланысты болады. Егер де шешен өз сөзінің тақырыбын жақсы білсе, онда ол көп қызық нәрсені айта алады және тыңдаушылардың ынта-ықыласына бөленеді.

Шешен адамның эрудициясы мол, көп оқығандығы, ғылым мен техниканың, әдебиет пен өнердің, саясат пен юрисдикцияның әртүрлі салаларынан хабардар болуы тиіс.

Көпшілік алдына сөз дайындаған кезде шешеннің алдында өз сөзін сөзбен қалай жақсы ресімдеу, оның жазбаша мәтінін міндетті түрде жасау керек пе деген сұрақ тұрады. Шешендік шеберліктің антикалық теоретиктері сөйлейтін сөзді жазуды оны дайындаудың жалғыз лайықты тәсілі деп санаған: «кімде­кім жазба жұмыста­ рына әдетімен шешендік өнерге кірсе, сол адам тіпті, жазылуы бойынша ешбір дайындықсыз сөйлеу қабілетін әкеледі» – деп Цицерон айтқан болатын.

Біздің заманымыздың көптеген тәжірибе- лі шешендері, белгілі саяси қайраткерлері сөйлейтін сөздің мәтіні алдын ала жазылуы тиіс деп санайды. Алдын ала дайындалған сөздің мәтіні шешенге сенімділік ұялатады, оған сөйлеу алдындағы толқуды жеңуге көмектеседі.

Мәтінді жасау үдерісі шешеннің ой еңбегін белсендіреді, оның мәселенің мәніне терең үңілуіне және өз ойын нақты көрсетуге мүмкіндік береді. Сосын, сөйлеу мәтіні дайын болған соң, оны әріптестеріне, таныстарына немесе туыстарына оқыған жөн, мамандармен келіскені, айтылған ескертпелерге сәйкес түзетулер енгізгені абзал.

Сөйленетін сөз мәтіні дайын. Жай ғана шығып, оны оқып өтуіне болады, алайда олай сөйлеу шешенге табыс әкелмейді. Тыңдаушылар қағазға қарап оқығанды қабылдамайды, өйткені аудиториямен жанды байланыс орнамай отыр.

Кейбіреулер сөздің мәтінін жаттап алғысы келеді. Жекелеген жағдайларда, егер мәтін кішкентай болса, онда болады. Алайда, егер айқара бет материалмен шығып сөйлеу керек болса: баяндама, лекция, хабарлама, онда ең жақсы тәсіл мәтінге сүйеніп сөйлеу. Бұл нені білдіреді? Алдымен жазылғанды ой елегінен өткізу керек. Содан кейін тиісті деңгейде сөздің мәтінін дайындау қажет: шешен мысалға келтіретін және т.б. белгілеп, негізгілерінің астын сызып, атауларды, терминдерді, цитаталарды бөліп көрсету керек. Ондай мәтінді жеңіл пайдалануға болады: ойдың берілуін қалпына келтіру үшін бетіне қарау және керекті материалды табу қажет. Мәтінге сүйеніп сөйлеп шығу шешенге тыңдаушылармен тілдескенде сенімділік береді.

Көпшіліктің алдында сөйлеудің ең жоғары шеберлігі – бұл ешқандай жазусыз, мәтінге сүйенбей сөйлей білу. Сөйлеудің осындай тәсілі импровизация деп аталады және ол тек өте тәжірибелі кәсіби мамандар үшін жарамды. Импровизация алдын ала алынған білімдердің базасында ғана мүмкін. Кейде алдын ала дайындықсыз экспромтпен сөйлеуге тура келеді. Ондай жағдайда сөйлеудің жоспарын жылдам жасауға тура келеді. Француздар жақсы дайындалған экспромт – ең жақсы экспромт деп бекер айтпайды.


жүктеу 62,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау