Дипломат (шешендердің) этикеті Халықаралық қатынастардағы шешендіктеріне орай оқиғасы



жүктеу 62,16 Kb.
бет2/11
Дата26.01.2022
өлшемі62,16 Kb.
#35172
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
13. Халықаралық қатынастардағы шешендік өнер

Шешен тұлғасының сипаттамасы. Көпшіліктің алдында сөйлейтін адам аудиторияның назарында болады. Тыңдаушылар сөзбен бірге, тұлғаның сыртқы келбетін, мінез-құлығын, жеке қасиеттерін де қабылдайды және бағалайды. Сондықтан да шешенге жай ғана мынадай қасиеттер керек: әсерлілік, әртістік, сенімділік, объективтілік, қызығушылық. Әрбір адам жақсы шешен бола ала ма? Біреулері, адамға шешен­ дікті табиғат береді, дейді, екіншілері, жоға­ рыда көрсетілген қасиеттерді адамдар ала­  ды, сосын өздерін тәрбиелеу арқылы жетеді, дейді. Көне Римнің мыңдаған жылдар бұрынғы әйгілі шешені және теоретигі Марк Туллий Цицерон  айтқан:  «Poetae  nascuntur,  oratores flunt» «Ақын болып туады, шешен болып шығады («поэтами рождаются, ораторами становятся») Шешендік өнерде шешеннің адамгершілік көзқарасы маңызды, сөзінің мазмұнына оның моральдік жауапкершілігі бар. Трибунада сөйлеп тұрған адамның адамгершілігі болуы өте маңызды, оның сөзі адамдардың тағдырына, олардың ақыл-ойына әсер етуі мүмкін. Рим шешені Квинтилиан шешеннің тұлғасына қойылатын талабын мына афоризмінде көрсеткен: «егер жақсы шешен болғың келсе, онда жақсы адам бол».

Ал көне грек шешені Горгий адамдардың тағдырына шешендік сөздің ықпал етуі туралы айтқан: «Сөз дегенің ұлы билеуші, ол... керемет істер жасайды, өйткені ол қорқынышты қуады,қайғыны жояды, қуаныш ұялатады және қоса уайымдауды оятады». Тарихшылар, еркін пікір алмасудың ең маңызды шарты басқарудың демократиялық түрі екенін айтады, сондықтан да шешендік өнерді «демократияның рухани ұлы» деп атайды. Тарихи мысал ретінде әрқилы мемлекеттік құрылымы бар Спарта мен Афинаны салыстырады. Казармалық спарта мемлекеті соңындағы ұрпақтарына лайықты ешнәрсе қалдырмады, ал Афинадағы басқарудың демократиялық түрі даңқты шешендерін, ойшылдарын, ақындарын қалдырды.

Шешендік өнер бұл тарихи құбылыс деп сипатталады және өз заманының қоғамдық мүдделерін ескеруі тиіс. Әрбір тарихи дәуір өз шешеніне өз міндеттері мен өз талаптарын ұсынады.

«Шешендік өнердің тағы бір ерекшелігі, ол философиямен, психологиямен, педагогикамен, логикамен, тіл білімімен, этикамен және эстетикамен тығыз байланысты. Лингвистер мысал үшін, ауызша сөйлеу мәдениетінің теориясын әзірлейді және шешендік өнерді қалай меңгеру керек, ана тілінің байлығын және алуан түрлігін қалай пайдалану керектігі жайлы кеңестер береді. Психологтар сөзбен ықпал етудің және қабылдаудың мәселелерін қарастырады, адамдардың әлеуметтік-психологиялық қауымы ретінде шешен тұлғасының және аудитория назарының психологиясын зерттейді. Логика ғылымы ойдың тізбектей және қалыпты берілуін, дәлелдер қабылдау мен әрқилы пікірлерді теріске шығаруды оқытады [4, 47 б.].

Шешендік өнер тарихы тарихтың керемет бір парағын жасайды, ал өткеннің даңқты шешендерінің тәжірибесімен танысу қазіргі шешендік мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді.

Шешендік өнер бір мезгілде әртүрлі елдерде: Ежелгі Грецияда, Римде, Ассирияда, Египетте, Вавилонда, Индияда пайда  болды.  Көне Грецияда ол Платон, Демосфен, Демокрит, Аристотель секілді есімдермен байланысты болды. Бұл философтар – ағартушылар, шешендік өнердің барлық түрін керемет меңгергендер, ал риторика «барлық өнердің патшасы» деп саналды. Аристотель өзінің «Риторика» деген ғылыми трактатында сендіретін сөздің әрекеті сөйлеушінің адамгершілік сипатына, сол сөздің сапасына және тыңдаушылардың көңіл-күйіне байланысты болатынын алғаш анықтаған.

Б.з.д. V ғасырдың екінші  жартысында  көне Грецияда эллинистік шешендік билік құрды. Оның өкілдері – аттицист деп аталатын Дионисий, Деметрий болды, олар сөз тазалығының жақтастары болды, олар сөздің нәзік бейнелілігі мен интеллектін уағыздады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, шешендік өнер өркендеуінің шарты – мемлекетті басқарудың демократиялық түрі болып саналды. Атап айтқанда, осы жылдары Греция өркендеді. Бұл Периклдың мысалынан көрініп тұр, ол Афинаны 15 жыл бойы басқарды және керемет шешен болды; замандастары ол туралы «оның аузында сендіру құдайы ұйықтаған» деп айтқан.

Өз заманының керемет шешендері, Шығыстың прогрессивті ойшылдары мен ақындары болды: Әлішер Науаи, Шерози, Абу Али Ибн Сина.

Әсіресе, құрметті және табысты шешендік өнер Көне Римде болды. Аудиторияны сендіре білуді саяси мансапқа дайындалған адамдар жоғары бағалаған.

Рим шешендерінің алғашқыларының бірі Үлкен Марк Катон болды. Өзінің шешендік дарындылығы арқасында ол Сенаттағы құрметті лауазымға ие болды.

Сол заманның аса ірі саяси қайраткері Марк Туллий Цицерон (б.з.д. 106-43 жж.) болды. Оның трактаттары антикалық риториканың бай тәжірибесін және оның өзіндік тәжірибесін бейнелейді. Атап айтқанда, мына фразаны: «Адамды құрметтің ең жоғары сатысына шығаратын екі өнер бар: бірі – бұл жақсы әскери басшы болу өнері, екіншісі – жақсы шешен болу өнері» сол айтқан. Ол, шешендік өнердің негізі – сөйлеу тақырыбын терең білу, табиғи дарындылық, ой мен сезімнің тірілігі деп санаған.

Атақты рим шешені Марк Фабий Квинтилиан (б.з.д. 35-100 жж.) он екі кітаптан тұратын «Риторикалық өсиет» жақсы жинақталған шығарманың авторы, шешендік ғылымға толық теориялық талдау береді.

Көне Греция мен Көне Римнің шешендері мен шешендік теоретиктері сөздің құпиясына үңіле білді, оның таным шекарасын кеңейтті, шешендік сөздің теориялық және тәжірибелік қағидаттарын жасай білді. Олардың жұмысында сендіру өнерінің соншалықты қызық және терең талданғаны сондай, қазіргі күні де, арада жүздеген жылдар өтсе де көкейтесті [1, 52 б.].


жүктеу 62,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау