58. Қағидалардың 47 және 48-тармақтарында көрсетілген газ тасушыларда жүк операциялары
бойынша бастапқы немесе кеңейтілген даярлаудан өту туралы куәлігі бар теңізшілер төмен
температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде қызмет өту үшін бастапқы даярлаудан өтуі
туралы куәлігін алады. Осы куәліктің иесі оның жарамдылық мерзімін әр 5 жыл сайын ұзартады.
Ол үшін ол ТДВА кодексі А-V/3 бөлімінің 1-тармағына сәйкес, төмен температурада тұтанатын
отынымен істейтін кемелерде қызмет өту үшін бастапқы даярлау бойынша біліктілікті арттыру
курсынан өтеді.
59. Капитан, аға механик және төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін
кемелердегі жанармайды пайдалануға және жанармай жүйесіне жауапты әр теңізшіде ТДВА V/3
ережесінің 7-тармағына сәйкес төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде
қызмет үшін кеңейтілген даярлау бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі бар, ТДВА
кодексі А-V/3 бөлімінің 2-тармағына сәйкес төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін
кемелерде қызмет үшін кеңейтілген даярлау бойынша курсынан өтеді және ТДВА кодексі А-V/3
бөлімінің 8.2-тармағына сәйкес төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кеменің
бортына жанармайды қабылдау бойынша кемінде 3 операцияларды қосқанда 1 айдан кем емес жүзу
өтілі болу және онда төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде қызмет үшін
бастапқы даярлаудан өту туралы куәлігі болады.
60. Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген "Газ тасушы танкерлерінде жүк операцияларын
жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі
бар теңізші ТДВА V/3 ережесінің 6 және 8-тармақтарына сәйкес болған және газ тасушының
бортында 3 тиеу-түсіру операцияларына қатысқан жағдайда төмен температурада тұтанатын
отынымен істейтін кемелерде жұмыс істеу үшін кеңейтілген даярлаудан өту туралы куәлігін
алады. Осы куәліктің жарамдылығын иелері әр 5 жыл сайын растайды. Ол үшін олар ТДВА кодексі
А-V/3 бөлімінің 2-тармағына сәйкес төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде
қызмет өту үшін кеңейтілген даярлау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
61. Полярлы суларда жұмыс істейтін капитанда, капитанның көмекшісінде ТДВА V/4
ережесінің 2-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелер үшін бастапқы даярлау
бойынша куәлігі болады және ТДВА кодексі А-V/4 бөлімінің 1-тармағына сәйкес полярлы суларда
жұмыс істейтін кемелер үшін бастапқы даярлау бойынша курсынан өтеді.
Полярлы суларда жұмыс істейтін кемелерде қызмет үшін бастапқы даярлаудан өту туралы
куәлігінің иелері әр 5 жыл сайын өз куәліктерінің мерзімін ұзартады. Ол үшін олар ТДВА
кодексі А-V/4 бөлімінің 1-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелерде қызмет
өту үшін бастапқы даярлау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
62. Полярлы суларда жүзетін кеме капитанында және капитанның аға көмекшісінде ТДВА V/4
ережесінің 4-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелерде қызмет өту үшін
кеңейтілген даярлау бойынша куәлігі болады және ТДВА кодексі А-V/4 бөлімінің 2-тармағына
сәйкес полярлы суларда жүзетін кемелер үшін кеңейтілген даярлау курсынан өтеді және полярлы
суларда 2 айдан кем емес жүзу өтілі, сондай-ақ полярлы суларда жүзетін кемелер үшін бастапқы
даярлау бойынша куәлігі болады.
Полярлы суларда жүзетін кемелер үшін кеңейтілген даярлау бойынша куәліктің иесі
жарамдылық мерзімін әр 5 жыл сайын ұзартады. Ол үшін ол ТДВА кодексі А-V/4 бөлімінің 2-
тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелерде жұмыс істеу үшін кеңейтілген
даярлау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
63. Кемелердің ластану қауіпсіздігі және болдырмау үшін жауапты теңізшіде, сондай-ақ
жолаушылар кемесінің барлық қызметшілерінде ТДВА VI/1 ережесіне сәйкес "Барлық теңізшілер
үшін қауіпсіздік мәселелері бойынша бастапқы даярлау және нұсқаулық" бағдарламасы бойынша
теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі және ТДВА кодексі A-VI/1 бөлімінің 2-тармағына сәйкес
бастапқы даярлау курсынан өту растамасы болуы тиіс.
64. СОЛАС конвенциясының III-тарауының 10-ережесіне сәйкес құтқарушы кеме үшін жауапты
теңізшіде ТДВА VI/2 ережесінің 1-тармағына және ТДВА кодексі A-VI/2 бөлімінің 1-4-
тармақтарына сәйкес "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен
салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын
даярлау куәлігі, сондай-ақ 6 айдан кем емес жүзу өтілі болады.
65. Шапшаң құтқарушы катерлерді пайдалану үшін жауапты теңізшіде ТДВА VI/2 ережесінің
2-тармағына және ТДВА кодексі A-VI/2 бөлімінің 7-10-тармақтарына сәйкес "Шапшаң кезекші
қайықшалар бойынша маман" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі,
сондай-ақ "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және
кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі
болады.
66. Кеменің өртке қарсы қауіпсіздігі үшін жауапты теңізшіде ТДВА VI/3 ережесінің және
ТДВА кодексі А-VI/2 бөлімінің 1-4-тармақтарына сәйкес "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен
күрес" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болады.
67. Қағидалардың 63-тармағынада көрсетілген теңізшілерден басқалары кемедегі жұмысты
бастамас бұрын ТДВА VI/1 ережесінің 1-тармағына сәйкес қауіпсіздік бойынша таныстыру
курсынан өтеді. Осы даярлау ТДВА кодексі А-VI/1 бөлімінің 1-тармағына сәйкес келеді.
Қағидалардың 53-тармағында көрсетілген теңізшілер кемедегі жұмысты бастамас бұрын ТДВА VI/1
ережесі 1-тармағының 3), 4), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес қауіпсіздік бойынша таныстыру
даярлауынан өтеді. Капитан осы курсты өткен қызметшілер туралы барлық жазбаларды кеме
бортында сақтайды.
68. Қағидалардың 63, 64, 65 және 66-тармақтарында көрсетілген куәліктердің иесі әр 5
жыл сайын куәліктің мерзімін ұзартады. Ол үшін ол ТДВА кодексі A-VI/1 бөлімінің 3-тармағына,
A-VI/2 бөлімінің 5-тармағына, A-VI/2 бөлімінің 11-тармағына, A-VI/3 бөлімінің 5-тармағына
сәйкес курстарынан өтеді.
69. Кемені кузету үшін жауапты теңізшіде ТДВА VI/5 ережесіне және кодексінің A-VI/5
бөліміне сәйкес "Кеменің командалық құрамының кемені күзету үшін жауапты тұлғаларын даярлау"
бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі, сондай-ақ 1 жылдан кем емес жүзу
өтілі болады.
70. Кемені күзету бойынша жоспарда көрсетілген күзет бойынша ерекше міндеттері
жүктелген теңізшілерде, Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген теңізшілерден басқа, ТДВА VI/
6 ережесінің 4-6-тармақтарына сәйкес "Күзету мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған
даярлау немесе нұсқау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі және ТДВА
кодексі А-VI/6 бөлімінің 6-8-тармақтарына сәйкес күзету бойынша белгіленген міндеттері бар
теңізшілерді даярлау курсынан өту туралы растамасы болады.
71. Қағидалардың 69 және 70-тармақтарында көрсетілген теңізшілерден басқа теңізшілерде
ТДВА VI/6 ережесінің 1-2-тармақтарына сәйкес "Күзету мәселелері бойынша барлық теңізшілерге
арналған даярлау немесе нұсқау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі
және ТДВА кодексі А-VI/6 бөлімінің 4-тармағына сәйкес күзет мәселелері жөнінде
ақпараттандыру бойынша курсынан өту туралы растамасы болады.