Диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі №504



жүктеу 257,89 Kb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата21.12.2017
өлшемі257,89 Kb.
#5146
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

      34. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің 

екінші механигінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/2 ережесінің 2-тармағына 

сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:

      1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің 

вахталық механигінің кәсіби дипломы;

      2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің 

вахталық механигі немесе механиктің көмекшісі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі.

      35. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің аға механигінің 

кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/3 ережесінің 2-тармағына сәйкес болуы тиіс 

және онда мыналар болуы қажет:

      1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің екінші механигінің

кәсіби дипломы;

      2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің 

екінші механигі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі.

      36. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің аға

механигінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/2 ережесінің 2-тармағына сәйкес 

болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:

      1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің 

екінші механигінің кәсіби дипломы;

      2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің 

вахталық механигі ретінде 24 айдан кем емес немесе екінші механик ретінде 12 айдан кем емес 

жүзу өтілі.

      37. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің 

электромеханигінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/6 ережесінің 2-тармағына 

сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:

      1) куәландырылған білім беру ұйымы берген "Теңіз техникасы және технологиялар" 

мамандығы бойынша диплом;

      2) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен 

нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек 

көрсету", "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және 

кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламалары бойынша теңіз көлігі маманын даярлау 

куәліктері.

      38. ҚБЖТЖ шектеулі әрекет ету радиооператорының кәсіби дипломын алу кезінде кандидат 

ТДВА IV/2 ережесінің 2-тармағына және Радиобайланыс регламентіне сәйкес болуы, ТДВА 

кодексінің А-IV/2 бөліміне сәйкес шектеулі жүзу ауданындағы теңіз радиобайланысы 

операторлары үшін курсты өту туралы куәлігі болуы тиіс.




      39. ҚБЖТЖ радиооператорының кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА IV/2 ережесінің 

2-тармағына және Радиобайланыс регламентіне сәйкес болуы, ТДВА А-IV/2 кодексінің бөліміне 

сәйкес теңіз радиобайланысы операторлары үшін курсты өту туралы куәлігі болуы тиіс.

      40. Қағидалардың 26, 27 және 31-тармақтарында көрсетілген кәсіби дипломдарды алу 

кезінде кандидаттың ТДВА кодексінің A-II/2 бөліміне сәйкес мынадай білім мен дағдылары болуы

тиіс:


      1) іздеу мен құтқару операцияларын үйлестіру;

      2) авария жағдайлары кезіндегі іс-қимылдар;

      3) теңіздегі адам өмірін және теңіз ортасын қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын 

орындауды бақылау;

      4) кеменің құтқару, өртке қарсы және басқа да қорғау жүйелерін жұмыс қалпында ұстау 

жолымен авария жағдайында кеменің экипаж бен жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      5) авария жағдайлары кезінде іс-қимылдардың және кеме жасампаздығының жоспарларын 

әзірлеу;


      6) көшбасшылық және басқару дағдылары.

      41. Қағидалардың 33 және 34-тармақтарында көрсетілген кәсіби дипломдарды алу кезінде 

кандидаттың ТДВА кодексінің A-III/2 бөліміне сәйкес мынадай білім мен дағдылары болуы тиіс:

      1) авария жағдайлары кезіндегі іс-қимылдар;

      2) теңіздегі адам өмірін және теңіз ортасын қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын 

орындауды бақылау;

      3) кеменің құтқару, өртке қарсы және басқа да қорғау жүйелерін жұмыс қалпында ұстау 

жолымен авария жағдайында кеменің экипаж бен жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      4) авария жағдайлары кезіндегі іс-қимылдардың және кеме жасампаздығының жоспарларын 

әзірлеу;


      5) көшбасшылық және басқару дағдылары.

      42. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта

құрамындағы матростың кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/4 ережесіне сәйкес болуы 

тиіс және онда мыналар болуы қажет:

      1) капитан, капитанның вахталық көмекшісі немесе білікті матростың басқаруымен жалпы 

сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі палуба командасының құрамында 6 

айдан кем емес жүзу өтілі (тиісті жазбалар дайындықты тіркеу кітапшасына енгізіледі);



      2) жүзу өтілін өткеннен кейін ТДВА кодексінің А-II/4 бөліміне сәйкес құзыреттілігін 

мақұлданған бағасы;

      3) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен 

нұсқау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.

      43. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі бірінші санаттағы 

матростың кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/5 ережесіне сәйкес болуы тиіс және 

онда мыналар болуы қажет:

      1) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта 

құрамындағы матростың кәсіби дипломы;

      2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі палуба командасының

құрамында 18 айдан кем емес жүзу өтілі;

      3) жүзу өтілін өткеннен кейін ТДВА кодексінің А-II/5 бөліміне сәйкес құзыреттілігін 

мақұлданған бағасы;

      4) "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және 

кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.

      44. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі 

машиналық вахта құрамындағы мотористтің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/4 

ережесіне сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:

      1) аға механиктің немесе басшы құрамының өзге де тұлғасының басқаруымен дайындықты 

өтетін матрос ретінде бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын 

кемедегі машина бөлімінде 6 айдан кем емес жүзу өтілі (тиісті жазбалар дайындықты тіркеу 

кітапшасына енгізіледі);

      2) жүзу өтілін өткеннен кейін ТДВА кодексінің А-III/4 бөліміне сәйкес құзыреттілігінің

мақұлданған бағасы;

      3) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен 

нұсқау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.

      45. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі 

бірінші санаттағы мотористтің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/5 ережесіне 

сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:

      1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі 

машиналық вахта құрамындағы мотористтің кәсіби дипломы;

      2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі 

машина бөлімінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі;



жүктеу 257,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау