Шымкент көпсалалы колледжінің
студенттеріне арналған ішкі тәртіп ережесінің жинағы.
Шымкент көпсалалы колледжінің студенттері өздеріне білім мен тәрбие алуды мақсат
етіп отырулары қажет. Сыртқы келбеті мен ішкі дүниесі үйлесімді болу керек, бойындағы
барлық жақсы қасиеттері колледж талаптарымен сай болуы қажет. Алдарына қойған
мақсаттарын жүзеге асыру үшін мынадай ережелерді ұстану қажет.
Шымкент көпсалалы колледжінің студенттерінің сыртқы
адамгершілік келбеті мен негізгі ережелер.
1. Студенттердің негізгі құқықтары
Колледж студенті төмендегі құқықтарға ие:
1.1 Мемлекеттік білім стандарты негізінді оқуға және қосымша сондай-ақ ақылы білім
алуға
1.2 Өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, өзіндік ой- пікірін білдіруге
1.3 Оқу мекемесінің басқару органдары мен коғамдық ұйымдар арқылы колледждегі
студенттерге қатысты мәселелерді талқылауға және шешім қабылдауға
1.4 Топ жетекшінің және оқытушылардан өзінің қиындықтары туралы хабарлап көмек,
түсінік және кеңес алуға
1.5 Колледждің кітапханасы, оқу- әдістемелік және басқа бөлімшелердің қызметін тегін
пайдалануға
1.6 Оқудағы жетістіктері үшін мадақталуға
1.7 Колледждің қоғамдық жұмысына белсене араласуға
1.8 өзінің адамдық қасиеттерін құрметтелуіне
2. Студенттердің негізгі міндеттері
Колледж студенттерінің міндеттері:
2.1 Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға, өз елінің Конституциясын білу
және оны сақтау, Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу, ұлттық салт-
дәстүрлерді құрметтеу;
2.2 Теориялық білімдерді, тәжірибелік дағды мен таңдап алған мамандығы бойынша
қабілетті, жүйелі әрі терең меңгеру;
2.3 Кез келген антиконституциялық және антиқоғамдық құбылыстарға қарсылық білдіру;
2.4 Үнемі өзінің рухани және кәсіби деңгейін жоғарлатумен жұмыс істеу;
2.5 Колледждің ережелерін және ішкі тәртіпті негізге алу;
2.6 Міндетті оқу және тәжірибелік жұмыстарға қатысу;
2.7 Оқу жоспары мен бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды белгіленген уақытта
орындау;
2.8 Еңбексүйгіштікке тәрбиелейтін, қоғамдық пайдалы іске белсенді қатысу, колледжде
өз-өзіне қызмет жасау және өзін - өзі басқару;
2.9 Барлық өзіндік форманы сақтау және нығайту;
2.10 Жетіспеушіліктерге шыдамдылықпен қарау, белсенді қарқында орын алу, колледждің
қоғамдық өміріне қатысу. Колледж басшылары мен оқытушыларының талаптарымен
келісе отырып, өзін-өзі таныту, бірге оқитын студенттер мен мекеме жұмысшыларының
беделі мен абыройын құрметтеу, адамдарға жылы ниетпен қарау;
2.11 Өзінің сыртқы түр-сипатын бақылау:өзін- өзі ұстау, киім талғамы, қарапайымдылық;
2.12 Оқу мекемесі өткізетін оқушылармен кәсіптік бағдар жұмысына және қоғамдық
мерекелерге қатысу;
2.13 Колледж аудиториясына кіріп келе жатқан оқытушымен, топ жетекшісімен
студенттер орнынан тұру белгісімен адамдасады;
2.14 Оқу үрдісі кезінде студенттер оқытушының баяндамасын және достарының жауабын
мұқият тыңдап, аудиторияда сөйлеспеу және өзге іспен айналыспау, оқытушының барлық
талаптарын орындау. Жауап беру және сұрақ қоймас бұрын орнынан тұру және
оқытушының рұқсатымен отыру.
2.15 Оқытушылардың немесе әкімшіліктің рұқсатынсыз студенттерге зертханадан, оқу
және өзге де кабинеттерден заттар мен әр түрлі құрал- жабдықтарды шығаруға болмайды.
Өзге жұмыстар мен әңгімелерге назар аударуға рұқсат етілмейді;
2.16 Студент оқуға ауырып немесе өзге себептерге байланысты келе алмаған жағдайда
топтың басшысына хабарлау керек, ал топбасшысы бұл жөнінде топ жетекшісіне ескертуі
қажет. Денсаулығына байланысты болса, студент топ басшысына ауырғаны жөніндегі
тиісті формадағы анықтама қағазын өткізеді;
2.17 Колледж студенттеріне темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға
тиым салынады;
2.18 Лабораторияларда, клиникалық дәрісханаларда тек көрсетілген құралдармен жұмыс
жасау қажет.
2.19 Сабақ уақытысында оқу процесіне кедергі жасайтын түрлі құралдарды қолдануға
тиым салынады (ұялы сымтетік, МР3, IPAD, т.б.);
2.20 Оқу корпусына нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік ымырасыздық және
айырықшылықтарды насихататуға, халықаралық құқық пен ізгіліктің принциптеріне
қайшы келетін өзге идеяларды таратуға және хиджаб киюге рұқсат етілмейді.