Диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі №504



жүктеу 257,89 Kb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата21.12.2017
өлшемі257,89 Kb.
#5146
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

      2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі бірінші санаттағы 

матрос;


      3) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі 

машиналық вахта құрамындағы моторист;

      4) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі 

бірінші санаттағы моторист;

      5) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің 

электригі.

      10. Тізбесі және нысандары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 

міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 362 

 (Нормативтік құқықтық 

бұйрығымен

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11173 болып тіркелген) бекітілген теңіз көлігі 

мамандарын даярлаудың тиісті куәліктері кеменің мынадай түрлерінде жұмыс істейтін 

теңізшілерде болулары тиіс:

      1) мұнай танкерлері, химия тасушылары, газ тасушылары;

      2) жолаушылар кемелері;

      3) Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға, түзетулеріне, (бұдан 

әрі – СОЛАС конвенциясы) сәйкес тұтанудың төмен температурасымен отынында жұмыс істейтін 

кемелер;


      4) СОЛАС конвенциясына сәйкес поляр суларында пайдаланатын кемелер;

      5) СОЛАС конвенциясына сәйкес жоғары жылдамдықтағы кемелер.

      Мұнай танкерлері, химия тасушылары немесе газ тасушыларында жұмыс істейтін капитандар 

мен басшы құрамы тұлғаларының кәсіби дипломдарында теңіз көлігі мамандарын даярлаудың тиісті

куәліктерінің растамалары болады.

      11. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеме екінші

механигінің кәсіби диплом иесіне бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын 

кеме аға механигінің лауазымын атқаруға рұқсат етіледі.

      12. Кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасының бланкілерінде енгізілетін жазулардың 

сақталуын арттыруға арналған және бланкілерді және оларға жүргізілген жазуларды қолдан 

жасаудан қорғау үшін қосымша арнайы әзірленген элементтер қолданылады.

2-тарау. Теңізшілерге диплом беру тәртібі

1-параграф. Кәсіби дипломды беру, ұзарту және алып қою

      13. Кәсіби дипломды алуға кандидат Порттың теңіз әкімшілігіне мынадай құжаттарды 

ұсынады:



      1) Қағидаларға 

 сәйкес нысан бойынша Порттың теңіз әкімшілігі басшысының 

1-қосымшаға

атына өтініш;

      2) 3 х 4 см сурет – 2 дана;

      3) Қазақстан Республикасының теңізші жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының 

көшірмесі (болған жағдайда);

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) Қағидалардың 25-74-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес болуы туралы 

құжаттардың көшірмелері;

      6) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 

2015 жылғы 27 наурыздағы № 364 

 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

бұйрығымен

тізілімінде № 11546 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша медициналық қорытындының (

бұдан әрі – медициналық қорытынды) көшірмесі.

      14. Теңіз порты әкімшілігіне ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды расталады. 

Бұл ретте шетел тілдеріндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен 

нотариалды расталып ұсынылады.

      15. Кәсіби дипломын беру туралы өтінішті қарау мерзімі – өтінішті тіркеген сәттен 

бастап 15 жұмыс күні.

      16. Кәсіби дипломын беруден бас тартуға негіздер мыналар болып табылады:

      1) осы Қағидалардың 13-тармағымен көзделген қажетті құжаттардың толық емес топтамасын 

ұсыну;


      2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) 

анық еместігі анықталғанда;

      3) өтініш беруші және (немесе) ұсынылған құжаттардың Қағидалардың 25-74-тармақтарына 

сәйкес келмеуі.

      17. Кандидат осы Қағидалардың талаптарына сай болуы кезінде Қағидалардың 15-тармағында

көрсетілген мерзімдерде кәсіби дипломдардың тізіліміне кәсіби дипломды беру туралы ақпарат 

енгізіледі және кәсіби диплом беріледі.

      Қағидалардың 16-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, құжаттарды ұсынған 

өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімдерде

жолданады.

      18. Кәсіби дипломды жоғалтқан, бұзылуы кезінде Теңіз портының әкімшілігі өтінішті 

қабылдағаннан кейін екінші жұмыс күні өтініш берушіге тиісті құжаттың телнұсқасын береді.




      19. Кәсіби дипломның жарамдылық мерзімі өткенге дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей осы

дипломның иесі оның мерзімін ұзарту үшін Порттың теңіз әкімшілігінің басшысының атына еркін 

нысандағы өтінішті, сондай-ақ мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

      1) медициналық қорытынды;

      2) алдыңғы 5 жыл ішінде жалпы 1 жыл мерзімде немесе тікелей мерзімді ұзарту алдында 6 

ай ішінде 3 ай бойы кемеде жұмыс істеу туралы растайтын құжаттар және кәсіптік дипломға 

немесе теңіз көлігі саласында:

      Кеме жүргізушілері үшін:

      1) лоцман;

      2) танылған сыныптау қоғамының инспекторы;

      3) кемелерді тексеру қызметі кіретін Порттың теңіз әкімшілігінің қызметкері;

      4) басқарушы лауазымындағы кеме қатынасы компаниясының қызметкері;

      5) штурман немесе кеме жүргізуші біліктілігі бар әскери-теңіз флотының офицері.

      Кеме механиктері үшін:

      1) танылған сыныптау қоғамының инспекторы;

      2) кемелерді тексеру қызметі кіретін Порттың теңіз әкімшілігінің қызметкері;

      3) кеме қатынасы компаниясының техникалық инспекторы;

      4) электростанцияда жұмыс істейтін инженер;

      5) теңіз құрылғыларында жұмыс істетін инженер;

      6) инженер немесе кеме механик біліктілігі бар әскери-теңіз флотының офицері;

      7) ТДВА VI/1, VI/2 және/немесе VI/3 ережелеріне сәйкес біліктілікті арттыру 

курстарынан өту туралы құжаттар.

      20. Мұнай танкерлері, химия тасушылары, газ тасушыларында қызмет ету үшін даярлық 

растаудың қолданылу мерзімін ұзарту үшін қолданыстағы растауда көрсетілген функцияларды 

орындаған, өткен 5 жыл мерзімінде 3 айдан кем емес жүзу тәжірибесі туралы құжат не тиісті 

курстарды аяқтағандығы туралы растау құжаты ұсынылады.




жүктеу 257,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау