Диплом жұмысы «Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе» Орындаған: 090240 «Халықаралық құқық»


АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері



жүктеу 1,04 Mb.
бет3/6
Дата27.11.2017
өлшемі1,04 Mb.
#1996
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

2.2 АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері
АҚШ-тың ғылымдары берген анықтама бойынша: «сыбайлас жемқорлық – бұл саяси қайраткерлердің, мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің, жеке кәсіпкерлердің, өзге де тұлғалардың жеке басының, отбасының пайдасы үшін, әлеуметтік мәртебесін арттыру және материалдық жағдайын байыту мақсатында өздерінің ресми міндеттемелерін және мемлекеттік қызметтерін заңға қарсы пайдаланушылық».

АҚШ заңнамасында лауазымды тұлғалардың жемқорлығы ұғымы жеткілікті кең. Оған Заң жинағындағы 18 тарауының 4 бөлімінде қарастырылған құқыққа қайшы бірсыпыра әрекет кіреді: 1) Парақорлық - жария лауазымды тұлғалардың арам табыстары және өзінің қызмет бабын теріс пайдалану; 2) Лауазымды тұлғалар және жалдамалы қызметшілер; 3) Қорқытып алушылық және қатерлер; 4) Сайлау және саяси іс-әрекет. 1

Парақорлық үшін АҚШ-та қылмысты қудалауға пара алушылар ғана емес, пара берушілер де жатады. Пара беруде кез келген азамат жауапқа тартылады.1 АҚШ-та сыбайлас жемқорлық мәселесімен негізінен этика жөніндегі Сенаттың арнаулы комитеті және өкілдер Палатасының лауазымдық тұлғалардың қызметтік тәртібінің стандарты жөніндегі Комитеті айналысады. Басты үйлестіруші ведомство болып Әділет министрлігі бекітілген. 2

Әділет министрлігінде сыбайлас жемқорлықпен күресумен қылмысты іс басқармасы тікелей айналысады, қылмыстық заңдарды сақтауға бақылауды жүзеге асырады, ашық бизнес және кәсіби одақтарға қосымша кіріс және тиым салынған қызмет түрлерін бүркемелеу үшін ұйымдасқан қылмыстың енуін анықтайды. Сондай-ақ күресте Тексерудің Федеральдық бюросына маңызды рөл берілген.3 Екіншіден, прокуратура Пентагонның арнаулы бөлімдері, полиция, сот атқарады. Жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді Вашингтонның округтік федералды сотының арнайы бөлімшесі тағайындаған тәуелсіз прокурор қарастырады.

1978 жылы АҚШ конгресі «Үкіметтегі әдеп туралы» заңды қабылдады. Осы заңның дұрыс атқарылуын қадағалау үшін персоналды басқару бөлімінде «Үкіметтегі әдеп бойынша» бөлім құрылды. Бірақ осы көздеген мақсатқа жете алмады, осының нәтижесінде 1989 жылы «Әдеп туралы заңды реформалау жөнінде» заң қабылданды. Осы заң кейбір қалыпқа өзгерістер енгізді.4

АҚШ-та «Лоббистік қызметті федеральдық реттеу жөнінде»1964 жылы заң қабылданған, соған сәйкес Конгреске қысым жасайтын кез келген ұйым, өзінің лоббистерін тіркетуге және өздерінің мүддесін заң саласына хабарлаулары тиіс.5 Заңдар Жинағының 2 тарауында парақорлықтың әр түрлі формалары үшін қылмыстық жауапқа тартатын «Пара беру, пара беріп сатып алу, мүдделерлің жанжалы» деген 25 бап бар.

АҚШ–тың көптеген штаттарының қылмыстық кодекстері сыбайлас жемқорлықтың мынадай түрлерін қарастырады: мемлекеттік қызметкер қызмет бабымен байланысты жеке кәсіпорыннан қаржылай пайда табу; мемлекет қызметке біреуді тұрғызуға уәде беріп, сол үшін пара алу; жеке тұлғаға немесе кәсіпорынға банктен қарыз алу, үкімет кепілдік берген депозиттерді алу үшін пара алып ұйымдастыру; Фермерлік борышты ретке келтіргені үшін сыйақы қабылдау: АҚШ құндылықтар немесе пайда табу үшін жалған құжаттарға ие болуы; пошта ведомство ісінде жалған мекен жайлар жеке пайдасы үшін пайдалану және алаяқтық жасау; радио қатынасы және теледидар хабарлары саласында қасақана теріс пайдалану.

Американың заңдары мемлекеттік қызметкердің жанама жалақы табуға шектеу қояды. Жанама жалақы негізгі қызмет жалақысынан 15% аспауы тиіс. Егер мемлекеттік қызметкер қызметте болған кезде өкіметтік лауазымды адам түрінде нақты мәселелерді шешуге қатысса, ал жұмыстан кеткеннен кейін біреудің мүддесін ресми және басқа түрде болсын көздей алмайды. Бұзушылар ақша түрінде айыппұл төлейді немесе 20 жыл бас бостандығынан айырылады.1 АҚШ сенаторы сонымен қатар оның аппаратында жұмыс істейтін қызметкерлер жеке және заңды тұлғадан сыйлықтарды алуға тиым салған. Сенатордың өз туыстарынан басқа сыйлықтардың ал бағасы 300 доллардан аспауы тиіс, ал 75 доллардан аз болса онда ол жарияланбайды. Әдеп туралы заң жеке тұлғаларға іссапар түріндегі сыйлықтарға төлетуге шектеу қойған. Осы шектеулер сенат отбасының мүшелеріне таралады. АҚШ конгресі өкілетті палатасының мүшесіне 1 адамнан 1 жыл бойы 250 доллар салмағында сыйлық алуға болады. Әрбір 3 жыл сайын осы лимит қайтадан қарастырылады. Соның ішінде лауазымды адамдардың әйелдеріне 100 доллар шамасында сыйлық жасаған кезде оны бекітуге тиісті.2

Сыбайлас жемқорлыққа жауакершілікті қарайтын федералды заңдарды шартты түрде бірнеше категорияларға бөлуге болады: 1) бұл парақорлықты және осы сияқты қылмыстарды қуғындауды реттеуші, ресми әрекеттер жасағаны үшін қолданылатын заңдар. 2) категория мүдделердің жанжалын қарастырады. «Мүдделердің жанжалы» заңы мемлекеттік лауазымдық тұлғаларға және олардың нақты туыстарына лауазымды тұлға ықпал ете алатын, немесе өзінің қызмет бабы бойынша ақпаратқа ие болс, қаржы жағынан мүдделілікке тиым салынады. 3) категорияға мемлекеттік мекемелерді алдау кіреді. Негізінде, алдауды мемлекеттік мекемеде жұмыс істемейтін адамдар жасайды. Бұл қылмыс әдейі мемлекеттен материалдық немесе басқа да пайда табу мақсатымен маңызды ақпаратты жасыру немесе бұрмалау арқылы жасалады. 4) категорияға мемлекеттік органдарға ешқандай пайданы көздемей, жалған арыздар жазу.

Алайда, АҚШ ұлттық шекара аясында әрекет ететін жемқорлыққа қатысты ғана емес, халықаралық жемқорлыққа қатысты да заңнамалық бастамалар қабылдайды. АҚШ шетелдік шенеуніктерді параға жығуға тыйым салатын «Шетелдік жемқорлыққа қатысты тәжірибе туралы» 1977 жылы заң қабылдаған тұңғыш ел болды. 1

1985 жылы Канадада «Әдеп ережелері» атты кодекс қабылданды. Кодекс парақорлықты - Конституцияны бұзу және мемлекетке опасыздық жасаумен теңестіреді. Параны алған адам да, оны берген адам да қылмыстық жазалауға жатады. Осы ереженің басты мақсаты - «қоғамның мемлекеттік аппаратқа және оның қызметкерлеріне деген сенімді арттыру». 2

Осы кодекс 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы тәртіп негіздері жазылған. Мемлекеттік қызметкер осы қалыптан басқа тәртіп заңының талаптарын, өз мемлекетінің заңын және адам мен азаматтың құқық жөніндегі халықаралық-құқықтық актілерді сақтау тиіс, өздерінің қызметтік функцияларын атқарған кезде қоғамның өкілетке деген адалдығын, әділеттігін, объективтілігіне деген сенімін күшейтуге және сақтауға тиіс. Кәсіптік, жеке іс болмасын қоғамда оның заңдылығына деген елес күмәнін туғызуға тиіс емес. Бірақ осыған жету заңның қатал қадағалауы ғана жеткіліксіз. Мемлекеттік қызметке орналасқан кезде қызметкерлер «мүдде шиелінісі» пайда болу мүмкіндігін болдырмау үшін өздерінің жеке істерін қайта құруға тиіс. Егер ол туындаған жағдайда, оны қоғам мүддесіне қарай шешу керек. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік меншікті басқа бір мақсаттарға пайдалануға тыйым салынған. Кодекстің екінші бөлімінде мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті қызметіне қатысты нақты талаптар жазылған. Мақсаты - «мүдде шиеленісін» болдырмау және мемлекеттік қызметкер қызметке тағайындалғаннан кейін 60 күннің ішінде уәкілетті лауазымды адамға өз мүлкі жөнінде құпия баяндама беруі. Бұл тәртіпті қылмыстық, конституциялық және әкімшілік нормалармен реттелінеді. Кодекстің үшінші бөлімінде мемелекеттік қызметті тастағаннан кейін қызметкердің тәртібіндегі талаптар, оның мақсаты-мемлекеттік қызметте «мүдде шиелінісінің» нақты, әлеуметті мүмкіндіктерін азға жеткізу, мемлекеттік емес ұйымның атынан жұмыстан кеткеннен кейін өкілетті мекемелерге кіру мүмкіндігін, мемлекеттік қызметті тастағаннан кейін жұмыс іздеуге өзінің қызметін әділетсіз түрде пайдалану. Осы айтылған мақсаттарының бәрін мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметтен тыс жұмысқа орналасуға және іздеуге құқықсыз. Кодекстің үшінші бөліміндегі талаптарын орындамаған мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға ұшырайды. Кодекстің төртінші бөлімінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату, «мүдде шиеленісі» жөніндегі ережелерді қадағалау құқықтарын бекітеді.

АҚШ пен Канададағы мемлекеттік билік жүйесінде сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу мен жолын кесу тиімді әдістерінің бірі:

1. Өз мүддесіне қарай мемлекеттік мүлікті және ресурстарды пайдалануға шектеу қою. 2. Сыйлықтарды алуға тыйым немесе шектеу салу. 3. Үкіметті ведомство немесе министрлік алдына өтініш берген бұрыңғы мемлекеттік қызметкерлердің істеріне шектеу қою. 1

Қорыта айтқанда, АҚШ мен Канада заң жүйелері мемлекеттік қызметте мүдде шиелінісін болдырмайтын әкімшілік кодекс және тәртіптің әдеп қалыптарын қосады, осының нәтижесінде қызметкерлер арасындағы адалдық пен кәсіптіктің ең жоғары деңгейіне жетуін талап ететін мемлекеттік ресурстарды пайдалану.2 Осындай көргендей, АҚШ пен Канаданың мемлекеттік қызмет туралы заң жүйесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің қалыптасуына пайдаланған бірқатар тәсілдер бар.


    1. Сингапурдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасы

Сыбайлас жемқорлық - қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым. Оның жоғары деңгейдегі қоғамдық қауіптілігі - ол мемлекеттіліктің негізін құлдыратып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Ол бүкіл әлемдік мәселе, соның ішінде Сингапур – Азиядағы сыбайлас жемқорлық құбылысы мардымсыз елдердің бірі.3 Ол Швейцария мен Австралиядан кейінгі 3 орында деп жарияланған. Арнаулы зерттеулерге жүгінсек, ол 12 Азия мемлекеттерінің ішінде ең аз сыбайласқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық елдердің заңнамаларында қарастырылған, бірақ Сингапур үкіметі сияқты жүйелі, әрі қатаң заң талаптары - біраз елдерде ғана бар. 4 Сингапурдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өзінің жетістіктерімен таңдандырады. 1960 жылдан бастап мемлекет көшбасшылары бастаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жан-жақты бағдарламаны жүзеге асырды.1



Сыбайлас жемқорлық әрекетке қызығу себептерінің азаюы. 1959 жылы Сингапур мемлекеті өте кедей болғандықтан қызметкерлердің жалақысын көтере алмады. 2 Есесіне олар барлық заңдарында жемқорлықты туындататын мүмкіндіктерді жойды, әрі жемқорлық жасаған қылмыс үшін жазаны қатайта түсті. Экспремьер-министр Ли Куан Ю 1985 жылы 22 наурызда өткен парламентте жариялағандай, мемлекеттегі басшы қызметкерлер мен саяси көшбасшылардың жалақысын көтеру салдарынан – жемқорлықтың туындауына себеп болатын стимулдарды жояды. Себебі, оларға қажетті мөлшерде еңбекақы төленбесе, оларды жемқорлық әрекеттер нәтижесі қызықтырып, өз арнасына тартып әкетуі мүмкін. Осыған орай, Сингапур мемлекетінің мемлекеттік қызметшілерінің жалақысы 1973,1979,1982,1989 және 1994 жылдары біршама деңгейге көтерілді. Сонымен Сингапур мемлекетінің жемқорлыққа қарсы күрес 1960 жылдан бастап оң нәтижесін бере бастады: 1) жемқорлық әрекеттердің бой алуына кедергі болатын мүмкіндіктерді РОСА мен СРІВ-тің күрес тәсілдерін бірлесе қолдану арқылы қол жеткізді. 2) Саяси көшбасшылар мен басты мемлекеттік қызметшілердің жалақысын жоғарыда айтылған әрекеттерге бару мүмкіндіктерін азайту мақсатында кезең – кезеңімен көтеру арқылы оң нәтижелерге қол жеткізді.3 Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін айтқан кезде, белгілі бір шешімге келер алдында, екі бірдей күмәнді мәселенің басын ашып алған абзал. Біріншіден, Сингапурлық модельді басқа мемлекеттерге көшіріп, қондыра салу ақылға сыймайды, өйткені әр мемлекеттің өзіндік тарихи ерекшеліктері, географиялық, экономикалық, демографиялық және саяси ерекшеліктері бар. Екіншіден, тағы бір қателіктен сақтандырмаса болмайды, өйткені сингапурлық модель көп қаржылық шығындарды талап етеді. 1Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы заң талаптарын орындаудан жалтаруға мүмкіндік бермейтіндей өмірдің сан-алуан жағдайларын қарастыратындай жан-жақты мәселелерді қамтулары тиіс және өзекті мәселелерді қайталай қарастырып, қажетті жағдайда өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызу жағдайы да қарастырылуы абзал. Мемлекеттік қызметшілер мен саяси көшбасшылар арасында жемқорлық әрекеттерге баруды азайтудың жолдары ретінде олардың жалақылары мен кейбір берілетін жеңілдіктерін жеке сектордың деңгейіне салыстырмалы түрде тақатса, осы бағыттағы жұмыстың қомақты жетістігі болар еді. Басқа сөзбен айтсақ, саяси көшбасшы мен мемлекеттік қызметшілердің төмен жалақысы лауазымдық қызметтері мен жауапкершіліктерінің салмағына сәйкес болмағандықтан, жемқорлықтың түрлі сиқырына төтеп бере алмайды. Бірақ та, мемлекетте экономикалық деңгейдің дамуында белгілі бір алға жылжушылық пен қаржының қосымша көздері болмаса, үкімет бұл қызметшілердің жалақысын көтеруге мүмкіндігі болмайды. Яғни, мемлекеттік сектордың болашағына мемлекеттік қызметшілердің жалақысының төмендігі қолайсыз жағдай тудыруы әбден мүмкін, өйткені, дарынды мемлекеттік қызметшілер жеке кампанияларға жұмысқа кетіп қалу қаупі бой көтереді. Себебі, онда жалақы әлдеқайда жоғары, ал қабілеті төмендер орындарында қалып, мардымсыз жалақыларының өтемін жемқорлық жолмен табуға тырысады. 2

Жоғарыда айтқандарды қорыта келе, Сингапурдағы жемқорлық әрекеттердің азаюына екі жақты саясат, яғни, жемқорлықтың туындауына мүмкіндіктің азаюы және оған қызығушылық тудыратын құбылыстардың жойылуы әсер етті. Шындығында, ондай күрес жолдары оң нәтижелерге қол жеткізді деуге болады. Бұған мықты саяси қаржылық керек. Егер осы айтылғандарды жүйелі түрде іс жүзінде асырмаса, мақсатқа жетуге қиындатады.

Сингапурдың сыбайлас жемқорлықа қарсы саясатының басты идеясы мына қағидаларды басшылыққа ала отырып шешіледі:

- мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы жеке секторда табысты жұмыс істейтіндердің жалақысымен теңестірілген.

- сыбайлас жемқорлық жағдайына байланысты шенеуніктер ісіне қатаң бақылау жасау.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес Сингапурдың экономикалық жетістіктерінің негізгі өзегі деп танылды. 1



2.4 Жапония мен Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы
Сингапурдағыдай Жапондық заң шығарушы сайлау кампанияларының, партиялар мен өзге де саяси ұйымдарды қаржыландыруда қатаң шектеулер қояды, сайлауда кандидаттар, саяси қорлар пайдасына қайырымдылық көрсетудің қатаң реттеу тәртібін енгізеді. Оларға түсетін және олар жұмсайтын қаражаттар жөнінде есептеме тәртібін орнатады. Заңды бұзу қайырымдылық көрсетуші және саяси қайырымдылықты алушы, сондай-ақ екеуінің арасында делдал болушы жауапты тұлғаларға ықпалын тигізетін жазалау қолдануға мәжбүрлейді.2

Жапон заң шығарушы органы сыйақы үшін мүдделі тұлғаның ол үшін тиімді шешім қабылдау үшін мемлекеттік, муниципалдық тұлғаларға, сонымен қатар мемлекеттің немесе жергілікті өзін-өзі басқарушылықтың 50 пайыздық капиталымен заңды тұлғалар қызметшілерге ықпал ету жолымен әрекет ететін саясаткерлердің әрекетін қылмыстық іс деп анықтайды. Жапонияда да, көптеген басқа елдердегідей сияқты сыбайлас жемқорлықпен күресте басты бағыты кадр саясаты. Мемлекеттік әкімшілік мұнда шексіз және шын берілген қызметке бағытталған. Жапондық шенеуніктерге тұрақты еңбек ақы кепілденген, заң шығарушы саясаткерлер мен қызметкерлердің әдеп құлқына баса назар аударады. 2000 жылдан бастап елде «Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп тәртібі» Заңы, сонымен қатар Үкіметтің жарлығымен бекітілген мемлекет қызметкерлерінің әдеп ережелері және оларды бұзғаны үшін әкімшілік жаза нормалары әрекет етеді.1

Жапонияда «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп туралы» Заң қиянат етушілікке амал табуды қалдыратынын мойындайды. Сонымен, осы заң үкіметтік орындарға тағайындалатын парламент депутаттарына – саясаткерлерге қатысты емес болып шығады. Осыған байланысты Жапон БАҚ-та 1978 жылы АҚШ-та қабылданған сондай заңның нысаны ретінде барлық үкіметтік лауазымды тұлғалар болатынын атап көрсетілген.

2001 жылы «Ақпараттарды ашу жөніндегі» Заң күшіне енді. Бұл акті азаматтарға үкіметтік мекемелердегі бар ресми ақпараттарға қолжеткізу құқығына кепілдік береді, егер үкімет нақты ақпаратты ашуға болмайды деп шешетін болса, ақпараттарды ашуды бақылау жөніндегі Кеңеске апелляцияға береді. Бұл жағдай қоғамдық топтарға сыбайлас жемқорлықты әшкерелеуге көмектеседі. 2 Осылайша Жапонида сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында басымдылық көрсететін:

- саяси экономика шаралары – саяси басшылардың есеп беруі, саяси партиялар мен кампанияларды қаржыландыру реформасы.

- мемлекеттің қызметтің реформасы – лайықты еңбек ақы, ынталандыру жүйесі.

- азаматтық бостандықпен қамтамасыз ету - әлеуметтік-құқықтық бақылау жүйесі және саясаткелерге азаматтық қоғам жағынан моральдық ықпал ету.

Жапон мемлекетінің сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесі өте қызықты, өйткені бұл елде сыбайлас жемқорлықпен күрестің көптеген нысандары қолданылған. Жапондықтар бай демократиялық дәстүрлері бар мемлекеттердің жемқорлықпен күрес тәжірибесінің жаңалықтары және тарихымен етене танысып отырады. Тіпті олардың өздерінің заңдарымен салыстырғанда басқа елдердің күресу тәжірибесі әлдеқайда пайдалы екендігін мойындап отырады. Соңғы кездегі Жапон мемлекетіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының жеткен жетістігі қомақты. ТИ СЖҚИ-дың мәліметтеріне сүйенсек, 2000 жылы бұл көрсеткіш – 6,4% болса, 2002 бұл көрсеткіш – 7,1%, 2007-08 жылдары 13,5% болды.1 Бұл жетістіктер мемлекеттегі жүргізіліп отырған саясаттың дұрыс бағытта екендігін айқындайды, осы күрес шараларының ауық – ауық өзгеріп, өмір талабына сәйкес қолданылып отыруында. Жапонияда жемқорлыққа қарсы күрестің бірыңғай кешенді шаралары жүргізіліп отырмайды, бұл міндеттің алдын алу және күрес шараларының ретін реттейтін нормалар барлық заңдарда қарастырылады: олар «Қоғамдық лауазым иелерін сайлау жөнінде» (1950 ж.), «Парламент туралы» (1950 ж.), «Саяси қорларды реттеу туралы» (1948 ж.), «Мемлекеттік қызметшілер туралы» (1948 ж.) және т.б.2

Жапондық заң шығарушы орган саясаткерлерге, мемлекеттік және муниципалдық қызметшілерге қатысты тыйымдарға ерекше мән береді. Олар, негізінен, жапондық шенеунікті қызмет бабында және қызметтен кеткен уақытта жеке меншік бизнеске қатысты саяси ықпал жасау шараларына қатысты болады. Отставкаға кеткен соң да ол шенеуніктер бес жыл көлемінде өздері жетекшілік жасап отырған салаларда екі жылға дейін коммерциялық кәсіпорын ашып, одан пайда алып отыруына тыйым салынғын.

Заң бойынша барлық деңгейдегі сайлау барысында ақша қаражатының шығысы мен кірісіне қатаң есеп жүргізіледі. Үміткерлерге түрлі мемлекеттік органдармен контракт арқылы жұмыс істеуші, жергілікті өзін - өзі басқару органдарынын және үміткерге тікелей қатысы бар кәсіпорындардан қайырымдылық көмек алуға тыйым салынған. Жеке түрде, қоғамдық шоттан, радио, теледидар, газеттік жарнамалар, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін қоғамдық орындар қызметін тегін пайдалануға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, сайлауға қатысты үгіт – насихат материалдарын таратуда, үміткерлердің негізгі жұмыс істейтін пунктерін ашуға берілетін лимитке де шектеулер қойған. Сайлау компанияларының ұзақтығын анықтайтын Ереже сайлау шығындарын тежеп ұстауға бағытталған.

«Саяси қорларды реттеу туралы» Заң партиялар мен басқа саяси ұйымдарды қаржыландыруын реттейді. Ол саяси партиялардың сайлау барысындағы қаржыландыру үрдісін, кіріс, шығысы бойынша есеп беріп отыруды қатаң бақылайды.1 Соңғы 3 жыл көлемінде кез – келген уақытта тексеруші органдар осы есеп құжаттарын тексеруге алып, таныса алады. Жеке, заңды тұлғалар мен кәсіподақтар және басқа ұйымдар үшін берілетін саяси құрбандық көмектерінің жылдық көлемдегі сомалық шектеулері де бекітілген.

1907 жылғы Қылмыстық Кодекс жемқорлыққа қатысты жеке бөлек 25 тарауды құрайды. Онда параны алушы мен беруші қатал жауапқа тартылатыны айтылған. 2000 жылдың қараша айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық жауапкершілік туралы арнайы заң қабылданған болатын. Жаңа заң бойынша, жауапершіліктің бір түрі ретінде қамау немесе 2,5 млн.йен шамалары белгіленген.2 АҚШ елдері сияқты жаподықтарда да шенеуніктердің тәртіптерін қадағалайтын әлеуметтік-құқықтық бақылау жүйесі бар. Олар қызметкерлер мен басқа мемлекеттік лауазымды тұлғалардың этикасын реттеуге көп көңіл бөлген.

Осылайша, Жапонида сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында басымдылық көрсететін: 1) саяси экономика шаралары – саяси басшылардың есеп беруі, саяси партиялар мен кампанияларды қаржыландыру реформасы; 2) мемлекеттің қызметтің реформасы – лайықты еңбек ақы, ынталандыру жүйесі; 3) азаматтық бостандықпен қамтамасыз ету - әлеуметтік-құқықтық бақылау жүйесі және саясаткелерге азаматтық қоғам жағынан моральдық ықпал ету.1

Кореяда он жыл бойы экономиканың өсуі Сеулдың муниципалдық төрешілдігінің өсуіне әкеліп, жемқорлықтың көптеген жолдарын ашты.2 Осы мәселе кең түрге ие болғаны соншама, 1998 жылы жаңадан сайланған мэр Гох Кун ашық түрде жемқорлыққа қарсы соғысты батауға уәде берді. Мөлдірлікке қол жеткізуде, ақпараттарды көрсетуде, жұртшылыққа таратуда және мәліметтерді таратуда жаңа Интернет-технологияларды қолдану тәжірибеге берік енді. «Мөлдірлік мәдениетінің» ашық үлгісі ретінде 1999 жылы Сеулдегі жаңа «Open» бағдарламасы енгізілді.3 Бұл бағдарлама арнайы қағидалар негізінде құрылған:

1. Кіру мүмкіндігі. Осы идеяны 3 бағытта қарастыруға болады: 1) Азаматтар кез келген уақытта және әр түрлі жерден Интернет арқылы өздерінің берген өтініштерін көре алады, яғни, - ол территориялық - уақыт аспектісі; 2) «Open» бағдарламасы шығарған азаматтардың құқықтарын көздейтін мәліметтерді ала алады, яғни, - ол мәлімдеме аспектісі; 3) Осы бағдарлама жеңіл болғандықтан, билік құрылымдарының жұмыс сапасын бақылап, бұзуларды тез айқындауға жүзеге асырады – ол қауырт- қызмет аспектісі;

2. Ашықтылығы. Осы бойынша біріншіден, ашық бақылау жүйесі, екіншіден, әкімшілік қызметінің жарықтылығы: азаматтардың өтініштерін қрастыратын мәліметтерге кіру мүмкіндігі; құжаттарды қарау мүмкіндігі; қарастыру мерзімдерін таңду. Азаматтардың ұсыныстарын қадағалау жүйесінің негізгі мына жолдармен атқарылады: 1) әлеуметтік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мәліметті азаматтарға ұсыну; 2) ашықтылықты орнату; 3) жеке шенеунік пен азаматтардың қарым-қатынасын шектеу.4 Азамат құрылысты рұқсат алу үшін жазғаннан кейін, осы әкімшілік бөлімінің қызметкерлері «Open» сайтына өтінішті еңгізеді. Интернетке қосылған әр компьютерді пайдаланып, азаматтар өздерінің өтініштерін тіркелді ме, осы мәселемен кім айналысатыны, рұқсатты қашан алуға болатыны туралы біле алады. 1 Әрбір іс бойынша толық мәлімет, сондай-ақ берген өтінішті тіркеу процедурасы, мәліметті іздеу бағдарламасы орналасқан. Осы жүйеде сонымен қатар, қала әкімшілігінің арнайы бөлімі, осы бөлімде жұмыс істейтін қызметкерлері, олардың телефондары жазылған. Осы жүйе әкімшілік қызметкерлерінен әрбір өтінішпен қай күні, сағат нешеде істегенін көрсетуге талап етеді. Бірда бір шенеунік істі қарау мерзімін ығыстыра алмайды.

«Open» жүйесі әкімшілік секторда прогресивті құрал болып табылады. «Open» зерттеу жобасы ғана емес, тәжірибеде қолданылған жақсы нәтижелер береді. Осы жоба жемқорлық мәселелерін айқындайды және оны шешеді. 1999 жылы 10 мен 15 қазан аралығында Дурбанда өткен тоғызыншы халықаралық жемқорлыққа қарсы конференцияға «Транспаренси Интернешнелдың» шақыруымен Мэр Гох Кун қатысты. Осы конференцияда ол «Open» бағдарламасы туралы сөз сөйледі. Ол 135 мемлекетінің 1600 қатысушыларына және халықаралық қаржы Фонд, Дүниежүзілік Банк, ЭЫДҰ, Интерпол ұйымдарында қызығушылық тудырды.

Жалпы айтқанда халықаралық қауымдастық осы жобаның қызметін көрді. Оны Дубранда өткен конференцияда «Open» бағдарламасына берген бағасынан көруге болады: «Сеулдің мэрі көрсеткендей, біз жемқорлықпен күресу және оның алдын алу шаралары бойынша жаңа, тиімді, шығармашылық шараларды шығарамыз». Осы бағдарламаны Ресейде өте жақсы бағалады. Cанкт – Петербург шенуніктер арасындағы жемқорлықпен күресуі Сеул тәжірибесін пайдаланады. Олардың хабарлауы бойынша, осы бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесінде Оңтүстік Кореяның астанасында шенеуніктер арасындағы жемқорлық алты есеге кеміді. Осыған орай политкеңес «Оң күш одағы» фракциясына бірқатар заңдар жүйесін шығаруға бұйырды.1

«Open» жүйесі өздік мәні болғанмен жемқорлықпен күресудің кешенді Сеул басымдығының қосымша бөлігі ғана болып табылады. Жемқорлықпен күресу бағдарламасы 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1. Превентивті шара барлық әкімшілік салада мемлекеттік реттеудің әлсіздігінде келісіледі. Өз орнында көп уақыт отырған шенеунік өз ведомствосында «сатушы - сатып алушы» жүйесін орната алады. Осылайша Сеулда, басқа мемлекеттердегідей кадр саясаты, жемқорлыққа қарсы саясаттың құрамдас бөлімшесі болып табылады.

2. Сеул қаласының шенеуніктері жасаған қылмыс үшін репрессивті шаралар енгізіледі. Жемқорлыққа нөлдік толеранттік қағиданы жүзеге асыру үшін мэрға тура өтіну жүйесі енгізілді. Бір айда бір рет жауап хаттар жіберіледі.

3. Сеул әкімшілігінің қызмет ашықтылығын «Open» бағдарламасы қамтамасыз етеді. Онымен бірге жемқорлыққа қарсы көрсеткіш индекстері енгізілген.

4. Мемлекеттік қызмет пен жеке азаматтар арасындағы байланыс жоғарыда айтылған бағыттар бойынша жүреді. Сонымен қатар, «Сатып алмаушылық келісімі» енгізілді, оның мақсаты – халыққа қызмет көрсету және тауар жеткізу саласында жемқорлықтың алдын алу. Тауарлардың келуін қадағалайтын шенеуніктер арасындағы пара алмау келісімі жасалған. Осындай келісімді қол қойғанда екі жақ келісімді бұзбауы туралы уәде береді.2 2002 жылы 1 қаңтарда күшіне енген Оңтүстік Кореяның «Жемқорлықпен күресу туралы» заңы бойынша жемқорлықты тергеу кәмелетке толған азаматқа беріледі: Аудит және инспекция бойынша комитет әрбір өтініш толық тергеуі тиіс. Осындай құқықты қиянат етуден азаматтарды заңның бір бабы ұстап тұр, яғни, жемқорлықты өтірік айыптау үшін – 10 жыл түрме немесе 40 мың доллар айыппұл салады.1

Жоғарыда айтылғандай, Сеул жоғары деңгейдегі шығармашылығымен, өнетартапқыштылығы көрінеді.



жүктеу 1,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау