Диплом жұмысы «жеке адамның этнопсихологиялық ЖӘне әлеуметтік діни қалыптасуы»


II – БӨЛIМ. ҚҰРАН МЕН СҮННЕТТIҢ ӘЛЕУМЕТТIК МАҒЫНАСЫ



жүктеу 1,21 Mb.
бет3/7
Дата20.05.2018
өлшемі1,21 Mb.
#15240
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

II – БӨЛIМ. ҚҰРАН МЕН СҮННЕТТIҢ ӘЛЕУМЕТТМАҒЫНАСЫ

II.1. ҚҰРАН МЕН СҮННЕТ ДЕГЕНIМIЗ НЕ?


А) Құран хақында мәлiмет

Құран Кәрiм, Аллаһ тарапынан Хз. Пайғамбарымызға 23 жыл iшiнде Жәбрейiл перiштенiң елшiлiк етуiмен келген кiтап. Құран-мұсылмандардың өмiрлiк бағыт-бағдар беретiн қасиеттi кiтабы. Академик И. Ю. Крачковский айтқандай, «Исламды Құрансыз түсiну мүмкiн емесң. Бақара сүресiнде мұсылмандардың түсiнбеген жерлерi, талас-тартыс, дау-дамайлары Құранмен шешiлсiн делiнген. Құран оқу-сүннет, тыңдау-парыз. Құран сөзi арабтың әл-Құран дауыстап оқу деген сөзiнен шыққан. Аллаһ тағаланың сөзi жазылған бұл кiтапты мұсылмандар «Құран Кәрiмң (Шарапатты Құран), «Кiтап Кәримң (Жомарт кiтап), «Кiтап Шарифң (Атақты кiтап), «Китабу-л-ләхиң (Аллаһтың кiтабы), «Китап Ғазизң (Құдiреттi кiтап), «Зiкiр Хакимң (Даналықты еске алу), «Кәләм Шарифң (Адал сөз), «Мұсхаф Шарифң (Қасиеттi қолжазба) деп айтады.

Құран жайында неше түрлi алып қашты әңгiмелер осы күнге дейiн айтылып келдi, бұдан былай да айтылмағы хақ. Бiрақ ең дұрысы нақты дәлелге сүйенiп, ақиқатқа жүгiну басты нәрсе. Олай болса ақиқатқа ат басын тiреп көрелiк.

Құран кiмнiң сөзi? деген сұраққа әркiм бiлiм деңгейiне қарай жауап бередi. Бiреу пенденiң сөзi, десе ендi бiреуi, жын-шайтанның жеткiзген хабары, деп төбеден түскендей айта салады. Ал ақиқаттың соңына түскендер болса, ол-Аллаһтың сөзi дейдi. Өйткенi нақты дәлелдерi де бар. Бұған дәлелдi ең алдымен Құранның өзiнен iздейiк.



«Ал сонда олар Құранды түсiнбей ме? Егер Аллаһтан басқаның қасынан болса едi, әрине онда олар көптеген қайшылықтар табар едiң.63

«Осы Құран, Аллаһтан өзгенiңкi деп жала жапсыруға болмайды. Ол, алдағыны растап, Кiтапты ашық баян етедi. Әлемдердiң Раббы тарапынан екендiгiнде шек жоқ. Олар: Оны Мұхаммед өзi сәйкестiрдi дей ме? Мұхаммед (с.а.у.): Егер шыншыл болсаңдар, Аллаһтан өзге кiмге шамаларың келсе шақырып, осы тәрiздi бiр сүре құрастырып келiңдер!-де,64 деген сияқты адамзатқа ашық айтқан аяттар көптеп кездеседi. Сондай-ақ Құран бұдан 14 ғасыр бұрын түсiп, қазiргi ғылымның ашқан соңғы жаңалықтарын дейiн айтып кеткен. Мәселен, адам баласының жаратылуын медициналық тұрғыдан сәйкестiгi,65 жердiң домалақтығы,66 жердiң айналу бағыты,67 теңiздердiң бiр-бiрiне араласпауы,68 таулардың қозғалуы,69 өсiмдiктердiң аталық-аналыққа бөлiнуi,70 желдiң тозаңдау қызметi бар екендiгiнiң71 бәрi ҮII ғасырда айтқандығы таңқалдырмай қоймайды. Мiне осы мәлiметтердiң барлығы Құранның Иләһи кiтап екендiгiн дәлелдейдi.

Сонымен қатар атақты батыс-шығыс ғалымдарының Құранға таңғалып оның Иләһи кiтап екендiгiн мойындап, растауы ойланғанға ғибрат. Мысалға: С. Харт: Құранның Аллаһ тарапынан Пайғамбарымызға (с.а.у.) уахи арқылы жiберiлгендiгiн, Жан Поуль Роул: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ең үлкен мұғжизасының перiште арқылы жiберiлген Құран-Кәрiм екендiгiн…, Виктор Имбардес: Құранның бүтiн заң негiздерiне қайнар көзi бола алатындай бай кiтап екендiгiн…, Мр. Родвел: Құранды оқыған сайын таңғалатындығын.., Капитан Кусто: Қазiргi ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған Құранға ант етейiн, ол-Аллаһтың сөзi десе, Абай атамыз: «Алланың өзi рас, сөзi де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмасң, деп Құранның хақ екендiгiн айтады.72 Ал немiстiң атақты ойшылы Ф. Бисмарк Құран жайлы ойын былай деп жеткiзедi: «Мұхаммед (с.а.у.) үйренiп, барша халыққа жайған бұл кiтап сенiкi де, менiкi де емес, Аллаһ Тағала тарапынан аян болып түскен еңбек. Оны мойындамау-қазiргi күнгi белгiлi ғалымдарды негiзсiз деп жоққа шырумен бiрдей қисынсыз болып шығар едiң. Француз жазушысы Гастонер: «Ислам-дүниенiң ұйтқысы болған дiн. Бұл дiннiң қайнар көзi-Құран. Ал Құран-әлем мәдениетiнiң негiзгi iргетасы. Егер мұсылмандық жер жүзiнен құрып, мүлде жойылар болса, бүкiл дүние шайқалып, оның негiзi-iргетасы күйреген болар едiң, деп Құранның пенделiктен ада екенiн айқын көрсеткен.

Құран-санасы қанша жетiлсе де ақыретке дейiн келетiн күллi адамзаттың кез-келген мәселесiне жауап бере алатын әрi жеке тұлға мен қоғамның тiптi, әлемнiң проблемаларына тиiмдi шешiм беруденде кенде емес. Сонымен қатар дұрыс пен бұрыс, ақ пен қараның арасын ажыратып, қара қылды қақ жаратын әдiлдiгiмен ерекшеленедi. Адамның iшкi жан дүниесi мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынасты та реттейдi. Ислам ғұламасы Мәудуди: Құранның негiзгi мақсаты, Ислам дiнiнiң баға пiшiлмес ерекшелiгi мен ахлақ қағидаларын айқын көрсетiп, оларды түрлi мысалдармен жүрекке мықтап бекiту. Құран тек қана әмiр мен тыйымдардың жиынтығынан тұрады деп қателесуге болмайды. Ол өмiрде кездесетiн кез-келген қиыншылықпен қалай күресудiң жолын үйретедi,73 дейдi.

Құран-әрi адамзатты тәрбиешiсi. Құранның басты мақсаты-адам баласының жан-тәнiн кiрден арылтып, рухына ғайыптық қанат тағып, жәннәтқа лайық ету. Асылында, Құраннан тәлiм-тәрбие алған адам рухының бұл дүниесi де жәннәтқа ұқсас. Өйткенi, адамның жан дүнисi мен болмысын тәрбиелеуде ең кемел әдiстi адамды жоқтан жаратқан Аллаһ Тағала ғана бiледi. Ендеше, Құран-адамзаттың жалғыз тәрбиешiсi.

Құран-ынсанды жер бетiндегi мақлұқтардың құлы болудан құтқарып, Жалғыз Аллаһқа құл болуға шақыратын әрi екi дүниенiң бақытына бөлейтiн, Аллаһтың тарапынан түсiрiлген кiтап.

Құран-күллi адамзаттың заттық және рухани қажеттiлiгiне сай, кең ауқымға ие, қасиеттi дара кiтап. Құран-адам баласының тән азығы мен жан азығы, бұл фәнилiк ғұмыры мен ақыреттiк өмiрi, адамның жеке басы мен отбасы, экономика, саясат, басқару жүйесiне бiрдей жеткiлiктi кiтап. Құран адам өмiрiне немқұрайлылықпен қарамай, оның барлық қажеттiлiгiн қамтыған кiтап. Адам баласы дүрбелең өмiрдегi бөгеттер мен асулардан соның көмегiмен өтiп, дертiнiң дауасын, рухының азығын Құраннан ғана табады. Құран-сөзi де, мағынасы да өзiне тән Хақ Тағаланың адамзатқа жiберген ақырғы кiтабы.



Ә) Сүннеттiң сөздiк және терминдiк мағынасы:

Сүннет сөздiкте, қандайда бiр жол мейлi ол жақсы, мейлi жаман жол болсын жүрiлетiн жол деген мағынаға келедi. Арабтар судың ағып жатқан арығына да сүннет деген сөздi қолданатын болған. Құран Кәрiмде сүннеттiң осы мағынада қолданылғанын бiлдiретiн аяттар көптеп кездеседi: Кәһф сүресiнiң 55 аятындағы “суннәтул әууәлин” аятының қазақша мағынасы “бұрынғылардың сүннетi” дегенге келедi. Мұндағы сүннет сөзiнiң негiзгi мағынасы жүрiс, бағыт мағыналарына келедi. Дәл осы сөздiк мағынасы Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.) бiр хадисiнде кездеседi: “Кiмде-кiм өзiне берiк жол (жол, әдет) белгiлеп алса, оның әрi онымен амал ететiндердiң сауабы сол адамға жазылады. Кiмде-кiм бұрыс жол таңдаса, оның әрi сол жолмен жүргендердiң күнәсi сол адамға жазылады”. Құран Кәрiмде “Сүннетуллаһ” деген аяттың мағынасы Аллаһ Тағаланың қойған заңы, үкiмi, әмiрi мен тыйымдары және әлемдi басқару деген мағыналарға келедi.

Жоғарыда айтылып өткен сүннет сөзi, Исламның келуiмен ерекше бiр мағынаға ие болды. Сүннетiң мағынасына келетiн “жаман жол” ұғымы терминде қолданылмайды. Өйткенi, Хз. Пайғамбардың сүннетi делiнгенде үлгi-өнегеге тұнып тұрған жол ғана елестейдi. Бұл тұрғыда Құран Кәрiмде былай делiнген: “Расында сендер үшiн, Аллаһты да ақырет күнiн де үмiт еткендер және Аллаһты көп еске алғандар үшiн; Аллаһтың Елшiсiнде көркем өнегелер бар”. (Ахзап33/21). Ендi бiр аятта: “Расында сен тура жолға бастайсың. Ол, көктер мен жердегi нәрселер өзiне тән Аллаһтың жолы. Сақ болыңдар! Iстер Аллаһқа қайтады”. (Шұра 42/52-53). Дәл осы мағынада Хз. Пайғамбарымыз (с.а.) да хадисiнде былай деген: “Сендерге екi нәрсе қалдырамын, бұл екеуiнен берiк ұстанар болсаңдар ешқашан адаспайсыңдар. Оның бiрiншiсi Аллаһтың кiтабы Құран, екiншiсi Елшiсiнiң Сүннетi”.74

Сүннетiң терминдiк мағынасы Хз. Пайғамбарымыздың сөзi, iс-әрекеттерi мен бүкiл өмiрiне сүннет деп айтамыз. Сондай-ақ Аллаһтан келген уахидың (хабар) екi қысымының бiреуi болып келедi. Оның бiрi Құран Кәрiм. Өйткенi, Аллаһ Тағала, Хз. Пайғамбар “Ол өз ойынан сөйлемейдi”75 деу арқылы Оның уахиге сүйенетiндiгiн баяндаған. Осы сөзiмiздi Пайғамбарымыздың мына сөзi қуаттай түседi: “Маған Құран Кәрiм берiлдi; оған қосымша ретiнде оған ұқсасы берiлдi”76. Сүннет, Ислам дiнiнiң екiншi негiзгi бұлағы болып табылады. Құранды адамзат баласына түсiндiру, Оның Елшiсi яғни Хз. Мұхаммедке (а.с) жүктелген. Адамдарға Құранның әмiрлерiн орындап, тыйымдарынан қалай сақтанудың жолдарын үйрету Пайғамбардың мiндетi. Мәселен; Құран мұсылмандарға белгiлi уақыттарда намаз оқу керектiгiн мiндеттеген. Сахабалар намаз оқу әмiрiнiң сыртқы мағынасын түсiнгенiмен қалай оқу керектiгiн бiлмейдi. Соның үшiн Пайғамбар намаздың қай уақыттарда және қанша бас оқылатындығын үйретiп, “мен қалай оқысам солай оқыңдар”77, деп арқасынан ерген сахабаларына үлгi көрсетiп кеткен.

Құранда тағы да; “Әй мүмiндер! Жұма күнi намаз үшiн азан айтылған кезде, дереу Аллаһты еске алуға (намазға) ұмтылыңдар; және сауданы қойыңдар, егер бiлген болсаңдар, сендер үшiн жақсы”, деп Жұма намазын оқудың парыз екенiн айтып, бiрақ қалай оқу керектiгiн айтпаған. Ал оның қалай оқылатынын, қанша бас екенiн Пайғамбарымыз айқындап берген.

Құранда мұсылмандарға зекет беру керектiгiн айтқанымен, беретiн мөлшерi беймәлiм болғандықтан Пайғамбардан сұрауға мәжбүр болған. Сонымен қатар, Құран Кәрiм, шамасы жеткендерге; “Оның жолына шамасы келген кiсiлер, Аллаһ үшiн Қағбаны зират ету (қаж ету) керек”, деп қаж ғибадатын парыз қылған. Ал Пайғамбарымыз қаждың орындалу мерзiмiн, қалай орындалатынын көрсетiп берген. Құран Кәрiмнен, Хз. Пайғамбармыздың тарапынан түсiндiрмейiнше түсiну мүмкiн емес осыған ұқсас көптеген мысалдар беруге болады. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың мiндеттерiн былайша ашып көрсетейiк:



  1. Хз. Пайғамбардың үлгi-өнегесi

Адам баласы шыр етiп дүниеге келгеннен бастап, кез-келген мәселеде үлгi боларлық адамға мұқтаж. Өйткенi ол, бойындағы әртүрлi қасиеттердi, өмiр сүруге қажеттi нәрселердiң бәрiн үлгi-өнеге алу арқылы қалыптастырады.78 Сондықтан да Аллаһ, адамзаттың осындай әлсiздiгiн назарға алып, жер бетiне оларға өнеге болып, жол көрсететiн өздерiнiң арасынан Пайғамбарлар жiберiп отырған.79 Бұл жайт Құранда: «Шын мәнiнде сен әлбетте ұлы мiнезге иесiңң деп айтылған.80 Яғни Хз. Пайғамбар, ақыр заманға дейiнгi өмiрге келетiн барша адам баласына үлгi бола алады.

Аллаһ, Пайғамбарлықты кiмге беру қажеттiгiн өте жақсы бiлетiндiгi күмәнсiз шындық. Пайғамбарлық мiндетiн Хз. Мұхаммед қана атқара алатын едi. Ондай ауыр жүктi көтерiп жүру, Аллаһтың мадағына лайық адамның ғана қолынан келетiн-дi.81 Мiне сол үшiн де Хз. Пайғамбардың өмiрiнiң кез-келген тұсы, жүрiс-тұрысы, құлшылығы, дұғасы мен зiкiрi, тәубесi, қысқаша айтқанда барлық жағымен үлгi бола алады. Мұны Аллаһ, Құранда ант арқылы былай деп жеткiзедi: «Расында сендер үшiн, Аллаһты да ақырет күнiн де үмiт еткендер және Аллаһты көп есiне алған кiсiлер үшiн; Аллаһтың Елшiсiнде көркем өнегелер барң.82

Хз. Пайғамбар дiн мен әдептi жаюмен шектелiп қана қоймай, қоғамдағы татулықтың озық үлгiсiн өз бойынан жанды түрде көрсеткен.83

Оның өткен күнәлары кешiрiлсе де,84 түннiң бiр уақытында тәттi ұйқысын қиып құлшылық етуi,85 сонымен қатар сахабаларының арасында жүз мәрте тәубе етiп, кешiрiм сұрауы,86 Аллаһ тағалаға деген рахметi әрi арттағы үмметiне үлкен сабақ болып қала берген.87



  1. Мүмiндерге үгiт-насихат жүргiзуi.

Исламның көздеген мақсатына жетуiнiң бiрден-бiр жолы, күнәлi iстерден бiр жола бет бұрып, иман нұрына бөлену арқылы мүмкiн болмақ. Сондықтан да Исламнан бұрынғы өмiрi надандықтың шырмауына оранған сахабалар, тура жолды тауып, Пайғамбарымыздың үлгi-өнегеге толы насихаттарымен рухани дүниелерiн тазарта отырып, дүниенiң саусақпен көрсетерлiк адамдарына айналды.88 Өйткенi, Хз. Пайғамбар үгiт әрi ескерту мiндетiн атқарып, оларды осыншалықты үлкен дәрежеге жеткiздi. Аллаһ Тағала Құранда: «Үгiтте! Өйткенi үгiт мүмiндерге пайда бередiң, деп89 әмiр беру арқылы ескертудiң, тәрбиедегi маңыздылығын бiлдiрген. Хз. Пайғамбар да адамдардың ұмытшақтығын ескере отырып, оларды үгiттеуге шақырып, бiр хадисiнде былай деген: «Дiн насихаттан тұрадың.90 Яғни дiннiң тiрегi мен негiзi насихаттан тұрады десек қателеспесек керек. Насихат айту, үгiттi де қамтиды.91

3. Кiтап пен Хикметтi үйретуi

Хз. Пайғамбар, бойындағы бар бiлiмiн уахи деп яғни пендешiлiк ақылдан жоғары ақыл мен Пайғамбарларға ғана тиiстi ақыл арқылы алады. Оларға осыншалықты қабiлет берiлген.92 Мұндай қабiлеттiң нәтижесiнде Хз. Пайғамбар, өзгелердiң басы жетпейтiн кейбiр мәселелердi жете түсiнiп, адамдарға түсiнiктi түрде жеткiзе алады.93 Құранда Пайғамбарға берген ерекше қасиеттi былайша баяндайды: «Аллаһ, саған Құранды және хикметтi түсiрдi әрi саған бiлмегендерiңдi үйреттi. Сондай-ақ Аллаһтың саған деген iлтипаты өте мықтың.94 Кiтап пен хикмет көрiнiп тұрған сыртқы бейнемен ғана шектелiп қоймай, сыртқы әрi iшкi зияндықтардан қорғайтын илаһи ғылым. Осы аят арқылы Пайғамбарлардың iштен және сырттан келетiн зардаптардан сақтандырылғандарын айқын көруге болады.95

Қиямет қайымға дейiн үкiмi жойылмайтын Құран мен Құранның ең дұрыс түсiндермесi болып есептелетiн сүннет, адамдардың кез-келген мәселелерiне жауап берiп, мұсылмандар арасында сенiм мен ынтымақтастықты күшейте алады. Мiне сол үшiн де сүннеттiң адам баласына берерi мол дей аламыз.96 Сондықтан тағы да қайталап, жеке тұлғаның қалыптасуында Құран мен Сүннеттiң орны ерек дей аламыз.

Хз. Пайғамбар Исламды халыққа тарата отырып, екiншi жағынан адам баласының жеке тұлға ретiнде қалыптасудың жолын көрсеткен.




жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау