Диплом жұмысы 5В010300 «Педагогика және психология»



жүктеу 0,56 Mb.
бет6/9
Дата24.08.2020
өлшемі0,56 Mb.
#31312
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Милютина М.К.

2. «Жақындау-алыстау» кикілжіңі -бұл жағдайда индивидтің таңдап алатын мақсаты бірдей мөлшерде қызықтыратын және қызықтырмайтын болып табылады. Бұл жағымды және жағымсыз эмоцияны да тудырады. Мұндағы конфликтіні кейде амбивалентті деп атаймыз.

3. «Алыстау-алыстау» кикілжіңі -мұнда индивид өзін қызықтырмайтын бірдей деңгейдегі екі ұйғарымның бірін таңдауы тиіс.

Кикілжіңнің себебі адамдар арасындағы шиеленіскен қатынастар және кикілжіңге қатысушылардың біреуіне тән ішкі шиеленісушілікте болуы мүмкін.

Батыс Еуропада және АҚШ-та 50-60 жылдары ортасында дағдарысты теориялар орын алды. Л.Козердің шиеленістің жалпы теориясына, өту тез шиеленісті функционалды тұжырымдамасының дамуына түрткі болды.

Л. Козердің теориясы қоғамды құрудың ғылыми негіздегі тұжырымдамасы, қарама-қайшылықтарды шешу күштеуден деп қарастырған. Оның теориясында кикілжіңнің тереңдігі төмендегідей:

1.Кімде-кім кикілжіңдерге қатысып, кикілжіңде эмоцияны көп тудырса, соншалықты кикілжіңде тереңде жатады.

2.Топ ішінде кикілжіңдер шынайы емес айтыс-тартыстар көп болса, кикілжіңдер де терең...

3.Топта кикілжіңге қатысушылар өзінің қызығушылықтарын шынайы қадағаласа, онда өзінің қызығушылықтарын макродеңгейде кез-келген шиеленістерде шешім қабылдауда қолданады [47; 142].

Қазіргі батыс зерттеулері көрсеткендей кикілжің екі бағытта қарастырылады: біріншісі-жеке бастық шиеленісін меңгеру; екіншісі келісімге жету жолында әлемді меңгеру [17; 169].

Бизнесте және келіссөз сферасында өте кеңінен қолданылатын танымал Томас-Килмен тұжырымдамасы, онда кикілжіңді жағдайларда көрінетін адам жүріс-тұрысының бес стратегиясын қарастырады.К.Томастың айтуынша кикілжіңді өз уақытында шешу керек. Кикілжіңді шешу мақсатында идеалды шиеленіссіз жағдайлар, көбінесе адамдардың толықтай гармонияда жұмыс істеген кезде болады-шиеленістің шешу мақсаты осындайда жақсы көрінеді. К.Томас айтуынша, кикілжіңді меңгерудің мынадай аспектілеріне нақты көңіл бөлу керек: Кикілжіңді жәйттерде адамдарға тән жүріс-тұрыстың қандай формалары бар, оның қайсысы жемісті және деструктивті болып табылады.

Адамдардың жүріс-тұрысының типін шиеленісті жәйттерде К.Томас сипаттау арқылы кикілжіңді реттейтін 2-өлшемді моделді қолдану керектігін айтады, оның өлшеу негізі кооперация болып табылады, яғни адамнның көңіл-күйі адамның қызығушылықтарымен тығыз байланыста, әсіресе кикілжіңді жәйтті немесе өзінің қызығушылығын қорғау акцентімен сипаттайды. Осыған сәйкес негізігі өлшемдер бойынша К.Томас кикілжіңді реттеудің келесі тәсілдерін бөліп шығарады:1-конкуренция қызығушылықтарын қанағаттандыруға ұмтылуы; 2-бейімделу-бәсекеге қарама-қарсы басқалар үшін өзінің қызығушылықтарын құрбан етуге даяр.3 - компромисс-ымыраға келу. 4-қашу-бәсеке ұмтылу жағдайлары, өзінің мақсатына жету тенденциясы.5- ынтымақтық-екі жағы да бірдей толықтай қанағатқа ие, жәйттерге қатысушылары альтернативтілікке келеді [17; 172].

К.Томас айтуы бойынша, кикілжіңнен қашу екі жақтың ешқайсысы да жетістікке жетпейді; бәсекелесу жүріс-тұрыс формасында, бейімделу және ымыраға келу немесе осыған қатысушылардың біреуі ғана жетістікке жетеді, қалғандары жеңіліске ұшырайды немесе екі жағы да жеңіліп ымыраға келіп жол береді.

Тек ынтымақтастықта ғана екі жағы да жетістікке жетуі мүмкін деп сипаттайды. К.Томас өзінің сұрақтамасында, яғни жүріс-тұрыстың типтерін айырмасын анықтау да бесеуінің мүмкін болатын әр варианты шиеленісті жәйттерде индивидтердің жүріс-тұрысындағы 1-пікірден тұрады. Әр түрлі пікірлер жұптан топталған оның әрқайсысы зерттеушінің пікірді өз таңдауы бойынша қалайды, бұл оның жүріс-тұрысқа тән айқын типін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде нарықтық экономикада шиеленісті жәйттерді анықтауда кеңінен қолданылады.Томас тұжырымдамасының ролі өте маңызды. Адам жүріс-тұрыс типтік формасын ажыратуға мүмкіндіктер бере алады [17; 174].

А.Я.Анцупова И.Шипилеваның еңбектеріндегі шиеленіс анықтамасы өте күшті маңызды қиындықтардың шешу тәсілдері өзара әрекет процесінде пайда болып, көбінесе жағымсыз эмоциядан айқын көрінеді [16; 206].

О.Н.Громова пікірінше, адамдардың әр түрлі көзқарастары қабылдауларының сәйкес келмеуі және қандай да бір оқиғаларды көбіне бақылау дау, жанжалдың туындау жәйттеріне әкеледі. Егерде осы жағдайларда қатысушылардың белгілі бір мақсатқа өзара әрекеті бағытталып байбалам көрсетсе, онда кикілжіңді жәйттер пайда болады. Кез-келгенн шиеленіс дауласу жәйттерін шиеленіске әкелмейді деп қарастырады [6; 231].

Кикілжіңді жағдайлар қарама қарсы позициялы жақтардағы қандай да бір сылтаудың болуы, қайшылықты мақсатқа талпынуы, оған жету жолында әр түрлі тәсілдерді қолдануы, қызығушылықтардың, тілектердің сай болмауы т.б. Кикілжіңді жәйттер-бұл кикілжіңнің пайда болу жағдайлары. Кикілжіңді осындай жағдайлардың өрістеуіне өзгермелі сыртқы әсерлер, түрткі немесе инцидент керек.

Қандай да бір жағынан біреуіннің әрекетін белсендіріп сипаттайды, тіпті басқа қырынан қызығушылығына әдейі істемеседе, қысым жасайды.

Инцидент қатысушының тілектерінен тәуелсіз туындауы да мүмкін, ол кездейсоқ, объективті себептердің ізімен немесе өзара әрекеттің нәтижесінде пайда болады.

О.Н.Громова пікірінше, жағдайлар объективті себеп-салдармен анықталады. Әрімен қарай, автор кикілжіңді жағдайларда қатысушылар кикілжіңнің субъектісі де, объектісі де болуы мүмкін екендігін қарастырады. Шиеленістің субъектісі ретінде қатысушы кикілжіңнің өзара әрекетінің бір бөлігі болуы керек, яғни өзінің жеке қызығушылықтарын қорғауы, ол тек біреудің қызығушылығын реттеу тәсілі болмауы керектігін айтады [6; 232].

Кикілжіңнің объектісі, яғни әрбір дауласқан жақтары өз жағынан талаптанады, олардың қарама-қарсы әрекеттерін тудыртады да, оған қатысушылардың бірі бірдеңеге ие болуынан толықтай немесе жартылай айырылады. [шешім қабылдау құқығынан т.б. Билік мәселесінде өзара қарым-қатынас т.б. шиеленістер тудыратын дәл осы қайшылықтардың болмауы.

Кикілжіңдердің саны өте көп болғанымен, тұрақты әсер ету тәсілдерін таңдау мүмкіндіктері және кикілжіңге сәйкес басқарып, оның топтасуын факторларға байланысты жүргізеді.

Шиеленісті шешу тәсілдерін антогонистикалық (күш-көрсету) және компромисс деп бөледі.

-Күш көрсету кикілжіңніңде қайшылықтарды шешуде, тек бір жағы ғана жеңіп шығады.

-Компромисс-кикілжіңге қатысушыларды татуластыру мақсатында шиеленісті шешу варианттарының бірнешеуінен құр қалады.

Шиеленістің пайда болу табиғатты-саяси әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырылған шиеленістермен анықталады.

-Саяси шиеленістер-саяси топтардың қақтығыстары, билікке күресу формулалары, аймақ үшін тағы басқа.

-Әлеуметтік шиеленістер өәлеуметтік топтағы адамдардың қарым-қатынас кері естуде қайшылықтардың жоғарға даму стсциясын көрсетеді, онда индвидтің және қоғамның тұтастай қызығушылықтарымен сипаттайды.

-Экономикалық шиеленістер-жеке адамдардың, топтардың экономикалық қызығушылықта негізделіп шиеленістің кең тұғыда спектірін көрсетеді, олардың арасында экономикалық әсерінен қайшылықтар туындап отырады [6; 22].



-Әсер ету бағыттарына байланысты-вертикалды және горизанталды деп бөлінеді.

-Көріну деңгейлеріне қарай шиеленіс жабық және ашық болып бөлінеді. Жабық шиеленіске тән шиеленуші жақтары арасында агрессивті әрекет және осыған орай астарлы әсер ету тәсілдері қолданылады. Ашық шиеленіске тән айқын көрінетін қайшылықтар ұрыс-керіс, дау-жанжалдар.

Шиеленіске қатысушылар санына қарай өзара әректтестікті ішкі, жеке адамдық, өзара жеке адамдық топтарының тағы басқа болып бөлінеді. Ішкі жабық шиеленіс адамдардың ішкі күшімен мотивінен, қажетінен пайда болып қайшылықтар оның мүмкіндіктері арасындағы таңдаудан туындайды.

Топаралық шиеленіс-топтар арасындағы әр түрлі шиеленістер, адамдар арасында қызығушылықтарды тағы басқалар.

Адамдар арасындағы шиеленістер-индивидтердің арасындағы қақтығысы әрбір жанның өз қызығушылығы үшін күресі.

Когнитивті шиеленіс конитивтік танымдық көзқарастар. Ондай шиеленісте әрбір субектінің мақсатына орай оппонентті көндіруі, өзінің көзқарасы дұрыс екенін дәлелдеуі, өзін позициясына сендіру .

Қызығушылықтардың шиеленісі-топтағы шиеленістердің шартты түрде бөлінуі. Әрбір шиеленіс жанап өту қызығушылықтарына орай дамиды [6;36-47].

О.Н. Громованың шиеленістерді шешу тәсілдері мен түрлері онымен шектеліп қоймайды. Өйткені заман ағымына қарай шиеленістерді зерттеу мәселлері соңғы уақытта өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе психологтар оның мәнін кеңінен ашып түсіндіруге, теориялық жағынан дамуына көп күш салуда.

Шиеленісті шешуде адам өзінің шиеленісін конструктивті түрде өзі шешуі керектігін көрсетеді, сонымен қатар басшыларды қол астындағылардың шиеленісін шеше алу икемділігі болу керектігінде.

Шиеленісті зерттеумен әдістерді диогнастикалау кілттік мәселе, оларды шешу дұрыс меңгеруді жетістіктерге жеткізуді қамтиды. Әдибеттерді талдау нәтижесі көрсеткендей, психологияда практикалық барлық әдістер, ретроспективті және бланікті әдістер мен әдістер.

Бұл авторлардың айтып көрсеткеніндей шиеленісті меңгеру перспективасы шиеленістерді жәйттерді сапасына қарай таңдауға байланыста болады. Ресейдің психологиясында шиеленістің түрлеріне қарай меңгеру әртүрлі қиыншылықтарға әкеліп отырды. 83% өзара жеке адамның шиеленістерді меңгеруге бағытталған еңбектер болды. Ішкі шиеленістер 8% жарияланған еңбектерін қамтиды. Психологтартар арасында шиеленістер кіші, орташа, үлкен топтар арасындағы шиеленістің психологиялық сипттамасы 3-4%еңбектері, 5%-еңбектер методологиялық және жалпы теоретикалық сипатты танытады [6; 205].

А.С. Карминнің пікірінше, шиеленістен шығудың тәсілдерін үшке бөліп қарастырады: күш көрсету, ажырасу , татуласу .

-Күш көрсетудің шиеленісті шешудегі негізі көз қарасы: «силный всегда прав». Мысалы әкімшілікте «бастық әрқашанда дұрыс»-бұл шиеленістен шығудың тактикалық тәсілі [18; 282].

-Ажырасу шиеленісті шешу жолы қарым-қатынастағы өзара тоқтасу \мысалы жас жұбайлардың ажырасуы .

-Татуласу практикада көбінесе шиеленісті шешу жолы, күш көрсету, ажырасудан гөрі келісімге шақырады. Егерде табыссыз болса, ақыр аяғы күш көрсету немесе ажырасумен тыңады. Татуласу түрлерінде шиеленісті шешудің соңы келіссөзсіз шиеленісті шешудің ең басты мәнді формасы [18; 284].

В.П.Шейнов пікірінше,шешу сферасы жеке адамның эмоционалды және іскерлік сфералар деп бөліп қарауға болады [19; 40]. Автор шиеленістің деструктивті және конструктивті жәйттарымен қарайды. Конструктивті шиеленіс объективті мақсаттарын қамтыса, деструктивті шиеленістің өзіндік себептері болуы мүмкін. Конструктивті шиеленіс іскерлік және жеке адамдық болады. Ең бастысы конструктивті шиеленіс шешу кезінде объективті себебі бар.Шиеленісті шешу сферасын екі жақтылықпен сипаттайды.Конструктивті шиеленістің шешілу тәсілдері іскерлік сферасында шешіледі. Ең бастысы конструктивті шиеленістен шығу, шешілуі обьективті жағдайға байланысты. Ұзақ уақытқа созылған қатысушылар арасындағы қарым - қатынас шаршау туғызып шиеленіске әкеледі деп қарастырады. Бұл да шиеленістерді шешу тәсілдеріндегі өзіндік қайшылықтары барын ескертеді. Оның, әсіресе объективті жағын ескеріп отыруы керектігін айтады [19; 41].

А.А Гостев пікірінше, конфликті жағдайлар сатылы түрде эволюцияның мәні бар әлемдік тұрғыда, өзіндік идеасын қайта өңдеп қарауды керек етеді. Шиеленістерді шешу тәсілдері өркениеттің дамуына нақты әсер етуде мүмкіншіліктер береді деп атап көрсетеді [4; 28].

1.3 Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі кикілжің жағдайлардың ерекшеліктері
Қай халықтың болмасын өзіне тән өмір сүру салт дәстүрі бар, оның өзі ұрпақтан ұрпаққа мұра болған рухани дәстүрлі мәдени көрініс табады, ол суъектінің қалыптасуының өзін сол уақыт аралығында саналы түрде анықтай алатын және үш уақыт шеңберінде, яғни бүгінгі, ертеңгі, өткен тіршілік ету процесінде өзін өзі жетілдіру ерекшеліктерін қамтиды [20; 46].

«Шығыстың барлық халқына тән өнердегі ерекшеліктері»-бұл пәлсапалық. Мұның өзі жұмбақтай түседі, алдын-ала дайындықсыз «жабық» дүниені мүлде жалпы түсінбейсіз. Бірақта оны дұрыс түсінгіңіз келсе, халықтың ғасырлық қойнауындағы тарихын жақсы білу керек, онда жазылған тілдерін, құлпы тастағы жазуларды оқи білу керек, көріністі дәлме - дәл қабылдау ескі дүниені қызықтаудан түсінуге, мәніне үңіліп қарауға әкеледі, сүйсінбей қарау мүмкін емес»-деп жазды. (Гумилев А 1986) [2;47].

Дәстүрлі мәдениеттегі ақын-жыраулардың, шешендердің, билердің нақыл сөздері, кесімді билік сөздері, мақал-мәтелдер тағы басқалар бұл да шығысқа тән ұрпақтан ұрпаққа халық ауызыннан тарап, бүгінгі жазба әдебиетінің туындысына, халық қазынасының игілігіне, ұрпақтар сабақтастығына ұласты. Мұның өзі» олардың әлеммен өзара әрекетінің айрықша ерекшелігін танытады» [2; 31-32].

«Өкінішке орай, біз көбіне қазіргі кезде шексіз, «қас-қағым сәт» деп қабылдаймыз, оның кірпік қақанша өтетініне есеп беріп жатпаймыз. Қазіргі кездің, тез өтетіндегі қартайған шақта саналы түрде өтеді, өз өмірін адам барлай келе, барлық өмірім бір күнде өткен сияқты деп айтады. Бүгінгі өмірдің қас қағым сәт екенін саналы түрде түсіну үшін қиын және қайғылы жағдайда өтеді. Өмірдің қалыптасуы мәнге ие, оның өзін өзі жетілдіру және саналы түрде түсіне алуымен тығыз байланысты» [2; 32-46].

Автордың бұл пікірімен келісе отырып, «қас қағым сәт» адам өміріндегі ішкі және жеке адамдық және өзара жеке адамның тағы басқа адамдар арасындағы шиеленістерден жиі ұшырастыруға болады. Ең бастысы, оған жастардың аса мән бермеуінде, өз кезінде адам саналы түрде өзіне есеп бере алмайды. Қазіргі кезде «менін» қорғау өзін ақтауға бейім тұрады да өйткені балаларда көп мән берілмей, ескерусіз өтіп жатады, шешілмейтін ескермейтін уақытта жағдайлардан шығарудың ең тиімді жағы «өзінше» тәсіл тауып, әр түрлі эмоционалдық психологиялық күйлер келіп, өзара көзқарастарды туғызады.

Ф.С. Ташимова пікірінше «уақытты саналы түрде түсінбеушілік жемісті өмір сүрудің бастамасы бола алмайды, ол тек уақыт аралығындағы жағдайда қалқып жүреді және күнде бүгінгі істі ертеңге қалдырып отырады. Ал болашақ жоспармен жүрген адам «құр арманшыл». Ал болшақтың перспективасын көре алмаған пенде,бүгін әрекет ете алмайды, орташа адамның қалыптасуын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде өмір аа өты қамтиды. Бүгінгі өмірде болашақ пен өткен өмір тәжірибесі өзара орынды қатынаста болса, онда өмірдің қалыптасуы үшін біршама жақсы жағдайлар туындайды.

Ф.С. Ташимова еңбектерінде субъектінің қалыптасуына көңіл бөлуі, келешегін ойлауға қосқан мағыналы мәнді ойлы пікірлері, бүгінгі этно психология саласындағы зертеулерінде ерекше орын алады [2; 34].

Бүгінгі таңда адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста, шиеленісті жағдайлардан шығу тәсілдерінде, өткен тәжірбиедегі дәстүрлі мәдениеттің өшпес қазынасынан нәр алсақ, оны игіліктерімізге барынша пайдаланып жетілдіре түссек, ұлттың субъектісінің қалыптасуына ықпал етуі мүмкін.

Т.Кәкішевтің еңбектерінде,әсіресе дәстүрлі мәдениеттегі шешендік сөздер, белгілі билердің кесімді билік сөздері әрі қысқа кемелі кеңес. Билер жақсы мен жаманды, жақын мен алысты, қымбатпен арзанды, қиын мен жеңілді арға тартады. Мал дауы мен жан дауы, ар дауы мен намыс дауына кесім айтады деп қарастырған [33; 5]. Шиеленісті жағдайларды шешу тәсілдері көбінесе вербальді, вербальды емес әрекеттесу тәсілдерінің жүйесі арқылы қамтылады [2; 44].

Егерде тілмен астарланған вербальді әрекеттесетін тәсілін қарастырсақ, онда «Тіл кодталған мәдениет», (Косоковский А., 1984). С.Л Рубнинштейн, М.Мұқанов зеттеулерінде «адамның қалыптасу себептері, оның психикалық ерекшеліктері, тілдің логикалық құрылымы, тілдің фонетикалық жағын қамтыса», А Н Леонтьев бойынша, «түсініктер жүйесі» [2;40].

Тілдің логикалық құрылымымен ойлау прогрестерінің ерекшеліктерін әрекетесу тәсілін анықтайды, жеке тұлғаның топтарымен іс әрекеттері ашылып арнайы қабілет қалыптасады (Мұқанов М 1978) [21; 113].

Орыс тілінің логикалық құрылымы мәтінінің ашықтығымен тікелей сөйлеуімен көрінеді, ал қазақ тілінде мәтіннің жабық түрінде болуы белгілермен сүйеніп, жанама түрде іс-әрекет қылуға бағытталған [2; 37].

Дәстүрлі мәдениетегі шиеленісті жағдайларды шешудің психологиялық жолдарында айқын көрінеді, әсіресе «орыс мәдениетінде ойлау, тікелей, бірбеткейлігі, қазақ өкілдерінің жанама әсер ету, тікелей емес, астарлап айту сөздерінен» көреміз [2; 38].

М.М. Мұқанов зертеулері көрсеткендей, қазақ тілінің логикалық құрылымы жоғары деңгейде бейнелі логикалық ойлауды қамтиды, бұл арнайы қабілеттердің қалыптасуы суырып салма ретінде көрінеді [2;43].

В.В. Радлов зертеулерінде «қазақтар тоқтамастан тез және өлеңдетіп айтады. Дәл әрі айқын жеткізумен қатар, өзінің сөздерін көркемдеп, тіпті қарапайым әңгімеде сөздер тізбегі ырғақты өрісте айтылады,»- дейді [2; 44].

Ф.С. Ташимова еңбектерінде бұл «ырғақты өріс поэзияға деген ептілікті туғызуы мүмкін». Бұл тек қана болжам, нақты зертеулерді керек етеді деп атап көрсеткен [2; 45].

С.Сабырбаев қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі шиеленістік өнердің кең таралуы екі түрлі басты себебін айтады, 1-ден көмекті халық табиғатқа өте жақын жүрген, табиғаттың сұлулығы халықтың көркемдік көзқарастарының жоғарғы дәрежеде қалыптасуына әсер еткен, 2-ші сол дәуірде заң мен қоғамдық ерекшеліктердің барлығы ауызша шығарылып, ауызша сақталған. Мәміле, дау-жанжалдар, бітім, келісімдер сөз арқылы шешілген, сөзге тоқталған. Сөз тыныштықпен адамшылық арасын жалғастырушы, байланыстырушы деп білген. Көркем өнердің ішінде сөз өнері ең жоғары бағаланған. Сөз білетін, жөн білетін адамға елдің ішкі, сыртқы мәселесін шешуге құқық берген. Сондықтан «өнер алды -қызыл тіл» деп санаған.

Автор ойынша, әрбір сөйлеушінің алдында екі түрлі мақсат болған: тыңдаушының сезімін ояту;ой санасына қозғау салу.

Шешендік сөзде айтылатын ойдың негізгі кілті мазмұнға байланысты. Халық кеңістіктен, уақыттан тыс тұрған дерексіз, бұлдыр, көмекші ойды жоққа шығарған, нені айтса да сендіретіндей, иландыратындай дәлелмен сөйлеген, яғни әрекеттің вербальді емес тәсілі, дауыс ырғағы, қимыл-қозғалыс жатады [22; 113].

Шығыс мәдениетіндегі «жанама» түрдегі әрекеттесетін жүйесінің бірі-адамгершілік тәсілімен байланысты. Онда өзіндік мен көзқарасын қолданбай бірақ адамның жан дүниесіне «жанама позиция «тәсілмен пікірін жеке адамның қасиетіне нұқсан келтірмей тепе-теңдік бұзбауы. Ф.С. Ташимова пікірінше, «Опосредованная система взаймодействие , обеспечивающая формирование субъекта на Востоке,- это один из самых гуманных способов взаимодействие с миром , при котором человек входит в систему другого ,слегка прикасаясь, но не внедряя свои уре его личности. Опосредованная система взаимодействия – позиции и мировозрение, не разрушая и не нарушая равновесия в структуре основа для философского восприятия понимания мира, что является отражением реализации высших космических законов» [2;44].

Мәселен, «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» мақал-мәтелдерден аңғаруға болады. Жоғарыда айтып кеткендей, шиеленісті жағдайларды шешу жолдарында вербальді емес өзара әрекеттестік тәсілінің маңызы зор. Олар әдет-ғұрыптарда, ырымдар, салт-дәстүрлерде жүйе ретінде, іс-әрекетермен таптаурындардың жүйесін қалыптастырады.

Ф.С Ташимова еңбектерінде атап өткендей, бұл таптаурындар әрқашан саналы түрде түсіндірілмейді және белгілі бір жағдайларда әрекет ету және бірдеңені істеу тілектерінен туындаған.Әрмен қарай,автор мысал ретінде, Еуропа мен шығыс мәдениетін салыстыра отырып үлкенді тыңдау дәстүрлі әр түрлі жағдайды және нәтижені тудырады деп қарастырған. «Еуропа мәдениетіне жеке адамнның белсенділігі түсіп кетеді, кез-келген түрлі психиканың ауруларға душар етеді. Мысалы «орыс әйелдерінің бақырып, айдалаға жүгіріп, ішіндегі ауырлықты «вытеснение» сыртқа шығарады [2;45].

«Шығыс мәдениетінде мойын ұсынудың үш кезеңінен өтеді:ата-ана, күйеуі,баласы,-деп тұжырымдайды автор. Осы кезеңдерден өткен кезде, шығыс әйелі өзінің қасиетін жоғалтпайды, ол ең қиын жағдайда шешім қабылдап, оның сөздері барынша маңызды роль атқарады. Ол ұрыс соттарды жүргізу тактикасымен стратегиясын өңдеуде қажет қана қоймай, бір ғана ақырын төгісті тоқтатады. «Орамалын басынан шешіп, және оны шиеленісті тудырушы жақтың алдына тастау. «Мойын ұсынудың үш кезеңі шеңберінде»-дейді автор, шығыс әйелі әрқашан үлкен міндеттерді шешу алдында тұрады, онда бір жағынан нәтижеге сай болуы, екінші жағынан оның ішкі жан дүниесін сақтап қалатын шешу тәсілдерін табу керек [2; 35].

Осындай тәсілдерді табу үшін ол. шынайы жақын жағдайлардан «шығудың шегін» астарлы түрдегі шешу тәсілдерінен табады. Күнделікті ізденіспен жағдайлардың ішінен шығуға жол табу улкен бейімділікпен шығыс әйелінің ептілігін қамтиды. Мысалы Қарашаш тағы басқа бейнелерінде корсеттілгендей [61]. Автордың бұл идеясымен келісе отырып, шығыс мәдениетінде шиеленісті жағдайларды шешудің психолгиялық жолдары вербальді емес өзара әрекеттесу тәсілінде де «жанама» жолдармен жүзеге асады.

Мәдениет дәстүріндегі шиеленістерді, шештініне айгак бола алады. шешу тәсілдерімен қазіргі кездегі шиеленісті жағдайларды шешу тәсілдерінде шешу айырмашылықтарымен ұқсастықтары бар деп айту бекер. Өйткені олар тарихи саяси әлеуметтік, мәмлегерлік талаптарға байланысты өзгерістерге ұшырап отырады.

Дәстүрлі мәдениеттегі дауларды шешу тәсілдерінің кейбір ерекшеліктері шешендік сөздерде, би сөздерінде, жанама астарлап айту, мысқылдап айту, тыңдап айту, қарсыласын бастырмалау, сөзбен көндіру тағы басқа айқын көрінеді.

Шешендік дауларды шешудің негізгі тәсілдерін Б.Адамбаев үшке бөліп қарастырады:

-«салыстыру-шендестіру» тәсілі шешендік сөздердің сырын ашатын тәсіл.

-«бейнелеу» тәсілі шешендік сөзде жақтағанын өсіре, даттағанын өшіре бейнелеу арқылы ұштай түсетін тәсіл. «қарсыласты бастырмалатып» топты өзіне иландыру тәсілі, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады [23; 113].

Дәстүрлі мәдениетте шешендік даулардың ішінде жесір дауы, мал дауы, жер дауы тағы басқа және олар түрлеріне орай өзіндік әр қилы жолдармен шешіліп отырады. Халық дауы қайшылықтарды шешуде биге жүгінген, билердің өзі қарапайым топтың ішінен шықан дара тұлға. Олардың қайшылық, дау-жанжалды шешуде ақыл, ойдың ұшқырлығымен, тереңмен болаужау арқылы, айқын бағыт бағдар ұстаумен кесімді шешім айту, жұмбақтап сөйлеу, сынау, намысын қайрап, өжеттілікке үндеген, «ат сүрінгенше» сөз табуға тырысқан-бұл шешендерге билерге тән психологиялық, гумандық, адамгершілік ерешелітерімен сипатталады.

Сұлтанғали Сабырбайұлы еңбектерінде шешендік өнерді үшке бөліп қарастырылған:Салтанаты екпінді сөздер,нақтылы қысқа түйінді сөздер,майда сыпайы сөздер [24; 117].




жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау