Тренингтік әдістерге сипаттама
Топтағы пікірталас: Жалпыға танымал әдіс ретінде, басқа техникалық түрлерімен араласып ережеге сәйкес қолданылады. Үлкен топтағы пікірталаста барлық мүшелер тәжірибелерін игеруіне және барлық қатысушылар қорытыныдысына сай өз мүмкіндіктерін көрсету үшін пайдаланады. Трененрлер пікірталасқа бірдей қатысуына қызықтыра білу керек.
Үлкен топтың талқылауы: бұл барлық топ қандай да бір тақырыпқа қатысты идеялар мен оқиғаларды талқылаған кезде қолданылатын оқу әдісі болып табылады. Талқылау шығарылған немесе алдын- ала топтастырылып құрылған болуы керек.
-Үлкен топты талқылаудың тиімді болып, тренердің сұрақ қоюымен тығыз байланысты. Яғни, жабық сұрақтардан аулақ болыңыз, әсіресе қысқаша «Иә», «Жоқ» деп жауап беруден, «қандай, неге, қалай? « деп басталатын сұрақтарды қолданыңыз. Барлық қатысушыларды өз идеяларының айтуынша қызықтырыңыз.
-Тренер ретінде сұрақтар мен түсініктерді қолданып оқыту атмосферасын құруына шешуші роль атқарады. Әрбір пікірлер мен сұрақтар арқасында бәріне де тиімді түрде көңіл бөлу керек. Бұл қатысушылардың құнды ақпараттарының жалғасуына мүмкіндік береді, әйтпесе жалықтырып жіберуі ғажап емес.
-Пікіталас кезінде үлкен топта ешкімнің басшылық етуіне рұхсат бермеу керек. Мұндай индивидуалды кедергілерді мынандай сөздермен шектеуге болмайды. «Ал енді басқалардың не айтатынын тыңдап көрейік немесе мен барлығыңыздың өз сөздерін айтқандарыңды қалаймын» .
Көптеген тапсырмалдар кіші топта немесе жұппен жақсы өтеді. Кіші топта жұмыс жасағанда тиімді уақытты үнемдей аласыз. Өйткені үлкен топты әрбір адамды тыңдаған кезде уақыт көп кетеді.
3.3 Эмперикалық - практикалық зерттеу барысы
Бұл контент- анализдік зертеулерде қазақтың дәстүрлі мәдениетінде кикілжің жағдайларды астарлы шешутәсілдерін бірнеше категорияларға бөлдік, мәтіндерден анықтап талдау жасадық.Контент- анализді стандартты бірлік ретінде мынаны алдық:
а) шешендік сөздер, даулар атаулары, билердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдері, пікірлерімен ұшқырлы ой қорындылары;
б) халық ауыз әдебиетінен аңыз- әңгімелер т.б.
Контент- анализді категориясы деп алынатын зертеулердің , яғни дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды астарлы шешу тәсілдерінің кілттік концептуальды ұғымдарын қалыптастыру. Бұл жұмыс бойынша негізінде талданатын құжаттардың жеке элементтеріне осы категориялардың кездесу жиілігін сенімді және жүйелі түрде тіркеп отыру керек. Бұл зерттеу жұмысы бойынша : категориялар кикілжің жағдайларды астарлы шешу тәсілдерінің кездесу жиілігі болып табылады.
Контент- анализдің бірліктерін 2 топқа бөлеміз: сапалық және сандық. Контент- анализдегі сапалық бірліктер мәтіннен нені санау керек дегенді білдіреді. Ал сандық бірліктер қалай санау керек деген сұраққа жауап береді. Сапалық бірліктерге категорияларын жатқызуға болады.Контент- анализдің категориялары ретінде зерттеулердің концептуальды схемасын құрайтын кілтті ұғымдарды қарастырамыз. Категориялар неғұрлым ұсақ, сапалық бірліктерге, (подкатегорияларға) кішкене
категорияларға бөлінуі керек. Бұл зерттеулер төңірегінде мәтіннен, шешендік сөздерден кикілжің жағдайлардың астарлы т.б., шешу тәсілдерінің кездесу жиілігін санадық. Концептуальды схемасын құрайтын кілтті ұғымдар ретінде даулар мен билерді қарастырдық. А1- жер дауы, А2- жесір дауы, А3 - мал дауы, А4 - бала дауы, А5 - құң дауы, А6 – би мен би дауы А7 – Төле би, А8-
Қазыбек би , А9- Әйтеке би , А10- даугерлер (бай мен кедей) , А11- ру мен ру дауы,В1- ақпараттың толықтығында бірнеше тәсілдердің
кездесу жиілігі аңықталады.
Кикілжің жағдайларды шешу тәсілдеріне орай:
тұспалдап айту, астарлы ойлау тәсілі. Мысалы, Төле бидің дауларды шешу кезінде, оның кездесу жиілігінің орташа арифметикалық мәні - 0,4.
Төле би бұл тәсілді адам психикасына , ой- санасына түрткі салатындай елеулі әсер ете алған, көпшілікті өз сөзіне иландыра білген тұлға.
Кикілжің жағдайларды шешу тәсілдеріне орай, (1-кесте) бойынша төмендегідей қарастыруға болады:
-Мысықылдап, астарлап айту тәсілі Б2
-Жұмбақтап айту тәсілі Б3
-Мақал- мәтелдермен қарсыласын бастырмалатып, топты өзіне иландыру тәсілі Б4.
-Нақыл сөздермен билік айту, «астарлап» жеткізу тәсілі Б5
-Билік сөзбен мәмілеге келтіру Б6
-Өткірлеп бейнелеу тәсілі Б7.
-Тереңнен болжау, айқын бағыт – бағдар ұстау тәсілі Б8.
-Тәуекелге келу тәсілі Б9.
-Ынтымаққа келу тәсілі Б10
-Ымдау тәсілі Б11
Б3 , Б4, Б5 , Б6, Б7, Б8 осы тәсілдерінде Төле бидің ерекше қолданғаны байқалады. Мәселен, мақал- мәтелдермен қарсыласын бастырмалату, топты өзіне иландыру тәсілі, әсіресе Төле би мен Қазыбек бидің дауларды шешу жағдайларында кеңінен қолданылған.
Қазыбек бидің өзіндік ерекшелігі Орта жүзге тән таптаурыны мен психологиясы жүріс- тұрысына сәйкес келетін сипаттарының бірін аңғартады. Қазыбек бидің өткірлігі, батылдығы әсіресе, билік пен мәмлеге келтіру тәсілінде тәуекелге келу, өткірлі бейнелеу, жұмбақтап айту, сынау тәсілдерінен айқын көруге болады.
Ал, Кіші жүзде Әйтекенің батырлығы да, сөзге шешендігі, тапқырлығы айтылады. Ауыз әдебиетінен қалған рухани мұралардан Әйтеке би туралы мәліметтер аз. Оның сөз сптауында шешендік өнерінде қолданған тәсілі, мақал мәтелдермен бастырмалатып топты өзіне иландыру. Тұспалдап айту, астарлап айту тағы басқа тәсілдерінен айқын көрінеді. Төле биде тәсілдерді қолданудың жалпы саны- 127. Қазыбек бидің мәтінінде жалпы саны-117. Әйтеке биде –101.Би мен би дауында –90. Осы дауларды шешу тәсілінде ең көп ақпарат толықтығын көрсететін орташа арифметикалық мәні –0,54.Бұл тұспалдап айту, астарлап ойлау тәсілі. Бұл статистикалық сандық көрсеткіштен байқағанымыз болжамға сәйкес келуінде. Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдері «тұспалдап» айту, «астарлап» ойлау арқылы қарым- қатынасты орнықтыра білген. Бұл әлеммен өзара әрекетінің айрықша ерекшелігін көрсетеді.
«…Шығыс субъектісін қалыптасуын қамтамасыз ететін «астарлы» жүйедегі өзара әрекеттестік – бұл әлем мен өзара қарым- қатынасындағы адамгершілік тәсілімен тығыз байланыста. Бұл кезде адам басқа адам мен жеке адамдық құрылымдағы тепе- теңдікті бұзбай, жеке адам қасиетіне нұқсан келтірмей еппенен басқа адмның жүйесіне кіріп, бірақ өз позициясы мен пікірін білдірмеуі, астарлы жүйедегі өзара әрекеттестік әлемді түсінетін ерекше философиялық негізі… «[40;39]
Ф.С.Ташимованың бұл пікірімен келісе отырып, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде таптаурындары мен жүріс- тұрыстың өзара іс- әрекеттерінде қалыптасқан « астарлы», «тұспалдап» айтудың мәнін ерекше шешендік өнерінде мақал- мәтелмен т.б басқа айрықша көрінеді. «Ат сүрінгенше» сөз табуға тырысқан халықтың философиялық өресіне адам психикасына әсер ете білген топты, өзіне иландыра білген билердің тапқырлығы, ойлау ұшқырлығы, тереңнен болжау қасиеттері – сол халыққа тән қайталанбас өзіндік ерекшелігін аңғартады. Шешендік өнер - тек қазақ халқына тән құбылыс. Оның психологиялық астарына тоқталудың маңызы зор.
3.4 Қазақ тілді және орыс тілді қазақ жас өспірімдерінің эмперикалық - практикалық зерттеу мәліметтерін сандық және сапалық талдау, өңдеу қорытындылау
К онтент – анализ әдісінде мәтіндегі белгілі бір тақырыптың аргументациялық интенсивтілік деңгейін көрсету формуласын ұсынады.
Кгл- мағыналы бірлік негізі болған жағдайлар ( даулар немесе кикілжің жағдайлар)
Квт- қосалқы (категориялар, тәсілдер)
Эмпирикалық - практикалық зерттеу бөлімінде контент- анализ әдісінің осы формуласын негізге ала отырып ,кикілжің жағдайларды шешу тәсілінің сапалық бірліктерінің кездесу жиілігін санау керек.
Сонымен қатар , контент- анализ арқылы қазақ тілді және орыс тілді жас өспірімдердің кикілжің жағдайларды «астарлы», тікелей шешу тәсілдерінің кездесу жиілігі анықталады Сапалық мәліметтердің сандық бағалануы, олардың кездесу жиілігі болып табылады.(1, 2 кестелер), жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелінеді.
Контент- анализ әдісі негізінде алынған зерттеу нәтижелерінің (3,4 кестелер)көрсеткіштері бойынша алынған мәліметтердің қорытындысына келсек, онда орыс тілді қазақ жасөспірімдерінде тікелей шешу тәсілінің кездесу жиілігі- 5,9 пайыз, басқа тәсілдермен салыстырғанда басымырақ екенін көрсетті, ал қазақ тілді қазіргі жасөспірімдердің кикілжің жағдайларды шешу кезінде мақал- мәтелдермен астарлап айту тәсілінің кездесу жиілігі- 5,25 пайызын көрсетті, басқа тәсілдермен салыстырғанда басымырақ көрсеткішін айқындатты. Бұл аталмыш көрсеткіштерден қазақ тілді жасөспірімдердің коммуникативті ойлау өзара қарым- қатынасында, іс- әрекет таптаурындарында қалыптасқан астарлап айту тәсілі бары айқындылды. Мұның өзі, дәстүрлі мәдениеттегі мақал- мәтелдерді қолдануына, үлкенді сыйлау тәсілдерінің тағы басқа мәселелерді шешу кезінде қолдануынан көруге болады.
Зәрттеу болжамын дәләлдеу үшін контент- анализ әдісі арқылы кикілжің жағдайларды шешу кезіндегі тәсілдердің кездесу жиілігінің сандық және сапалық талдадық.
Бұл жұмыста орыс тілді және қазақ тілді жасөспірімдердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілінде екі топ арасындағы мәнді айырмашылықтар анықтауға Q -Розенбаумның критерийі пайдаланылды.
Бұл критерий көмегімен екі белгі арасындағы айырмашылықтарды сандық өлшемін қандайда –бір белгілер деңгейлері бойынша бағалау үшін қолданылады. Әр бір тандалған зертелінуші 11-ден кем болмау керек.Алынған қатысушылардың кикілжің жағдщайларды шешу тәсілдарін контент- анализ әдісі арқылы талданды. Барлық зерттелуші саны –30.Оның 15- сі қазақ тілді қазақ жас өспірімдер болса, ал 15- орыс тілді қазақ жас өспірімдер. Олардың жас шамасы – 14-15.
Осы тандалған топтың арасында кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінде айырмашылықтары бар деп болжауға болады ма?
Кесте 1 - Орыс және қазақ тілді жас өспірімдердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінің индивидуальды мәндері (Q -Розенбаумның критерийі)
1-ші қатар қазақ тілді жасөспірімдер
|
2-ші қатар орыс тілді жасөспірімдер
|
Зерттелушілер аттарының коды
|
Қазақ тілді жасөспірімдер-
дің көтсеткіштері
|
Зерттелушілер аттарының коды
|
Орыс тілді қазақ жасөспірімдер-
дің көтсеткіштері
|
1. Е.А.
|
4
|
1. Б.Ж.
|
3
|
2. С.К
|
5
|
2. Б.С.
|
2
|
3. А.Е
|
3
|
3. А.А.
|
4
|
Достарыңызбен бөлісу: |