(аты-жөні, атақ-дәрежесі, қолы)
Тапсырманы қабылдаған студент ______________________________
( аты-жөні, қолы)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..............................................................................................................6
1 Психология ғылымныдағы кикілжің мәселесі.........................................10
Кикілжің туралы түсінік...........................................................................10
Кикілжің типологиясы және оны шешу тәсілдер...................................15
Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі кикілжіңдердің ерекшеліктері......21
2 Дәстүрлі мәдениеттегі билердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінің психологиялық сипаты........................................................................26
2.1 Билердің бітім-биліктерінің әлеуметтік-психологиялық сипаты.........26
2.2 Билердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінде «астарлап» айтудың психологиялық мәні...................................................................................28
2.3 Жас өспірімдердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін талдау....36
3 Эмперикалық зерттеу бөлімі.......................................................................38
3.1 Эмперикалық - психологиялық зерттеудің мақсаты, ғылыми болжамы және міндеттері..........................................................................................................38
3.2 Зерттеуде қолданған әдістердің сипаттамасы........................................39
3.3 Эмперикалық- практикалық зерттеу барысы.........................................40
3.4 Эмперикалық- практикалық зерттеу нәтижелерін талдау, өңдеу, қорытындылау...........................................................................................................42
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі..................................................49
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде адамдар арасындағы өзара қарым қатынастардан, қарама- қайшылықтар, даулар, кикілжіңдік жағдайлардың шешілу тәсілдері өте маңызды. Олардың ең бастысы- әр адамның мақсаттарына, қажеттіліктеріне байланысты, әркім өзінің мақсаттарына қарай әр түрлі іс- әрекеттер, таымдық көзқарастарына қарай кикілжіңдерден шығудың тәсілін түрліше қолданады.
Дәстүрлі мәдениттегі шиеленіс жағдайлардың шешілу тәсілдеріне көңіл бөлу мақсатымыз – сол дәуірде шиеленісті жағдайларды астарлы тәсілдермен шешкендігін этнопсихология саласында зерттеудің маңызы зор.
Этнопсихология саласында дәстүрлі мәдениеттегі ақын-жыраулардың психологиялық идеяларын Қ. Жарықбаев сипаттаған. Олардың психологиялық ой-толғаныстарына тоқталып өткен. Дегенмен шешендік даулардағы,жыраулардағы шиеленісті жағдайлардың тәсілдері қарастырылмаған [1; 14].
Ф. Ташимова еңбектерінде қазақ мәдениетінің субъекті түсінігі былай сипатталады: «субъектілердің творчестволық тарихи тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа тікелей және жанама жолдармен жалғасқан» [2; 47].
Қазақ «ат сүрінгенше ақыл тапқан», ұшқыр, тапқыр ойды қастерлеген, халық ауыз әдебиетінде өшпес мұралар қалдырған.
Психология ғылымы саласынан, осы мәселелер тақырыбында зерттеу еңбектерін қолға алған саласы этно психалогия болып табылады, ал дәстүрлі мәдениеттегі шиеленісті жағдайларды шешу тәсілдерінің жолын анықтау конфликтология саласы үлесінде.
Біздің зерттеу тақырыбымыздың негізі Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін психологиялық зерттеу.
Мақал-мәтелдерді қазіргі жастардың шиеленістерді шешу тәсілдерінде орынды қолдануы ұлттың әлеммен өзара қарым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктерін айқындай түседі. «Тіл қарым-қатынас құралы» десек, шиеленісті жағдайларды шешу тәсілдерінде оның алатын орны өз мәнін жойған емес. Осыған орай, Ф.С.Ташимова өзінің еңбектерінде қазақ мәдениетіне тән субьекті түсінігіне көңіл бөлген. Онда автор «қазақтарда ата-бабаларының рухы немесе жеті атасын білуі, өзінің ұлттық болмысын саналы түрде түсінуіне, ата-бабалары арқылы жинақтаған рухани байлықтарын ой елегінен өткізіп, жеткізе білуіне іс-әрекеттері мен таптаурындарынан айқын көрінедің- деп қарастырған [2; 47].
Өкінішке орай, қазіргі кездегі жағдайларды ескерсек, өз ұлтымыздың ішінде ұлттық құндылықтарды игермеуі, ескермеуі, салт-дәстүріне немқұрайлықпен қарайтын адамдардың болуы кең көлемде өз алдына зерттеу жүргізетін психологиялық мәселеге айналып отыр.
Халқымыздың ұлттық санасында этникалық сәйкестіліктің болмауы түрлі әлеуметтік келеңсіз жағдайларға, мәңгүрттікке, тіліміздің өсуінен өшуіне, мәдени дәстүріміздің дамуына кедергі болуы мүмкін жағдай.
Бұл зерттеуге алынған еңбектің ерекшелігі орыс пен қазақ жастарының қазіргі кездегі шиеленісті жағдайларын шешу тәсілдеріндегі өзіндік ерекшеліктерін анықтау, қарым-қатынастағы тілдің логикалық құрылымындағы өзіндік психологиялық сипатын қарастыру.
Ең бастысы-қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі кикілжіңдерді шешу тәсілдерінің психологиялық ерекшелігін анықтап, қазіргі кездегі жағдайларда оның алатын орны қандай деген сауалдарға ізденістер. .
Біздің халқымыздың дәстүрлі мәдениетіне даулар немесе кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілдерін тек сөзбен, іспен, күшпен ғана емес, бет-пішінінен, дене қимылымен үнсіз отырып-ақ ой-пікірді айқын танытып істі бітіре салатын болған. Мұндай іс-қимылдарды келісу, ашу-ыза т.б. сәттерінде ыңғайын тауып пайдалану шеберлікті де, сезімталдықты, тапқырлықты бейнелейді. Мұның өзі де мұндай жағдайлар мен мәселелерді тікелей емес, «астарлы «жолдармен шешу тәсілдерінің біріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |