Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет16/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   176

34 
 
бойына дарытын, үйрететін мектептерде жүргізілетін еңбек пәні. Олай болса "Ата көрген оқ 
жонар,  ана  көрген  тон  пішер”  деген  халық  даналығын  басшылыққа  алып,  жас  ұрпақты 
тәрбиелеуде,  дамытуда,  қалыптастыруда  халқымыздың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  тәрбие 
құралдарын: тіл, дін, өнер, үлгі-өнеге орнымен пайдалану бүгінгі күн үшін де өте маңызды.  
Мектеп  қабырғасында  оқушыларға  ұлттық  қолданбалы  өнерді  үйретуде  әсіресе  еңбек 
технологиясы пәнінің үлесі зор. 
Бұл  пәндер  үшін  әдістемелік  нұсқаулар,  оқу  құралдарын  дайындау  және 
лабороториялық  жұмыстарды  өткізу  деңгейіне  сәйкес  шеберханаларды,  зертханаларды 
жабдықтау  мәселелері  туады.  Оқу  шеберханаларында  өтетін  технология  сабақтары  еңбекке 
баулудың  негізгі  міндеттерін  шешуге  және  оның  мақсаттарына  жетуге  мүмкіндік  береді. 
Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық 
педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады.  
Адам  еңбексіз  дамымайды,  кері  кетеді,  азады.  Еңбек  арқылы  адамның  денесі, 
көзқарасы,  эстетикалық  және  ақыл-ой  деңгейі  дамып,  жетіледі,  еңбектің  мәні  және 
құндылығы арта түседі [1]. 
Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізуге, білім 
беруді  тереңдету,  ақпараттандыру,  ұлттық  және  жалпы  азаматтық  құндылықтарды,  ғылым 
мен  тәжірибе  жетістіктері  негізінде  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  дамытуға  және  кәсіби 
шыңдауға  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау  бірден  бір  еңбектің  нәтижесінде  қол 
жеткізуге болады [2]. 
Кәсіби  еңбекке  баулудың  негізгі  мақсаты  білім  алып,  білік  пен  дағды-машыққа  қол 
жеткізу  ғана  емес,  солардың  негізінде  дербес,  әлеуметтік  және  кәсіби  ұтымшы  шешімдер 
қабылдап, оларды жүзеге асыру болып табылады. 
Оқушыларды  білімге,  біліктілікке,  дағдыландыруға  бағытталған,  мұғалімнің 
қызыметте, іс-әрекетте қолданылатын тәсілдер жиынтығы. Еңбекке оқытуда педагогикалық 
әдістер  барынша  қолданылады,  яғни  жалпы  пәндермен  тығыз  байланысты.  Сонымен  қатар 
еңбекке баулу сабағының өзіне тән ерекшеліктеріне сай әдістер қолданылады.  
Дәстүр бойынша  білім беруде оқыту әдісі 3 топқа бөлінеді: 
-  оқу ақпаратын естіп қабылдау үшін сөз арқылы жеткізу (сөздік әдіс); 
-  оқу ақпаратын көріп қабылдау үшін көрнекілік арқылы жеткізу (көрнекілік әдәсі); 
-  оқу ақпаратын еңбек әрекеті  және тактильді кинетикалдық  қабылдау    үшін әрекет 
арқылы жеткізу (практикалық әдіс). 
 Еңбекке  оқытуда  сөздік  әдіс  тобынан  көбінесе  түсіндіру,  әңгіме,  баяндау  әдістері 
қолданылады.  Ережеге  сай  сөздік  әдіс  көрнекілік  және  практикалық  әдістердің  үйлесуінде 
қолданылады. 
Түсіндіру – бұл оқу материалын қысқа түрде дәлелдейді және мазмұнын жүйелейді. 
Еңбек сабағында түсіндіру әдісі техникалық құралдар жайлы танысуда, бұйымдарды жасау 
технологиясын  таныстырғанда,  техникалық  қауіпсіздік  ережелерін  таныстырудыда 
қолданылады.  Көбінесе,  анық,  нақты  түсіндіру  үшін  еңбек  әрекеттерін  оқушылардың 
қатысуымен  әртүрлі  көрнекі  құралдар  арқылы,  байқау,  сынақ  жұмыстарын  мұғалімнің 
басқаруымен жүргізуге болады. 
Әңгіме  –  оқу  материалдарының  мазмұнын  айтып  беру.  Әңгімелеудің  түсіндіруден 
ерекшелігі,  үлкен  бейне  және  эмоционалды  түрде  жүреді.  Бұл  әдісте  баяндалып  жатқан 
хабардың  маңызды  жайыттары  көрсетіледі  (қуану,  ренжу  және  т.б.)  Әңгіме  әдәсі  басқада 
әдістермен байланысады: түсіндіру, сұхбат және де көрнекі-практикалық. 
Сұхбат  –  бұл  оқытушылармен  оқушының  арасында  оқу  матнериалын    талдау. 
Мұғалім ұсынып отырған оқу тақырыбы оқушыларға таныс болған жағдайда қолданылады, 
оқушылар  өз  білгендерімен  өзара  алмасады.  Кез-келген  сұхбатта  мұғалім  қойылатын 
сұрақтарды  алдын  ала  дайындап,  оның  барысымен  қорытындысын  ойластырып  қою  керек. 
Педагогикалық  процесте  көбінесе  осы  сұрақ-жауап  әдісіті  қолданудың  пайдасы,  ол 
оқушылардың  жылдам  өзара  жауап  беруін  дағдыландырады.  Осыдан  оқушылардың 
біртіндеп  сабаққа  деген  белсенділігі  артып,өз  ойларын  еркін  жеткізе  алуы  дағдылары 


35 
 
қалыптасады.  Мақсатқа  байланысты  сұхбаттасудың  мазмұны  кіріспе,  жалпылау,  түсіндіру 
және эвристикалық түрде болуы мүмкін. 
Сұрақтар жүйесін құруда келесі жағдайды ескеру керек: 
-  Сұрақтар  әр  түрлі  бағытта  қоюлы  қажет  (толық  және  толық  емес).  Жаңа  модел 
жасау туралы сұрақтың өзгеруі оқушылардың білімі мен біліктілігіне  байланысты болады; 
-  барлық  бейне  және  рөл  бойынша  сұрақтар  негізгі  және  көмеші  болып  бөлінеді. 
Ұжыммен  сұхбатта  мұғалім  сыныпқа  негізгі  сұрақтан  бастайды.  Оқушылар  жауап  беруге 
қиналғанда мұғалім көмекші сұрақты ұсынады. 
Көренілік  әдіс,  демонстрация,  тәжірбие  бақылау.  Оқу  демонстрациясы  –  оқу 
үрдісінде мұғалімнің әртүрлі көрнекі  құралдарды пайдалану. Еңбек сабағында объектілерді 
табиғи  бейне,  суреттер,  заттық-операциялық  және  сөздік  түрде  көрсету  модельдер,  құрал-
жабдықтар, оқу филімдерін демонстрациялауға болады. 
Көбінесе    бұйымдар  үлгі  бойынша  орындалады,  себебі  белгілі  қажеттілікті  талап 
етеді: 
-  Күрделі жағдайда үлгі бағдарламаға сай болу керек; 
-  үлгі  әдемі,  жинақы,  ұқыпты  болу  керек  және  де  оқушылар  пайдаланатын 
материалдан жасалған болуы қажет; 
- үлгіоқушылар жасай алатындай жағдайда болуы тиіс; 
- үлгі  көлемі  оқушылар  жасауға  қолайлы  болуы  тиіс  (  өте  үлкен  бұйым  жасау  көп 
уақытты  қажет  етеді,  ал  кішкентай  бұйым  жсау,  оның  бөлшектерін  жасауда,  көруде 
оқушыларға  қиындық туады). 
Сабақ  барысын  жүргізуде  жасалатын  бұйымның  графикалық  және  сөздік,  заттық-
операциялық  жоспары  қолдынылады.  Заттық-операциялық  жоспар-жартылай  фабрикалық 
ретте орындалған бұйымдардың заттық-операциялық жоспарын құруды келесі қажеттіліктер 
қатарын орындау керек: 
-   Біркелкі  бейнелер операциясы; 
-  бұйымның үлгісін жасауға дайын болуы тиіс; 
-  үлгіні тақтаға немесе жеке карточкаларға іліп қоюы керек, себебі оларды алып жан-
жақты көруге ыңғайлы болу үшін; 
-  жоспарда жазылған бөлшектер көлемі үлгіге сай болуы тиіс; 
-  сызықтар,  белгі,  сандар  артқы  жақта  отыратын  оқушыларға    көрінетіндей  анық 
үлкен болуы керек; 
-  қағаздың  түсі,  жіп,  матаның  кескіні  және  оқушыларға  таратылатын  құралдар  да 
заттық-операция жоспарында үлгіге сай келуі тиіс; 
-  көрнекі  құралдарды  қабылдауды  қиындатпау  үшін,  жалған  үлгіні  жасауға 
қолданылатын материалдардан жоспары карточкаларының реңі өзгеше болуы керек. 
Графикалық жоспар-графикалық сурет түрінде орындалатын жұмыстың бірізділігі. 
Графикалық жоспар құру кезіңде келесі қажеттіліктерді қолдану керкек: 
-  Суреттер  үлгіге  қарағанда  біршама  үлкейтілген  ретте  анық  бейнеленген  түрде 
берілуі тиіс; 
-  жоспарда  бөлшек  түсі  оқушылар  жасайтын  бұйымның  материалың  түсіне  сәйкес 
келуі тиіс; 
-  әрбір сурет міндетті түрде әрбір кескінге сәкес келуі қажет [3]. 
Тәжірбие – сыртқы көрініспен анықтауға мүмкін болмайтын, белгілі өзіне тән заттар 
мен  қимыл-қозғалыс  бағыты.  Оқушылар  еңбек  сабағының  барысында  әртүрлі 
материалдардың қасиеттерін біледі (ермексаз, саз, қағаз, жіп, ағаш материалы, сым темірлер 
және т.б.) Мысалы: оқушы қағазды қасиетін білу үшін онымен бірқатар жұмыстар жасайды. 
Олар қағазды жіңішке және жуан қылып бүктейді, қияды және т.б. Әрбір әрекет сайын есеп 
беріледі, тәжірбие қорытындысы оқушылармен бірге талқыланады. 
Бақылау  -    бұл  мақсатқа  бағытталған,  құбылыстарды,  үрдістерді  ұзақ  қабылдайды 
және  оларда  пайда  болатын  өзгерістермен  ерекшеліктерді  анықтайды.  Еңбек  сабағында 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау