Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет17/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   176

36 
 
қоршаған ортамен экскурссия барысында оқушылар мұғалімнің көрсеткен мысал әрекеттерін 
бақылайды. 
Кәсіби  еңбекке  оқыту  бағдарламасы    бойынша  мұғалім  еңбек  тәсілдерін  ақырындап 
асықпай  көрсетеді.  Ең  алдымен  оқушылардың  зейінің  ең  маңыздысына  аудару  керек. 
Мұғалім  еңбек  қозғалыстарын  орындай  отырып  олардың  бағытының  нақты  кеңістіктік 
сипатын көрсетеді. Мысалы, түзу сызықпен белгі  бойынша қою; қисық сызық қоюда қолдың 
синхромды қозғалуы-қағазбен оңға, солға бұрылуы және т.б. 
Еңбек  сабағында  көбінесе  нұсқаушыны  қолданады.  Сонымен  қатар  жүйелілік, 
түсіндіру,  әрекеттерді  жасау  көрнекіліктері,  кесте  демонстрациясы,  сызықты  кестелер 
пайдаланылады.  Еңбекке  баулуда  нұсқаушының  маңыздылығы,  еңбек  әрекеттерін,  
тәсілдерді, құрылым түсініктері туралы жиі көрсетіп туруы керек. Мұғалім жұмыс әрекетін 
көрсетуді  ақырындатып,  түсіндірумен  бірге  жүргізеді.  Нұсқаушының  үрдісінде 
оқушылардың жеке сынақ жаттығулары ұйымдастырылады. 
Практикалық  әдіс  тобына  еңбек  сабақтарында  әртүрлі  жаттығулар  мен  сарамандық 
жұмыстар орындалады. 
Жаттығу  -    оқушылардың  еңбек  сабағында  оқып  жатқан  операцияларды  саналы 
және  жүйелі  түрде  орындау,  соның  нәтижесінде  еңбектік  дағдыларды  меңгеру. 
Жаттығулар  оқушыларға  белгілі  бір  тапсырма  түрінде  беріледі.  Орнату,  жаттықтыру,  оқу-
шығармашылық және жұмыс болып бөлінеді. 
Орнату жаттығулары – бұл тек бұйымдарды жасау тәсілі. 
Оқу-шығармашылық  жаттығулар-өзара  байланысты  еңбек  операцияларының 
жүйелілігін көрсетеді. 
Жұмыс  жаттығулары-олардың  құрамында  жаңа  элементтер  жоқ,  жұмыс  үрдісі 
оқушыларға жақсы таныс. 
Сарамандық жұмыс – бұл жаттығудың ерекше түрі, оқушылардың өз бетімен білім 
алуына  бағытталған.  Сарамандық  жұмысты  ұйымдастыру  үшін  материал  және  құрал-
жабдықтар қажет [3]. 
Беделді  психолог  А.Н.Граборов  қол  еңбегі  үрдісінде  оқушыларды  еңбек  пәніндегі 
әрбір қимыл-қозғаласы айқын және көрнекі бағаланатын қорытынды беретінін бекітті. Еңбек 
үрдісі  оны  әрдайым  жоғары  қалыпқа  қояды  және  ол  одан  жол  тауып  шыға  білуі  керек. 
Осылай, асықпай және кезектілікпен бағыт-бағдар таба білу қабілеті таңдалады. Жұмыс істеу 
барысында, тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар өздеріне деген сенімділік қасиеттерін 
тәрбиелейді және өзіндік тұлғасын еңбекке баулиды. 
Сонмен  қатар  еңбекке  баулу  үрдісі  кезінде  тұлғаның  жақсы  қасиеттерін  дамыту 
мәселесі  шешіледі:  олар,  мақсаттылық,  бастаған  жұмысты  аяқтау  қабілеті,  өзбеттілігі, 
ұжымдық сезім және т.б. Кәсіби еңбекке баулу жағдайы өзіндік жақсы қасиеттердің дамуына 
ықпал етеді. 
Жұмыс  үрдісінде  орындалатын  іс-түрлерінен  мұғалім  оқушыларға  мағлұмат  бере 
отырып, олардың жұмысқа икемдік қабілеті  мен таным-талғамын кеңейтіп, кәсіби еңбектің 
дәстүрлі түрлерінің макетін, оның бөлшектерін дұрыс жасай білуіне, затқа салынатын оюдың 
түрлерін  орынды  қолдану  сияқты  элементтер  арқылы  олардың  рухани  өрістерін  кеңейте 
түсулеріне тәрбиелеу мұғалімнің негізгі мақсаты болуы керек. 
Еңбекке  баулу  кезінде  оқушылардың  орындауына  жеңіл,  қарапайым  түрде 
орындалған халық тұтынатын бұйымдар немесе оқушылар өмір сүрген ортада көптеп кездесе 
бермейді. Сондықтан қол өнер бұйымдарын жасап, оған еңбекке баулу  әдістемесін қолдану 
жүзеге асырылады. 
Матамен  жұмыс  жасағанда  оқушының  жұмыс  орнын  дұрыс  ұстап,  әр  затты  өз 
орындарына  қойып  үйренулеріне  баса  назар  аудару  қажет.  Жабдықтармен  басқа  құралдар 
арнайы  қорапта  немесе  сөреде  сақталу  керек.  Күн  сәулесі  сол  жақтан  түсіп,  үстелдің  үсті 
жарық болуы керек. Жұмыс істегенде затты көзден 25-30 см-дей қашықтықта ұстаған жөн. 
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасы жөнінде кіріспе нұсқау 
өткізу қажет. 


37 
 
Оқушыларға келесі ережелердің сақталуы ескертіледі:  
-  Жұмыс кезінде ине мен түйреуіштерді арнайы ине шаншығышқа шаншып қою; 
-  жұмысты орындауға алынған инелермен түйреуіштердің сапасын анықтау;  
-  олармен жұмыс жасап болғаннан кейін санап тексеру; 
-  оймақпен тігу; 
-  қайшыны арнайы орнында ұстау; 
-  қайшыны сақина жағымен ұсыну. 
А.С.Макаренко  өзінің  «Ата-аналар»  кітабында:  «Тәрбие  ішінде  ешбір  ұсақ-түйек 
нәрсе жоқ. Ешнәрсені де ұсақ-түйек деуге және ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өміріңізде немесе 
балалаңыздың  өмірінде  бір  нәрсені  ерекше  деп  бөлек  салып,  қалғандарын  елемей 
қалдырсаңыз, қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ-түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат 
сайын  кезесіп  отырады  және  өмірдің  өзі  де  сол  ұсақ-түйектерден  құралады.  Өмірдің  бұл 
жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің ең жауапты міндетіңіз», - деген бұл 
жөнінде. 
Еңбекке  баулу  сабақтарында  оқушыларды  еңбекке  тәрбиелеуде  мынадай  негізгі 
міндеттерді басты назарда ұстану қажеттігі болу керек.  
- Оқушыларды еңбек ету мәдениетіне тәрбиелеу; 
- политехникалық білім негіздерін меңгертуге үйрету; 
- оқушылардың  ой-өрістерін,  шығармашылық  қабілетін  дамытуда  жоспарлы  жұмыс 
жүргізу. 
Еңбекке  тәрбиелеудің  оқушыларға  арналған  бағдарламасының  да  маңызы  ерекше. 
Өзіне-өзі  қызмет  етуде  оқшылар  бөлме  өсімдіктерін  күтіп,  баптау,  бөлме  ішін  тазалау, 
гүлдерге  су  құю,  түйме  қадау,  жыртылған  киімдерді  жамау,  көктеу  арқалы  икемділікке, 
ісмерлікке үйренеді. Мұғалім дер кезінде бағыт-бағдар беріп отырса, оқушы «өзінің қолынан 
әжептеуір іс келетіндей» деген дәржеге жеткенін сезінер еді. 
Техникалық  еңбекте  қағазбен,  қатырма  қағазбен,    матамен,  табиғи  материалдармен, 
сым темірмен құрастыру жұмыстарын жасау арқылы оны практикада пайдалану тұрғысынан 
талдап,  жеке  бөліктерінің,  пішіннің,  мөлшердің  орналасуында  құрастыруда  қолданатын 
үйлесімділігін анықтап үйренуге дағдыланады. 
Көркем  еңбек  ету  бөлімінде  ермексаз,  сазбалшықтан  мүсіндеу,  мата,  ағаш,  теріні 
өңдеу,  қию,  сызу,  қолану  тәсілдерін  үйренеді.  Қағаздан,  матадан  өрнектеу  арқылы  оюды 
қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасы ретінде көрсетуге үйренеді.  Міне, осы еңбекке баулу 
сабағында қолданатын еңбек пәні мазмұнының құрылымының бәрі оқушыларды еңбек атуге 
тәрбиелеудің  айырмас  бөлшектері  болып  табылады.  Еңбек  ету  нәтижесінде  оқушылардың 
еңбекке  көзқарасы  өзгереді,  сүйспеншілігі,  тәртіптілігі,  табандылығы,  жігері  нығаяды, 
ұстамдылығы, ұжымшылдығы қалыптасады [3]. 
Еңбекке  баулуда  мұғалім  оқушылардың  жас  және  жеке  ерекшеліктерін  еске  ала 
отырып,  олардың  еңбек  қимыл-әрекетін  тез  өзгертіп  отыруы,  еңбекке  ойын  элементтерін 
кіргізуі  қажет.  Оқушылар  істеген  ісін  мұғалімнің  мадақтап,  қолпаштап,  құптап  отырғанын 
дұрыс көреді. Еңбектену барысында оқушылардың іс-әрекет кезінде байқағыштығы, ой-өрісі 
дамиды,  шығармашылық  белсенділігі  артып,  өз  бетімен  жұмыс  істеуге,  таьандылыққа 
үйренеді, өз күшіне сезімі артады. 
Қорыта  айтқанда,  оқу  мен  өмірді  байланыстыру,  оқушыларды  еңбекке  даярлауды 
жақсарту күн тәртібінен түспейтін мәселелер. Еңбекке баулу сабағында әр сөздің мағынасын 
түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Себебі оқушылар заттарды жасаған кезде, өздері сол заттың 
атын  айтуға,  керекті  материал,  құралдар  қажеттілігі  туындап,  сөйлеуге  мәжбүр  болады. 
Сондықтан  да  еңбекке  баулу  сабағы  оқушылардың  өмірде  өз  орнын  табуда  ерекше 
мақсаттарды  шешетін  және  белгілі  бір  дағдыларға  икемдейтін  пәндердің  бірі  болып 
саналады. Бастауыш сыныптарда, орта буында еңбекке баулу сабақтары оқушылардың ойын 
дамытатын, талғамын және іскерлігін арттыратын, алға қойған мақсатты орындауға барлық 
ынтасын жұмсайтын дәрежеде өткізілуі тиіс. 
 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау