3. Аудиторлық тексеру процедуралары. Аналитикалық процедуралар.
Бизнесті басқарудағы қалыптасқан жүйенің жұмыс істеу ұтымдылығын және толықтылығын бағалау әр түрлі деңгейлердегі детальдармен орындалуы мүмкін, бул операциондық аудит пен талдаудың әдістерін әзіреуде көп қырлы тәсілдемелерді талап етеді. Соңғы кезде басқарушылық циклінен дербес кезеңге бөлініп шыққан кешенді талдау қаржылық – экономикалық шешімдерді қабылдауды негіздеу үшін ғана керек емес, ол сондай – ақ шаруашылық қызметтерді басқарудың негізгі функциясына қатысты қосалқы жүйені қамтамасыз етуші ретінде оның жақсы орындалуына бағытталған. Әдеттегінші, басқару функциясы мына тізбектілікте жүзеге асырылады: жүйелі талдау - ағымдық және оперативтік жоспарлау – есеп – бақылау операциялық талдау – реттеу – кешенді талдау – алдағы кезеңге жоспарлау. Мұнда кешенді талдау жаңа кезеңдегі жоспарды бастауы болуы керек, шешім қабылдау ісін «артқа тастап», техникалық – ұйымдастырушылық және экономикалық шешімдердің нақты іс – жүзіндегі әр кезеңдегі тиімділігін бағалап, аяқтап отыру керек.
Бұл схема - өндіріс, жабдықтау, өткізу, ресурстардың айналымдылығы бизнестің тиіділігі сияқты процестердің операциондық аудит пен қаржылық – экономикалық талдау үшін әмбебап. Бизнестің операциондық аудиті мен кешенді талдауының мақсаттары біртұтас әрі көп қырлы, оларды сәтті үйлестіре білген жағдайда ұйымдастыруын оңтайландыру бойынша орнықты шешімдерді қабылдау мен ғылыми танымның мүмкіндіктері кеңейді. Кешенді талдау - шаруашылық қызметтің аудиті мен қаржылық - экономикалық талдауды4 ең қарапайым әрі тиімді әдістерінің бірі.
Талдау процедуралары 2004 жылы Аудиторлық іс - тәжірибе бойынша комитет шығарған аудит стандарттары туралы америкалық Ережелер (SAS) нұсқауының мазмұны болып табылады. Оған аудит және бухгалтерлік есеп бойынша Халықаралық және Қазақстандық стандарттарына арнайы бөлім енгізілді. Аудит стандарттары туралы ережеде (SAS 56) мынадай анықтама берілген: «Талдау процедуралары – аудит процесінің маңызды құрастырушысы. Олар қаржылық және қаржылық емес сипаттағы көрсеткіштердің шынайылығын зерттеу нәтижелері бойынша қаржылық ақпараттарды бағалауды білдіреді. Талдау процедуралары әр түрлі болады – жай салыстырулардан күрделі үлгілерге дейін...»
Талдамалы процедуралары операциондық аудитті жоспарлауда да, процестік және кезеңдік тексерулерде де қолданады. Бизнестің операциондық аудитінде қаржылық-экономикалық талдау процедуралары мына түрде орындалады:
аудиторлық тексерулердің бағдарламаларын жоспарлау мен әзірлеу кезеңіндегі іздестірушілік жоспарлы және шолушылық талдау;
шаруашылық операциялар үшін есеп пен ішкі бақылау жағдайын тексеру барысындағы жүйелі, елеулі және функционалдық талдау;
дайындап - жабдақтау, өндіріс және қаржылық - өткізу қызметтерінің оперативті, ағымдық және перспективті талдауы;
бизнес тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне әсер ететін факторларды зерттеу және қаржылық есеп берулерді тексеру кезеңдеріндегі ұйымдық, функционалдық және процесстік талдау;
бизнесті басқару мен оның тиімділігін арттыру жүйелерін жетілдірудің жағдайы мен келешегін арнайы, толық, тақырыптық, локальды және кешенді талдау.
Талдамалы процедуралары жай салыстырудан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметтен кешенді талдауын күрделі экономикалық - математикалық үлгісіне дейін өзара байланысты көптеген факторларда әр түрлі болуы мүмкін.
Талдамалы процедураларды қолданылу мақсаттарына қарай мынадай маңызды түрлер мен нұсқаларға: іздестіру, жоспарлы, шолу, елеулі, диагностиалық, ағымдық, оперативті, перспективалық, алдын – ала, кешенді, жүйелі, функционалды, корреляциялық және т.б. бөліп көрсетуге болады.
Іздестірушілік талдау операциондық аудит міндетін тимді шешудің және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің салаларын, бағыттарын, әдістерін дұрыс таңдауға ықпал етеді. Іздестірушілік талдаудың эвристикалық тәсілдемесі шаруашылық жүргізуші субъектінің басқарушылық, өндірістік, маркетингктік және қаржылық қызметтерін жаңа ғылыми – техникалық жетістіктерді іздеп тауып пайдалануға мүмкіндік береді.
Жоспарлы талдау аудиторға тексерудің көлемін, өзіндік ерекшелігін, мерзімін, сипатын дұрыс анықтауға көмектеседі. Көптеген жағдайларда жаппай тексерулер мен терең әдістерді қолданудан гөрі талдамалы процедураларды пайдалану әлдеқайда тиімдірек. Мысалы, дебиторлық берешектер мен өткізу мөлшерінің арақатынасын талдау конграгенттердің кезікпелі тексеруінен гөрі әлдеқайда қарапайым әрі арзан тәсілдермен жүзеге асырылады.
Шолып талдау алдын ала «осал» тұсты анықтап, зерттеудің негізгі нәтижесіне «диагноз қояды». Жоспарлы және шолушылық талдамалы зерттеу кәсіпорынның шаруашылық қызметінің шешуші көрсеткіші бойынша байқамай қалу қатерін, яғни кемшіліктерді таба алмай қалудың қаупін азайтады. Олар аудиторлық тексерулердің көкейкесті мселелерін де, маңызы кемдеу нақты міндеттерін де анықтауға, клиент бизнесінің жалпы көрсеткіштерін және жеке қызмет түрлерін жақсарту резервтерін іздестіретін маңызды аспектілерді анықтауда көмектеседі.
Елеулі талдаудың мақсатына негізгі талдамалы процедураларды орындау үшін қажетті шындыққа жанасымды ақпараттарды алу жатады. Елеулі талдау ақпарат мөлешері, кезеңдер, процестер, құрылымдық бөлімшелер, реттеу, жүргізілу әдістер, қамту деңгейі және т.б. бойынша ерекшеленуі мүмкін. Осыған орай елеулі талдауды жүзеге асыру барысында толық, локальды, тақырыптық, оперативті, ағымдық және перспективалық талдау тәрізді белгілі әдістерге жүгіну қажет.
Елеулі талдау алға қойылған міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін операциондық аудитің әлдеқайда тиімді құралдарының барлық мүмкіндіктеріне ие. Оны жүзеге асыру барысында бизнестің барлық даму кезеңдері, функциялары және деңгейлері талданады. Әр түрлі есептер жүргізіледі, салыстырмалы қарапайым көрсеткіштерден көптеген факторлардың әсерін ашатын аса күрделі коэффициенттерге дейін қамтылады.
Елеулі талдаудың көмегімен ұдайы өндіру кезеңдері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің салалары мен жеке учаскелері бойынша қалыптасуы мен пайдалануы кезеңдерін зерделеуге болады.
Аудиторлық дәлелдің құралы ретінде елеулі талдауды қолданбастан бұрын бірқатар факторларды қарастырған дұрыс:
- операциондық аудит мақсаттарының нақтылығы;
- ішкі бақылау жүйесі ұсынған ақпараттар қаншалықты дәрежеде толық берілген және шындыққа жанасымдылығы қандай деңгейде;
- аудитордың кәсіби деңгейі;
- тексерудің сапасына қойылатын талаптар;
- аудиторлық тәуекелдің маңыздылығы мен деңгейі туралы нәтижелі пікір,
Операциондық аудитте өзара байланыстардың деңгейі мен жиілігі, мәліметтердің сенімділігі, зерттелетін факторлар мен көрсеткіштердің арасындағы өзара тәуелділіктің шамасы аса маңызды орын алады. Аудитор кез – келген талдау түрін жүзеге асырғанда клиенттің бизнесімен, шаруашылық операцияларымен, есептің және ішкі бақылаудың ұйымдастырылу барысымен жақсы таныс болу керек. Осылайша, аудитор өзінің қызметінде шаруашылық жүргізуші субъектілер әр түрлі салаларындағы басқарушылық шешімдерге ықпалын тигізе алатын ішкі және сыртқы факторларды ескеруі қажет. Кейбір талдамалы процедуралар, әдістер және тәсілдер өте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оған ең алдымен жоғары дейгейде дұрыс болып табылатын әр түрлі техникалық және есептік – талдамалы тәсілдер жатады. Бұл тәсілдер статистикалық іріктемелер әдісіне барабар қолданылады.
Кепілдік деңгейі жоғары техникалық тәсілдер жабдықтаушылармен, кредит берушілермен, бюджетпен және басқа да орындармен есеп айырысуда қолданылатын тікелей айғақтар мен жаппай дәлелдеу әдістерін қамтиды. Мысалы, проценттерді төлеу кезінде ресми жарияланған немесе келісілген проценттік мөлшемелерді берешек туралы проценттерге қатынасын көрсететін коэффициенттермен салыстырылады.
Мұндай аспаптарды пайдалануда аудитор талдаудың дәл болуын қамтамасыз етіп, тіпті азғантай өзгерістердің бизнес тиімділігінің арақатынасына әсерін ашып көрсетуі керек. Оның ішінде, кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналылымдылығын есептеу барасында өнім, жұмыс және қызметті өткізу мөлшері мен осы қаражаттың орташа жылдық қалдықтарын дәл анықтау қажет.
Операциондық аудиттің нақты мақсаттарына қол жеткізу үшін кепілдігі шектеулі әдістің техникалық тәсілдері қолданылады. Айталық, егер тексерулердің мақсаты өнім, жұмыс және қызметтің өткізілу көлемінің толық әрі дәл көрініс табуын көздейтін болса, онда тауарлы – материалдық қорлар қалдығының өткізуден түскен табыстың мөлшерін талдау қажет. Дебиторлық берешектерді тексеру сатып алушыларға берілген кредит шамаларын, сату көлемін және жыл ішінде болуы ықтимал әдеттен тыс, төтенше жағдайларды қоса ескеріп берілетін вексель бойынша берешектердің өзгеру тенденцияларын ай сайын талдап отыруды ұйғарады. Кредиторлық берешектер есебінің бар болуы және дәлдігі тиісті түрінде ескеріліп, өсу қорытындыларына жазылуы керек, ол жабдықтаушыдан алынған кредиттерді ай сайын талдауымен расталады. Сатып алулар мен қолда бар қаражаттардың шығын есебінің дұрыстығын белгілеу үшін нақты және бюджеттік сатып алулар мен шығындарды салыстыру мақсатқа лайықты болады.
Басқа ұқсас әдістермен өзара байланыстырып қарастырғанда кепілдемесі шектеулі техникаларының көмегімен талдау нақты мәселе бойынша аудитор қорытындысы үшін жеткілікті негіздеуді беруі мүмкін. Мұндай талдау іріктемелердің көлемін қысқарту үшін, мөлшерлік көрсеткіштерін растау үшін, салыстырмалы коэффициенттердің арақатынасын зерделеу үшін, нақты және жоспарлы деректерді салыстыру үшін және олардың өзгеру тенденцияларын анықтау үшін қажет. Егер аудитор болжаған тенденция клиент ұсынғаннан басқа болса, онда аудиторға жеткілікті дәрежеде дәлелдер келтірілуі керек. Дәлелдерге мыналар жатуы мүмкін: әдеттен тыс, қалыптан ауытқыған, қайталана бермейтін оқиғалар немесе кәсіпорынның есеп беруі мен есебіндегі қателіктер және т.б. Егер белгіленген өзара байланыстар кездейсоқтыққа құрылған болып шықса, онда аудитор өзі жүзеге асырған елеулі талдаудың нәтижесіне негізделген өз пікіріне сүйенгені жөн.
Бизнестің операциондық аудитін ұйымдастырудағы жүйелі тәсілдеме оның уақыт пен кеңістіктегі өзгерісіне қатаң параметрлер жүргізуді талап етеді. Параметрлеу – бұл нақты бизнес түрін ұйымдастырудағы экономикалық сипаттаманың анықтамасы. Болашақта бизнесті басқаруды жақсарту мүмкіндіктері, бір жағынан, нарықтық бәсекелестікке ұрынады, ал екінші жағынан – реттеудің экономикалық әдістерін қолданудағы шектеулерге кезігеді, олай болатын болса, қызмет түрлері мен нәтижелерін параметрлеу мынаған жауап беруі керек: егер шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеу жағдайы әр түрлі фактордың әсеріне қарай өзгеріп отыратын болса, онда осы субъектілерді болашақта қандай жағдай күтіп тұр?
Бизнес аудитін жүргізуге қойылатын басты талап кешенді тәсілдемелерді сақтау оған әр түрлі жоспарлы факторлардың әсеріне толық баға беру тән. Ең алдымен ішкі және сыртқы факторларды бөліп қарастыру мақсатқа лайықты болады.
Сыртқы факторларға экономикалық жағай, салық, қаржы- кредит және әлеуметтік саясат, төленбейтін төлем дағдарысы және т.б. жатады. Ішкі факторлар – қорларды оңтайлы қалыптастыру, өндірісті, жабдықтауды және өнім өткізуді ұйымдастыру мен бақылауды жақсарту, айналым саласында, аяқталмаған өндірісте шаруашылық құралдарының жұмыс істеу уақытын қысқарту және т.б.
Осы факторлардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне қабылданған көрсеткіштер жүйесі арқылы әсерін анықтай алу оның нәтижелерін жақсартатын резервтерді іздестіру механизмін тудырады. Жалпы немесе синтетикалық көрсеткіштермен қатар кешенді аудит пен талдау барысында жабдықтау және өнімді, жұмысты, қызметті өткізу, өндіру процестерін басқарудың әлдеқайда жеке көрсеткіштері есептеледі. Бизнестің ұйымдастырылу процесіне кешенді операциондық аудит пен кешенді қаржылық – экономикалық талдау әдістерінің және параметрлеудің жүйелерін әзірлеп енгізу оның тиімділігін айтарлықтай өсіруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |