2. Аудиттте қолданылатын бақылау әдістері және қабылдау жіктемесі.
Тексеруге бел буған, яғни тексеруге шешім қабылдаған аудитор зерттеу объектісі туралы шындыққа жанасымды айғақтарды алудың әр түрлі әдістерін таңдай алады. Бизнестің аудиті мен талдауын жүргізу барысында тексеруді мынадай арнайы әдістердің, тәсілдердің және процедура топтарын кеңінен қолдана алады:
нақты бақылау тәсілдері: тексеру, зерттеу, түгендеу, бақылап жіберу, лабораториялық талдау, сараптау бағасы, нақты объектілерді тексеру және т.б.;
айғақтарды құжаттық тексерулер әдістері, оның iшінде, деректемелерді формалдық тексеру, құжаттарда көрініс тапқан операциялар мен фактілердің мәні бойынша бағалауларын тексеру;
қадағалау тсілдері: жаппай, тұтастай, іріктемелі, визуальды және тікелей;
жауап алу тәсілдері: ауызша, анкеталық, корреспонденттік, өзін - өзі тіркеу және келуімен;
операциялар мен міндеттемелердің шынайлылығын тексеру тәсілдері: құжаттық растау, кезікпе тексеру, өзара тексеру, бақылау мақсатында салыстыру, сканерлеу және т.б.;
сандық параметрлерді нақтылау тәсілдері: өлшеу, шолу, елеулі,перспективалық,оперативті, ағымдық, диагностикалық және т.б.
Аудитте және қаржылық – экономикалық талдауда қолданылатын әдістерде жіктеу тәсілдемесі оларды мына қосалқы жүйелерде топтастыруға мүмкіндік береді: техникалық, талдамалы – есептік, құжаттық, қорытындылаушы және нақты бақылау. Олардың әрбіреуінің өз ерекшеліктері мен пайдаланатын салалары бар. Атап айтқанда:
техникалық тәсілдің қосалқы жүйесі талдамалы – бақылау міндетін шешу үшін қажетті бастапқы ақпараттарды алу, тексеру және дайындау барысында қолданылады (экономикалық – математикалық есеп айырысулар, индекстер мен проценттерді есептеу, жоғары және салыстырмалы кепілдемелі техникалық тәсілдер және т.б.);
талдамалы – есептік тәсілдің қосалқы жүйесі экономикалық талдау (салыстыру, топтастыру, аластау, баланстық әдіс және т.б.) талдамалы тексеру, статистикалық және экономикалық – математикалық әдістердің дәстүрлі және арнайы тәсілдері;
құжаттық тәсілдер ақпараттық модельдеуді, нормативті – құқықтық реттеуді, тексеруді, зерттеу объектісі туралы есептік деректерді бақылау мен талдауды жүзеге асыру;
қорытындылау тәсілі жиынтық есеп берулермен баланстарды жасауда, кешенді бағалауларды жүргізуде және ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеуде олардың қорытындыларын зерттеу мен қалыптастырудың логикалық және синтетикалық тәсілдерімен бірге пайдаланылады;
нақты бақылау тәсілдері белгіленген тәсілдердің (кем өлшеу, салмақтау, қайта есептеу, лабораториялық талдау, түгендеу, сараптау бағалауы, визуальдық қадағалау және т.б.) көмегімен тексерілетін объектілерді шынайы күйінде тексеріп қарау арқылы алынған мәліметтер бойынша оның нақты жағдайын зерделеуде қолданлады.
Оның үстіне, аудиторлық бақылауда шектес ғылымдардың – бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, статистика, құқық, салалық экономика, қаржылық басқа да бірқатар техникалық, заң және қолданбалы ғылымдардың әдістік тәсілі кеңінен қолданылады.
Айғақтарды алу үшін аудитордың сараптау, қадағалау, сұрау, растау, тәуелсіз операциялық тестер мен сәйкестікке орай тестер, инспекция, есептеу, талдамалы тексеру нақты түсініктер болуы керек. Мысалы, бизнестің жағдайын тексеру процесінде көзделген мақсаттарға қарай тәуелсіз операциялық тестер мен сәйкестікке орай тестердің көмегімен процедуралар жүзеге асырылады. Тәуелсіз операциялық тестер шаруашылық процестерді, ақшалай және материалдық ресурстардың қалдығын тексеруге және бухгалтерлік жазбалармен есеп берудегі операциялардың толықтығы, дұрыстығы, заңдылығы туралы айғақтарды алу процедураларын жүзеге асыруға арналған. Сәйкестікке орай тестер ішкі бақылау процедураларының белгіленген нормаларға және өндірістік ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану нормативтеріне қаншалықты сәйкес келетінін анықтау мақсатында жүргізілетін тексерулерде қолданылады. Бизнестің жағдайын бақылау мен талдаудың операциялық әдістерін оларды жүзеге асыратын процедураларға сәйкес жіктеуге болады:
ротациялау (ауыспалы) тестілеріне тексеруге жататын объектілерді аудитор белгілі аыспалы принциптері бойынша кезек таңдайтын процедуралары кіреді. Іріктеме бизнестің жағдайы алдын – ала операциялық талдау нәтижелеріне қарай жүзеге асырылады;
тереңдетілген тестілер шаруашылық қызметтердің циклдеріне сәйкес барлық кезеңде тексерілетін операцияларды нақты іріктейді;
осал тұстың тестілері аудитор осы арада қателік болуы ықтимал, деп жорамалдап ұйғаратын бизнесті іштей ұйымдастырудың нақты аспектісін тексеру үшін пайдаланылады. Ішкі бақылаудың жағдайы нашар екені анықталғанда тексеру базасын кеңейтіп, «осал» тұсты нығайту бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
бағыттық тестілер жабдықтау, өнім, жұмыс, қызметті өндіру мен өткізу процестеріндегі операциялардың жүзеге асырылуын тізбекті бақылау мақсатында қолданылады;
толассыз тестілер - бұл, мысалмен бейнелеп айтатын болсақ, активтерді, өзіндік капиталды және міндеттемелерді пайдаланудағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп және бақылау жүйелерінің сипаттамалары үшін қолданылатын тереңдетілген тестердің шектеулі түрі.
Аудиторлық айғақтар үшін бизнестің операциондық аудиті мен қаржылық – экономикалық талдауының алдын – ала жасалған деректерін растайтын іріктеме зерттеуінің маңызы зор. Ол статистикалық және статистикалық емес зерттеулер түрінде болуы мүмкін. Соңғысында аудитор бизнестің жағдайын тек өзі ғана бағалайды.
Алайда материалдық өндірістің әр түрлі салаларындағы шаруашылық қызметтердің операциондық аудиті мен талдауында барлық тәсілдер бірдей қолданыла бермейді. Бұл тәсілдердің бірталайы аудит пен талдаудың кез – келген түрінде қолданылатын болса, басқалары шектеулі деңгейде ғана пайдаланылады, ал кейбіреулері типтері әр түрлі бірқатар кәсіпорындарды тексеруде мүлдем колданылмайды. Мысалы, өндіріске материалдар мен шикізатты босатуды бақыламайынша өнеркәсіп кәсіпорындарына аудиторлық тексерулерді жүргізуді көзге елестетудің өзі қиын. Сауда, көлік немесе ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының аудитінде бұл тәсілдің іске асуы екіталай. Қарастырылған салалардағы кәсіпорындарды тексеруде тауарлардың, жүктердің, ауыл шаруашылық өнімдерін және т.б. сапаларын тексеру, кем өлшеу, бақылап салмақтау сияқты өзіндік ерекшелігі бар тәсілдер қолданылады. Сондықтан да нақты бақылау тілдері жалпы және арнайы деп бөлінеді.
Жалпы тәсідерге мыналарды жатқызуға болады: түгендеу, өнім сапасын талдау, экономикалық пәндердің сақталуын тексеру және халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорындар қызметін бақылауды жүзеге асыру барысында қолданылатын басқалар.
Өзіндік ерекшелігі бар тәсілдер ұлттық экономика салаларының бір немесе бірнеше топтарындағы кәсіпорындар қызметінің операциялық талдауы мен бақылауларына тән. Мысалы, кен өнеркәсіптері: ашу және кен – дайындық жұмыстарыны мөлшерін өлшеп бақылау, барланған қорларды пайдалы компоненттердің мазмұнын, шикізат және тауар кенінде металды өндіруге әзірлік деңгейлерін тексеру және т.б.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің активтері, өзіндік капиталы мен міндеттемелері талдамалы – бақылау процесінің кезеңдеріне қарай қолданылатын арнайы жұмыс тәсілдерінің және әдістерінің көмегімен олардың қозғалу кезеңдері мен элементтері бойынша зерделенеді. Мәселен, бизнестің ұйымдастырылу деңгейіне әсер ететін факторлар мен құбылыстарды зерделеу кезеңінде модельдеудің, формалдаудың, абстракциялаудың, өзара байланысты талдамалы көрсеткіштердің жүйелі және кешенді тәсілдемелерінің әдістері кеңінен қолданылады. Осы факторларды өлшеу кезеңінде бастапқы мәліметтерді құжаттамалық тексерулердің, базалық көрсеткіштерді, тізбекті ауыстыруларды, түзетулерді жұмыс тәсілдері, айырмашылықтар мен үлестік қатысулар тәсілдері, баланстық әдіс, активтердің, өзіндік капиталдың және міндеттемелердің өзгерісін зерттейтін осы заманғы экономикалық – математикалық әдістер пайдаланылады. Талдамалы – бақылау жұмыстарын аяқтайтын қортындылаушы кезеңде индукция мен дедукция, салыстыру, кешенді бағалау, баланстық байланыстыру, ұқсастық, талдау және синтез, логикалық және тарихи, экономикалық – математикалық әдістер, оның ішінде көп қырлы талдау, желілік және желілік емес бағдарламаудың бас компоненті, кластерлік талдау, таксономия, корреляциялық – регрессилық талдау, баған теориялары, сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің басқару тиімділіктерінің қалыптамасын үлгілеу әдістері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |