2. Жалпылама байланыс және өзара әрекет. Біз бақылайтын нақты әлемдегінің барлығы бір бірімен өзара байланыста әрі барлығымен өзара әрекетте болады. Өзара байланыстылық – бұл дүниенің даму заңы.
Заң – әлемнің (болмыстың) қажетті, елеулі, тұрақты және қайталанып отыратын байланысы.
Заңдар, байланыстың (қарым-қатынастың) ерекше формасы ретінде даму заңдары және қызмет ету (функционирования) заңдары болып бөлінеді. Біріншілері тұтас әлемнің, сондай-ақ оның құраушыларының даму көзін, механизмін және бағыттылығын қамтамасыз етеді. Екіншілері қатар жүретін құбылыстардың арасындағы, олардың қасиеттері арасындағы, сондай-ақ осы құбылыстың ішкі қасиеттері арасындағы қажетті байланысты бейнелейді.
Қоғам өміріндегі байланыстардың күрделілік дәрежесі одан әрі арта түседі. Олар өзінің түрлі қатынастарда көрініс беруіне қарай өндірістік, этникалық, отбасылық, саяси, құқықтық, діни, ғылыми, философиялық, этикалық, эстетикалық, тұлғааралық және тағы басқа болып келеді.
Даму заңының көрініс беру формасы ретіндегі байланыстың тағы бір ерекшелігі сол, қозғалыстың нақты формасы аясындағы байланыстар үйлесетін және үйлеспейтін деңгейде шектеу қоюды қамтамасыз ететіндей бірлік түзеді. Бұл шектеу қою қатынасы өлі табиғатта тарту және кері итеру формасында көрінсе, биосфера мен социум деңгейінде – ұнау және ұнамау формасында көрініс береді.
Қандай да бір құбылысты талдау объектісі ретінде қарастырғанда ішкі және сыртқы, генетикалық және функционалдық, кеңістіктік және уақыттық.
Өзара байланыстылық, философиялық ұғым ретінде, дүниенің әртүрлі құбылыстарының бір біріне ықпал ету процесін бақылауға, олардың өзара тәуелділігін зерттеуге, бір сапалық күйден басқа күйге өтуін қарастыруға мүмкіндік береді.
Қарастырылып отырған өзара байланыс және өзара әрекет принципі дүниенің бір де бір құбылысы өзін тек өзі арқылы ғана түсіндіре алмайтынын, оның өз мәнін, бастау көзін, механизмі мен өзінің даму бағытын тек қана осы құбылыстың әлемнің басқа құбылыстарымен өзара әрекетінің негізгі формалары мен байланыстары арқылы түсіндіретінін дәлелдейді.
Ал даму зерттеудің тікелей объектісіне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |