Дәрістер тезистері 1 – дәріс


Әлемнiң физикалық бейнесiнiң



жүктеу 99,17 Kb.
бет35/38
Дата10.02.2022
өлшемі99,17 Kb.
#37425
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Дәріс тезистері

Әлемнiң физикалық бейнесiнiң (ӘФБ) қалыптасуы бiрнеше ғасырға созылды; ол тек ХIХ ғасырдың ортасына таман ғана аяқталды. Бұл бейненi адамның қоршаған Әлемдi танып бiлудегi аса маңызды саты деп қарау керек. Себебi онда материя мен оның өмiр сүру формалары – кеңiстiк, уақыт, қозғалыс, өзара әсер және өзара байланыс туралы философиялық көзқарастар өзiнiң нақты жаратылыс – ғылыми өрнегiн табады. Физиканың барлық тарихы – бұл Әлемнiң әр түрлi физикалық бейнелерiнiң қалыптасу, жетiлу және басқа бейнеге ауысу процесi.

Философиялық идеялар ӘФБ-нiң қалыптасу процесiне ықпал етiп отырады. Мысалы, Галилей – Ньютон жасаған ХVI–ХVII ғасырлардағы антикалық атомизм мен метафизикалық материализмнiң ықпалымен қалыптасты: материя дискреттi элементтер – атомдардың иерархиялық жиынтығы ретiнде қарастырылды; қозғалыстың барлық түрi денелердiң кеңiстiктегi механикалық қозғалысына әкелiп тiрелдi; өзара әсердiң бiр ғана түрi – гравитациялық өзара әсер белгiлi болды; себеп тек қана сыртқы әсер ретiнде қарастырылды. Бұл идеялар ӘМБ-нiң негiзгi элементтерi – физикалық ұғымдар мен принциптерде де өз өрнегiн тапты. Ал ӘМБ-нiң шығуы мен дамуына, негiзiнен, механиканың дамуы алғы шарты болды.



ӘМБ-нiң аумағында құрылған алғашқы физикалық теория Ньютон механикасы едi. Бұл теорияның негiзiнде дискреттiлiк (материя жөнiндегi корпускулалық көзқарастар) пен алыстан әсер ету (қашықтағы денелердiң лезде әсерлесуi) идеялары жатты.

Ньютон механикасының жетiстiгi ньютондық көзқарастардың едәуiр абсолюттенуiне ықпал еттi. Бiрақта бұл жолда көптеген кедергiлер кездестi. Бiр жағынан, термодинамика, материяның кинетикалық теориясы, статистикалық механика сияқты жаңа шыққан теорияларды механикалық дүниетанымның әмбебап тұжырымдамасына сәйкес келтiру мүмкiн болмады. Бұл теориялардың жаңа ұғымдары ӘМБ-нiң мазмұнын анағұрлым ұлғайтып жiбердi. Екiншi жағынан, электромагниттiк өзара әсерлер теориясын механикалық көзқарастар негiзiнде құруға жасалған әрекеттер тiптен сәтсiз болып шықты. ӘМБ-нiң орнына Әлемнiң энергетикалық бейнесi (ӘЭБ) келдi.

Галилей ұсынған бiрiншi газ термоскопынан термометрдiң шығуының арасы бiр ғасырға созылды. Осы кезеңнiң тағы бiр эксперименталды жетiстiгi калориметрдiң жасалуы едi. Осы екi физикалық құрал жылу құбылыстарын мөлшерi жағынан зерттеу мүмкiндiгiн бердi. Нәтижесiнде физиканың екi iргелi ұғымы – температура мен жылу мөлшерi бiр-бiрiнен ажыратылып, физиканың маңызды принциптерiнiң бiрi – жылулық тепе-теңдiк заңы тағайындалды.

Осы кезде физиктердiң көзқарасында ғылыми тұжырымдама ретiнде жылутегi теориясы басым едi. Бұл теорияның қателiгiн ХIХ ғасырдың ортасында ашылған термодинамиканың бiрiншi заңы дәлелдедi. Ғылымдағы iргелi және әмбебап заңның бiрi – энергияның сақталу және айналу заңының ашылуы Майер, Джоуль, Гельмгольц аттарымен байланысты. Олар бiр-бiрiне байланыссыз әр түрлi жолдармен бiрдей қорытындыға келдi: энергияның әр түрiнiң арасында сапалық және сандық байланыстар бар. Осылайша Әлемнiң бiртұтас физикалық бейнесiн құруға алғашқы қадам жасалды.



ӘЭБ де жаратылыстануда ашылып жатқан жаңа теорияларды толық түсiндiрiп бере алмады. ӘМБ-нiң пайда бола бастаған жаңа теориялар элементтерi, мысалы, электромагниттiк құбылыстарды (Эрстед, Ампер, Фарадей, Ленц және т.б. еңбектерiн) зерделеуге байланысты әуелден-ақ қалыптаса бастаған болатын. Оның негiзiн жасаған Фарадей едi. Ол жаңа философиялық идеялар – материя жайлы, жақыннан әсер ету мен электромагниттiк өрiстiң материалдығы туралы континуалдық (үздіксіздік) көзқарастарға сүйене отырып, электрлiк және магниттiк құбылыстар теориясын құрды.


жүктеу 99,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау