иконографиялық құжаттар: аудио, бейне, кино және фотоқұжаттар, картиналар, гравюралар;
фонетикалық: лазерлік дискілер, магниттік жазбалар, грамофон күйтабақтары;
Интернет жүйесі
Құжаттарды мазмұнына қарай былай топтастыруға болады:
Мемлекеттік және ведомстволық статистиканың түрлі мәліметтері: халық санағы мен халықты ағымдық есепке алудың (туған сәбилерді, некені, қайтыс болған адамдарды, қоныс аударғандарды тіркеу) мәліметтері;
Түрлі ұйымдар мен мекемелердің ағымдық іс жүргізуінің құжаттары;
Әлеуметтік зерттеулер қорытындысының мәліметтері;
БАҚ – социологиялық зерттеулер үшін дәстүрлі ақпарат көзі болып есептеледі: зерттеушілер қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты зерттеу проблемасына қажетті мәліметтерді тауып, сол құжаттарға талдау жасайды
Контент-талдау (ағыл.contents-мазмұны) немесе құжаттарды талдау – мәтіннің мазмұнын талдау, яғни ақпараттың әлеуметтік, саяси және басқа да мазмұнын сандық және сапалық әдіспен зерттеу.
Құжаттарды талдау әдісінің ерекшелігі:
Басқа әдістерге қосымша ретінде, (көбінесе бақылау мен сауалнамаға) алынған ақпараттарды тексеру мақсатында қолданылады.
Көп шығынды қажет етпейді және қысқа мерзім ішінде ұжым туралы фактілік мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.
Контент талдау әдісінің тиімділігі:
жұмыстың арзандығы
мәліметтер тез жиналады
ақпарат алу көзінің көптігі.
Контент талдау әдісінің қысқаша тарихы:
алғаш рет XVIII ғасырда Швецияда қолданылды, мәтіннен «еретиктік» астар іздеді
АҚШ-та ХХ ғ. 30-жылдары журналистика саласында қолданыла бастады. Негізін қалаған журналистер Ж.Кайзер, Б.Берельсон, т.б.
1940 жылдары әлеуметтанушылар Г.Лассуэлл мен Н.Лейтес “Истинный американец” газетінің материалдарына контент-талдау жүргізіп, газеттің фашистік бағытта екенін дәлелдеді
Әлеуметтанушы М.Ричмонд «Әлеуметтік диагноздар» атты еңбегінде клиент туралы қандай ақпаратты жинау керектігін, оларды талдау әдістерін, сұхбат алудың әдістемесін көрсеткен
АҚШ әлеуметтанушылары У.Томас пен Ф.Знанецкий «Европа мен АҚШ-тағы поляк шаруасы» атты еңбегін құжаттарды талдау әдісін қолданып жазған. Поляк мигранттарының жеке құжаттарын, хаттарын, өмірбаянын қолданған
Достарыңызбен бөлісу: |