Әлеуметтанулық зерттеулердің сандық және сапалық әдістері
Сұрау әдісінің даму тарихы
1820 жылдардан бастап АҚШ-та “straw-polls” (соломенные опросы) қарқынды дамыды. Бұндай зерттеулер арқылы сайлау алды сұрау жүргізілді. Электораттың таңдауын біліп, сайлауға болжам жасалынды.
“Straw-polls” терминінің авторы – Дж.Селден (16-17 ғасыр)
Полстер, Полстерлер терминінің авторы – Л.Роджерс
Американдық “Digest” журналында елдің саяси сауаттылығын көтеруге себеп болған сайлауалды сұраулар жүргізілді (1920, 1924, 1928, 1932, 1936...).
“Straw-polls” – қазіргі заманғы әлеуметтік сұрау әдісінің негізін қалады
30-жылдары Америкада әлеуметтік және маркетингтік сұраулар жүргізу саласында бәсекелестік өте жоғары болды. Бұл жағдай зерттеушінің біліктілігінің жоғары болуын талап етті.
Джордж Гэллап, Арчибальд Кроссли – осы заманғы ғылыми әлеуметтік зерттеулердің негізін қалаушылар
А.Кроссли – “Next day method”, “Day-part method” әдістері арқылы радиотыңдармандардың қай радиобағдарламаны қай уақытта көретіндігі туралы сұраулар жүргізді. Бұл – бизнесмендер үшін тиімді болды.
Дж.Гэллап – түрлі тақырыптарға қоғамдық пікірді зерттеумен айналысты. Әлеуметтік зерттеулердегі СҰРАУ әдісін ғылыми жолға салған.
Интервьюердің сұрау әдісіндегі алатын орнын негіздеген. Почталық сұрау әдісінің тиімділігін арттырған.
Аудиметр – халықтың қалауын білетін техникалық құрал. (Р.Элдер, Л.Вудраф)
Анкеталау – әлеуметтік сұраудың бір түрі, қажетті ақпаратты алуға бағытталған сұрақтар жүйесі, тізімі
Анкеталық сұраудың қатысушылары:
Анкетер (фр.enquete – тергеу, яғни анкеталық сұрауды жүргізуші адам);
Респондент (лат. Responsum – жауап деген сөзінен шыққан, яғни ақпарат көзі болып табылатын және анкетаны толтырушы адам).
Анкетаның құрылымы
кіріспе
негізгі бөлім
демографиялық блок (паспортичка)
Кіріспеде респондентке өтініш ретінде, әлеуметтік сұраудың тақырыбы, мақсаты және анкетаны толтыру бойынша нұсқаулық жазылады.
Негізгі бөлімде зерттелініп жатқан мәселені ашуға бағытталған сұрақтар жазылады.
Респонденттің мәселені түсінуіне көмектесетін оңай сұрақтар
орта тұсында ойлануды қажет ететін күрделі сұрақтар
соңында оңай сұрақтар қойылады.
Демографиялық бөлімде (паспортичка) респонденттің статусы туралы мағлұмат беретін сұрақтар (жынысы, жасы, білімі, тұрғылықты жері, хоббиі, т.б.)
Анкетаның соңында «Жауаптарыңызға үлкен рақмет!» «Зерттеуге қатысқаныңызға алғысымызды білдіреміз!» деген сияқты алғыс айылады.
Сызықтық сұрақтарда жауаптар бірінен-кейін бірі тұрады. Респондент жауаптардың бірін немесе бірнешеуін таңдайды. Жауаптар сұраққа қатысты құрылуы тиіс.
Мысалы: «Отбасындағы татулықты сақтау үшін не қажет?»:
1- ерінің тұрақты жұмысының болуы
2- сыйластық
3- материалдық жағдай
4- түсінісушілік
5- теріс қылықтардан аулақ болу (ішімдік, нашақорлық, т.б.)
Тізімдік сұрақтар рейтингті анықтауға арналған. Мысалы, респонденттің белгілі-бір тұлғаға қатысын (спортшы, саясаткер, актер, әнші, т.б.) анықтау мақсатында, демалыс кезіндегі іс-әрекетінің тізімі, тұтынушылық қалауы, т.б.
Респондент жауатардың бірнешеуін таңдай алады.
Мысалы: «Сіз қалай ойлайсыз, төмендегі тізімде көрсетілген саясаткерлердің қайсысы осы жылы болатын президенттік сайлауға түседі?»:
1- Иванов И.
2- Петров П.
3- Сидоров С.
және т.б.
Кестелік сұрақтар
Өмір сүру жағдайыңыз
|
жақсы
|
қанағаттанарлық
|
нашар
|
Жауап беруге қиналамын
|
Материалды жағдайыңыз
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Киінесіз
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Тамақтанасыз
|
1
|
2
|
3
|
4
|
т.б.
|
|
|
|
|
Шкалалық сұрақтар
Мысалы: «Қазақстан экономикалық даму деңгейі бойынша қай елге жақын? Крестик белгісін қай елге жақын деп ойласаңыз, сол елге жақын қойыңыз немесе бұл елдердің ешқайсысына жақын емес десеңіз ортасына қойыңыз»
АҚШ Қытай
Образдық сұрақтар
Жағдайлық композиция, мимика, жестілерді көрсететін иллюстрациялар немесе эскиздерге негізделген
Мысалы: «Материалдық жағдайыңызды қалай суреттер едіңіз?»
Сұхбат алу әдісі - әлеуметтанулықік сұраудың бір түрі, респондентпен көзбе-көз кездесіп, арнайы дайындалған сұрақтарға жауап алу
Сұхбат алу әдісінің қатысушылары:
интервьюер – ақпаратты жинайтын, жүйелейтін маман;
респондент (лат. responsum – жауап деген сөзінен шыққан, яғни ақпарат көзі болып табылатын және әлеуметтік сұрауға жауап беруші адам).
Сұхбат алу әдісінің түрлері:
Шартталған (формализованный) – респонденттердің саны көп болған кезде қолданылады, сұрақтар алдын-ала дайындалып, интервьюерге арналған ереже (инструкция) түсіндіріледі. шартталған сұхбат алу әдісі көп мақсатта қолданылады: тұтынушылардың көзқарасы, мінез-құлық ерекшеліктерін, сайлау алды сұраулар, және басқа да алуан түрлі тақырыптағы сұрауларға жауап алу мақсатында.
Жартылай шартталған – интервьюер сұрақтардың тәртібін, құрылымын қажетінше өзгерте алады. сұрақтар тақырыбы бойынша блоктарға бөлінеді. мысалы, “балалық шақ”, “жасөспірімдік кезең”, “студентік өмір”, “үйлену”, “балалар”.
Мұндай сұхбат түріне биографиялық сұхбат алу жатады. (мысалы, У.Томас пен Ф.Знанецкийдің “Америка мен Европадағы поляк шаруасы” атты еңбегі)
шартталмаған – сұрау еркін түрде өтеді. сұрақтар алдын-ала жазылмайды.
Фокус-топ әдісі – әлеуметтік зерттеулердің сапалы әдісі. 8-12 адаммен жүргізіледі. белгілі-бір оқиға туралы немесе қызмет, тауар, жарнама, т.б туралы пікір алмасу. Әдістің өту барысы бейнетаспаға немесе диктофонға жазылып алады. Фокус-топтың жүргізушісі – модератор.
Бақылау — әлеуметтік құбылыстарды зерттеу не тексеру әдісі.
Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі, жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Бақылау әдісі жаппай және ішінара түрде жүргізіледі:
Жаппай бақылау - Әлеуметтік топтардағы жалпы мәселелерді зерттеу үшін:
сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұйымшылдық деңгейін білу үшін, бейресми ортада өздерін ұстауы;
девиантты ортаны зерттеу барысында;
Еңбек ұжымындағы жұмысшылардың іс-әрекеті, бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеу барысында;
Жиналыстар, ереуілдер барысындағы адамдардың әрекетін анықтау барысында қолданылады;
Ішінара (немесе жекелеген адамды бақылау) - жеке адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін жүргізіледі.
Бақылау әдісінің екі түрі бар: сырттай бақылау және іштей бақылау
Іштей бақылау дегеніміз – топтың бір мүшесі ретінде кіріп, топқа бейімделіп, анонимді түрде, топты іштен бақылау.
Топты іштен бақылау әдісінің тиімділігі – топтың әрбір мүшесі туралы, ондағы қарым-қатынастар, топтағы психологиялық ахуал туралы толық, әсерлі мәліметтер алуға болады.
Тиімсіз жағы – анонимді бола жүріп бақылаудың этикалық жағы
Сырттай бақылау дегеніміз – топты оқшау жүріп бақылау.
Бақылау әдісіне қойылатын талаптар:
Ғылыми бақылау зерттелетін әлеуметтік құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді
Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің кәсіби іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты
Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (бейнежазбаға түсіру, диктофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланады
бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады
Зерттеуші әлеуметтік бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады.
Бақылау әдісінің дизайнын (бағдарламасын) құру:
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау (Қандай мақсатпен? Не үшін? Нені білгің келеді?)
Зерттеудің объектісін, пәнін, жағдайын анықтау (нені және кімдерді бақылау керек?)
Бақылау әдісін анықтау (Қалай бақылау керек?)
Бақылау нәтижелерін тіркеу құралдарын анықтау (Жазбаны қалай жүргізу керек?)
Алынған ақпаратты өңдеу және интерпретациялау (Нәтижесі қалай болды?)
Құжаттарды талдау (контент-талдау) әдісі
Құжаттарды талдау (контент-талдау) әдісінің ерекшелігі, қысқаша тарихы, түрлері
Әлеуметтік зерттеулерге қажетті ақпаратты түрлі құжаттардан алуға болады.
Әлеуметтануда құжаттарды зерттеуге бағытталған қызмет түрі қолда бар мәліметтерге талдау жасау деп аталады.
Құжаттар – әлеуметтік зерттеулерде екінші реттік әлеуметтік ақпарат алу көзіне жатады.
Құжаттық деректерді зерттеп, талдай келе бір жағдайда қосымша ақпарат алуға, екінші бір жағдайда зерттеліп отырған проблеманы тереңдете түсуге мүмкіндік туады.
Құжаттар (documentum- латын тілінде дәлелдеу) деп, адам баласының ойлау қызметі мен объективтік шынайылықта орын алатын фактілер, оқиғалар мен құбылыстар жайындағы ақпаратты түрлі әдістердің көмегімен арнайы материалға түсірудің құралын айтамыз
Құжаттың түрлері:
жазба, яғни қағазға немесе компьютердің көмегімен оқылатын электрондық тарату құралдарына жазылған құжаттар: мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың архивтеріндегі құжаттар; әдебиет (кітаптар, брошюралар); баспасөз (газеттер, журналдар); жеке құжаттар (хаттар, күнделіктер);
|