3-Дәріс. Әлеуметтанулық зерттеудің түрлері мен әдістері
Дәрістің жоспары:
Әлеуметтанулық зерттеулер түсінігі
Әлеуметтанулық зерттеулердің пайда болуы мен дамуына шолу
Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын құрастыру
Әлеуметтанулық зерттеулердің сандық және сапалық әдістері
Сабақтың мақсаты: социологиялық зерттеудің бағдарламасын құрастыра алу, әлеуметтік зерттеулердің осы заманғы әдістерін білу және тәжірибеде әлеуметтік зерттеулер нәтижесін қолдана алу дағдыларын қалыптастыру.
Әлеуметтану ғылымы қоғам өмірінің даму заңдылықтарын және түрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттеуде нақты фактілерді жинап, оны талдап, соның негізінде ғылыми қорытындылар жасауға сүйенеді.
Әлеуметтанулық зерттеулер дегеніміз – арнайы құрылған бағдарламаның негізінде, әдіснама (методология) мен әдістемеге (методика) сүйенетін ғылыми зерттеу жүргізудің бір түрі.
Әлеуметтанулық зерттеулер дегеніміз – әлеуметтік өмірге қатысты фактілерді тиянақты түрде жинап, оны логикалық тұрғыдан түсіндіруге негізделген, әлеуметтік дүние туралы жаңа білім жинақтаудың әдістерін айтамыз.
Әлеуметтанулық зерттеулердің пайда болуы мен дамуына шолу.
ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Кеңес үкіметінде әлеуметтанулық лабораториялар пайда бола бастады. Әлеуметтанушылар еңбек коллективтерін, кеңестік кәсіпорындардағы еңбектің ұйымдастырылуын зерттеді.
Осы кезеңде әлеуметтанулық зерттеулердің негізін қалаушылардың бірі - «орыс Тейлоры» атанған А.Гастев болды.
20-30 жылдары кеңес әлеуметтанушылары ірі көлемде халық қоныстануы, этникалық зерттеулер жүргізе бастады
Осы кезеңде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу барысында бақылау әдісі, анкеталық сұрау, құжаттарды талдау және психологиялық тестілеулер кеңінен қолданылды.
Завод әлеуметтанушыларында 42 түрлі психологиялық тестілеу түрлері болған екен.
Мұндай зерттеулердің басты тапсырыс берушілері – ғылыми мекемелер, партия органдары, мемлекеттік құрылымдар болды
30 –жылдардың ортасынан бастап елде саяси қуғын-сүргін басталып, әлеуметтанушылар, психологтар елден қуылды
Кәсіпорындарда әлеуметтанулық, психологиялық зерттеулер жүргізуге тиым салынды
Әлеуметтану 60-жылдары қайта жанданды.
Осы кезеңдегі әлеуметтік зерттеулердің дамуына ықпал еткен ғалымдар – В.А.Ядов, Б.А.Грушин, Д.М.Гвишиани, А.И. Пригожин, В.М. Шепель, Н.И. Лапин
Макроәлеуметтанулық зерттеулер жүргізумен айналысты. Мысалы: қала мен ауыл халқы арасындағы айырмашылықтар, халықшаруашылығы салаларындағы әлеуметтік проблемалар, жастардың кәсіпті таңдаудағы мотивтері, көші-қонның (миграция) әлеуметтік проблемалары (тың жерді игеруге байланысты)
Бұл кезеңде завод әлеуметтануы қарқынды дамыды. Әлеуметтанушылар басқарудың жаңа формаларын ендіруге байланысты зерттеулер жүргізді. Осының арқасында зауыт жұмысшылары мамандық алу үшін оқуға мүмкіндікке ие болды, кәсіби біліктіліктерін көтеріп отырды
Әлеуметтанушылар әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу арқылы кадрлар ағынын азайтуға, коллективтегі жанжалдарды шешуге, жұмысшылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге үлкен үлестерін қосып отырды.
80-жылдары ВЦИОМ құрылды. Көрнекті өкілдері - Т.И. Заславская, Ю.А. Левада. Әлеуметтану пән ретінде ЖОО-ға енгізілді.
90-жылдардағы қоғамдағы өзгерістер әлеуметтануға әсерін тигізді. Нарыққа бетбұрыс жасалды. Бұрынғы ірі ұйымдар шағын зерттеу орталықтарына бөлініп кетті. Олар негізінен шетелдік ұйымдардың тапсырыстарын орындады.
Әлеуметтанулық зерттеулер маркетингтік зерттеулермен бірігіп отырды.
Сайлауалды зерттеулермен айналысты. Саяси тұлғалардың, ұкіметтік тапсырыстарын орындап отырды.
Шетелдегі әлеуметтік зерттеулердің пайда болуы
АҚШ-та әлеуметтік зерттеулермен ХХ ғасырдың 20-жылдары құрылған Чикаго мектебінің өкілдері белсенді айналысты. Мысалы, Ф.Знанецкий, У.Томас “Европа мен Америкадағы поляк шаруасы” еңбегінде әлеуметтанулық зерттеулердің сапалық әдістерін қолданған (құжаттарды талдау әдісі)
Батыста Г.Тард, Э.Дюргкейм, М.Вебер, Ф.Теннис
М.Ричмонд – ғылыми әлеуметтік жұмыстың негізін қалаушы. Алғаш рет әлеуметтанулық зерттеудің анкеталық сұрау әдісін жүргізген
Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі этаптары:
Зерттеу жүргізуге дайындық (Зерттеудің бағдарламасын құру)
Алғашқы ақпараттарды жинау (Зерттеу жүргізу)
Алынған ақпараттарды арнайы компьютерлік бағдарламада өңдеу
Ақпаратты талдау, тапсырушыға есеп беру
Әлеуметтік зерттеудің дизайны (бағдарламасы):
Проблемалық жағдайды анықтау
Зерттеудің мақсатын анықтау
Зерттеудің міндеттерін құрастыру
Зерттеудің объектісі
Зерттеудің пәні
Негізгі ұғымдарды талдау
Зерттеудің гипотезасы (болжам) (қанша міндет, сонша гипотеза)
Жалпы жиынтықты анықтау
Таңдамалы жиынтық (жалпы жиынтықтың 5-10 проценті)
Зерттеу әдісі (әдісті негіздеу)
Зерттеуді жүргізу уақыты
Достарыңызбен бөлісу: |