Неке түрі: моногамия, полигамия, аралас неке (этникалық, нәсілдік), бір жынысты неке (қаіргі заманда пайда болып жатқан әлеуметтік құбылыс).
Сонымен, әлеуметтану ғылымының отбасы институтын жан-жақты зерттейтін саласы - отбасы әлеуметтануы деп аталады. Отбасы әлеуметтануы - отбасы мен некенің тарихи типтері, отбасының атқаратын қызметі, жұбайлар арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы бала тәрбиесі, отбасының баланы әлеуметтендіруші ролі, отбасылық құндылықтар, дәстүрлер, некедегі гендерлік рольдер, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі, отбасылық рольдер, ата-ана ролі, ана болу, әке атану, отбасының табысы, тұрмысы, үй шаруашылығы, ажырасу мәселесі, өгейлік, жар таңдау сияқты отбасыға қатысты алуан түрлі мәселелерді зерттейді.
Қазіргі отбасындағы мәселелерді былайша топтастыруға болады:
Әлеуметтік-экономикалық мәселелер (отбасының тұрмысы, материалдық қажеттіліктері, отбасының бюджеті, т.б.)
Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер (мағынасы жағынан экономикалық мәселелерге ұқсайды, баспана, тұтыну, жақсы, ыңғайлы өмір сүруге ұмтылу)
Психологиялық мәселелер (некеге дейінгі қарым-қатынас, жар таңдау мәселесі, құдалардың арасындағы қатынас, отбасылық рольдер, махаббат, гендерлік қатынастар, зорлық-зомбылық мәселелері)
Отбасы тұрақтылығы мәселесі (қазіргі заманда белең алған ажырасу мәселесі, мысалы статистикалық мәліметтер бойынша елімізде әрбір құрылған 3 некенің біреуі алғашқы бір жыл ішінде ажырасып кетеді екен)
Тәрбие беру мәселесі;
Қатер тобындағы отбасылар (ата-ананың біреуінің ғана болуы, мүмкіндігі шектеулі мүшесі бар отбасы, табысы төмен отбасылар, табысы төмен көп балалы отбасылар, ата-анасының екеуі де немесе біреуі ішімдікке салынған, ата-анасының бірі немесе отбасының бір мүшесі түрмеде отырған немесе жақында босап шыққан отбасылар, т.б.)
Тексеру сұрақтары:
Отбасының атқаратын қызметтерін атаңыз
Отбасының тарихи типтеріне мысалдар келтіріңіз
Қазіргі заманғы отбасылардың әлеуметтік мәселелерін сипаттаңыз
Әдебиет:
Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 жыл
Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті, 2011 жыл
Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы «Қарасай» баспасы, 2013 жыл
Биекенов К.Ү., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Әлеуметтану: Оқулық. Алматы, 2016 жыл
Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы, 2014 жыл
http://elib.kaznu.kz/book/ - пән бойынша әдебиеттердің электронды нұсқалары базасы
Достарыңызбен бөлісу: |