2–мысал: Білеуше көлбеулік бұрышы 300 көлбеу жазықтық бойымен сырғанайды. Үйкеліс коэффициенті 0,2 болса, дене қандай үдеумен қозғалады?
Шешуі: Мұндай есептерді шығарғанда кординат өстерін көлбей жазытықты бойлай және оған перпендикуляр бағытта таңдау керек. Өстің басқа бағыттарын таңдау есепті қиындатып жібереді.
Бер: Шешімі:
α = 300 m g + N + Fү = m a
μ = 0,2
Fү = μN = μ m g
a–? х: mg Sin α – Fү = ma
у: N – mg Cos α = 0
N = mg Cos α
Fү = μ m g Cos α
mg Sin α – μ m g Cos α = ma
a= g (Sin α – μ Cos α)
a = 10 ( 0,5–0,2· 0,866) ≈ 3,2 (м/с)
Жауабы: a = 3,2 м/с
Энергияның сақталу заңын қолдану амалы. Энергияның сақталу заңын қолдану кейбір есептерді оп-оңай шығаруға мүмкіндік береді.
1–мысал. Толық массасы – m шана биіктігі – h, ұзындығы – l төбеден сырғып түседі (11–сурет). Шананың бастапқы жылдамдығы нөле тең, ал етекке түскендегі жылдамдығы – v, болса шана қозғалысына орташа кедергі күшті табыңдар.
h l
v0 =0
v
Fк –?
а) Есепті Ньютонның екінші заңын қолданып шығарайық:
N + mg + Fк = ma
y: N – mg·cosα = 0
x: mg·sinα – Fк = ma
Fк = m(g·sinα – a)
sinα =h / l
S = (v2 –v02) / 2a
a = v2 / 2S
S = l
ә) Есепті энергияның сақталу заңын қолданып шығарайық: Бастапқы мезетте шананыңпотенциялық энергиясы
Еп = mgh
Тау етегіндегі кинетикалық энергия
Ек = mv2 / 2
Энергия өзгерісі кедергі күшінің жұмысына тең болады:
А = Fк l = Еп – Ек
Fк l = mgh – mv2 / 2
2- мысал. Дене 30м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған. Қандай биіктікте және қанша уақыттан кейін дене жылдамдығы 3 есе кемиді.
1 -тәсіл
v0 = 30 м/с v= v0 –gt ; t = (v0 –v) / g = 2v0 / 3g
v = v0 / 3 = 10 м/с
h = v0 t –gt2 / 2 = v0 · 2v0 / 3g– (g/2)·(2v0 / 3g)2
h–? , t–?
h= 4v02 / 9g
t = 2 c.; h = 40 м.
2- тәсіл
mv02 / 2 = mgh – mv / 2
mgh = mv02 / 2 – mv / 2
h = 4v02 / 9g = 40 (м)
h = v0 t –gt2 / 2
t1 = 2 c.
ДӘРІС №4. Физикалық есептер шығару үрдісінің кезеңдері. Физикалық есептердің мазмұны мен құрлысын талдау.
Кез келген физикалық есеп шығару үрдісі – бұл 5 кезеңнен тұратын, күрделі ойлау әрекеті.
1) Есептің құрылымы мен мазмұнын талдау кезеңі. Ол есептің белгілі бір кескіндік таңбалық нобайын (сурет, кескін, шарт) жасаумен аяқталады.
2) Есептің шығару жолдарын іздеу кезеңі. Бұл кезең есепте қарастырылатын физикалық құбылыс немесе үрдіс анықталып, физикалық заң, формула еске түсіріліп, физикалық есептің математикалық нобайын жасаумен аяқталады.
3) Таңдап алынған есеп шығару әдісін жүзеге асыру кезеңі. Бұл кезеңде есеп шығару тәсілдері мен математикалық аппарат таңдап алынып, математикалық амалдар орындалады. Кезең есептің шешімін (жауабын) алумен аяқталады.
4) Алынған нәтиженің дұрыстығын, ақиқатқа сайлығын, өлшемдерінің сәйкестігін т.с.с. талдау кезеңі.
5) Есеп шығару үрдісінің, оқу-танымдық талдамын жасау кезеңі. Бұл кезеңде есеп шығару әдісінің, қоданылған тәсілдің маңызы бағаланып, қарастырылған есепке ұқсас есептерді шығарудың жалпы (ортақ) әдісі көрсетіледі.
Бұл кезеңнің оқу-танымдық маңызы ерекше, себебі алуан түрлі есептердің ішіндегі нақты бір есепті шығауда қолданылатын әдістер мен тәсілдерді жалпылауға мүмкіндік береді.
Физикалық есеп шығару үрдісінің сұлбасы 12–суретте келтірілген. Бұл кескін есеп шығарудың күрделі және сан қырлы үрдіс екенін көрсетеді. Есептерді шығарғанда барлық кезеңдерді қарастыру міндетті емес. Есептің түрі, мазмұны күрделілігіне байланысты, есеп шығару үрдісінің кейбір кезеңдері түсіп қалуы, ал кейбір кезеңдерінің түрі мен мазмұны өзгеруі мүмкін. Қарастырылған кезеңдер бір бірінен нақты бөлінбеген, олар көбіне бір бірімен қиылысып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |