Қиындықтың түрлері.
№
|
Мінез- құлқындағы қиындықтардың түрлері.
|
Зерттеген
психологтар
|
Мінез- құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері.
|
1
|
Эмоциялық өріс (сезім әрекетіне бой алдырғыш); ашуланшақ, долы, өкпелегіш, өзіне өзінің көңілі толмаушылық, жылауық т.б.
|
Е.Е. Кравцова. А.А.Нурахова.
В.В. Степанова.
|
Отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты:( толық емес отбасы, жағдайы жоқ отбасы)
|
2
|
Еріктік өріс(ашушаң, қыңыр, сенімсіздік, қызғаншақтық, өтірік айтіу, өзімшілдік т.б.)
|
А.В. Запорожец, Л.С.Выготский т.б.
|
Жеке тұлғаның дамуына психологиялық бірізді жүйенің болмауынан
|
3
|
Танымдық рролінің бұзылуы. Бала дамуындағы өнімсіз әрекеттер, ұрыс- дау ойлай алмауы, т. Б.
|
Л.С. Выготский, Л.В.Занков, А.Н. Леонтъев
|
Әлеуметтік педагогикалық заңдылықтар бойынша жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіктерді байқап дамыта алмаушылық
|
Тәрбие тәсілдері әрбір жастың адам ретінде ерекшеліктерін ескеруге, оның шексіз мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс.
3.Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде оқушылардың көбірек кездесетіні белгілі. “Қиын” оқушылар дегеніміз кімдер? Олар- мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін оқушылар.
Жүйке аурулары әртүрлі ортадағы психикалық зақымданудың, отбасындағы және басқада әртүрлі қиын жағдайлардың салдарынан пайда болады. Мысалы, кей оқушылар ата- ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көмей өсіп, осыған мектептегі өз тобындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көз қарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып, бала ашуланшақ, өмірге ызалы, тұйық қалыпқа түседі.
“Қиын” оқушыларды екі топқа бөлуге болады.
Бірінші- тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар.
Екінші- отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.
“Қиын” оқушылардың өскен ортасының, отбасының жай күйін талдағанда, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Әдетте, ата- аналардың бала тәрбиесінен әр түрлі себептерге сай аулақтануы да теріс әсер етеді.
Қиын жасөспірмдер мен жұмыс істегенде, сынып жетекшісі мен оқу шебері оны жеке тұлға ретінде тани біліп қана қоймай, мынадай үш кезеңді ескеруі, оның дамуын көре білу қажет:
бұрынғысы;
қазіргісі;
болашағы.
Жазалау және көтермелеу әдістерін қатар қолдану- әлеуметтік педагогтың негізгі құралы болуы тиіс. Таңдап алынған әдіс- тәсілдер баланы өз қылығына басқаша қаратып, мінезін жақсы жаққа өзгертуі тиіс. Орынды қолданылған әдіс- тәсілдер оқу- тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп, қиын оқушы мен әлеуметтік педагог қарым- қатынасын жақсартатыны сөзсіз.
Қиын оқушының ата- анасын ” балаң неге қиын” деп мұқатудың қажетті жоқ, оларды керісінше ,жасөспірімдерді дұрыс жолға салу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |