Дәрістер Дәріс 1 Тақырыбы: Кіріспе



жүктеу 291 Kb.
бет26/28
Дата03.02.2022
өлшемі291 Kb.
#35269
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
1-8 Дәрістер АГРОХИМИЯ

Дәріс 8

Тақырыбы: Тыңайтқыштар, олардың қасиеттері және қолданылуы
1. Органикалық тыңайтқыштар

2. Минералды тыңайтқыштар

3. Бактериялы тыңайтқыштар

Тыңайтқыштарды классификациялау. Құрамына қарай тыңайтқыштар органикалық, минералды және бактериялы болып бөлінеді.

Органикалық тыңайтқыштар. Органикалық тыңайтқыштар тобының құрамындағы қоректік заттар көбінесе органикалық қосылыстар түрінде болады. Олардың құрамында өсімдіктерге қажетті бірнеше қоректік заттар болғандақтан, күрделі тыңайтқыштар қатарына да жатады.

Органикалық тыңайтқыштарға көң, көң садырасы, құс саңғырығы, қорда, шымтезек және жасыл тыңайтқыштар, ағын су тұнба лайы, тері илеу және тамақ кәсіпорындарының қалдығы жатады. Органткалық тыңайтқыштар ішінде әсіресе маңыздылары- көң, көң садырасы, құс саңғырығы.

Көңнің құрамындағы қоректік зат мөлшері олардың қалай дайындалуына және сақталуына байланысты. Шала шіріген аралас көңнің құрамында 0,5 процент азот, 0,25 процент фосфор және 0,6 процент калий болады.

Көңнің құрамына мал астына төселген шөп, сабан және тағы басқа заттар кіреді. Ол төсеніштер көңнің физикалық-химиялық қасиеттерін өзгертіп, ондағы биологиялық әрекетін күшейтеді, оның сапасын жақсартады және азот шығынын азайтады.

Органикалық тыңайтқыштар топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін жақсартады, қышқылдығын азайтады, ондағы көмір қышқыл газын көбейтеді. Олар минералдық тыңайтқыштарды үнемді де тиімді пайдалануға көмектеседі, өйткені көңнің құрамында біршама мөлшерде негізгі қоректік заттар: азот, фосфор, калий, сонымен қатар бор, мыс, йод, марганец, молибден, кобальт, темір, т.б. сияқты микроэлементтер болдады.

Құс саңғырығы өсімдіктерге тез әсер ететін, құрамында біршама қоректік заттар бар, аса бағалы органикалық тыңайтқыш. Құс саңғырығының құрамында (құрғақ зат мөлшерімен есептегенде) 4- 6 % азот, 35,5% фосфор, 2,4- 3,5% калий бар. Мұның құрамы да олардың қандай құстардан дайындалғанына қарай өзгереді. Әсіресе, тауық қораларында дайындалған тыңайтқыштың құрамында қоректік заттардың сапасы молырақ болады. Жылына бір құстан 12 кг шамасында саңғырық жиналады. Есептеулерге қарағанда бір жылда бір тауықтан 6- 7 кг, үйректен 7- 9 кг, қаздан 10- 12 кг саңғырық жиналады екен. Бір ерекшелігі- құс саңғырығы құрамындағы азот тез бөлініп, ауаға ұшып кетуге бейім тұрады. Оны сақтаудың бір тәсілі көң, ағаш үгінділері сияқты төсеніш төсеу керек. Саңғырық құрамындағы азот осындай төсеніштерге сіңеді де, жақсы сақталады.

Қорда. Бұл өсімдік тектес органикалық заттардың қалдықтарын, қала, ауыл- селодағы тұрмыстық- тұтыну қалдықтарын және басқа да коммуналдық- шаруашылық қалдықтарын жиыстырып, үйінді жасап сақтау арқасында пайда болады. Қорда жасаауға негіз болатын материалдар: көң, көң садырасы, құс саңғырығы, өсімдіктер сабағы, ағаш ұнтағы, шіріген, қызған шемшөптер, қағаз, жаңқа, тағы солар сияқтылар.

Қорданың тиімділігін арттыру үшін оларды минералдық тыңайтқыштармен қосып компост жасайды, ағынды ылай сумен араластырып, біраз бөктіреді, сонда ғана оның қоректік заттары ыдырап, дақылдарға сіңімді түрге айналады.




жүктеу 291 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау