Бақылау сұрақтары:
Пайдаланушының ”жақсы” интерфейсінің қасиеттері қандай?
Пайдаланушы интерфейсін жобалаудағы нақтыланған, толық және косметикалық бейімделулерге түсініктеме беріңіз.
Пайдаланушы интерфейстердегі үндемеу принципі қалай қолданылады?
Пайдаланушы интерфейстердегі эстетикалық тартымдылық қалай іске асырылады?
Тарау 2. Адам оператордың сипаттамалары.
4-ші, 5-ші дәріс. Операторлардың психофизиологиялық сипаттамалары.
Сұхбатты жүргізудің қарқыны. Жүйенің жауап беру уақыты. Түсті қабылдау сипаттамалары. Кеңістіктік сипаттамалары.
Оператордың психофизиологиялық сипаттамалары компьютермен байланысқанда өзекті мәселе болып табылады. Біріншіден бұл:
ақпартты қабылдауға және өңдеуге мүмкіншілігі;
сенсорлық және қысқауақтылы жады көлемі;
өте маңызды ақпаратқа көңілді шоғырлауға дағдылану;
ұзақуақтылы жадыдан ақпаратты шығара білу;
моторлы ептілік пен реакция;
реакция уақыты;
түстік гамма қабылдау қабілеттілігі және т.б.
Жоғарыда атап өтілген пайдаланушының сипаттамалары интерактивті қосымша жасауда ескерілуі қажет. Ол экрандағы ақпараттың визуалды атрибуттарының ойланылған таңдау көмегімен пайдаланушының программалық қосымшамен ыңғайлы қарқында жұмыс істеуді қамтамасыз етуі керек.
Сұхбатты жүргізу қарқыны
Сұхбатты жүргізудің қарқыны шешілетін есептің ерекшелігіне және компьютердің аппараттық және бағдарламалық құрылғыларының сипаттамасына байланысты. Сұхбатты жүргізу қарқынының адамның психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестік талаптары, осы сипаттамалардың мәндеріне тек “жоғарыдан” ғана емес, сонымен қатар “төменненде” шектеулер қояды. Осы мазмұндауды түсіндірейік.
Жүйенің жауап беру уақыты оқиға және жүйенің оған реакциясының аралығы ретінде қарастырады. Интерфейстің осы сипаттамасы пайдаланушының есептің келесі қадамына өтуінің бөгелісін анықтайды. 60-жылдары ең алғашқы интерактивті жүйелер пайда болғанда сұхбатты жүргізу қарқынын есепке алу сезілді. Жүйенің баяу жауап беруі пайдаланушының психологиялық қажеттілігіне сәйкес келмейді, ол қызметтің тиімділігін төмендетеді. Өте тез жауап қайыру жүйе туралы жағымсыз ойға әкелуі мүмкін. Жауап беру уақытына қойылатын талап пайдаланушы жүйе жұмысынан нені күтетіні және жүйемен қатынастың есепті орындалуына қалай әсер ететіне байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, егер жауап беру уақыты күткеннен аз болса, онда менюден операцияларды таңдау дәлдігі жүйенің жауап беру уақыты өскен сайын өседі. Жүйенің тез жауап беруі пайдаланушыны асықтырады да, ол өзінен әлдеқайда епті әріптесінен қалмауға тырысады. Жауап беру уақыты пайдаланушының табиғи жұмыс істеу ритміне сәйкес болуы қажет. Жай сөйлесу кезінде адам жауапты 2-секундтай күтеді, компьютермен жұмыс істегенде де сол сияқты. Күту уақыты оның жағдайы мен мүддесіне байланысты. Пайдаланушыға оның алдыңғы жүйемен жұмыс істеу тәжірбиесі де әсер етеді.
Әдетте адам бір мезетте бес-тоғыз зат туралы мәліметтерді есте сақтай алады. Сонымен қатар қысқамезетті есте сақтау қабілеті уақытпен шектелген: 2-сек ауызша ақпарат және 30 секунд сенсорлық үшін. Сондықтан адамдар бірмезгілде ақпараттың өлшеміне қарай есте сақтай алғандықтан, өз қызметін кезеңдерге бөлуге ыңғайланады. Кезекті кезеңнің аяқталуын кідіру деп атаймыз. Кідіру болуға кедергі келтіретін тоқтамдар өте зиянды және жағымсыз, өйткені қысқамерзімді жады құрамы үнемі жаңаруды талап етеді және ол сыртқы факторлардың әсерінен тез жойылады. Кідірістен кейін мұндай кідірістер өте қажет және қолайлы. Есептің аяқталуы, демалу,жабылу деп аталады. Сол мезетте ақпаратты әрі қарай сақтаудың керегі болмай, адам нақты психологиялық жеңілдейді. Пайдаланушылар өз жұмыстарын тезірек жабуға тырысқандықтан, пайдаланушы аралық ақпаратты уақтылы жойып отыруы үшін ,сұхбатты фрагменттерге бөлуі қажет. Пайдаланушылар, көбіне бастаушылар үлкен операцияның көп кіші операцияларын таңдайды. Өйткені олар алдынғы қадам жұмысының деталдарынан көңілін аулап қана қоймай, жақсы басқару мүмкіндігіне ие болады. Зерттеулер нәтижесінде интерактивті жүйе жауабы үшін келесі ұсыныстарды ұсынады:
0,1.....0,2 сек – физикалық жүрісті растау үшін (батырманы басу, тышқанмен жұмыс).
0,5.....1,0 сек – қарапайым командаға жауап беруі үшін (мысалы, команда беру кезеңінен, экранға жаңа бейне шыққанға дейін менюден қажетті жауапты таңдау).
1...2 сек – байланыс сұхбатын жүргізгенде (пайдаланушы өзара байланысты сұрақтарды ақпараттың бір бөлігі деп қарастырып, оған жауап қайтаруды қалыптастырады; бірінен кейін бірі тізбектелген сұрақтар арасындағы кідіріс көрсетілген ұзақтықтан аспауы қажет).
2...4 сек – күрделі сұраныс үшін. Кейде 10 сек дейін созылуы мүмкін.
10 секундтан жоғары – мультиесепті режимде жұмыс істеу. Пайдаланушы есепті фондық процесс ретінде қабылдаса.
Егер пайдаланушы 20 сек көп жауап алмаса, онда бұл интерактивті жүйе емес. Бұл жағдайда пайдаланушы есепті “ұмытып”, басқа есепке көшіп, оған ыңғайлы болған кезде оралуы мүмкін. Бұл жағдайда жүйе пайдаланушыға жауаптың кідіруі жүйенің жұмыстан шыққаны емес екені туралы мәлімет беруі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |