Түпкі тұтынушыларды зерттеу әдістері.
Түпкі тұтынушылардың талап- тілегін, түрткі болатын факторларға реакциясын зерттеу әдістері көп: 1) анкета жүргізу 2) сұрау арқылы білуге де болады, көршілерден, өздерінің немесе жолдастарынан 3) ақпарат арқылы 4)баспа бетінен 5)эксперимент жүргізу арқылы 6) бірінші және екінші рет пайдаланатын ақпараттар арқылы да тұтынушылардың алынған тауар көз қарасын және олардың жауап реакциясын анықтауға болады.
6 тақырып. Кәсіпорындар нарығындағы тұтынушылар мінез-құлқы.
Кәсіпорын – бұл ұлттық экономиканың негізгі буыны, құқы бар заңда тұлға және өндірістік, ғылыми-зерттеу және сауда саласында пайда алу мақсатында осы нарықтарда қызмет атқарады.
Заңды тұлға ретінде сауда ұйымын құруы да мүмкін немесе шаруашылық серіктестік және қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын болып қалыптасуы да ықтимал. Кәсіпорынның осы түрлері белгіленген тауарлар нарығында және салаларда жұмыс істеп, тұтынушылар талап-тілегін қанағаттандыруға ұмтылады. Мұндағы басты мәселе тұтынушылар тұтынатын тауарлар өндірісінің өсу қарқыны сұранысқа тікелей байланысты. Егер сұраныс артып, ол тауарды тәуір бағамен сатуға болатын болса, онда бұл тауардан алынатын табыс артып, ол өндірісті ұлғайтуға ынта туады. Сондықтан да тұтынушылардың қандай тауарды қандай бағамен алатындығын білу қажет.
Міне тұтынушылардың мұндай талғамын зерттеп білудің негізгі кезеңдері болады. Біріншідіен, жүздеген, мыңдаған тауарлардың ішінен тұтынушылар өзіне қажетті тауарды қандай принцип бойынша таңдау керек. Айталық үш тауар ( А,В,С) берілді делік, олардың ішінен өзіне ең қажетті тауарды таңдау әр адамның өз ерекшеліктеріне байланысты сондықтан да осы кезеңді тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атайды. Ал, тұтынушылар қалауы табыс деңгейіне, тауар бағасына қарай өзгереді. Егер баға өсіп, табыс тұрақты болса, онда тұтынушылардың сатып алу мүмкіндігі азаяды. Осыған орай тұтынушылар талғамының зерттеудің екінші кезеңінде бюджет деңгейімен, оның тұтынушылар талғамына тигізетін әсері қарастырылады. Ал, үшінші кезеңде тұтынушылар қаражаты жететін және оған неғұрлым көп пайда әкелетін тауарлар құрамы анықталады. Егер тұтынушы қаражаты жетіп, әрі оған көп пайда әкелетін тауарлар құрамы анықталса, онда бұл жағдайды тұтынушының теңдестік жағдайы деп атайды.
Көп тауардың ішінде онан қайсысы пайдалырақ болатынын анықтау қиын. Өйткені, өнімнің пайдалылығы адамның қажетін қандай деңгейде қанағаттандыра алатынына байланысты болады. Оның өзі алдымен әр адамның табиғи ерекшеліктеріне қарай өзгереді.
Егер тауарлар құрамы белгілі болатын болса, оның пайдалылығын анықтау үшін пайдалылық функциясын қолданады.
U=U(X,Y)
Бұл функция тұтынушы Х,У тауарларын тұтынғанда ең жоғарғы пайдалылық алғанын көрсетеді.
Өндірістік белгіленген тауарлар нарығындағы сұраныс және сатып алушылар мінез-құлқы аталған факторларға байланысты өзгереді. Осы факторлар әсері нәтижесінде өндірістік белгіленген тауарларды сатып алу туралы шешім қабылданады.
Кәсіпорын тұтынушыларының көзқарасына әсер етуші негізгі факторлар: қоршаған орта жағдайлары, негізгі ұйымдар, тұлғаның жекелік негіщдері мен тұлға аралық қатынастар.
Тауарды сатып алу туралы шешімдер қабылдау процесі өндірісте бекітіледі. Онда мына мәселелер талқыланады: проблемаларды ұғыну, қажеттіліктерді сипаттау, тауар бағасын сипаттау, жабдықтаушыларды іздеу, тапсырманы қолдану, жабдықтаушыларды таңдау, жабдықтаушылар жұмысын бағалау, тапсырыс беру.
Сонымен қатар бұл тақырыпта аралық сатушылар нарығының мәнін және оның ерекшеліктерін қараудың да мәні бар.
Достарыңызбен бөлісу: |