Бақылау сұрақтар:
1.Алтын орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілдері
2. Алтын Орда дәуірі кезеңіндегі тарихи жағдай
3. Алтын Орда дәуірі өкілдерінің шығармашылығының зерттелуі
Әдебиеттер тізімі:
Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Окулық. -А.,1986
Келімбетов И. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Окулық. -А., 1991
Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия /Құрастырған А.Қыраубаева/. -А., 1991
Келімбетов Н., Канафин Ә. Тұркі халыктары әдебиеті. -А., 1996
Сүйіншәлиев Х.Казақ өәебиетінің қалыптасу кезендері. -А.,1967.
Сағындықұлы Б. «һабат-ул хақайиқ» XII ғасыр ескерткіші. А., 2002.
Ақынжанов М. Казақтың тегі туралы. Зерттеу. -А.,1962 Албани Б.Қ. Тарихитаным. -А.,1994
Әбілғазы. Түрік шежіресі /ауд. Б.Әбілкасымов/. -А., 1992 Бабырнама /казақ тіліне аударған Б.Қожабекұлы/. -А.,1993 Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. -А., 1989
Бартолъд В.В. Шайбаниды//Сочинения. т.2. -М.,1964
Дәріс: 17-18
Тақырыбы: Насреддин Рабғузи - Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінін бірі "Рабғузи қиссалары"(1310 ж.)
Cабақты өту түрі: Активті
Жоспары:
1.Насреддин Рабғузи өмірі және шығармашылығы
2.Насреддин Рабғузидің « Қисса –сул әнбия» еңбегінің зерттелуі, бағалануы
XІV ғасырдың басында Насреддин Рабғузидің халық арасында "Қиссас ул-әнбия" деген атпен көбірек мәлім "Қисса-и Рабғузи" деген қолжазба кітабы пайда болды. Қолжазба ғасырлар бойы бірнеше рет көшіріліп, көптеген көшірме нұсқалары көптеген елдерге тарады. ХҮ ғасырға жататын ең ерте нұсқасы Британ мұражайында сақтаулы. Ол 1990-1991 жылдары Ташкентте басып шығарылды. Автор Мауараннахрда, Рабати Оғыз деген жерде туған (оның Рабғузи деген бүркеншік аты да содан шыққан). Кітап Мұхаммедке дейінгі пайғамбарлардың өмірі мен олардың бастан кешкен оқиғаларын және Мұхаммедтің өзі мен мұсылман халифтарының өмірін баяндауға арналған. Онда дүниенің жаралуы туралы, жер жүзін топан су басуы туралы және Жер бетінде жаңа тіршіліктің басталуы туралы мифологиялық әңгімелер, түрлі аңыздар, ертегілер мен мысал әңгімелер бар. Жекелеген хикаялар ерте орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларға, мысалы, ат-Табари "Тарихына" барып тіреледі. "Қисса-и Рабғузиге" енгізілген шығармаларды идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша үш топқа бөлуге болады: а) дүниенің, аспанның, жердің пайда болуы туралы, адамның, жануарлардың, жын-шайтандардың және басқа да тіршілік иелерінің шығуы туралы әңгімелер; ә) пайғамбарлар мен халифтар, әулиелердің өмірі туралы хикаялар, шығыс нақылдары, халық аңыздары мен ертегілері; б) хижраның алғашқы он жылындағы негізгі оқиғалар тізбегі, жылдардың, айлар мен күндердің атаулары туралы, мұсылман күнтізбесіндегі айтулы күндер туралы мәліметтер. Осылардың бәрі ислам діні тұрғысынан баяндалады. Бірақ мұнда халықтың дүниетанымы мен кейіпкерлерді фольклорлық дәріптеу айқын байқалады. "Қисас ул-әнбия" құран сюжеттерін, уағыздары мен сүрелерін баяндап беретін танымал прозалық шығарма ғана емес, онда автордың үлкен дарын иесі екенін дәлелдейтін дидактикалық әңгімелер мен өлеңдер көп. Бұл ретте Жүсіп пен Зылиха туралы хикаяттағы махаббат сипатындағы өлең жолдары ерекше назар аударарлық. Ал құран хикаялары мен аңыздарының сюжеттері адамдарға түсінікті, тартымды да қарапайым тілмен баяндалған. Олардың діни ғана емес, танымдық мағынасы да зор, оларда өмір шындығы мен уақыт белгілері көрініс тапқан. Кітапта түркі халықтарының ғана емес, хикаяттарда айтылатын басқа халықтардың да әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер бар. Рабғузи –Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» (1310ж)- табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы,халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана,Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан мен періште т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар,өлең-жырлар жинағы.Қиссадағы қоғамдық өмір, тарихи оқиғалар, ізгілік пен зұлымдық ,адамгершілік пен жауыздық, достық пен қастық,т.б жайындағы қисса-хикаялар,аңыз-әңгімелер.«Рабғузи қиссаларына» енген «Нух алайка с-салам хикаялары» , «Лұқпан Хакимхикаялары», «Харут пен Марут хикаясы,т.б. «Рабғузи қиссаларының» зерттелуі, қазақ тіліне аударылуы: Б.Кенжебаев, А.Қыраубаева, Н.Сағындықов
Достарыңызбен бөлісу: |