Дәріс № 7. Баға жасау әдісін және стратегиясын таңдау мәселесі
Дәріс жоспары:
Баға жасау әдісін таңдау белгілері
Соңғы бағаны анықтау
Баға стратегиясын қалыптастыру мәселесі
1. Баға стратегиясын және баға түрін таңдау процесі негізінен жабдықтаушының қысқа мерзімді мүддесіне емес, тұтынушының көзқарасына және оның сұрауларына негізделу керек.
Кейде бәсекенің нәтижесінде нарықта белгілі бір баға стандарты қалыптасады (баға түрі және деңгейі). Бұл баға тұтынушы үшін аса тиімді болмаса да, оған үйреншікті болып кетеді.Бұл жағдайларда кез келген компания маркетингтік тәсілді қолданса, жергілікті жағдайды толығымен зерттеп, сұраулардың ерекшеліктеріне сәйкес тұтынушыға әлдеқайда тиімді баға схемасын ұсынса орасан зор табысқа жетуге мүмкіндік алады. Сондықтан да бәсеке деңгейі өте жоғары болғанда, кәсіпорын тауарының түрлілігі тар болғанда және берілген кәсіпорынның нақты нарықтық күші төмен болса, бұл кәсіпорын нарық белгілеген баға деңгейін ұстануға мәжбүр болады. Ал, өзінің жалпы стратегиясының бір элементі ретінде маркетингтік стратегияны құрастырып, баға құрастыру процесін осы стратегияның негізгі бөлігі ретінде қолданатын компания нарықта үлкен артықшылыққа ие болады.
Баға жасау әдісін таңдау процесінде компания келесі факторларды (белгілерді) есебке алу қажет:
экономикалық жағдай (тұрақсыздық);
инфляция деңгейі
шикізат және қаржы қорлары бағаларының динамикасы;
бәсеке деңгейі;
сатып алушылық қабілеттің төмендеуі;
ұқсас тауарлар өндірісінің дамуы (плагиат, сауда маркаларын қолдану және с.с)
2. Бағалардың белгіленген деңгейлері үш түрлі вариантта болуы мүмкін:
шығындалмен белгіленген бағаның минимальды деңгейі;
сұраныспен белгіленген бағаның максимальды деңгейі;
бағаның оңтайлы мүмкін бағасы.
Бағаны есептеудің үш әдістемесі болады: орташа шығындар + орташа пайда; орташа шығындар + мақсатты пайда; тауардың тұтынушылар үшін құндылығына қарай.
Таңдалған әдістемеге және басқа нарықтық факторларға қарай фирма баға жасау тактикасын ойластырады және баға түрін таңдайды.
Келесі баға жасау түрлері және баға түрлеріне сөздік жасау қажет.
Активті баға жасау, Бағалар қол шатыры, Баға жасаудың бейтарап стратегиясы, Параметрлік баға жасау, Пассивті баға жасау, Баға саясаты, Тіркелген бағалар саясаты, Сыйлықты баға, Баға жасау тактикасы, Базистік баға, Шығынсыздық бағасы, Жалпы баға, Қалпына келтірілген баға, Мемлекеттік баға, Іс жүзіндегі баға, Демпингтік баға, Жалғыз баға, , Соңғы баға, Интервенционды баға, Арыз бағасы (иск), Картельды баға, Каталожды баға, Консалтингтік қызметтер бағасы, Келісімдік баға, Котировкалы баға, Қызыл баға, Жеңілдігі бар баға, Әлемдік баға, Нетто бағасы, Ортақ баға, Оңтайлы баға, Жіберу бағасы, Паушальды баға, Клиринг бойынша баға, Сатып алушы бағасы, Сатып алу бағасы, Толық баға, Шекті баға, Ұсыныс бағасы, Өндірісті тоқтату бағасы, Өндіріс бағасы, Кенеттен түскен баға деңгейі, Резервтеу бағасы, Баға қатары, Кейін тіркелетін баға, «Спот» бағасы, Субвенциальды баға, Тұрақты баға, Тығыз баға, Сауда бағасы, Үштік бағасы, Басқарылатын баға, Саудаласу бағасы, Фабрикалы баға, Фактурлы баға, Таза баға, Тауар құндылығына байланысты баға, «Баға шеңбері».
Дәріс №8. Келісімдік және модификацияланған бағалар
Жоспар:
Жұртшылыққа басылынатын және есептелінетін бағалар.
Анықтамалы бағалар, биржалық бағалар, орташа экспортты және импортты бағалар туралы түсінік.
3. ФОБ, ФОР, КАФ, СИФ бағаларына сипаттама беру
1. Басылынатын және есептелінетін бағалар.
Контрактты баға – тауарды (контрактты) сату-сатып алу бойынша келісімінде тіркелген баға, оның ішінде сыртқы сауда операцияларында. Келісімдік бағалардың деңгейін анықтаудың бастапқы кезеңінде өнімді таңдағанда және жібергенде бағаның екі түріне негізделеді: басылынатын (хабарланатын)-published price және есептелінетін бағалар – settlement price.
Басылынатын бағалар ақпараттың арнайы немесе фирмалық басылымдарда, басқа ақпарат көдерінде көрсетіледі. Олар, көбінесе берілген өнімнің ең ірі өңдірушілері, жабдықтаушылары орнататын әлемдік баға деңгейін сипаттайды (world market price). Мысалы, бидай және аллюминийге әлемдік баға ретінде Канаданың экспорттық бағалары қолданылады; ағаш материалдарына – Швецияның; каучук – Сингапур биржасы; құнды жүн –теріге – Санкт-Петербург және Лондон аукциондары; шай – Калькутта, Коломбо және Лондон аукциондары.
Жабдықтаушы-елдер әлемдік бағаны негізінен шикізаттық тауарларға қойса, дайын өнімге немесе жабдыққа ең алдыңғы қатарлы фирмалар орнатады.
Басылынатын бағаларға келесі жатады: анықтамалық (advertised price), биржалық котировкалар (exchange quotation), аукцион бағалары (auction price), іс жүзіндегі келісімдер бағалары (price of the actual quotation), ірі фирмалардың ұсынылыған бағалары (price of an offer).
2. Анықтамалық бағалар – ішкі көтерме немесе сыртқы саудада қолданылатын бағалар және олар әртүрлі баспасөз құралдарында, экономикалық газеттер мен журналда, арнайы бюллетеньде, фирма каталогтарында және прейскуранттарында жазылады. Бұл бағалар номинальды (яғни нақты коммерциялық операциялармен байланыссыз) және өткен операциялардың барысын көрсететін (өткен мерзім ішінде) боп бөлінеді.
Бірқатар тауар бойынша бұл бағалар соңғы бағаны келісу үшін бастапқы түпнұсқа ретінде болады. Кейде анықтамалық бағалар кейін жылжымалы немесе ауыспалы боп тіркелетін бағаның деңгейін анықтайды. Көбінесе, бұл бағалар базисті болады, яғни белгілі бір сапалық, сандық, өлшемдік сипаттамалары, химиялық құрамы, шығару немесе сату жері белгіленген тауардың бағасы.
Биржалық баға немесе биржалық котировка – биржа саудасының объектісі ретінде болатын тауардың бағасы. Бұл бағалар негізінен іс жүзіндегі келісімдерді сипаттайды. Ресми котировка (formal quotation) - әр позиция үшін (жіберу айы) және әр күнге белгіленген біріңғай баға. Бұл котировка биржаның сыртына нарық бағаларын хабарлау үшін және биржаның есеп палатысымен есеп айырысу үшін қолданылады. Егер биржалық котировканың негізінде нақты келісімдер болмаса, онда бағаның алдында «Н» белгісі қойылады, яғни котировканың номиналдылығы көрсетіледі.
Орташа экспортты және импортты бағалар – сыртқы сауда статистика мәліметтері негізінде есептелінеді және оны анықтау үшін тауарлық масса құнын оның физикалық көлеміне бөледі. Бұл бағалар анықтамалық бағаларға қарағанда әлдеқайда сенімді индикатор болып табылады. Бұл көрсетікштер белгілі бір мерзім ішінде іс жүзінде жасалынған экспортты-импортты келісімдердің бағаларын емес, осы мерзім ішінде тіркелген экспорт және импортты көрсетеді. Уақыттағы бұл ығысу алдын ала сатулар мерзімі мен іс жүзіндегі экспорт қатты айрықшаланатын салаларда маңызды орын алады, мысалы ағаш материалдары.
Іс жүзіндегі келісімдер бағалары – келісімдегі бағаның деңгейін анықтаудағы ең толық белгі болып табылады. Бірақ, бұл бағалар мерзім сайын жарияланбай, баспасөзде тек нақты операциялар бойынша шығады. Дегенмен, бұл бағаларды анықтамалық бағалармен салыстыру арқылы берілген келісімдегі бағаның деңгейін дұрысырақ анықтауға мүмкіндік туады.
Ірі фирмалармен ұсынылатын бағалар – тауарды жеткізудің монопольды сипатын көрсетеді, көбінесе оның мәні анықтамалық бағаларға ұқсас болады, өйткені бастапқы бағалар келіссөздер нәтижесінде көбінесе төмендейді, бұл келісім бағаларына өте тән құбылыс.
3. Қазіргі кезде тұрақты бағалармен жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар жоқ деп айтуға болады, өйткені клиенттың ерекшеліктері, сұраныс және ұсыныс деңгейі, компанияның ағымдағы және ұзақмерзімді мақсаттары бағаны өзгертіп тұруды (модификациялауды) талап етеді.
ФОБ, ФОР, КАФ, СИФ бағалары. Бағалардың бұл түрлерінде сатып алушы тауарды транспорттық құралға тиеген кезден бастап барлық шығындарды төлейді. Айырмашылықтар тұтынушы географиясына және транспорт түріне негізделеді.
ФОБ – сыртқы сауда тәжірибесінде (free on board) сатып алушы тауарларды кемеге немесе вагонға тиегеннен кейін барлық шығындарды осы тауарлар иесі ретінде төлейді, ал тауар оны тасымалдаушы ұйымға франко-вагон/кеме шарттары негізінде өңдіруші –елдің белгілі бір портында беріледі.
ФОБ бағалары бойынша кез келген тұтынушы тауарды өз қоймасына түсіргенде бірдей баға төлейді. Географиялық қашықтық бұл орайда өзінің мәнін жоғалтады, яғни артықшылық алыс тұратын тұтынушылар алады, жақын тұратындардың есебі арқылы. ФОР бағалары қашықтық факторын ескереді.
Бөлу қоймасындағы баға. Орталық бөлу қоймаларын қолдану (мысалы көтерме сауда ұйымы) бағалардың өзгеруіне әкелу мүмкін (қоймаға дейін тасымалдау шығындарына қарай). Одан кейін жабдықтаудың нақты шарттары анықталады. Бұл жерде өңдіруші кәсіпорынға жақын орналасқан тұтынушылар оларға қажет емес транспорттық шығындарды төлеуге мәжбүр болады.
КАФ бағасы. Бұл бағаларға белгіленген түсіру портына дейін (көбінесе сыртқы саудада) транспортқа кеткен шығындар кіреді немесе жергілікті нарықта сатқан кезде келісілген географиялық орынға жеткізуге кеткен шығындар кіреді. Бұл бағаны өңдіруші сатуларды өсіру үшін қолданады, транспорттық шығындарды ол өндіріс көлемін өсіру арқылы болатын үнем арқылы өтейді. Сондай-ақ, жаңа нарыққа ену үшін немесе бәсеке қатты нарықтарда орнын сақтау үшін қолданылады.
СИФ бағалары. Сыртқы саудада ең жиі кездесетін баға түрі. Көтерме бағаға сақтандыру төлемі және белгіленген түсіру портына дейін фрахт қосылады. Негізінен бұл бағалар тұтынушыларға тиімді болады, өйткені тауар жеткізуге байланысты ұйымдастыру жұмыстарының ең күрделі бөлігін орындау шарттары ол үшін жеңіл болады, сондай-ақ, тауар сапасына байланысты жауапкершілік оны белгіленген жерде қабылдағанша жабдықтаушы (сатушы) өзіне алады.
Бұл баға түрі жабдықтаушыға да тиімді болады, өйткені кейде оған қосымша жасырын пайда алуға мүмкіндік береді (мысалы фрахт құнын жоспарланған көлемінен төмен бағамен қамтамасыз ету арқылы (әскери кеме қолдану), валюталық курстардың айырмашылығын пайдалану арқылы, басқа тәсілдер көмегімен).
Келісімдік және модификацияланған бағалардың келтірілген тізімі толық емес. Келіссөздер жүргізілгенде қолданылатын баға түрлері, олардың терминологиясы тыңғылықты келісіледі және олар толығымен келіссөз хаттамасында, болашақ іс-әрекеттер хаттамасында, келісім мәтінінде, қосымшаларда жазылады.
Дәріс №9. Бағаның өзгеруі
Жоспар:
Бағаны өзгерту қажеті, алғышарттары
Баға шегерімдері, жүйесі және түрлері.
Баға өзгерісінің басқа әдістері.
1. Көптеген кәсіпорындар нарық жағдайларында өз қызметін әртүрлі жағдайларға байланысты өзгертуге мәжбүр, бұл орайда, олардың қолданатын баға жүйелері және деңгейлері де өзгереді. Бұл өзгерісті тек тауар түрлерінің, аттарының, сапасының өзгеруі ғана емес, сондай ақ, сыртқы факторлардың, мысалы, географиялық факторлар, сұраныс деңгейі, сату маусымы және с.с. құбылуы қамтамасыз етеді.
Бағаның өзгеруі аз зерттелген және ТМД елдерінде аз қолданылады. Баға өзгерту әдістерінің мақсаттары:
ұзақ мерзімге пайда алу;
нақты келісім шарттан мақсатты пайда алу;
тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру арқылы сатуларды өсіру;
Баға өзгерту себептері:
жер қашықтығы (сыртқы саудада);
бағаны шегерім және қосылым жүйелері арқылы өзгерту;
сатуды ынталандыру;
баға дискриминациясы;
тауарға бағаны сатылап төмендету.
Географиялық факторды есебке алғанда әртүрлі аймақтарда тұратын тұтынушылар үшін қандай баға қолдану қажет сұрағына жауап беру керек. Бірнеше жолы бар.
Сатушы тауар бағасына сатып алушыға жеткізу шығынын қосады.
сатушы барлық сатып алушыға бірдей баға қояды, оның құрамына тасымалдау шығындарының орташа мөлшерін қосады.
алғашқы екеуінің ортасындай. Сатушы тұтынушыларды бірнеше аймаққа бөліп әрқайсысына бағаны жеке орнатады.
бағаны белгілі бір базистік орынға қарай тағайындайды, сатып алушының тұратын жеріне дейін жеткізу шығынын қосады.
тасу шығынын жабдықтаушы өз мойнына алады. Өткізу көлемдерін өсіру үшін.
Осы тасымалдау шығынын бағаға қосып есептеуді франкир жүйесі деп аталынады.
Бағаны сонымен қатар әртүрлі шегерімдер (жеңілдіктер) және қосылымдар жасап өзгертеді. Оның алғышарттарына сатуларды және пайданы өсіру, бәсекелестерді ығыстыру, нарықтағы орнын сақтау немесе жаңа нарыққа ену, өткізуді ынталандыру, жалпы шығындарды азайту міндеттері болып табылады.
2. Тұтынушылардың белгілі бір әрекеттеріне байланысты сыйақы беру үшін көптеген фирмалар өз бағаларын өзгертуге дайын болады. Оның аты – баға шегерімі (жеңілдігі) немесе дисконт.
Баға шегерімдерінің келесі негізгі түрлері болады:
А) Сконто – бұл сатып алушы тез арада (оперативті) және ақшалай төлем жасағанда берілетін баға шегерімі.
Б) Жеңілдетілген баға – белгілі бір өнімдерге жеке тауар нарықтарында немесе жеке тұтынушы топтарына сатуларды ынталандыру үшін қойылады.
В) Сатып алынатын тауар көлемі үшін шегерім – сатып алынатын бірдей тауардың көлемі неғұрлым жоғары болса, оның бағасы белгілі бір пайызға төмендетіледі.
Г) Жалпы (қарапайым) шегерім. Прейскураннты немесе анықтамалық бағадан жасалынады. Көбінесе 20-30 %, кейде 40 пайызға дейін қойылады. Бұл шегерімдер кеңінен құрал-жабдықтарды сатуда немесе өнеркәсіптік шикізатты өткізгенде қолданылады (2-5 пайыз). Сконто шегерімін осы қарапайым шегерімге жатқызуға болады.
Д) Айналым үшін шегерім, бонусты шегерім. Тұрақты тұтынушыларға арнайы келісім негізінде жасалынады. Келісім шартта бұл жағдайда шегерімдер шкаласы қолданылады (айналым көлеміне қарай).
Е) Функциональды шегерім – сауда өрісіндегі шегерім. Тауар өңдірушісі тауапды өткізуде (сақтауда, есеп жүргізуде) белгілі бір функцияларды орындайтын тауар қозғалысы қатысушыларына жасайды.
Ж) Прогрессивті шегерім. Сатып алушы алдын ала белгіленген және көлемі өсетін тауар алғанда берілетін шегерім. Сериялы тапсырыстар өңдіруші үшін ерекше пайда әкеледі, өйткені біртипті тауар неғұрлым көп өңдірілсе, солғұрлым өндіріс шығындары кемиді.
З) Дилерлік шегерім. Өңдіруші тұрақты делдалға немесе сауда өкіліне, әсіресе шетелдік өкіліне жасайтын шегерім. Бұл шегерім түрі құрал-жабдық, машиналарды сатқанда жиі қолданылады.
И) Арнайы шегерім. Артықшылығы бар тұтынушыларға (сатушылар олардың тапсырыстарына мүдделі) жасалынады. Бұл шегерімдерге сынау партияларына және тапсырыстарға, тапсырыстардың тұрақтылығына және мерзім сайын жасалуына байланысты берілетін шегерімдер жатады.
Й) Экспортты шегерімдер. Шетелдік сатып алушыларға жасалынады. Мақсаты – сыртқы нарықта тауардың бәсекелестік қабілетін өсіру.
К) Маусымды шегерімдер. Бұл шегерімдер сатушыға өндіріс көлемін бір қалыпты ұстауға мүмкіндік береді.
Л) Жасырын шегерімдер. Бұл фрахтқа жасалынған шегерімдер, жеңілдетілген несие немесе процентсіз несие беру, тегін қызмет көрсету, тегін үлгі беру түрінде жасалынатын жеңілдіктер.
М) Сапасына байланысты шегерім. Кейде өңдіруші нарықтың тауар ыдысына, қабына, маркировкасына, сипаттамаларына байланысты сұрауларын орындауға қиналғанда, осы тауарларға қойылатын бағаға шегерімдер қолданады. Кейін барлық мәселелер шешілгеннен кейін оларды қайтадан өз деңгейіне жеткізеді.
Н) Бұрын қолданылған жабдықтарды сатудағы шегерімдер.
О) Сервистік шегерімдер – сатылған тауарға қосымша техникалық қызмет көрсетудің, сервис жасаудың орнына шегерімдер беріледі.
П) Клубтық шегерімдер. Өз мүшелеріне тауар, қызмет сатып алуда жеңілдетілген баға ұсынатын ұлттық және халықаралық клубтар.
Р) Мәдениаралық байланыстарды ескергендегі шегерім. Кейбір елдердің (шығыс елдері негізінен) мәдени ерекшеліктеріне байланысты жасалынатын шегерімдер.
С) Өзара есепке алу. Бұрын алынған ескі тауарды жаңаға ауыстырғанда оның бағасы кемітіледі.
3. Өткізуді ынталандыруға бағытталған баға өзгерісі:
А) Қызықтыру бағасы (қармаққа іліндіргіш) – сапасы жоғары болса да, әйгілі тауарды арзан бағамен сату арқылы сату көлемін өсіру. Оны кейде «арнайы ұсыныс» деп атайды.
Б) Арнайы шаралар бағасы. Ерекше ұсыныс кезінде қолданылады. Мысалы, маусым аяқталғанша, сату орны жабылар алдында, табиғат апатынан сапасы төмендеген тауарларды сатқанда.
В) Сыйлық (орнын толтыру -компенсация). Бөлшектеп сатуда өңдірушінің сатып алушыға ақша төлеуі (әсіресе АҚШ тараған). Егер сатып алушы өңдірушіге белгілі бір купон, мәлімдеме жіберсе, тауар құнының бір бөлігін өңдіруші оған қайтарады.
Г) Қарызға сатқанда тиімді пайыз ставкаларын қолдану. Алғашқы тауар үшін төлеу үлесі, қарыздың үстемесі, қайтару уақыты тұтынушы үшін тиімді жасайды.
Д) Кепілдемелік шарттар және қызмет көрсету (сервис) келісімі.
Е) Адам психологиясына әсер ететін баға өзгерісі. Салыстырылатын тауар бағасынан әлдеқайда төмен бағамен сату.
Ж) Бағаның жағдайларға байланысты өзгеруі (дискриминация). Ол тұтынушылық сегментке, өнім формасына және қолданылуына, тауар немесе фирма беделіне, орналасуына, маусымға қарай болуы мүмкін.
З) Ұсынылатын тауар ассортименті бойынша бағаны сатылап түсіру. Кәсіпорын бір өнімнің бірнеше модификациясын шығарғанда оларға әртүрлі баға қолданады (әртүрлі факторларға қарай).
Ерекше қондырғыларға баға сатысы. Жалпы тауардың кейбір бөліктеріне (машина қондырғыларына) бағаны әртүрлі етіп жасайды.
Функциональды жүйелерде қажет өнімдерге баға сатыларын жасау. Негізгі өнімнің бағасын жоғарлатып, оған қажет қосалқы тауарды сонымен қоса сатып алушыға беру. Немесе негізгі тауармен қоса тұрақты қажет заттарды сатқанда оның жалпы бағасын оларды жеке –жеке сатқанға қарағанда төмендету.
И) Баға қосылымы – тсатып алушының ерекше талаптарына байланысты, мысалы, арнайы немесе жеке тапсырысты орындағанда, тауардың сапасын көтергенде, қосымша сервистік қызметтер жасағанда, төлемді бөліп-бөліп төлегенде және т.с.с. жағдайларда тауар бағасын көтеру.
Дәріс №10. Бағаларды жасаудағы тәуекелді бағалау
Жоспар:
1. Қабылданатын шешімдер тәуекелін бағалаудың рөлі.
2. Бағаларды есептеудегі тәуекелді бағалау әдістері.
3. Ақпараттық күтуді бағалау.
1. Тәуекел мәні. Тәуекелдің жалпы алғанда екі негізгі теориясы бар. Біріншісі классикалық теория (Миль, Сениор) бойынша кәсіпкерлік пайда екі бөліктен тұрады: салынған капиталға үлес ретінде саналған пайыз; мүмкін тәуекелдің орнын толтыру үшін жасалынатын төлемнен. Сонымен, мұнда тәуекел қандай да бір шешімді іске асырумен байланысты болуы мүмкін жоғалтулар көлемі ретінде қарастырылады. Екінші теория (Найт, Маршалл, Пигу) – неоклассикалық. Бұл теория бойынша кәсіпорын белгісіздік жағдайларында қызмет етеді және кәсіпорын пайдасы құбылмалы шама. Пайда мөлшері екі белгіге тәуелді болады: оның күтілген шамасы мен мүмкін тербелу (ауытқу) шамасымен. Кейін бұл теория Кейнспен толықтырылды. Ол кәсіпкерлік тәуекелдің теорияларын жүйеге келтіріп, түрлеріне сипаттама берді. Бұл теорияны «қанағаттану» факторымен толықтырды.
Экономикалық әдебиетте тәуекелге басқарушылық шешімдерді іске асырудан болуы мүмкін материалдық залал тұрғысынан және шешімдерді қабылдау тұрғысынан көзқарастар бар.
Тәуекел табиғатына екі түрлі және қарама-қарсы көзқарас бар. Біріншіден, тәуекелді шешімді іске асырумен байланысты сәтсіздікпен, залал болу қауіпімен теңестірсе, екіншіден болашақ табыспен, пайда алумен теңестіреді.
Тәуекел – бұл нәтижесі белгісіз және сәтсіздік жағдайда қолайсыз шығынға әкелу мүмкін қызметтің ситуациялық сипаттамасы.
Экономикалық тәуекел деп барлық нәтижелерді (әсіресе қолайсыз) есебке алып белгісіздік жағдайларда шешімдерді қабылдау процесін айтамыз.
Тәуекел жағдайлары – нәтижесі немесе шешімі бірден көп болатын және бірнеше вариантың ішінен біреуін міндетті түрде таңдау қажеттігі бар жағдайлар.
Шаруашылық қызмет процесінде шешімдерді қабылдағанда келесі міндеттерді орындау қажет: 1) қажет нәтижеге жету ықтималдылығының дәрежесін және одан ауытқу ықтималдылығын есебке алу; 2) қолайсыз нәтижелерді болдырмау үшін өз шешімдерінің орындалу мүмкіндіктерін анықтау.
Тәуекелдің екі функциясы бар – ынталандырушы және қорғау
Ынталандырушы функция екі аспектіден тұрады: конструктивті және деконструктивті (авантюризм). Авантюра – қолайсыз жағдайдың болу ықтималдылығы өте мол, бірақ орындайтын адамдар оны толық түсінбетін тәуекел түрі.
Қорғау функциясы екі аспектіден тұрады: тарихи-генетикалық (адамдар қолайсыз нәтижеден қорғану формаларын және құралдарын стихиялық түрде жасайды) және әлеуметтік-құқықтық. (шаруашылық, еңбек және қылмыстық заңдылыққа тәуекелге бару заңдылығы туралы тұжырымдар енгізуге негізделген).
Тәуекелді бағалау. Үш кезеңнен тұрады:
мәселені шешудің мүмкін варианттарын анықтау;
шешімді іске асырғанда болу мүмкін нәтижелерді (негізінен қолайсыз) анықтау
тәуекелдің интегральды жағын сипаттау, яғни сандық және сапалық бағасын беру.
Негізінен сандық бағаның маңызы жоғары деп саналады. Бірақ, шешім сандық баға белгілеріне сәйкес болып, сапалық параметрлерге сәйкес келмесе, мұндай шешімдерді қабылдау мақсатқа сай емес деп саналады. Мұндай көзқарасты технократиялық көзқарас деп атайды.
Тәуекелдің сандық бағасын берудің үш белгісі бар.
А) Тәуекел жағдайларында қабылданатын шешімдер, ең алдымен күтілетін нәтижеге жетудің ықтималдылығын және қойылған мақсаттан ауытқу мүмкіндігін анықтауға бағытталған.
Математикалық тұрғыдан тәуекел қарастырылатын жағдай жөнінде дәл және толық мәлімет бар болғандағы күтілетін нәтиже мен бұл мәліметтер анық емес болғандағы нәтиже арасындағы айырмаға тең. Жалпы ереже бойынша бұл шама 0,5-0,6 жоғары болса, шешімдерді қабылдау мақсатқа сай емес деп бағаланады.
Қаржы тұрғысынан тәуекелдің үш дәрежесі бар: 1) мүмкін тәуекел, шешім іске аспаса күтілген пайда жоғалған жағдайда; 2) шекті тәуекел – табысты немесе түсімді толық алмау мүмкіндігі болса; 3) катастрофиялық тәуекел – фирманың орны жойылу немесе төлем қабілетінен айрылу мүмкіндігі болса.
Б) Берілген жағдайларда қажет нәтижені басқа варианттарға қарағанда ең аз шығынмен қамтамасыз ететін шешім ең дұрыс деп саналады.
В) іске асыру уақыты ең аз болатын шешім ең дұрыс, тиімді деп саналады.
Тәуекел дәрежесі күтілетін залал мен осы залалдың болу ықтималдылығының көбейтіндісіне тең болады. Формуласы:
мұндағы: Ү1, Ү2 – 1 және 2 вариантқа сәйкес шешім іске аспаған жағдайда болатын залалдың абсолютты өлшемдегі мүмкін сомасы.
В1, В2 – 1 және 2 вариант үшін шешімнің іске аспау ықтималдылықтары.
Экономикалық тәуекел екі элементтен тұрады: қате шешімді қабылдау нәтижесінде болатын залалдың мүмкін мөлшерінен және бұл шешімді іске асыруға кеткен шығындардан.
2. Бағаларды анықтаудағы тәуекел.
Өнімге бағаны орнату процесі көбінесе тәуекелдің белгілі бір деңгейімен сипатталады. Мұндай тәуекел өндірістік қорлардың бағасын анықтау процесіне де тән. Баға деңгейін анықтағанда кез келген қателік өткізу көлемін азайту мүмкін, ал егер бұл өнімге сұраныс икемді болса, бұл жоғалтулар тіпті өсіп кете алады.
Фирмаға, ең алдымен тәуекел мөлшерін анықтау қажет, одан кейін әртүрлі баламалы варианттардың тәуекел дәрежелерін салыстыру арқылы фирма жетекшілігі қабылдаған тәуекел стратегиясына ең жақын вариантты таңдау қажет. Тәуекел ықтималдылықпен тығыз байланысты болғандықтан оны ықтималдылық теория және математикалық статистика әдістерімен өлшеуге болады.
Шаруашылық қызметтегі тәуекел абсолютты өлшемде (залал және жоғалтулар сомасымен) және тәуекел дәрежесімен (жоспарланған баға деңгейіне жетпеу ықтималдылығы шамасымен) өлшенеді. Сонда біріншісі абсолютты тәуекел болса (теңгемен өлшенеді), екіншісі салыстырмалы тәуекел (процент, коэффициент) деп аталады.
Нарықтық баға өзінің табиғатына қарай кездейсоқ шама ретінде қарастырылады. Тауарды сатқанда, сатып алғанда ол белгілі бір шамаға айналады, бірақ ол алдын ала белгісіз, көптеген факторлың әсеріне тәуелді болады. Барлық факторларды есебке алу мүмкін емес. Осыған байланысты баға өзгермелі көрсеткіш болып, оның нақты шамасы анықсыз, әртүрлі жағдайға тәуелді болады. Бұл жағдайларға ықтималдылықтың бөліну функциясы тән болады. Бұл функцияға қарап тәуекел дәрежесіне баға беруге болады.
Ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда бағаларды анықтағанда ықтималдылықтар бөлінудің қолайлы эмпиритикалық функциясын таңдау өте қиын. Сондықтан да ықтималдылықтар теориясында жиі қолданылатын ықтималдылықтар бөлінудің стандарты функцияларын қолдану мақсатқа сай болады. Мұндай функцияларға келесі жатады:
ықтималдылықтардың қалыпты бөлінуі немесе Гаусс бөлінуі;
ықтималдылықтардың экпоненциальды (көрнекі) бөлінуі (оны сенімділікті есептеуде жиі қолданады);
Пуассон бөлінуі (жаппай қызмет көрсету теориясында жиі қолданады).
Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау кезінде келесі сипаттамалар қолданылады:
1) Математикалық күтім - көрсеткіштің мүмкін мәндерінің олардың ықтималдылықтары бойынша орташа өлшенген шама. М(х) =
2) экономикалық көрсеткіштің мүмкін кездейсоқ мәндерінің бұл көрсеткіштің математикалық күтімінен абсолютты ауытқу. Ол осы көрсеткіштің өзгеру амплитудасын көрсетеді.
3) дисперсия ауытқулардың жалпылама бағасын береді және нақты көрсеткіштердің математикалық күтімнен ауытқуларының орташа өлшенген квадраты болып сипатталады.
D(x)=
4) орташа квадраттық ауытқу дисперсиядан алынған квадраттық түбірі болып табылады. Бұл сипаттама нарықтағы өзгерістерге жасалынған көзқарастарға жақынырақ болады, өйткені ықтималды ауытқулар іс жүзіндегі өлшем бірліктерге келтіріледі.
5) кездейсоқ шаманың вариация коэффициенті -V(x) – орташа квадраттық ауытқудың математикалық күтімге пайыз түрінде қатынасы ретінде қарастырылады: V(x) =
Математикалық күтім зерттелетін шамалардың орташа мәнін анықтау үшін қолданылады.
Абсолютты ауытқулар зерттелетін шама мәндерінің абсолютты өзгеру дәрежесін сипаттайды. Мұнда, сонымен қатар, ауытқулар шектерін анықтау дұрыс болады, яғни максимальды және минимальды ауытқулардың айырмасын: R=xmax - xmin
Дисперсия кездейсоқ шама ауытқуларының квадраттарына жалпы сипаттама бере отырып, оң және теріс ауытқулардың айырмашылықтарын жоюға мүмкіндік береді, оны есептегенде үлкен ауытқулардың мәні өсіп, ұсақ ауытқулардың мәні төмендейді. Іс жүзінде әртүрлі мерзімдерде, әртүрлі нарық өрістерінде немесе сегменттерінде нақты біратты көрсеткіштер туралы мәліметтерді өңдегенде дисперсияларын салыстырған қолайлы болады. Орташа квадраттық ауытқу дисперсияға қарағанда кездейсоқ шаманың өлшем бірлігіне сай болады. Сондықтан бұл көрсеткішті жиірек қолданады.
Іс жүзіндегі сенімділік қағидасы. Егер қолайсыз жағдайдың ықтималдылығы төмен болса, онда жоспарланатын іс-әрекет сәтті аяқталуына сеніммен қарауға болады. Бұл қағиданың сандық интервалын орташа квадраттық ауытқу көрсеткіші береді. Мұнда «үш сигма ережесі» қолданылады. Егер кездейсоқ шама қалыпты бөлінгенде, онда оның математикалық күтімнен ауытқудың абсолютты мәні үшке көбейтілген орташа квадраттық ауытқудан аспайды: M(x)+-3σ(x). Бұл теңдеудің орындалу ықтималдылығы 0,9973, орындалмау ықтималдылығы 0,0027. Бұл өте сенімді нәтиже деп айтуға болады. Көбінесе, бұл қағида іс жүзіндегі шаруашылық өмірде қажет болмайды, өйткені фирма өзі жасаған шешімдерді үнемі түзетіп, өзгертіп отырады.
Шаруашылық өмірде мақсатқа сай (мағынасы бар) тәуекел қағидасын ұстану қажет. Бұл қағиданың мәнін цифр түрінде 70:30 деп көрсетуге болады, яғни егер болашақ іс-әрекеттердің сәтті аяқталу ықтималдылығы 70 пайыз, ал 30 пайыз сәтсіздіктің болу ықтималдылығы болса, онда бұл іс-әрекеттерді орындау мақсатқа сай деп саналады. Мұндағы сәтсіздік ықтималдылығы оны азайтуға бағытталған шараларды іздеп жасауға ынталандырғыш фактор ретінде болады. Бұл қағидаға (ықтималдылықтардың қалыпты бөлінуінде) кездейсоқ көрсеткіш (баға) шамаларының орташа квадраттық ауытқу шектерінде математикалық күтімнен ауытқуына тең болатын интервалы (қатары) сәйкес болады, яғни М(х) ±(х).
Экономист ауытқуларды сипаттағанда пайыздар немесе коэффициенттерді жиі қолданады.
Вариация коэффициенті ықтималдылықтардың қалыпты бөліну функциясында нәтижесі ықтималды болатын кездейсоқ шама (баға) ауытқуларының математикалық күтімге пайыздық қатынаспен үштен екі бөлігі «сәтті» және үштен бір бөлігі «сәтсіз» мүмкіндіктерге сәйкес болатын интервалын (қатарын) сипаттайды. Бұл коэффициент тәуекелді анықтағанда бағаларды есептеу үшін белгілі бір (ықтималды болса да) негіз ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |