Танымдық қызуғышылықтардың қалыптасуы
Қызуғышылық (латынша interest-мәні бар,маңызды)- адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызуғышылықты жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады.Оқушының танымдық қызығушылығы-танымдық саласына қатынасынан пайда болады.Оқуға,білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі.Л.С Выготский былай деген: «Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін,сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса,осыны іске асыру үшін барлық күшін,салатынын және бала өзі қимылдайтынын,ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып,бағыттап отыруы керек.Оқушылардың танымдық қызуғышылығы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты,ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді».
3. Оқу іс-әрекеті барлық мектеп жасындағылардың басты іс-әркеті болып есептелгендіктен, оларды түрткілендіретін оқу мотивтерін оқып білу осы жастағы балалардың психикалық дамуында маңызды болып табылады. Белгілі бір оқу іс-әрекеті әр түрлі оқушыларға түрліше мағыналы болуы мүмкін. Бұл жалпы айтқанда олардың оқу мотивациясын анықтайды. Әрбір нақтылы жағдайларда оқу мотивтерін және олардың оқушылар үшін мәнді-лігін, білу мұғалімдер үшін шешуші роль атқарады. Л.И.Божович мотивке мынадай анықтама береді: “Мотив – іс-әрекет не үшін іске асырылынатындығын білдіреді, оның мақсаттан айырмашылығы осы іс-әрекеттің бағытталуында. Яғни, баланың белсенділігін түрткіленді-рудің бәрі мотив болып табылады. Олар: баға, ойыншық, қызығулар, ұнамды болуға ұмтылуы, баланың қабылдаған шешімі және борышын сезінуі тағы басқалар болуы мүмкін. Белгілі бір оқушы әр түрлі оқу пәндерінен түрліше оқиды, яғни үлгірімі әр түрлі болады немесе оның осы пәндерге қызығушылығы бірдей емес. Оқушының белгілі бір мінез-құлқы оқу үстінде әр түрлі мотивтермен түрткі-ленуі мүмкін, демек оқушыға маңыздылығы түрліше болмақ. Мысалы,оқушы белгілі бір тапсырманы бір тәсілмен шешеді делік,бірақ ол бір жағдайда жақ-сы баға алу үшін және мұғалім мен ата-анасының мақтауына бөлену үшін орындайды,ал 2-ші жағдайда сыныптас құрдастарының арасында беделді болу үшін,3-шіде оны осы пәннің мазмұны қызықтырады,4-ші жағдайда ол осы пәнді оқуда болашақ мамандығына тигізетін әсерін көреді,5-ден бірнеше түрткілерді байланыстыру арқылы әрекет жасайды. Барлық осы жағдайларда әрекет бірдей,ал мотивтер әр түрлі. Белгілі бір мотив әр жаста оқушы үшін түрліше маңыздылық көрсетуі мүмкін, демек түрткілендіру күші де түрліше.Мысалы,қосымша әдебиет оқу мативі I сыныпта бала өмірінде маңызды болып табылмайды,ал жоғары клас-тарда әрі қарай білім алуға дайындығына байланысты оның өмірлік мәні болуы мүмкін.
Л.С. Славина оқушының ішкі позициясының ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп 4-5 жас және 7-8 жас аралығындағы балалардың мектепке және оқуға қатынастарының айырмашылықтарын дәлелдеп берді. Оқу мотивтерін зерттеу әдісі. Бұл әдісті Л.И. Божович оқу мен тәрбиеленудің әр түрлі жағдайындағы 6-7 жас аралығындағы балалардың мотивтерінің даму динамикасын анықтау үшін алғаш рет қолданылған. Бұл әдіс оқушыларда оқу мотивтерінің мынадай түрлерін анықтауға мүмкіндік береді:
· оқу-танымдық мотивтер
· әлеуметтік мотивтер
· позициялық мотивтер
· сыртқы мотивтер
· ойын мотиві
· баға мотиві
Танымдық қызығушылық. Жаңа фактілермен құбылыстарға қызығушылық; Белгілі бір бағытты таңдау; Даму сатылары; Білуге құмарлық; Білімпаздық; Іізденімпаздық.
Танымдық белсенділік Білуге құмарлық; Зеректілік,саналылық; Бағдарланушылық; Шешімпаздық;Танымдық дербестілік Обьектімен,құбылыспен тереңірек танысуға ұмтылу; Дербес іс әрекет жасауға және өз бетіндік жұмысты, Болжамды бақылаулармен,жаттығулармен, эксперименттермен тексеру. Шығармашылық әрекет Шығармашылық ойлау біліктілігі; Жаңаны ойлап табу; Іс әрекет нәтижесін түйіндеу; Ұжымдық оқыту арқылы оқушылардың танымын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |