Дәріс 10. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
Жоспар: Тәрбие – тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі.
Заманауи тәрбие концепциялар мен модельдері. Тәрбие мазмұны ұғымы. Тәрбие мазмұнның қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігі.
Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама. Тәрбиенің дәстүрлі түрлері. Тәрбие мазмұнының әлеуметтік – экономикалық негізделуі.
ТПҮ тәрбие мазмұныдарының түрлерінің өзара байланысы. Тәрбиелік кеңістік – оқушыны әлеуметтендіру факторы.
Педагогикалық білім өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиега бағышталған адамзат іс-әрекетінің ерекше бір саласына кіреді. Педагогика ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен ХII ғасырдың басында бөліктеніп шықты. Ағылшын жаратылыстанушысы және философы Фрэнсис Бэкон (1561-1626) 1623 жылы өзінің «Ғылымның қадір-қасиеті және жетілуі» атты трактатын жария етті. Осы ғасырда-ақ педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекті чех педагогі Ян Амос Коменский (1592-1620) еңбектерінде беки түсті. Оның теориялық идеялары дүние жүзіне кең танымал да, әрі осы күнге дейін өзқ маңызын жойған емес. Коменскийдің әйгілі «Ұлы дидактика» атты еңбегінде балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндалды. Өз еңбектерінде Я.А.Коменский балалардың адамгершілік тәрбиесіне өте үлкен мін берді, ол «Аналар мектебі» атты кітабында отбасы тәрбиесіне байланысты өз көзқарастарын паш етті.
Джон Локк өзінің «Тәрбие жөніндегі ойлар» деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне және адамгершілік қалыптастыру мәселесіне үлкен мән берді. Баладағы тума қасиеттерді жоққа шығара отырып, ол нәрестені не сызса сол болатын «таза тақтаға» теңеумен, тәрбиенің үлкен әсерлі күш екенін баса айтты. Ал Жан-Жак Руссо, керісінше, баланы табиғаттан дарынды деп таниды.
И.Г.Песталоцци педагогикада алғашқылардың бірі болып тәрбие мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маңыздылығын көре білді. Өзінің «Лингард пен Гертруда» шығармасында ол тәрбиенің адамгершілікке негізделуі, балаларға сыйластық қатынас және оларда адамға деген мейірім мен қайырымдылыққа баулу хақындағы демократиялық идеяларын дамытты.
Өзінің педагогикалық теориясын прогрестік-демократиялық бағытта дамытқандардың бірі Адольф Дистервег. Ол өрістеткен аса құнды идеялар: балалардың оқу жұмысының белсенділігін арттыру, шәкірттердің өзіндік оқуына мән беру, сондай-ақ халық мұғалімдерін дайындау. Сонымен, XII ғасыр мен XIX ғасырдың аралығы педагогикалық теорияның үлкен қарқын ала дамыған, аса құнды тәрбиелік идеялардың өрбіген заманы болды. Педагогикалық ойдың аса кемелденген орталығы Ресейде К.Д.Ушинский (1824-1870), Н.И.Пирогов (1810-1881), В.И.Водовозов (1825-1886), А.Ф.Лесгафт (1834-1909), Л.Н.Толстой (1828-1910) және еңбектері үлкен маңызға ие болды. Ұлттық педагогикалық теориямыз бен тәрбие мәселелері Ы.Алтынсарин, С.Көбеев, А.Байтұрсынов, С.Асфендияров сынды және т.б. кемеңгер ағартушы-педагоготардың еңбектерінде өз көрінісін тауып, біздің дәуірімізге дейін жетіп, егеменді ел ұрпағын тәрбиелеуде таптырмас құралға айналып отыр.
Педагогика тәрбие теориясы мен әдістемесін нақтылай отырып, жеке адам дамуының астарлы, тереңде жатқан тетіктерін және оның дайындығына қоғам тарапынан қойылған талаптар мен әленуметтік сапаларға орай арнайы ұйымдастырылған қалыптасу үдерісін зерттейді. Бұл педагогика зерттейтін негізгі теориялық проблемаларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Ондай проблемалардың қатарына кіретіндер:
а) жеке адамның арнайы ұйымдастырылған тәрбие жағдайында дамуы және қалыптасуының мән-мағынасы мен заңдылықтарын зерттеу;
ә) теориялық мақсатын анықтау;
б) тәрбиенің мазмұнын белгілеу;
в) тәрбие тәсілдерін зертеу.
2. Педагогтың кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Тәрбие мақсаты – педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау – педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.
Достарыңызбен бөлісу: |