Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар астана 2008 Редакциялық алқа



жүктеу 499,67 Kb.
бет3/3
Дата01.01.2018
өлшемі499,67 Kb.
#6885
1   2   3

БІРІНШІ САБАҚ БӘРІНЕН ҚИЫН
Әр жылдағы жаңа курс - өзінше бір жұмбақ. Былтырғы жылы бір-бірімізге жан айнамызды ашқан Раушан, Сәуле, Бақыттардың орнында таныс емес бір топ бала отыр. Алғаш жұмысқа кіріскен жылдары жаңа курсты жатырқайтын әдетім бар-ды. Менің бар қызығым бұрынғы балаларда кеткендей, аудиторияға кіргім келмей, өз-өзімнен өкпелеп жүретінмін.

Енді уақыт шіркін өз есеп шотының тастарын қағып, 1 санын көбейткен сайын біздің өмірімізге де бір-бірден жыл қосылуда. Жастықтың алып ұшпа сезіміне ақыл серік бола бастағандай. Биылғы курстың ішінде қазақшаға судай ағып тұрған неміс қызы бар екен. Бұрын оқып кеткен өзіміздің Володяның қарындасы көрінеді. Мұның өзі - үй ішіндегі ұсақ-түйек әңгімеден жоғары тұруды тілейтін жауапты орта. -

Бірінші сабақ шексіз аспанға қарай ұшқалы тұрған ғарыш кемесінің «старт» алу сәтіне ұқсас. Ән айтқалы отырған адамның домбыраның құлақ күйін дұрыс табуымен бірдей. Құлақ күйін даусына лайық таппаған әнші мақсатына жете алмайды.

Бірінші сабақ - студент үшін де барлау сабағы. Сабақтың мақсатын бағдарлайды, мұғалімді де сынайды. Мұғалімдері туралы олардың ішінде еркін «пікір алмасу» жүріп жататыны белгілі, одан қашып құтыла алмайсың.

Осы алғашқы сабақта-ақ қиындығымен қорқытып, ұзыннан-ұзақ кітаптар тізімін беріп, студенттің жігерін құм қылып жіберуге болады. Бұл мұғалім тарапынан көп ізденсін деген ниетпен айтылады. Тізімнің жартысы бәрібір оқылмай қалатынын біліп тұрсақ та, «түйе сұрасаң, бие береді» деген аздаған «қулық» бар. Бірақ адам мүмкіндігінің шегі бар ғой. Әр сабақтан үйіп-төгіп тапсырма алған студент оны орындауға кіріспей жатып-ақ жүрегі шайлықпай ма? Өйткені адамның жан дүниесінің талап-тілегі ескерілмеген.

Балалық кезді еске алайықшы: «Бір аптадан кейін қалаға барасың!» - деген ауыл баласы үшін жақсы хабардың құлағына тиюі мұң екен, оның қуанышында шек болмайды. Жол жүрген қуанышын былай қойғанда, балмұздағын айтсайшы! Осы бір апта баланың өміріндегі ең бір қымбат кездері болып есте қалады. Сабақты қандай ықыласпен оқиды десеңші!

Не болмаса, әскердегі ұлы келе жатқанын естіген ата-ананың көңіл-күйін елестетейік. Әншейіндегі ыңқыл-сыңқыл қайда кеткен? Жер баспай, ұшып жүргендей, істің бәрі орын-орнына келе қалатынын қайтерсің. Қысқасы, алдағы күнінен жақсы нәтиже күткен адамның қиын жұмысты тез атқарып тастайтынын өз өмірінде әркім-ақ сезінген болар. Олай болса, студентті де адамдық табиғаты тілеп тұрған жақсы үмітке жетектетудің мәні бар. Алдағы сабағының мақсатын, аумағын, оған өз күшінің қай шамада жетер-жетпесін түсіндіргенде ғана одан нәтиже күтуге болады.
ҮШ СЕНІМ
Қазақ әдебиетінің ежелгі тарихы - бірінші курс үшін қиын сабақтың бірі. Сондықтан алғашқы сабақтарды: «бұл - бір төбе, басқасы - бір төбе» деп бөліп аламын. Ең біріншісін сұрақ-жауаппен пікірлесу сабағына айналдырамыз. (Сабақ кестесінде «лекция» тұр). Алғашқы байқау сұрақтары беріледі:

- Қазақтың жазба әдебиеті қай кезден басталады?

- Қандай жазба ескерткіштерді білесіздер?

- Бұхар жырау жазба әдебиеттің өкілі ме, әлде ауызша әдебиетке жата ма?

- Ежелгі тастағы жазулар қазіргі оқушыға тілі жағынан түсініксіз, онда қалайша қазақ әдебиетіне қатысты болады?

Алдағы сабақтың бағдарлағышы - осы сұрақтарға жауаптар. Студенттің көп сөйлегеніне, ойланғанына асықтырмай, барынша еркіндік беріледі. Бұлайша көпшілікпен бірге сөйлеу, жақсы айтсын, жаман айтсын, оның бағаға қатысы жоқ екенін сезіну жаңа сабақ алдындағы қорқынышын жояды. Студенттің жауабы мұғалімге дәріс жоспарын қалай құру керектігіне жол сілтейді. Шәкірт пен ұстаздың таныстығы басталады.

Одан әрі сақ, гұн дәуірінен бастап қазақ хандығына дейінгі мәдени тарихымызды шолып өтіп, небір оқиғалы әдеби ескерткіштермен танысу қызықтары күтіп тұрғанын айтамыз. Бізге көмекке келетін түрлі сөздіктер, аудармаларды көрсетеміз.

Әрбір мәдениетті адамға Гомердің «Одиссеясын», Софоклдың «Эдипін», Шекспирдің «Макбетін» оқу қандай міндетті болса, әрбір білімді қазақтың жетік білуге тиісті кітабы: «Орхон жазбалары», «Қорқыт ата», «Оғыз нама», Әл-Фараби шығармалары, Қашғари сөздігі, «Құтаю білігі», «Ақиқат сыйы», «Парасат кітабы», «Рабғузи қиссалары», «Сарайидың «Гүлістаны», «Махаббатнама» деп ойлаймын.

Осы он бір кітапты біліп шығуды студенттерге де міндеттеймін.

Әр уақытта есте ұстайтын үш шартым бар:

1. Сабаққа қызыққан адам ғана біліп шығады.

2. Шамасы келетініне сенген адам ғана біліп шығады.

3. Осы білімнің болашағына қажет екеніне көзі жеткен адам ғана біліп шығады. Осы үш Сенімді шәкірттің қолына ұстату үшін мұғалімнің өз сенімі мен интеллектісі қажет.
ЖАНЫМ САДАҒА
Көне түрк мәдениетімен танысуды «Қорқыт атаның» мына әңгімесінен бастаймыз:

Баяғы Қорқыт баба заманынан да бұрын Тоқа баласы Темірұл деген жігіт болыпты. Бәлкім ол жігітке Темірұл деген атты Қорқыт баба берген шығар... Ол заманда дін ісләмнің жарыққа жаңа шыққан кезі екен. Әзірейіл адам кейпінде жүреді. Бір күні Темірұл Әзірейілмен соғыспақшы болып, 40 жігітін ертіп, жолға шығады. Бұған ашуланған Құдай тағала: «Бұл менің барлығымды, бірлігімді біліп жетпепті. Тілін кәлимаға келтірмепті. Шырылдатып жанын ал да, маған әкел!»- дейді Әзірейілге.

Қырық жігіті қасында, ішіп-жеп, сауық құрып отырған Темірұлдың үстіне Әзірейіл кіріп келеді. Ол кірген кезде батырдың күшті қолдары сылқ етіп түсіп, оттай жайнаған көздерін қараңғылық басып, көрмей қалады. Әзірейілге айтады:

- Япыр-ай, түсің жаман неткен шалсың? Сақалың қудай, көзің көрдей екен. Қайдан келдің?

- Ақ сақалды қарт пен қара сақалды жігіттің де жанын алған қызыл қанат Әзірейіл мен боламын. Енді сенің жаныңды алғалы келіп тұрмын. Жаныңды бересің бе, жоқ ұрысып көресің бе?- дейді Әзірейіл.

Ер жүрек Темірұл серіктеріне қарап:

- Онда қақпаны жабыңдар!- дейді. - Қызыл қанат Әзірейіл сен болсаң, тілегенге сұрағандай тар жерде кездестің. Енді мен сені өлтіремін де, өлген жігіттің жанын өзіне қайтарамын!-деп, қылышын қынабынан суырып алып, Әзірейілге тап береді. Әзірейіл кептерге айналып, терезеден ұшып шығады. Қуанған Темірұл алақанын ұрып: «Кең қақпаны қойып, тар терезеден қаштың ба? Бәлем!- дейді. Содан соң атына мініп, қолына сұңқарын ұстап, қуа жөнеледі. Көзіне түскен бір-екі кептерді өлтіріп, қайтып келе жатқанда, Әзірейіл алдынан шыға келіп, аты үркіп кеткен Темірұл мойны астына екі бүктетіліп, құлап түседі. Әзірейіл кеудесіне мініп алып, қылқындырады. Темірұл: «Құдайдың барлығына сенейін. Мені босат. Тат сияқты адам жанының ұрысы екенсің»,- дейді. («Тат» - Махмұд Қашғари сөздігінде ел аты. ХІ ғасыр) Әзірейіл айтады:

- Ақылсыз, менен несіне сұранасың? Жаныңды құдайдан сұра. Мен тек орындаушымын.

Ер жүрек Темірұл:

- Жан беріп, жан алушы құдайдың өзі болса, сендей қаңғыбаспен сөйлеспеймін. Мен көктегі құдайдың өзімен сөйлесемін!- дейді де:

- А, құдай, сен дүниедегі биіктердің бәрінен биіксің. Біреулер сені көктен іздейді. Сен дінге сенген әр адамның жүрегіндесің. Мәңгі жұмбақтардың сандығысың. Жанымды алар болсаң, өзің ал, Әзірейілге берер жаным жоқ,- дейді.

Темірұл батырдың сөзі құдайға ұнап, Әзірейілге бұйырыпты:

- Темірұл батыр мені таныды. Құдай бар деп иман келтірді. Енді оның жанының орнына басқа біреу жанын берсе, оған тиме.

Сонымен Темірұл: «Мен үшін жанын бір берсе, әкем берер»,- деп әкесіне келіпті. Болған оқнғаны айтыпты, сонда әкесі:

- О, ұлым, сен - менің жанымның бөлшегісің. Сен - менің алтын үйімнің тірегісің. Қаздай қалқыған қыздарымның гүлі едің. Керек десең, көз алдымда тұрған Қаратауымды ал. Ол Әзірейілге жайлау болсын. Желдей жүйрік үйір-үйір жылқы бар, мінеріне соны алсын. Сойысына ақтылы қойымды алсын. Бірақ өмір тәтті, жан қымбат, жанымды бере алмаймын,- депті.

Темірұл енді анасына жүгінеді. Тыңдалық, анасы не деді екен:

- О, ғазиз ұлым, балам! Мен сені тар құрсағымда тоғыз ай, он күн көтердім. Бесікке салып, жөргегіңді тазарттым. Ақ сүт беріп, еміздім. Жан беру оңай емес, бере алмаспын,- дейді.

Темірұл: «Әкем мен анам бермеген жанын енді кім берер дейсің?»- деген ойға келіп, өлімді мойындап, Әзірейілге келіп айтты:

- Түбі бөтен қосағым, содан туған екі ұлым бар. Соларға өсиетімді айтып қайтуға рұқсат бер.

Темірұл үйіне келіп, бар оқиғаны баян етті.

- Артымда қалған үйірлі жылқым, келелі түйем, ақтылы қойым сенікі болсын. Екі балам жетімдік көрмесін. Кімді ұнатсаң, тиіп ал,- деді жұбайына. Сонда жұбайы айтыпты:

- Батыр туған жарым, не айтып тұрсың? Көзімді ашқалы өзіңнен басқаны көргенім жоқ еді, жүрегімнің сүйгені - бір өзің. Сенен қалған тауларды жайлау етер болсам, ол менің көрім болсын! Құдықтарының мұздай суы бойымды суытқан қаным болсын. Сенен қалған алтын-күміс кебін болсын. Сенен соң біреуге тиер болсам, ол мені сары жылан боп шақсын. Құдайдың жарық күні, үстімдегі көк куә болсын, беремін жанымды сен үшін!

Мұны естіген батыр: «Сенен қалған өмірдің маған да керегі жоқ»,- деп құдайға жалбарынды: «Жанға зәру болсаң, екеуміздің жанымызды бірге ал, қалдырсаң, бірге қалдыр!» - деді.

Бұл тілек құдайдың құлағына жетті. Темірұлдың әке-шешесінің баласы үшін қимаған жанын алғызып, жұбайы мен екеуіне 140 жыл өмір береді.


ПІКІРЛЕСТЕР МЕН ҚАРСЫЛАСТАР
Мұғалімді күнделікті толғандыратын сұрақтың бірі: Шәкірттер асыға күткендей сабақты қалай жасауға болады? Қорқа күтуден уайым туады, ол - көңілсіз сабақ. Бала алдағы сабақтың өзі үшін тәуір нәтижемен аяқталатынын сезінгенде ғана ықыласпен келмек. Ынтамен оқыған нәрсе көбірек ойда қалады. Осындай мақсатпен талқылау сабағының екі түрін ойластырдық:

1-түрі. Оған студенттер «Пікірлестер мен қарсыластар» деп ат қойды. Сабақта баяндамашыға қосыла тағы 6-8 адам дайындалады, пікірлестер мен қарсыластар болып екіге бөлінеді. Баяндамашы өз сөзін бітірген соң, жаппай сұрақ қойыла бастайды. Сұрақты екі жаққа да қатыссыз кісілер қояды. Оған әуелі баяндамашы мен оның пікірлестері жауап береді. Ал қарсыластары ойынан шықпаған жеріне қарсы пікір айтып, жауап күтеді. Бұл сабақтың аяғы қызу таласқа айналып кететін кездері болады.

2-түрі. Студенттер тобы екіге бөлінеді. Әрқайсысында 12-13-тен кісі бар топтардың жетекшісін белгілейміз. Бірінші жолы басқаларға ықпал ете алатындай ізденгіш бала болғаны тиімді. Бұдан былай әр топтың өз мұғалімі бар деп есептелінеді. Тақырып белгіленіп, қосымша әдебиеттер берілген соң, басқа балалардың көзінше, жетекшілерге мақсатын түсіндіру керек. Енді сабаққа дайындаудың әдіс-тәсілдері «мұғалімдердің» өз еркінде. Әрқайсысына жеке-жеке тапсырма бере ме, бірігіп дайындала ма, оны өзі біледі. Әйтеуір жеткілікті дайындық жасаса болды. Әр топ өз бетімен ізденеді. Сабақ болардан бір күн бұрын екі топ әрқайсысы өзінше бірігіп ақылдасады. Қарсы топ жауап бере алмайды-ау деген үш-төрт күрделі сұрақ дайындайды. Қарсыластарынан қандай сұрақ келетініне болжам жасап, ақылдасады. Дайындалмаған адам өз тобының жеңіске жетуіне үлес қоса алмайды.

Сабақ басталарда әр топ бір-біріне кедергі келтірмейтіндей бөлектеніп, қарама-қарсы отырады. Жетекшісі - ортада.

Сабақ басталды дейік. Ең алдымен бәріне: қарсы жақтың пікірімен келіспеуге, өзінше дәлелдеуге еркіндік берілетінін ескертемін. Бірақ қыз көзі-сыншы, осындайда жігіттердің ашушаңдығы, өзімшілдігі тез байқалып қалатыны болады, оған да сақ болған дұрыс; қыздардың үйінен күл шығарып жүріп ұрысатын көрші келіншектерге ұқсап кетпеуін өтінемін. Осыдан кейін сұрақ қоюға кірісе беруге болады.

Сұраққа ойлануға 5 минут беріледі. Дереу жазып алып, ақылдасуға кіріседі. Бір-бірімен сөйлесуге, орнынан тұрып барып, пікірлесуге болады. Ал сұрақты берген жақ босқа уақыт өткізбей, қарсыластарының жауабын қалай толықтыратынын ойланады. Сұрақ күрделі, қызық болса, екі жақ бір-бірден артық қоя да алмай, уақыт бітіп қалады.

Бір жолы Марал жағынан мынандай сұрақ болды: - «Құтаю білігі» кітабындағы ақын айтқан тәніңнің төрт белгісі туралы өлеңнің мағынасы не?
Тәніннің төрт белгісі бар арбасқан,

Шаттандырып, енді бірі зарлатқан.

Ширатар да, енді бірі бүлдірер,

Жылатар да, енді бірі күлдірер.


Тәннің төрт белгісі Гиппократ айтқан: қан, өт, сілекей, ірің. Көне шығыс медицинасында адамға әсер ететін төрт сұйық бар: қызыл, көк, ақ, сары. Сөйтіп, Жүсіп Баласағұни кітабының тағы бір маңызы, ежелгі медицинамен байланысы ашылды.

Қай топтың жеңіске жеткенін анықтау үшін:

1. Сұрақ-жауаптан алған бағалары (қосу-алумен белгілейміз);

2. Әр топтан қанша адамның пікір айтуға қатысқандығы;

3. Жетекшінің өз тобын ұйымдастыра алуы есептеледі.

Осы шарттар бойынша, қорытынды шығарылған соң, келесі сабаққа тақырып беріліп, жаңа жетекші белгіленеді. Кейде әр топтан сарапшылар бөлінеді.

Жыраулық поэзияға барған кезде өлең жаттау шарты қойылады. Әр топ өзінің «айтқыштарын» шығарып, неғұрлым көп жатқа білетінін дәлелдеуге тырысады. Өлең жаттауды былай үйрендік: Таңертең үйден шыққанда бір-екі шумақ өлеңді тілдей қағазға анықтап жазып, төс қалтаға салады. Оқуға жеткенше жаттап барады, қайтарда еске түсіреді. Ертеңіне тағы екі шумақты жаттап, кешегіні еске түсіреді. Қайтарда төрт шумақты қайталайды. Ұйықтар алдында тағы бір айтып қояды. Міне, осымен-ақ бір айда біраз өлең жаттап алғанымызды білмей қалдық. Құдайдың күні көп пе, өлең көп пе? Бұл - арнайы уақыт бөлмей-ақ жаттаудың ыңғайлы әдісі.

Осы сабақтың кезінде сырттан көрген адам, ұрысқандай екіге бөлініп алып дуылдасып жатқан, тіпті орнынан тұрып жүрген студентті көріп, соның бәріне назар аудармай отырған мұғалімді көріп, «осы да сабақ па?»- деуі мүмкін. Өзімше, сабақ. Кемшіліксіз нәрсе бар ма, дайындалмай келетін күндері де болады. Кейде «мұғалімдік» қызметін атқара алмайтындары да болады. Бірақ іш пысу болмайды. Бір мақсатқа жұмылған топтың тілектестігі ұялшақ баланы да пікір айтуға итермелейді. Мектептен жаңа шыққан баланы дәлелді сөйлеуге, пікірлесу мәдениетіне дағдыландырады. Кезекпе-кезек мұғалім ретінде болуы мамандығы үшін қажетті.

Ұжымдық шығармашылыққа арналған сабақтың қызықты болуы ұйымдастырушының сезімталдығына, түрлі жағдайдағы тапқырлығына, әділдігіне, кісілігіне байланысты.

Студенттер жыл аяғындағы ұсыныс-пікірінде: «Сабаққа дайындала алмаған күндерде де қалғым келмейді...», «Бір күні сабақтан қалсам, қандай жаңалық, керекті нәрсе айтылды екен?»- деп елегізимін»,- деп жазыпты. Осы сөздер - көңілге медеу.


БАЛАНЫҢ ӘҢГІМЕСІ
Мектебіндегі жаңалықтарын айтқан балам: «Айтпақшы, бүгін дене шынықтырудан оқытатын апайымыз өте көңілді болды. Бізді «Ах, какие вы сегодня красивые!» - деп мақтады»,- деді.

- Неге?- деймін мен.

- Себебі бәріміз бірдей мәйкі-түрси киіп келдік. Есіме түсті, ата-аналар ұжымы үйден ақша алдырып, бірдей форма сатып алмақшы болып жүрген.

Балам табанда бір қулық тапқандай мырс-мырс күліп алды: «Енді бір күні мұғаліміміз: бәрің түрлеріңді бірдей қылып кел!- десе, не қыламыз?



- Мынауың бір қызық желі екен. Осыны жазып көрші,- дедім. Көп ұзамай «Шектен асқан мұғалім» деген әңгіме жазылды. Онда бір мұғалім балаларға бірінші күні: «портфеліңді бірдей қылып кел», екінші күні: «киімдеріңді бірдей қылып кел»,- дейді. Балалар талабын бұлжытпай орындайды. Мұғалімнің талабы шектен асады. Келесі күні: «түрлеріңді бірдей қылып кел»!- деп бұйырады. Талапты орындай алмаған балалар қашып кетіпті.

Тәрбиенің негізгі мақсаты «стандарт» адамдар шығару болып келген оқудағы кемшілігімізге әңгіменің кейіпкерлері осылай қарсылық көрсетті. Балалар қатал тәрбиешіден қашып кетті. Өмірде де қашып кетуге мүмкіндік болса ғой.
жүктеу 499,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау