7
Кіріспе
Бисмиллаһир-рахманир-рахим!
Адамзаттың адаспай Ұлы Иесін табуы үшін ғалам
атты алып кітап жаратып,
ондағы әрбір жаратылысты
Өзінің құдайлығын паш етер жеке-жеке мөр, құдіреті
мен шеберлігін нақыштаған бөлек-бөлек өрнек етіп
безендірген Алла
Тағалаға шексіз мадақ арнап, жан-
тәнімізбен мақтау айтамыз. Осынау ғалам атты алып
кітапты адамзаттың қатесіз оқуы һәм ақ пен қараны
ажыратып, жаратылуындағы асыл міндеті мен мақсатын
айқындауы үшін қолына Құран атты пәрмен беріліп, ар
-
найы елші етіп жіберілген жаратылыстың гүлзәры, Хақтың
сүйікті құлы – соңғы пайғамбар, ұлы ұстаз Мұхаммедке
(саллаллаһу алейһи уә сәллам) сансыз сәлем жолдап, шын
жүректен салауат айтамыз. Сондай-ақ,
Алла елшісінің
(саллаллаһу алейһи уә сәллам) пәк отбасы мен ардақты
сахабаларына Жаратқанның игілігін тілейміз.
Ислам діні – соңғы дін, Мұхаммед пайғамбар
(с.а.у.) – ақырғы елші. Алла Тағала Құранда өзінің нұрын
тәмамдайтындығын уәде еткен. Міне, сондықтан ғасырлар
қойнауында Ислам дінінің басынан қаншама нәубет, небір
сұрапыл замандар өтсе де, әлі күнге дейін ол өзінің пәктігі
мен өзіне тән ерекшелігін жоғалтқан емес. Қайта уақыт
өткен сайын бір түлеп жаңарғандай адамзаттың көңіліне
көктем сыйлауда. Адамзат одан алыстаған сайын өздерінің
қаншалықты құдайылық
нұрдан қашықтағандықтарын
сезіне түсуде. Сезінген сайын бұл иләһи нұрға құштар
ұлты мән нәсілі бөтен, тілі мен ділі өзге, тіпті діні бөлек
жандардың қатары күннен күнге көбейе түсуде.
8
Дін мен Діл
Кешегі ұлт санасын улап, рухани құндылық-
тарымыздан айырған кеңестік дәуірде «өлді, бітті, кел
-
меске кетті» делінген Ислам діні қайта келді.
Тіпті
келгенде де мүлдем өзгеше кейіпте. Құдды қыстың
күнгі ақ қардың астында қалған ағаштар көктем келіп,
күннің нұрына малынған сәтте қалай бүршік атып, ке
-
лер жемісті сүйіншілегендей гүлдерін шашу етіп ша
-
шып, әп-сәтте жайқала түсетіні тәрізді Ислам да кешегі
кеңестік қыстан соң лезде құлпырып шыға келді. Жас-
тарымыз көптеп мешітке бет бұруда.
Олар мешіттердің
аздығынан қыстың қақаған аязына қарамастан жерге
сыртқы киімдерін төсеп, аулада намаздарын өтеп жа
-
тыр.
Олардың бұл іс-әрекеттеріне, нұрға толы имани
жүздеріне қарап тұрып сүйсінесің. Сүйсінесің де «дін
дұшпандарының ақпараттық түрлі жолдармен күндіз-
түні «ислам терроризмі» сынды нахақ жала жабуларына
қарамастан бұларды құдайлық нұрға жүгірткен қандай
күш? Жаһанданумен бірге келген жастық отын шарпып
өтіп, бойдағы нәпсани асау сезімдерді қытықтайтын жаңа
өмірдің қызылды-жасылды сән-салтанаты тұрғанда, олар
-
ды осынау мұсылмандық парызға бет бұрғызған нендей
құдірет?» деген ойға батасың. Осы сәтте Жаратқанның:
Достарыңызбен бөлісу: