Аннотациясы



жүктеу 120,68 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.11.2018
өлшемі120,68 Kb.
#22980
түріДиссертация


 

 

 

 

 

Аманжолова  Динара  Алтайқызының  6D020300-  Тарих  мамандығы 

бойынша философия докторы (PhD) дəрежесін алуға ұсынылған «ХІХ ғ. 

ІІ  жартысындағы  көшпелі  қазақ  қоғамының  əлеуметтік-мəдени 

дамуындағы мешіттердің рөлі» диссертациялық жұмысының 

 

АННОТАЦИЯСЫ 



 

Зерттеудің 

тақырыбының 

өзектілігі. 

Тəуелсіз 

Қазақстан 

Республикасы  қалыптасқаннан  бері  қазақ  халқының  рухани  жаңғырудың 

жаңа  кезеңі  басталды,  атап  айтқанда  1990  жылы  Қазақстан  тарихындағы 

алғашқы  дербес  мұсылмандық  рухани  басқармасын  (мүфтиат)  құру,  ислам 

білімінің  желісін  құру  (мектеп,  медресе,  дін  қызметкерлерін  даярлау,  араб 

жазуы  жəне  ислам  негіздері  бойынша  курстар  жəне  т.б.),  мешіттерді  салу 

жəне  қайта  құру.  Қазақ  халқының  рухани  өмірінде  болып  жатқан 

өзгерістердің  белгілерінің  біреуі  мешіттер  жұмыс  істеуі  дұғалар  жасауда, 

Қоранды оқуда ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен мəдениетінде 

ағарту,  əлеуметтік  рөлі  болып  табылатын,  Қазақстан  мұсылмандарының 

рухани  орталығының  атқарымдарын  дəстүрлі  түрде  орындаған  фактісі 

болды.  Бір  мезетте  Қазақстан  аумағында  тарихи  мешіттерді  сақтау  жəне 

қалпына келтіру үдерісі басталды.  

Қазақ  халқының  қоғамдық  өміріндегі  өзгерістерге  байланысты  ислам 

дініне  деген  қызығушылық  айтарлықтай  артып,  «діни  Ренессанс»  деп 

аталатын  өрлеу  (немесе  «руханияттың  жаңаруы»)  байқалуда,  исламмен 

мұсылман халқының саяси жəне діни өміріндегі исламның рөлін жан-жақты 

зерттеу  үшін  мүмкіндік  туғызатын  өзінің  қоғамдық  функцияларын  қалпына 

келтіру процессі жүруде.  Жұмыста қазақ халқы арасында мұсылман білімін 

тарату  бойынша  қайырымдылық  акциялармен  айналысатын,  Даладағы 

мешіттің əлеуметтік атқарымы ашылды.  

Осыған  байланысты  Қазақстан  аумағында  ХІХ  ғасырда  мұсылман 

институттарының  құрылуы 

мен 


дамуын,  олардың 

жұмыс 


істеу 

ерекшеліктерін,  мұсылмандық  діни  басылардың  қалыптасуын  зерттеу 

қажеттілігі  туындайды, бұл  Қазақ  даласында  исламның жұмыс  істеу  тарихи 

тəжірибесінің  мəдени  жəне  қоғамдық-саяси  аспектілері  туралы  біздің 

түсінігімізді  қиындата  түсіреді.  Жоғарыда  айтылғанды  есеп  алумен 

таңдалған  тақырып  өзекті  жəне  ғылыми  маңызды  болып  табылады  жəне 

егжей-тегжейлі зерттеуді талап етеді. 



Диссертациялық  зерттеудің  мақсаты  жəне  ғылыми  нəтижелері: 

Ресей өкіметінің діни саясатының, моллалар қызметінің мəнмəтінінде ХІХ ғ. 

екінші  жартысында  қазақ  даласының  аумағында  мешіттердің  жұмыс  істеу 

ерекшеліктерінің талдауы болып табылады. 

Үш  жылдық  зертеу  барысында  диссертант  қорғауға  шығарылып 

отырған ғылыми нəтижелер топтамасын қалыптастырады.  



Зерттеудің  объектісі  ХІХғ.  екінші  жартысында-ХХ  ғ.  басында  болған 

аумақтық-əкімшілік  шекаралар,  атап  айтқанда  Орынбор  жəне  Батыс-Сібір, 

Далалық (1882 бастап) жəне Түркістан генерал-губернаторлықтары. 

Зерттеу пəні – Қазақ даласының аумағындағы діни ғимараттар, олардың 

жұмыс істеу механизмі мен қызметі. 

 Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы  мешіттердің  жұмыс  істеуіне 

мұсылмандық  жораларды  жасауда,  өскелең  ұрпақты  ислам  негіздеріне 

үйретуді ұйымдастыруда ықпал еткен факторлар жиынтығын;  

-мұсылмандық  оқу  орындары  жəне  ақпараттық  жүйе  арқылы 

шоғырландыратын атқарымдарды орындайтын мешіттердің рөлі;  

-қазақ  халқының  өтініштерін  талдау  арқылы  Қазақ  даласында  собор 

мешіттерін салу процесі; 

-мешіттер  жанында  мектеп  пен  медреселерді  ашуда  ХХ  ғасырдың 

басында мұсылмандық қайырымдылық қоғамдардың қызметін ашуды; Қазақ 

даласының  рухани  өмірінің  тұтас  суреттемесін  қайта  құруды  анықтауда 

тұрады. 

-жұмыс Ресей империялық саясаты мəнмəтінінде мешіттердің Қазақстан 

аумағында  жұмыс  істеуін  зерттеудегі  біріктіретін  жəне  компаративтік 

тəсілдеменің алғашқы тəжірибесі болып табылады. 



Зерттеудің міндеттері: 

-  Қазақ  даласында  Ресей  өкіметінің  діни  саясатының  негізгі  бағыттарын 

анықтау; 

-  мұсылмандық  діни  басылардың рөлін жəне олардың Ресей  империясының 

мұқтаждықтары  мен  қажеттіліктеріне  даланың əлеуметтік  институттарының 

бейімделуіне əсер етуін анықтау; 

-  Қазақ  даласында,  Еділ-Орал  өңірінде,  Кавказда  жəне  т.б.  мешіттердің 

сəулетті құрылысындағы жалпы үрдістерді табу; 

-  мешіттердің  жұмыс  істеуінің  жəне  олардың  Даладағы  білім  беру-ағарту 

рөлінің ерекшеліктерін ашу; 

-  қазақ  көшпелі  қоғамының  өмірінде  мешіттер  рөлінің  ресейлік  биліктің, 

сондай-ақ  қазақ  қоғамы  өкілдерінің  өздерінің  көзқарасы  тұрғысынан 

түсінігін көрсету; 

Қорғауға шығарылатын нəтижелер:  

-  XVIII  –XIX  ғ  бірінші  жартысы  аралығында,  қазақ  қоғамдастығының 

жалпы  империялық  кеңістікке  интеграциясының  басталуына  орай  діни 



саясатқа,  атап  айтқанда,  исламмен,  мұсылман  дін  басыларымен 

ынтымақтастыққа  ерекше  мəн  берілді.  Бұл  ретте,  татар  молдалары  осы 

идеяның  таратушылары  болды:  олардың  белсенді  қатысуымен  Қазақ 

даласында исламның əкімшілік бекітілуі өткізілді.  

-ХІХ  ғ.  екінші  жартысында  көшпенділер  арасында  исламның  ықпалын 

жəне  таралуын  шектеуге  жəне  оларды  мұсылман  халықтарының  этникалық 

өзін-өзі  тануының  өсуімен  қосталған  күш  жинап  жатқан  жалпы  ресейлік 

мұсылман қозғалысынан бөлуге талпыныс шешуші  болды. Жаңа ішкі саяси 

реалияларда  мемлекет  Орынбор  мұсылман  діни  жиналысының  құзыретінен 

қазақтардың істерін шығарып тастап, оларды азаматтық билікке берді.   

- қазақтардағы шаруашылық-мəдени түрінің ерекшелігі басқа отырықшы-

егіншілік халықтарда, мысалы, Еділ-Орал өңірінің халықтарында немесе орта 

азиялық  хандықтарда  орын  алғандай,  діни  имараттардың  салынуына  ықпал 

ете алмады.  

-  ресей  өкіметі  мешіттерді  салу  арқылы,  діни  бойсұнуды  дағдыландыру 

арқылы көшпенділерді қайта тəрбиелеуге, Ресей жағына аударуға үміт артты. 

Осы мақсаттарға жету үшін қазына қаражатынан осындай діни имараттарды 

салды, келушілердің санын реттеуге, мешіттердің жоспары  мен қасбеттерін, 

ыңғайлы орналасуын анықтауға тырысты.  

-  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  Орынбор  жəне  Батыс-Сібір 

генерал-губернаторлықтары 

облыстарының 

уездік 

орталықтарында 



мешіттерді  салу  басталды.  Қазақстанның  империя  құрамына  əлеуметтік-

саяси интеграциясы аяқтала келе, сондай-ақ қазақ халқының исламдануынан 

жəне ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде жалпы мұсылман қозғалысына енуінен 

қауіптеніп,  ресей  өкіметі  мешіттердің  санын  шектеуге,  қазақ  халқының 

ғибадатхана немесе мешітке ие болу туралы өтініштеріннен бас тартуға дейін 

барып, олардың құрылысын реттеуге талпынды.  

-  Қазақ  даласында  мешіттердің  бірнеше  түрлері  болды.  Негізінен,  олар 

татарлардың  қаржы  салымдары  есебінен  салынды.  Қазақ  болыстары  мен 

ауылдарында қарапайым мешіттер, ғибадатханалар салынды.  

-  Мешіт  Далада  бір  қатар  функцияларды  орындады:  идеологиялық, 

ағартушылық,  қоғамдық-коммуникативтік.  Жұмыста  қазақ  халқы  арасында 

мұсылман білімін тарату бойынша қайырымдылық акциялармен айналысқан 

мешіттің əлеуметтік функциясы ашылып көрсетілген.  Мешіт, сонымен бірге, 

үлкен ағартушылық функцияны атқарды.  



Алынған нəтижелердің тəжірибелік маңыздылығы – жұмыста ХІХ ғ. 

қазақ  халқының  дəстүрлі  діни  өмірін  кешеңді  зерттеуі  ұсынылған. 

Қазақстанның  тарихи  өткенін  зерттеу,  ұлттық  жəне  əлеуметтік  түрленуінің 

заңдылықтарын  анықтау,  діни  өмірінің  тарихи  дамуының    ерекшеліктерін 

анықтау  ұлттық  саясатты  жасау  үшін  қажет.  Жұмыстың  негізгі  ережелері 

Қазақстанның  тарихы  мен  мəдениеті  бойынша  жалпылайтын  жұмыстарды 




жазу  кезінде  пайдаланыла  алады,  материалдардың  аралық  гуманитарлық 

пəндер  -мəдениеттану,  дінтану,  əлеуметтану,  саясаттану  үшін  маңызы  бар, 

Орталық  Азия  тарихы,  Ресей  империясының  тарихы  бойынша  дəрістерді, 

арнайы курстарды жəне жалпы курсты оқу кезінде пайдаланыла алады.  



Ізденушінің  қосқан  жеке  үлесі    -  біртұтас  көрініс  болып  құрылған 

талданатын  деректер,  оқиғалар  мен  құбылыстар  толық  жүйеленіп, 

жалпыланған,    зерттеу  жұмысының  барлық  кешеңі  орындалып,  қойылған 

міндеттердің  қорытындылары  қисындап  мазмұндалған.  Бұған  қоса, 

дереккөздердің  кең  аясы  негізінде  қазақ  халқының  өтініштерін  талдау 

арқылы  мешіттердің  құрылысы  бойынша  ҚР  (Алматы)  жəне  РФ  (Санкт-

Петербург)  мұрағат  қоймаларынан  алынған  мұрағат  материалдары 

пайдаланылған,  Қазақ  даласының  өңірлерінің  мəнмəтінінде  мешіттердің 

салыну  динамикасы  ұсынылып,  мұсылман  дін  басыларының  (молдалардың, 

имамдардың,  азаншылардың  жəне  т.б.)  лауазымдық  міндеттерін  орындауы 

бойынша  деректер  берілген,  сондай-ақ  азаматтық  билікпен  тағайындалған 

қазақ  молдаларының  аттары  қалпына  келтірілген.  Сонымен  бірге,  автор 

мектеп  жəне  медреселерді  ашу  бойынша  молдалардың  жұмысын  зерттеу 

жолымен,  қайырымдылық,  шəкірттер  үшін  шəкіртақы  қорларын  құру, 

мешіттердің  ағартушылық  қызметі  сияқты  мұсылман  жамағатының 

институттары ашылып көрсетілген.  



Диссертация  нəтижелерінің  апробациядан  өтуі.

 

Диссертацияның 



негізгі қағидалары 11 жарияланымдарда жарық көрді.  

Жарияланымдар: 

1.  Влияние  ислама  на  культурное  развитие  государств  в  Центральной 

Азии.  //  Материалы  VII  Международной  научно-практической 

конференции. – 2011. Прага. –С.56-58. 

2.  Muslim  schools  and  madrasah  at  mosques.  //  Материалы  VIII 

Международной научно-практической конференции. –  2012.  Cофия. –

С.71-73. 

3.  Мусульманское  духовенство  в  трудах  казахских  просветителей  во  II 

половине    XIX  века.  //  Вестник  КазГЮУ.  Сер.  «Философия, 

социология, политология». –  2012. –№2. – C.66-69. 

4.  Состояние конфессиальной инфраструктуры во II половине  XIX века. 

//  Вестник  КазНПУ  им.  Абая.  Сер.  Исторические  и  социально-

политические науки. –  2013. –№1. – C.151-154. 

5.  Просветительская  роль  мечетей.  //  Вестник  КазНПУ  им.  Абая.  Сер. 

Исторические и социально-политические науки. –  2013. –№2. – C.136-

140. 

6.  Ресей  империясы  кезеңіндегі  мешіттер.  //  Қазақ  тарихы.  Ғылыми-

əдістемелік журнал.–  2013. –№1. – C.6-8. 




7.  Строительство  мечетей  в  городах  и  селениях  Казахстана  II  половины  

XIX  века.  //  Материалы  IX  Международной  научно-практической 

конференции. – 2013. Прага. –С.35-38. 

8.  Проблемы  организации  обучения  на  казахском  и  русском  языках  в 

Казахстане  II  половины    XIX  века.  //  Материалы  IX  Международной 

научно-практической конференции. – 2013. Прага. –С.79-83. 

9.  Архитектурный  облик  мечетей.  //  Материалы  IX  Международной 

научно-практической конференции. – 2013. Прага. –С.36-40. 

10. Социальные функции мечетей в Казахской Степи во II  половине XIXв. 

//Materials  of  the  XII  International  Scientific  and  practical  conference/. 

«Fundamental  and  applied  science-2016».  –  P.13-19.  –Wales.  ISBN  978-

966-8736-05-6 

11. Between  the  East  and  West:  Reflections  the  Contemporary  Art  of 

Kazakhstan.//Electronic  journal  of  folklore–  2016.  –  P.45-64.  –Estonia. 

ISSN 1406-0957 Doi:10.7592/FEJF2016.63 http://www.folklore.ee/folklore. 

Диссертацияның  құрылымы  жəне  көлемі.  Кіріспеде  тақырыптың 

зектілігі  негізделіп,  зерттеудің  объектісі  мен  мəні,  хронологиялық  жəне 

аумақтық  шектері  анықталған,  мақсаттары  мен  міндеттері  құрылып, 

мəселенің  ғылыми  əзірленімі  талданған,  диссертацияның  əдіснамасы 

ашылып,  дереккөз  базасы  сипатталған,  зерттеудің  ғылыми  жаңалығы  жəне 

практикалық маңыздылығы анықталған.  

Бірінші  бөлімде  зерттеудің  теориялық-əдіснамалық  мəселелері 

қаралып, мəселенің тарихнамалық жəне деректанулық талдауы жүргізілген. 

Екінші бөлімде ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақ даласында мешіттерді 

салу  бойынша  Ресей  империясының  саясаты,  мешіттердің  қызмет  ету 

ерекшеліктері  талданған.  Мұсылман  дін  басшылығына  ерекше  назар 

аударылған.  

Үшінші бөлімде ХІХ ғ. екінші жартысындағы көшпелі қоғамның 

əлеуметтік-мəдени өміріндегі мешіттердің рөлін талдауға талпыныс 

жасалған.  

Қорытындыда негізгі тұжырымдар жасалған.  



 

 

 



жүктеу 120,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау