«Кәпірлер қаламаса да Мен нұрымды сөзсіз
тәмамдаймын»
1
деген уағдалы аяты жадыңда жауап
болып жаңғырады да, бойыңды әлдебір рухани сезім би
-
леп,
«Уа, құдіреті күшті Жаратқан Ием!»
деген үнмен
көңілің бір толқып тасиды.
Тәуелсіздіктен кейін жастарымыздың арасында
шет елдерге діни білім алуға кеткендері де болды. Енді
сол қарлығаштар бүгінде елімізге оралып, руханиятқа
шөліркеген халқымызды ислам құндылықтарымен сусын
-
датуда. Көптеген азаматтарымыз дінді ғылыми тұрғыда
1
«Тәубе»
сүресі, 32-аят,
«Саф»
сүресі, 8-аят.
9
Дін мен Діл
терең меңгеріп, кешегі жоғалтқан құндылықтарымыздың
орнын толтыруда. Бұл қуанарлық жайт. Әйтсе де, көңілге
кірбің түсіретін екінші бір жағдай сол шет елдерде діни
білім алған кейбір жастарымыз діни сауаты әлі толық
жетіле қоймаған халқымызды өздері оқыған елдің мәзһабы
мен діни мектебі бойынша үйретуге көшті. Елдің, жердің
ерекшеліктері мен тарихтың өзгешелігіне назар аударып
та жатпады. Тіпті, кейбір біржақты оқып келген жастары
-
мыз халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан,
шариғатқа қайшы емес озық әдет-ғұрыптарына «бидғат»
деген желеумен қарсы шыға бастады. «Нағыз қазақ қазақ
емес, нағыз қазақ домбыра» деп өзінің жан дүниесін
домбыраға сөйлетіп келген қазақтың домбырасына «ха
-
рам» деді. Ғасырлар бойы халқымыздың, тіпті әлемнің
жартысынан көбі ұстанып келе жатқан діни мектебі
– ханафи мәзһабын толық зерттеп, зерделемей жатып,
сыңарезулікпен оның дәлелдерін әлсізге санап, өздері
оқыған жердің мәзһабтарын орынды-орынсыз халықтың
санасына тықпалауға көшті. Соның салдарынан дінге
құлшыныс артып, мешіттерді лық толтырған жамағат
ынтымағына сызат түсті. Мешіттің төңірегінде дау-дамай
орын алды. Әйгілі мұсылман ғалымдары әлдеқашан
жауап берген мәселелер қайта қопсытылды. Діндегі ұсақ
мәселелер күн тәртібіне қайта келтіріліп, жамағат арасын
-
да шешімі қиын мәселеге айналдырылды.
Дін ғылымы өте нәзік әрі күрделі мәселе. Ислам
дінінде мәселелер
«Муттафақун а`лайһ», «Мухтәлафун
фиһ»
деп екіге бөлінеді. Біріншісі – нақты, бұлтартпас
дәлелдермен дәлелденген барлық Ислам ғұламаларының
бірауыздан келіскен мәселелері. Мұсылмандардың бір
көзқараста болған осындай мәселелеріне қарсы шыққан
адамға:
«Сенікі дұрыс емес, сен адасудасың»,
– деп айта
аламыз. Бірақ
«Мухтәлафун фиһ»
, яғни мұсылмандардың
|