Декоративті гүлдендіру І бөлім Әдістемелік нұсқау Қостанай, 2012 ббк 42. 374 Т 22



жүктеу 285,5 Kb.
бет4/4
Дата14.11.2018
өлшемі285,5 Kb.
#20048
1   2   3   4

Тапсырма:

  1. Бұтаны бөліктерге бөлу арқылы көбейту

  2. Қалемше арқылы көбейту

  3. Жуашықты және түйнекті өсімдіктерді көбейту

Бақылау сұрақтар:

  1. Бұтаны бөліктерге бөлу арқылы өсімдікті көбейту жолы қандай?

  2. Өсімдіктерді қалемше арқылы көбейту жолы қандай?

3.Өсімдіктерді ұластыру арқылы көбейту жолы қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке. -М.:Континент-Пресс,1999, -480с.

  2. Гилберт Р. Комнатные растения: практическое руководство. -М.: Слово, 2001. -144 с.: ил.

  3. Комнатные растения. -М.: Внешсигма, 2000. -360с.: ил.

  4. Рокош Е.В. Комнатные растения. -М.: Мартин, 2003. -448с.

  5. Семенова А. Комнатные растения: друзья и враги. -СПБ.: Невский проспект, 2002. -186с.

  6. Сквайер Д., Кроутер. -М. Комнатные растения: практ. Руководство. М.: Омега, 2006. -128с.: ил.


12 тақырып Өзінен көбею – ұластыру

Мақсаты:

Ұластырудың әдісімен, жолдарымен, жағдайларымен танысу



Жоспар:

  1. Өсімдікті ұластыру

2.Өсімдіктерді ұластырып жалғастырудың түрлері

Керекті құрал-жабдықтар:

Раушангүл, бұталар, қалемшелер, пышақ


Жалпы түсініктеме
Өсімдікті ұластыру дегеніміз, бір өсімдіктің сабақ бөлігін немесе бүршігін екінші өсімдіктің сабағына жалғастыру. Вегетативтік жолмен көбейтудің бір түрі. Өсімдіктерді ұластырып жалғастырудың 10-15 түрі қолданылады. Раушангүл, жұпаргүл, азалиялар, көкшіл шырша және тағы басқалары ұластыру жолымен көбееді. Ұластыруға қатысатын өсімдік немесе оның бір бөлігі телуші, ал ұластырылатын бөлігі телінуші немесе ұластырушы деп аталады. Телінуші, ұластырушы өсімдік қабығының және сүректің азғантай кесіндісінің бүршігі болып табылады.

Ұластырудың көптеген әдістері бар. Олар былайша анықталады: өсімдік сортының ерекшеліктеріне байланысты; ұластырудың уақытына және телуші мен телінушінің жағдайына байланысты; телуші мен телінушінің диаметрінің арақатынасына байланысты.

Ұластыру уақытын екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші бөлімде – сөл жүруге дейінгі кезең, яғни, тінің қабық қабаттарға сүректеніп шықпай тұрған кезі. Бұл уақытта қиғаш кесу, бүйірінен жалғау арқылы ұластырады. Екінші кезең – сөл бөліне бастағаннан кейін. Оның белгісі тін сүректен жақсы алынады. Бұл кезеңде тінді бөліп алуға байланысты ұластыру әдісін пайдаланады: қабық астынан, бүршік телу.

Ұластырудың әрі қарай тіршілік етуі мынадай жағдайларға байланысты:

1. Телінушінің сапасы мен жағдайына. Ұластыруға арналған қалемшелер бүтін, сау (аязға, ауруға, зиянкестерге ұшырамаған), мықты, жақсы дамыған бүршіктері болу керек. Бүршік телуден басқа ұластырудың барлық түріне, қалемшелерді қыстың бас кезінен қатты аяз түскенше дайындау керек. Ұластыруға дейін оларды төменгі температурада дымқыл күйінде сақтау керек. Бүршік телу үшін қалемшелерді ұластырудың алдында дайындайды.

2. Телуші мен телінуші камбий қабаттарының дәл келуі. Камбий сүрек пен қабықтың арасында орналасқан және жасушалардың жұқа қабатынан тұрады.

3. Телуші мен телінушінің дұрыс кесілуі.

4. Жоғарғы жағының өсуінің шамасы.

5. Байлаудың дұрыстығы. Ол ұластырудың барлық әдістерінде қолданылады.

6. Жұмыстың ұқыпты орындалуы. Үластырудың барлық түрінде бүршік телуден басқа телуші мен телінушіні жалғаған жерін су өткізбейтін замазкамен сылауға болады. Егер орайтын материал есебінде пленка немесе изолента пайдаланылса замазканы пайдаланудың қажеті жоқ.

Бүршік телу кезінде дайын ұластыруды дымқыл топырақпен жабады, басқа ұластыруларды мүкпен орауға немесе қағазбен бірнеше қабат жабуға болады. Ұластырылған қалемшелерден өркендер өсе бастағанда мүк пен қағазды алып тастайды.

Тапсырма:

1.Қажетті құрал-жабдықтарды дайындап алу



  1. Ұластырудың көптеген әдістері қалай анықталынатынын түсіндіру

  2. Ұластыру уақытының екі кезеңің жасап көру

  3. Ұластырудың әрі қарай тіршілік етуі қандай жағдайларға байланысты екендігін түсіндір

Бақылау сұрақтар:

  1. Өсімдікті ұластыру дегеніміз не?

  2. Өсімдіктерді ұластырып жалғастырудың қанша түрі белгілі?

  3. Қандай өсімдіктер ұластыру жолымен көбееді.?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке. -М.:Континент-Пресс,1999, -480с.

  2. Гилберт Р. Комнатные растения: практическое руководство. -М.: Слово, 2001. -144 с.: ил.

  3. Клаус К. 300 растений для дома и офиса. Ростов н/Д: Феникс, 2002. -320с.

  4. Соколова Т.А., Бочкова И.Ю. Декоративное растениеводство. -М.: Изд. Центр «Академия», 2004. -432с.

  5. Тавлинова Г.К. Цветы в комнате и на балконе. -Л.: Агропромиздат. 1990. -352с.

  6. Чуб В.В., Лезина К.Д. Полная инциклопедия комнатных растений: Справочные издание. -М.: ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. -415с.: ил.


13 тақырып Баданалы, түйнек жуалы және түйнекті өсімдіктердің көбеюі

Мақсаты:

Баданалы, түйнек жуалы және түйнекті өсімдіктердің көбею жолдарын білу



Жоспар:

  1. Баданалы өсімдіктерді көбеюі

  2. Түйнек жуалы өсімдіктерді көбеюі

  3. Түйнекті өсімдіктерді көбеюі

Керекті құрал-жабдықтар:

Баданалы, түйнек жуалы және түйнекті өсімдіктер, құмыралар, қиыршық тастар, топырақтар


Жалпы түсініктеме
Баданалы өсімдіктерді екі топқа бөледі: мәңгі жасыл – кринум, панкрациум және күзгі жапырақ түсті лалагүл, нәркес, қызғалдақтар, крокустар, сциллы және тағы басқалары. Соңғысы өз кезегінде орналасу жағынан (баданалы-балалары) жерасты болып (қызғалдақтар, нәркес гүлдер) және ауадағы – сабақты, жапырақтың қуысында орналасқан (бульбонос лилиясы).

Түйнек жуалы өсімдіктерге гладиолус, монтбреция, шафран және тағы басқа өсімдіктер жатады. Олар орынбасу түйнек жуалармен, олардың бөлінуімен және балаларымен көбееді.

Тамыр түйнектері немесе түрі өзгерген тамырлар – қоректік заттардың жиналатын орны. Әсіресе бұл георгинде жақсы көрсетілген. Бірақ есте сақтау керек, көбеюге тамыр түйнектері өздері жарамсыз, себебі сабақтан шыққан нағыз түйнектер (картопта) сияқты ұйқыдағы бүршіктері жоқ, сол себепті олардың тамыр мойындарын қысқышпен бөледі.

Сабақ түйнектері бөліну арқылы көбееді. Сабақ түйнектерін ажырату түрлері: бойының өсу шегімен аяқталатын, яғни вегетацияның соңымен өсуі аяқталатын (картопта, топинамбурада), және келесі вегетациялық кезеңдерде өсуін жалғастыратын сабақ түйнектері (бегония, цикламен, глоксиния).



Тапсырма:

  1. Баданалы өсімдіктерді көбейтіңдер

  2. Түйнек жуалы өсімдіктерді көбейтіңдер

  3. Түйнекті өсімдіктерді көбейтіңдер

Бақылау сұрақтар:

  1. Баданалы өсімдіктер қалай көбееді?

  2. Түйнек жуалы өсімдіктер қалай көбееді?

  3. Түйнекті өсімдіктер қалай көбееді?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке. -М.:Континент-Пресс,1999, -480с.

  2. Клаус К. 300 растений для дома и офиса. -Ростов н/Д: Феникс, 2002. -320с.

3.Рокош Е.В. Комнатные растения. -М.: Мартин, 2003. -448с.

4.Сквайер Д., Кроутер. -М. Комнатные растения: практ. Руководство. М.:

Омега, 2006. -128с.: ил.

5.Слюсаренко А., Румынин В. Возрождение гортензии: Комнатные

растения. //Флора. -2001. -№4. –С.13-16.
14 тақырып Өсімдіктерді қорғау шаралары. Зиянкестермен күресу тәсілдері. Өсімдіктерді аурудан қорғау

Мақсаты: Өсімдіктерге ауру туғызатын зиянкестер түрлерін және оларды жою тәсілдерін білу

Жоспар:


  1. Жылыжай биті

  2. Жұлдыз құрт

  3. Цикломенді кене

  4. Уховёртка

  5. Жұмыр құрт

  6. Ақұнтақ құрттары

  7. Өрмекші қызыл кене

  8. Тамырдың ақұнтақ құрттары

  9. Сымыр

10.Бітелер

11.Аққанаттар

12.Қара сирақ

13.Ботритоз

14.Жалған ақұнтақ ауруы

15.Тамыр шірігі

16.Тат кеселі

27.Вирустар



Керекті құрал-жабдықтар:

Ауруға шалдыққан өсімдіктер, сіріңке, ыдыс, қайшы немесе пышақ


Жалпы түсініктеме
Жылыжай биті. Жасыл түсті, жұмсақ терімен қапталған болып келеді, жапырақ шырынымен қоректенеді, оның әсерінен өсімдікте теңбіл пайда болады. Бит шырыншық бөліп шығарады, ол қара зең тудырады. Өсімдікке жиі су шашып тұрыңдар, әсіресе жазда.

Жұлдыз құрт. Бұл зиянкестер үй жағдайларында сирек, ал күн түсіп тұрған жерлер мен жылыжайларда жиі кездеседі. Жапырақтың бетіне саңылау қалдырады. Оларды лақтырып тастап, өсімдікті химикаттармен өңдейді. Қажетінше қайта өңдеу керек.

Цикломенді кене. Бұл зиянкес өрмекші тәріздес кене, ол цикламен, сенполия, қазтамақ өсімдіктерін зақымдайды. Нәтижесінде өсімдік өсуін баяулатады, жапырақтары оралып, қыртыстанып қалады, гүлдері пішіндерін өзгертіп түсіп қалады. Зақымданған өсімдіктерді өртеу керек.

Уховёртка. Зиянкес бөлме өсімдіктері мен бақша өсімдіктерін зақымдайды. Күндіз олар көрінбейді, ал түнде олар жапырақтар мен гүлдерін жейді, соның нәтижесінде оларда саңылау пайда болып жиектері қисық болады. Түнде жапырақ пен гүлдің астында тығылып жатқан зиянкестерді жинап оларды жою керек.

Жұмыр құрт. Бұл паразитті құрттардың бірнеше түрі бар, олардың кейбіреулері хризантема мен баданалы өсімдіктердің тамырларын жеп қояды, ал кейбіреулері тамырлардың ісініп кетуіне әкеліп соғады. Егер де бұл зиянкес өсімдікте болса, онда бұл өсімдікті өртеп жіберіндер.

Ақұнтақ құрттары. Бұл зиянкестер түкпен қапталған және ақшыл болып келеді. Олар сабаққа жабысады және субтропикалық пен тропиктік өсімдіктердің жапырақтарына тығылады, шырынын сорып жапырақтың сарғаюына әкеліп соғады. Оларды спиртке батырылған мақтамен сүртіңдер.

Өрмекші қызыл кене. Шағын өрмекші тәрізді зиянкес, ол жапырақтың төменгі жағын зақымдайды. Ол өсімдік шырынымен қоректенеді, ал ол сары дақтың пайда болуына әкеліп соғады. Күнделікті су шашу зақымдануын тоқтатады. Егер де өсімдік қатты зақымдалған болса, онда оны өртеп жіберген дұрыс.

Тамырдың ақұнтақ құрттары. Ақұнтақ құрттарынан айырмашылығы бұл зиянкес өсімдіктің кактус және басқа да суккуленттердің тамырын зақымдайды. Тамырларын жақсылап қараңыз, әсіресе өсімдікті топыраққа отырғызар кезінде. Қиыршық тастарға, топыраққа химикат құйыңдар.

Сымыр. Өсімдік жабысқақ болып келеді, онда ісіп тұрған қоңыр түсті қорғаныш балауыз дискі пайда болады. Оның астына ұрғашы сымыр ұрпақ әкеледі. Өсімдікті спиртке батырылған мақтамен сүрту керек. Қатты зақымданған өсімдіктерді өртеуге тура келеді.

Бітелер. Бұл ұсақ қоңыр қанатты зиянкестер, аяқтары ақшыл түсті. Олар бір өсімдіктен екінші өсімдікке қонады, жапырақ пен гүлдің шырынымен қоректенеді, оның салдарынан өсімдікте күміс түсті жолақ пен дақ қалады. Гүлдер сола бастайды. Бұндай жағдайға әсіресе құрғақ жердегі өсімдіктер ұшырайды. Өсімдікке бірнеше рет су шашу қажет.

Аққанаттар. Бұл кішкентай ақ түсті бунақдене күйе көбелекке ұқсас. Өсімдіктің айналасында ұшып жүреді. Жас даралары жасыл түсті болып келеді және өсімдік сөлімен қоректенеді. Шырыштық бөледі, ол қара зеңнің пайда болуына әкеліп соғады. Бұл зиянкесті жою оңай емес. Ол үшін өсімдікті жүйелі түрде химикаттармен өңдеу қажет.

Қара сирақ. Бұл ауру негізінен өсімдік қалемшелерін зақымдайды, әсіресе қазтамақты. Сабақтың негізі жұмсарып қарая бастайды. Аурудың таралуына дымқыл, салқын қиыршық тастар әсер етеді. Қатты зақымдалған өркендерді жойып жіберу керек.

Ботритоз. Бұл ауру өсімдіктердің жұмсақ бөліктерінде сұр дақтардың пайда болуына әкеледі, әсіресе гүлдер, жас жапырақтар, өркендер зардап шегеді. Бұзылған мүшелерін кесіп, тіршілігін жойған гүлдерді алып тастаңыз және өсімдікті фунгицидпен өңдеңіз. Өсімдіктің айналасында ауа ағымын күшейтіңіз.

Жалған ақұнтақ ауруы. Аурудың бұл түрінде жапырақтың екі бетінде ақ дақтар пайда болады. Сабағы мен гүлдері зақымданады. Ауырған бөлігін алып тастаңыз, бөлмені жиі желдетіңіз, ауа құрғақ болу керек.

Тамыр шірігі. Бұл аурумен көбіне пальма, кактус және тағы басқа суккуленттер ауырады. Өсімдік сола бастайды, оның жапырақтары сарғаяды. Ауру себептері топырақтың ұзақ уақыт өте ылғалды болуында.

Тат кеселі. Зиянкес саңырауқұлақтар қоздыратын өсімдік кеселі. Бұл ауру бөлме өсімдіктерін сирек зақымдайды. Күн сәулесі түсетін әйнекті гүл-жайда өсетін өсімдіктерді де тат кеселі зақымдайды. Жапырақта қара немесе сұр түсті тозаңның сақиналары пайда болады. Бүлінген жапырақтарды жинап алып жағып жіберіңдер. Ауа ағының күшейтіп өсімдікті фунгицидпен өңдеңдер.

Вирустар өсімдіктерде ауруларды қоздыратын өте ұсақ организмдер. Бұл аурудың жиі кездесетін белгілері: өсімдіктің өсуін баяулатады, жапырағында дақтар мен жолақ сызықтар пайда болады. Оны емдеу мүмкін емес, бірақ вирус ауруларын тасымалдайтын зиянкестердің пайда болуын бақылау керек.

Тапсырма:

  1. Өсімдіктердің ауруға шалдыққан мүшелерін алып тастау және оны жағу

  2. Субтропикалық және тропикалық өсімдіктердің жапырақтарын спиртке батырылған мақтамен сүрту

  3. Бітелермен зақымдалған өсімдіктерге су шашу

  4. Ақұнтақ ауруымен ауыратын өсімдіктердің мүшелерін алып тастап, бөлмесін желдету

  5. Ботритоз ауруымен ауыратын өсімдіктердің бұзылған мүшелерін кесу, тіршілігін жойған гүлдерді алып тастау және өсімдікті фунгицидпен өңдеу

Бақылау сұрақтар:

  1. Қандай ауру тудыратын зиянкестерді білесіңдер?

  2. Өсімдіктердің қандай аурулары бар?

  3. Өсімдіктерді ауру тудыратын зиянкестерден қорғау шаралары қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабин Д. Комнатное цветоводство. -Смоленск: Русич, 2002. -448.

  2. Домненкова Л. Комнатные растения. -Мн.: Харвест, 2000. -410с.

  3. Комнатные растения. -М.: Внешсигма, 2000. -360с.: ил.

  4. Рокош Е.В. Комнатные растения. -М.: Мартин, 2003. -448с.

  5. Соколова Т.А., Бочкова И.Ю. Декоративное растениеводство. -М.: Изд. Центр «Академия», 2004. -432с.

  6. Чувикова А.А., Потапов С.П., Коваль А.А., Черных Т.Г. Учебная книга цветовода. -М.:Колос, 1980. -224с.



Әдебиеттер тізімі

  1. Бабин Д. Комнатное цветоводство. -Смоленск: Русич, 2002. -448.

  2. Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке.

  3. -М.:Континент-Пресс,1999, -480с.

  4. Бехтхольд Ф. Всё о комнатных растениях. -М.: БММ АО, 2000. -160с.:илл.

  5. Верзилин Н. Райский сад на подоконнике: Руководство по уходу за комнатными растениями. -М.: Клуб XXIвек, 2000. -368с.

  6. Гилберт Р. Комнатные растения: практическое руководство. -М.: Слово, 2001. -144 с.: ил.

  7. Голубев В.: Экологическая культура помещений: Комнатные растения //Флора. 2002. №4. –С.4-9.

  8. Домненкова Л. Комнатные растения. -Мн.: Харвест, 2000. -410с.

  9. Друзья и целители нашего дома: Комнатные растения. –Ярославль: Академия Холдинг, 2000. -192с.

10.Жадько Е. Комнатное цветоводство для «чайников». -Ростов н/Д:

Феникс, 2002. -160с.

11.Клаус К. 300 растений для дома и офиса. -Ростов н/Д: Феникс, 2002. –

320с.


12.Комнатные растения. -М.: Внешсигма, 2000. -360с.: ил.

13.Павлова Е. Аранжировка интерьера комнатными цветами. -Ростов н/Д:

Феникс, 2004. -224с.

14.Рокош Е.В. Комнатные растения. -М.: Мартин, 2003. -448с.

15.Семенова А. Комнатные растения: друзья и враги. -СПБ.: Невский

проспект, 2002. -186с.

16.Семенова А. Комнатные растения: друзья и враги. -СПБ.: Невский

проспект, 2003. -160с.

17.Сенин Б.К. Химия для вас и вашего дома. -Ростов н/Д: Феникс, 1999. –

352с.


18.Сквайер Д., Кроутер М. Комнатные растения: практ. Руководство. -М.:

Омега, 2006. -128с.: ил.

19.Слюсаренко А., Румынин В. Возрождение гортензии: Комнатные

растения //Флора. -2001. -№4. –С.13-16.

20.Слюсаренко А., Румынин В. Драцена в современном интерьере:

Комнатные растения //Флора. -2002. -№1-2. –С.8-11.

21.Соколова Т.А., Бочкова И.Ю. Декоративное растениеводство. -М.: Изд.

Центр «Академия», 2004. -432с.

22.Тавлинова Г.К. Цветы в комнате и на балконе. -Л.: Агропромиздат.

1990. -352с.

23.Турдиев С., Седых Р., Эрихман В. Кактусы. -Алма-ата: Кайнар, 1980.

24.Филлипова И.А. Комнатные растения – лекари от природы. –СПБ.:

Весь, 2002. -192с.: ил.

25.Чуб В.В., Лезина К.Д. Полная инциклопедия комнатных растений:



Справочные издание. -М.: ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. -415с.: ил.




жүктеу 285,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау