Декоративті гүлдендіру І бөлім Әдістемелік нұсқау Қостанай, 2012 ббк 42. 374 Т 22



жүктеу 285,5 Kb.
бет1/4
Дата14.11.2018
өлшемі285,5 Kb.
#20048
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Биология және химия кафедрасы

Г.С. Тасбулатова, Г.Ж. Султангазина



ДЕКОРАТИВТІ ГҮЛДЕНДІРУ

І бөлім


Әдістемелік нұсқау

Қостанай, 2012



ББК 42.374

Т 22

С 85


Құрастырушы:

Тасбулатова Гүлім Сапарбекқызы, биология магистрі, биология және химия кафедрасының оқытушысы, Султангазина Гүльнар Жалелқызы б.ғ.к., биология және химия кафедрасының доценті



Рецензенттер:

Жарлығасова Г.Д., экология кафедрасының доценті, б.ғ.к.

Оразбаев К.Ш. , агрономия кафедрасының профессоры, а. –ш.ғ.к.

Тасбулатова Г.С.

Т 22

Сұлтанғазина Г.Ж.


С85 Декоративті гүлдендіру. – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2012.-37бет.


«Декоративті гүлдендіру» пәнін меңгерудегі әдістемелік нұсқауда гүлдендірудің негізгі бөлімдері бойынша тәжірибелік жұмыстар берілген. Бақша жерлерінің түрлерін, өсімдіктерді күту, суару жолдарын, тыңайтқыш түрлерін, қыстауға дайындық жолдарын және өсімдіктердің көбеюін, тұқым себу мен өсімдіктерді қорғау шараларын меңгеруге аса мән берілген.

Әдістемелік нұсқау «Биология» мамандығының студенттеріне арналған.

Биология және химия кафедрасы отырысында қаралған және ұсынылған

. .2012ж. Хаттама №

Аграрлық-биологиялық факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданған:

. .2012ж. Хаттама №

© А.Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттiк университетi

Мазмұны


Кіріспе ....................................................................................................................

4

1

Әсемдік үшін өсірілетін бөлме өсімдіктерінің әртүрлілігі.........................

5

2

Бақша жерлерінің түрлері. Шым топырақ, жапырақты, қарашірік, қорда, сүрек, бау-бақша жерлері. Жер қоспасын құрайтындар: мүк, сүректі көмір...................................................................................................

8


3

Өсімдіктерді күту. Топырақ, оны өңдеу – тырмалау, сүйреткілеу, қопсыту, топырақ бетін жабу, сыдыра жырту, топырақ тығыздау............

10


4

Суару - топырақтың механикалық қасиетін есепке ала отырып топырақты ылғалдату дәрежесі.....................................................................

13


5

Жарықтандыру – жарықты сүйетін, жартылай көлеңкені сүйетін, қараңғыны сүйетін өсімдіктер. Ауаның температурасы – жылыны сүйетін және суыққа төзімді өсімдіктер.......................................................

15


6

Тыңайтқыш – минералды, органикалық, бактериалық...............................

17

7

Бұтаны қалыптастыру – кесу, түбін жабу, сирету, отау..............................

19

8

Қыстауға дайындық. Жылы жай және көшетхана. Жабық жер климатқа бейімделу ретінде. Жылы жайларды жабу. Жылыту тәсілдері..................

21


9

Өсімдіктердің көбеюі. Көшетсіз көбейту. Көшет арқылы көбейту...........

24

10

Тұқым себу әдістері. Өсімдіктің түрі мен сортына байланысты себу уақыты..............................................................................................................

26


11

Біржылдық өсімдіктердің көбеюі. Екі жылдық өсімдіктердің көбеюі. Көпжылдық өсімдіктердің көбеюі................................................................

28


12

Өзінен көбею – ұластыру...............................................................................

31

13

Баданалы, түйнек жуалы және түйнекті өсімдіктердің көбеюі..................

32

14

Өсімдіктерді қорғау шаралары. Зиянкестермен күресу тәсілдері. Өсімдіктерді аурудан қорғау.........................................................................

33


Әдебиеттер тізімі...................................................................................................

37

Кіріспе


«Бөлмені гүлдендіру» курсы «биология» мамандығы студенттерімен оқып үйренуін көздейді:

а) көптеген өсімдіктердің мәдениетінің енгізу тарихы мен олардың адам өміріндегі орнын

б) гүлдерді символ ретінде, кескіндемедегі бағыт ретінде пайдалану

в) дәстүрлі медицинада, тағамда, косметикада пайдалану.

Сәндік гүлдендіру биологиясына қарағанда, өсімдік сәндігінің сапасына үлкен көңіл бөледі. Көптеген мектептер белгілі бұл ағылшын және голландия мектептері композицияларды дайындайтын және сәндік гүлдейтін дақылдардың агротехникасы.

Курстың міндеті:



  1. Өсімдіктердің отырғызу учаскісін дайындау ерекшеліктерін оқып үйрену, күту тәсілдері, зиянкестермен және аурулармен күрес;

  2. Әр түрлі дақылдардың белгілі бір жағдайда ұсталуы, олардың биологиялық ерекшеліктері;

  3. Учаскілердің дайындау түрлерін қарастырып, іріктеп алу тәсілдері және өсімдіктерді жинақтау, бір шоқ гүлдерден және кесілген мен кептірілген гүлдерден композицияларды құрастыру.

Гүлді өсімдіктер адамның сұлулыққа қажеттілігін қанағаттандыруын ғана емес, сонымен қатар олар оның физикалық күйіне және оның моральдығына игілікті әсер етеді.

Студенттер жақсы білім алып оны тәжірибе түрінде де қолдануы мүмкін. Берілген курстың басқа да пәндермен пән аралас мынадай курстармен байланысы бар, олар «Ботаника», «Қолданбалы биология», «Топырақтану негіздерімен» саналады.



1 тақырып Әсемдік үшін өсірілетін бөлме өсімдіктерінің әртүрлілігі

Мақсаты:

Әсемдік үшін өсірілетін бөлме өсімдіктерінің әртүрлілігімен танысу және



оларға сипаттама беру

Жоспар:

  1. Хамедорея

  2. Айдарлы хлорофитум

  3. Кодиеум пестрый

  4. Колеус Блюме

  5. Драцена окаймленная

  6. Фикус Бенджамина

  7. Каучуконосты фикус

  8. Гиппеаструм

Керекті құрал-жабдықтар: Бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық өсімдіктер.

Жалпы түсініктеме

Хамедорея. Әдетте биіктігі 120 см-ден аспайды. Әр түрлі өлшемдегі өсімдікті сатып алуға болады - өте кішкентайдан бастап биіктігі 60-100 см-ге дейінгі.

Жарықтандыруы. Өте қарқын өсу барысында күн шуағына қойып, ал қыста күннің көзі тікелей түсіп тұратын жерге қою қажет.

Суару. Өте қарқын өсу барысында көбірек суарып және айына бір рет, су екі есе қосылған кәдімгі сұйық тыңайтқышпен суарыңдар. Қыста аздап суарыңдар.

Температура. Бұл пальма үшін қолайлы температура +18-24 0С, 12 0С-ден төмен болмау керек.

Ылғалдылығы. Жоғарғы ылғалдылықты қажет етеді. Құмыраның астындағы табақшасына дымқыл қиыршық тастарды қалдыру керек.

Гүл өсірушіге кеңес. Хамедорея өзі үшін тым кішкентай көрінетін құмырада жақсы өседі. Өсімдік тамырлары құмыраны толтырған жағдайда көктемде ауыстырып отырғызуға болады.

Айдарлы хлорофитум. Жақсы өскен хлорофитум өте әдемі. Оның иілген жол-жол жапырақтары және сары сабақтары жыл бойы әдемі көрінеді. Алдымен ұсақ ақ гүлдердің бүршіктері пайда болады. Кейінірек аналық өсімдіктің шағын көшірмесі пайда болады.

Жарықтандыруы. Ерте көктемнен күздің соңына дейін мол жарықта өсіріңіз, қыста тіке түскен күн сәулесіне қойыңыз.

Суару. Қарқынды өсу барысында мол қылып суарыңыз және кәдімгі сұйық тыңайтқышпен екі аптада бір рет қоректендіріңіз. Қыста суаруды азайтыңыз.

Температура. Қалыпты бөлме жылуы жарайды. Қыста +7 0С.

Ылғалдылығы. Жоғары ылғалдылықты қажет етеді. Құмыраны, ылғалды қиыршық тастары бар табақшаның үстіне қойыңыз және өсімдіктің жапырағына үнемі су бүркіп тұрыңыз.

Гүл өсірушіге кеңес. Ақ жуан тамыр түйнектері жайылып өсіп бетіндегі жерді кесек-кесек қылып көтеріп жібереді. Өсімдікті көшіріп отырғызғанда құмыраның жиегімен ішіндегі құмның жоғарғы беті арасында жеткілікті мөлшерде орын қалдырыңыз.

Кодиеум пестрый. Гүлдердің көптеген сорттары бар, бір бірінен өлшемі, пішіні және жапырақ түстеріне қарай ерекшеленеді. Жапырақтар ұзын және жіңішке немесе спираль сияқты оралған әртүрлі түсті жасыл, қызыл немесе ашық сары болады.

Жарықтандыруы. Жарық мол түскен жерде ұстаңыз. Қыста шамалы жарық түсетін терезе алдында ұстаңыз.

Суару. Өсімдік белсенді өсе бастағанда жиі суарыңыз және екі аптада бір рет сұйық тыңайтқышпен қоректендіріңіз. Қыста аздап суару керек.

Температура. Бөлме температурасын қажет, бірақ +12 0С-ден төмен емес.

Ылғалдылығы. Жоғары ылғалды қажет етеді.

Колеус Блюме. Біржылдық өсімдік ретінде өсіреді. Оны әдетте қыстың басында лақтырып тастайды. Ең әдемі данасын көктемге дейін сақтауға болады, бірақ ол сирек жүзеге асады.

Жарықтандыруы. Көктемнен күзге дейн күннің жарық сәулесінде қыста тіке түскен күн сәулесінде тұрғанды ұнатады.

Суару. Молдырақ суару қажет. Өсе бастағанда жетісіне екі рет сұйық тыңайтқышпен қоректендіреді.

Температура. Бөлме температурасы, қыста төменгі температура +12 0С.

Ылғалдылығы. Жоғарғы ылғалдылық қажет. Құмыраны дымқыл қиыршық тастары бар табақшаның үстіне қойыңыз.

Драцена окаймленная. Бұл драцена 180 см биіктікке дейін өседі. Жұқа жапырақтары биік ағаштың бағаналарына ұқсайды.

Жарықтандыруы. Ашық жарықты ұнатады.

Суару. Өсе бастағанда молырақ суарыңыз және аптасына екі рет кәдімгі сұйық тыңайтқышпен қоректендіріңіз. Қыста суаруды тоқтатыңыз.

Температура. Бөлме температурасы.

Ылғалдылығы. Ылғалсүйгіш.

Гүл өсірушіге кеңес. Өсімдіктің ұзарып өсуіне байланысты төменгі жапырақтары сарғая бастайды. Бұл қалыпты жағдай. Оларды еппен алып тастау керек.

Фикус Бенджамина. Бұл фикуста төмен иілген бұтақтардың ұшында салбырап тұратын қысқа бұтақты жапырақтары бар, сол себепті кейде бұның атын жылағыш дейді. Ол 180 см биіктікке дейін өседі.

Жарықтандыруы. Жылдың көптеген бөлігінде жарығы мол түсетін жерге, қыста күн түсіп тұратын жерге қояды.

Суару. Өсе бастаған уақытта орташа ылғалдықта суарыңыз және екі аптада бір рет сұйық тыңайтқышпен қоректендіріңіз. Қыста суаруды азайту қажет.

Температура. Фикус Бенджамин бөлме температурасында жақсы өседі. Қыста жылу +15 0С төмен түспеуі керек.

Ылғалдылығы. Жылы бөлмеде жоғары ылғалдылықты қамтамасыз етіңіз. Құмыраны дымқыл қиыршық тас толтырылған табақшаға қойыңыз және жиі су бүркіңіз. Бір қалыпты су бүрку фикусты кенеден сақтайдды.

Гүл өсірушіге кеңес. Бұл фикус кішкентай құмырада жақсы өседі. Басқа құмыраға оны қажет болғанда ғана ауыстырыңыз.

Каучуконосты фикус. Бұл күйталғамайтын, қоңыр жасыл жарқыраған, бұтақтардан көлденең бағытта өскен жапырақтары бар бөлме өсімдігі.

Жарықтандыруы. Мол түскен жарықты ұнатады.

Суару. Белсенді өсе бастағанда жайлап бір қалыпты суарады және екі аптада бір рет кәдімгі сұйық тыңайтқышпен қоректендіреді. Қыста суаруды азайтыңдар.

Температура. Ерекше жылу режимін қажет етпейді. Қыста температура +12 0С-ден төмен болмауы керек.

Ылғалдылығы .Жылы бөлмеде жоғарғы ылғалдылықты сақтаңыз. Фикусты дымқыл қиыршық тас салынған табақшаның үстіне қойыңыз.

Гиппеаструм – көп жылдық баданалы өсімдік. Ірі түтік тәрізді гүлдері және ұзын жапырақтары болады. Гүлдерінің түсі ақ, ашық қызыл, қызыл және бір түсті, кейде қою түсті немесе ашық түсті сызықтары болады.

Жарықтандыруы. Өсімдік өсе бастағанда күннің тіке түскен сәулесіне ұстаңыз. Жазда күн сәулесі түсіп тұрған жерге қоюға болады, сонда өсімдік міндетті түрде келесі жылы гүлдейтін болады. Қысқы тыныштық кезінде жарық онша маңызды емес.

Суару. Баданасы бой ала бастағанда аздап суарып қойыңыз, ал бойы көтеріле өсе бастағанда суаруды біртіндеп көбейте бастаңыз. Жазда бірқалыпты жайлап суару қажет және екі аптада бір рет кәдімгі сұйық тыңайтқышпен қоректендіру керек. Күзде жапырақтары сарғая бастағанда қоректендіруді де, суаруды да тоқтату керек.

Температура. Баданасы бой алу үшін жылу керек, бірақ гүлдеу кезінде гүлдің тіршілігін ұзарту үшін салқын ауа қолайлы. Қысқы тыныштық кезеңінде қолайлы температура +12 0С болып табылады.

Ылғалдылығы . Құрғақ ауаны жақсы қабылдайды.

Тапсырма:

1.Кафедра өсімдіктерінің түрлерімен танысу

2.Әсемдік үшін өсірілетін өсімдіктердің ерешеліктерін білу

3.Айдарлы хлорофитумды құмырадан алып, тамырының құрылысына сипапаттама беріңіздер

4.Жарықсүйгіш өсімдіктерді жарық жерге орналастырыңдар

5. Өсімдіктер өсіп тұрған топырақ құрамындағы ылғалдылығын тексеріңдер



Бақылау сұрақтар:

1.Кафедрада кездесетін өсімдіктерді атаңыз?

2.Өсімдіктің әрқайсысына сипаттама беріңдер?

3.Аталған өсімдіктердің қайсысы ылғал сүйгіш және ылғалды аз қажет етеді?

4.Драценаның төменгі жапырақтары не себептен сарғая бастайды?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бабин Д. Комнатное цветоводство. -Смоленск: Русич, 2002. -448.

2.Бехтхольд Ф. Всё о комнатных растениях. -М.: БММ АО, 2000. -160с.:илл.

3.Гилберт Р. Комнатные растения: практическое руководство. -М.: Слово, 2001. -144 с.: ил.

4.Рокош Е.В. Комнатные растения. -М.: Мартин, 2003. -448с.

5.Сенин Б.К. Химия для вас и вашего дома. -Ростов н/Д: Феникс, 1999. -352с.


2 тақырып Бақша жерлерінің түрлері. Шым топырақ, жапырақты, қарашірік, қорда, сүрек, бау-бақша жерлері. Жер қоспасын құрайтындар: мүк, сүректі көмір.

Мақсаты:

Топырақ жағдайларын білу. Топырақтың түрлерін қарастыру



Жоспар:

1.Шым топырақ

2.Қарашірік топырағы

3.Жапырақты топырақ

4.Шымтезек топырағы

5.Бақша немесе бақ топырақтары

6.Көкбұта топырақтары

7.Құм


8.Ағаш көмірі

9.Үгітілген кірпіш



10.Сфагномды мүк

Керекті құрал-жабдықтар: Шым, қарашірік, жапырақты, шымтезек, бақша немесе бақ, көкбұта топырақтары. Құм, ағаш көмірі және үгітілген кірпіш
Жалпы түсініктеме
Бөлме өсімдіктері үшін топырақ құрамын өзіміз жасағанымыз дұрыс. Компонент ретінде әртүрлі бақша жерлері жарамды. Мысалы: шым, қарашірік, жапырақты, бұталы топырақтар. Бұларға құм, мүк, құрғақ сиыр тезегі, құс саңғырығы, ұсатылған кірпіштер, сүйек ұны, көмір. Қоспа дайындау үшін барлығын бір ыдысқа салып араластырады. Ауыр қоспаларда сазды шым топырақты жері маңызды болып табылады. Оған қарашірік топырақ, құм қосады. Орташа қоспаны қарашірік, шым топырақ, жапырақ шымтезек және құмды тең түрде қосып араластыру арқылы алады. Бұлар тез өсетін өсімдіктерді өсіру үшін жарамды. Жеңіл қоспаның негізін жапырақты немесе қарашірік топырақ құрайды. Оларды тамыр жүйесі әлсіз өсімдіктерді өсіруге қолданады.

Шым топырақ. Тығыз, қоректік заттарды өзге тыңайтқыштарға қарағанда қиындықпен береді. Оларды маусымның аяғы – шілденің басында шабындық жерлерде дайындайды. Шымды жалпақ түрінде қалыңдығы 8-10 см, ені 20-30 см, ұзындығы 50 см-ге дейін кесіп дайындайды. Содан кейін шымды 1,50 м биіктікке дейін шөп өскен бетін төмен қаратып қаластырып жинайды. Жинаған үйіндіні суға езілген қимен немесе сұйық сиыр тезегімен сылайды. Шымға супефосфат (1кг тыңайтқышты 1м3 шымға) және сөндірілмеген әктас (3-4 кг тыңайтқышты 1м3 шымға) қосады. Үйіндінің жоғарғы жағынан жаңбыр тамшылары ағатын шағын қарықтар жасайды. Одан аққан жаңбыр тамшылары өсімдік қалдықтарының жақсы шіруіне көмектеседі. Жаз бойы үйіндіні бірнеше аударып жинайды. Бір жылдан кейін топырақты пайдалануға болады.

Қарашірік топырағы. Ол кейде буланған немесе тезек қосылған тыңайтқыш деп аталады. Ол жеңіл, қопсытылған түрінде болады. Оның кемшілігі онда арам шөптердің тұқымдары көп және өсімтал. Оны жаздың аяғында дайындайды. Булыжайда топырақтың жоғарғы бетін шіріндімен бірге алып тастайды және штабельдің үстіне жинайды. Айына бір рет күрекпен араластырып қажет болса су сеуіп қояды. Топырақ, жинап қойғаннан кейін екі жыл өткен соң пайдалануға болады.

Жапырақты топырақ – қопсытылған, жеңіл топырақтардың бірі. Ылғалды жақсы сіңіреді, құмырада судың жиналып қалуына жол бермейді. Тамыры ылғалда тез шіритін өсімдіктер үшін өте пайдалы. Бактериалы заттармен өңделген түрінде қоректік заттарға өте бай. Алма, үйеңкі, жөке, алмұрт, терек, қайың тағы басқа ағаштардың жерге түскен жапырақтарынан күзде дайындалады. Емен мен тал жапырақтары пайдаланылмайды, себебі, бұлардың құрамында илік заттар бар. Түскен жапырақтарды бір жерге тығыздап жинайды. Үстіңгі бетіне мал қиының сұйық қоспасын, кейде әктасты құяды, содан кейін осы жағдайда екі жыл сақтайды. Осы уақыттар ішінде бір келкі шіруі үшін бірнеше рет күрекпен араластырып және ылғалдандырып отырады.

Шымтезек топырағы жеңіл, ылғалжиғыш, шіріндіге бай. Оны көбінесе басқа топырақтарға қосып пайдаланады, кейбір өсімдіктерді тікелей өзінде өсіреді. Батпақты жерде дайындайды және штабельде жинайды. Қабаттардың арасында аздап әктас пен тезекті қосуға болады. Шымтезекті дайын болғанша 1-2 жылға қалдырады. Мезгіл сайын бір келкі шіруі үшін 2-3 рет күрекпен аударады.

Бақша немесе бақ топырақтары. Бұны негізінен көшеттерді өсіру үшін пайдаланады. Күзде дайындайды, бақша дақылынан босаған жердің беткі қабатын алады. Оны бір жерге жинап, оған әктас, фосфор, калий тыңайтқыштарын қосып бір жыл сақтайды. Бір жылдан кейін оны қажетіне қарай пайдаланады.

Көкбұта топырақтары. Қылқанжапырақтылар және кейбір өсімдіктерді өсіру үшін пайдаланады. Оны көкбұталар өсетін орманда дайындайды. Жер қыртысын 2-4 см қалыңдықта кесіп алып штабельге жинайды. Төбесінен ылғалдар өтуі үшін тесіктер жасайды. Бір жыл шіріп жатуға тастайды.

Құм. Топырақ қоспасына ауа өткізгіштік қабілет береді. Онда тұқымды өсіреді, өсімдіктің қалемшелерін тамырлатуда қолайлы. Көбіне ағын суда жақсы жуылған, ірі түйіршікті өзен құмы пайдаланылады. Қажет болса оны қайнаған сумен шайып, отқа қыздырады.

Ағаш көмірі шіруге қарсы тұру қасиетімен ерекшеленеді. Ол дымқылды реттеуге жақсы. Ағаш көмірі артық суды тез сіңіріп алады. Көбіне қайың көмірі артықшылығымен ерекшеленеді.

Үгітілген кірпіш топыраққа араласқанда су өткізгіштік қабілеті жақсы және артық суды сіңіріп алады, содан кейін бойындағы суды топырақ құрғап бара жатқанда ылғалды беріп отырады.

Сфагномды мүк. Оны кептірілген және үгітілген түрде пайдаланады. Оны топыраққа ылғалдылығы мен қопсытылған қасиетін арттыру үшін қосады. Өсімдікке жақын орналасқан мүк ауаның қажетті ылғалдылығын сақтап тұрады.

Тапсырма:

1.Топырақ түрлерін ажыратып, аттарын атау

2.Топырақ түрлеріне сипаттама беру, ерекшеліктерін айту

3.Өсімдіктерді үстеп қоректендіру



Бақылау сұрақтар:

  1. Шым топырақты дайындау жолын айтындар?

  2. Қарашірік топырағын дайындау жолын түсіндіріндер?

  3. Бақша немесе бақ топырақтарын қанша уақыттан кейін пайдалануға болады?

  4. Үгітілген кірпіштің маңызы?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Гилберт Р. Комнатные растения: практическое руководство. -М.: Слово, 2001. -144 с.: ил.

  2. Голубев В.: Экологическая культура помещений: Комнатные растения. //Флора. 2002. №4. –С.4-9.

  3. Соколова Т.А., Бочкова И.Ю. Декоративное растениеводство. -М.: Изд. Центр «Академия», 2004. -432с.

  4. Чуб В.В., Лезина К.Д. Полная инциклопедия комнатных растений: Справочные издание. -М.: ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. -415с.: ил.


3 тақырып Өсімдіктерді күту. Топырақ, оны өңдеу тырмалау, сүйреткілеу, қопсыту, топырақ бетін жабу, сыдыра жырту, топырақ тығыздау

Мақсаты:

Өсімдіктерді күту жолын және топырақты өңдеу жолдарымен танысу



Жоспар:

  1. Топырақ

  2. Тырмалау

  3. Топырақты қопсыту

  4. Топырақ бетін жабу

  5. Сыдыра жырту

  6. Топырақ тығыздау

Керекті құрал-жабдықтар:

Тісті және шанышпалы тырмалар, дискілі сыдыра жыртқыштар


Жалпы түсініктеме
Егер де бөлме өсімдігін жиі күтпесе, онда олар кеуіп қалады. Шаң-тозаң жапырақтың белсенділігін төмендетеді, күннің көзін өткізбейді. Егер де жұмсақ үлкен жапырақтың бетін өте үлкен қалыңдықтағы шаң-тозаң болса, онда сумен бүркердің алдында жұмсақ шүберепен сүртіп алған жөн. Оның жапырағы кеппей тұрып өсімдікті күн сәулесі тікелей түспейтіндей етіп қою керек. Су тамшылары күн сәулесінің әсерінен линза ретінде әсер етеді, сондықтан да олар жапырақты күйдіріп қарайып кетуіне әкеліп соғады.

Құрамында аз әктас қосылған таза су жапырақты сүртуге қолайлы. Суы кербез аудандарда тұрсаңыздар, онда жаңбыр суын қолдануға болады немесе су құбырынан алынған суды қайнатып пайдалануға болады. Сондай-ақ сүт, сыра және сірке суын қолдануға болады, бұл заттар жапыраққа жылтыр түс береді. Ол үшін зәйтүн майын қолдануға болады, бірақ та шаң-тозаңды жинайды, ал ол өсімдікке зиянын келтіреді. Сондай-ақ жапырақты тазарту үшін арнайы қосылыстар бар.



Топырақ. Топырақты ғылыми тұрғыдан зерттеу XVIII ғасырдың аяқ кезінен басталды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Докучаев В.В. топыраққа мынандай анықтама берді «Топырақ белгілі бір ауа райы жағдайында, тірі организмдердің (оның ішінде микроорганизмдер де) әсерінен тау жыныстарының беткі қабатынан пайда болған минерал – органикалық табиғи дене».

Топырақтың ең негізгі қасиеті – оның құнарлылығы. Мұның өзі топырақ тараған аймақтың жасына, ауа райына, жер бедеріне, өсімдік және жануарлар дүниесіне, адамның тіршілік әрекетіне байланысты ұзақ жылдар бойы қалыптасады.


жүктеу 285,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау