Сабақтың тақырыбы: ЕТІСТІК. (қайталау сабағы) .
С а б а қ т ы ң м а қ с а т ы :
Білімділік: Етістік туралы берілген білімдерін еске түсіру.
Дамытушылық: ол заттың әр алуан іс-әрекетін
қимылын білдіретін сөз екендігін,
оған қойылатын сұрақтар, етістіктің зат
есіммен байланысы жөнінде берілген
түсініктерді кеңейту.
Тәрбиелілік: берілген жаттығуларды орындау
барысында оқушыларға сұрақ қою арқылы
жаңа тақырыпты саналы түрде ұғындыру.
Еңбек қорлыққа , тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сурет, ереже.
Сабақтың барысы:
1.Үйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын тексеру .
3..Жаңа сабақ.
4.Сабақты бекіту.
5.Сабақты бағалау.
Үйге тапсырма «Зат есімді » жазып жекеше, көпше түрде тәуелдеп, ережені жаттап келу.Ал, барлығың да тәуелдеп жазып келген боларсыңдар. (2-3 оқушыға оқытамын.).Сабақты бекіту үшін балалардан ережені түгел сұрап бекітемін.
1.Сөйлем дегеніміз не?
Белгілі ойды білдіретін сөздердің жиынтығын сөйлем дейміз.
2.Сөйлем неден құралады?
Сөйлем сөзден құралады.
3.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беріп тұрған , толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.Мысалы: Айдын бормен жазды.
4.Қандай сөйлем мүшелерін білесіңдер ?
Бастауыш, баяндауыш.
1.Бастауыш дегеніміз не?
Кім ? Не? Кімдер ? Нелер? деген сұраққа жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейміз Мысалы : Сәуле тоқыды.
2.Баяндауыш дегеніміз не?
Бастауыштың ісін – қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз.Баяндауышқа не істеді? Не қылды?Қайтты? деген сұрақтар қойылады. (Сара жазды. Гүл өсті.)
3.Қандай жағдайда бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады?
Бастауыш та , баяндауыш та зат есімнен жасалса , бастауыштан кейін сызықша (-) қойылады.Мысалы: Әмір – күйші.
4.Бастауыш пен баяндауыш қандай сөйлемнің қандай мүшелері?
Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұраулы мүшелері.
5.Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
Сөйлемдегі бастауыш баяндауыштан басқа сөйлем мүшелер дейміз. Оларға қандай? Кімге? Неге? Қашан? Қайда? деген сұрақтар қойылады.
6.Сөйлем мүшесінің байланысы дегеніміз не?
Сөйлем мүшелері мағынасына қарай өзара байланысын айтамыз. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз. Сызба арқылы көрсетеміз.
7.Жай сөйлем қандай болып бөлінеді?
Жай сөйлем жалаң жайылма болып екіге бөлінеді.
8.Қаратпа сөз дегеніміз не?
Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздерді қаратпа сөз дейміз.
9. Сөз дегеніміз не?
Сөз затың ,сапаның , қимылдың атауы.
10. Сөз құрамы дегеніміз не?
Сөз құрамын сөздің түбірін жұрнағын , жалғауын ажырату арқылы білеміз.
11.Түбір сөз және туынды сөз дегеніміз не?
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз. Мысалы: ерлік , жұмысшы.
12.Сөз таптары дегеніміз не?
Сөз мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді:
Зат есім
Сын есім.
Сан есім .
Етістік.
Зат есім дегеніміз не?
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Зат есімдерге кім? Не? Кімдер ? нелер? деген сұрақтар қойылады.
2.Зат есім нешеге бөлінеді?
Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
1.Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз.
(ана, жер, көз).
2.Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз. Мысалы :іскер , байлық, кезекші.
Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?
Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғаулары дейміз.Тәуелдік жалғаулары 2–жақта : жекеше , көпше.
Зат есімнің тәуелденуі.
I – жақ -ж - м -ым -ім I-жақ - мыз міз, ымыз, іміз
II- жақ -ж, - ң, -ың, -ің II - жақ -ың,- ің
-ңыз,- ңіз -ыңыз,- іңіз
III-жақ -ж, -сы, -сі,-ы, -і III – жақ -ы, -і
Балалар бәріңнің де өткен сабақты жақсы түсініп, меңгергендерің көрініп тұр. Жақсы.
Енді балалар жұмысты оқулықпен жүргіземіз.
Оқулықтағы 326 – жаттығуға қарайық.
Өлеңді оқытып, ауызша талдатамын.
Отынды да жарамын,
Дүкенге де барамын.
Үлкендерге ослай
Мен қолғанат боламын.
Ә.Асылбеков.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойғызып, олардың қай сөз табы екенін айтқызамын.
327- жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазғызамын.Астын сыздырамын.
Мал өрістен келді . Апам биелерді сауды. Ол биелердің сүтінен қымыз ашытты. Біз қымыз іштік. Қымыз денсаулыққа пайдалы.
-Қымыздың денсаулығы жоқ кісілерге емдік қасиеті бар. Біз оны дүниетану сабағынан танысып білгенбіз.
-Осы қымыз қайда ашытылып , қайдан алынып келінеді?
-Ауылдан.
-Ал маған кім айтады 2003-2005 жылы Қазақстан Республикасында қандай жыл болып жарияланды?
-2003-2005 жылдар ауыл жылы болып жарияланды.
-Ауылға байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?
1.Шұғылалы таңымыз 2. Ауыл жері сәніміз
Ауыл жері – бағымыз Мәуесі мал бағымыз.
Қайнарына мөп- мөлдір, Саясында жетілер,
Сусындайды жанымыз. Балдай бала шағымыз.
3.Жүрегімнің лүпілі 4. Гүлденсе біздің аулымз
Сағындырды ауылды Гүлденеміз бәріміз
Ауылдағы қарттарым Ауылменен әрқашан
Түзетер біздің қауымды Кіреді біздің сәніміз.
328 – жаттығу .
Өлеңді мәнерлеп оқытамын.
Төскейден жел еседі,
Төменнен бұлт көшді,
Туған жерім мен үшін
Көк майсасын төседі.
1.Өлеңді жатқа дәптерге жаздырамын.
2.Етістікті тапқызып олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айтқызамын.
Олардың байланысын не қою арқылы білеміз?
Не арқылы көрсетеміз? Сызба арқылы.
Сабақты бекіту.
-Төскей деген сөзді кім қалай түсінеді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады. (дәптерге жазылады).
Төскей – таудың беткей төсі . Әдемі гүлдер өсетін , күн түсетін беті.
Балалар мәтіннің не себебті «Мейірімді қыз қыз» атауын кім біледі.
1.Мейірімді –деген сөз біреуге жаны ашыған үлкендердің тілін алғыш мейірімі қатты түсетін баланы айтамыз.
Мейірді сөзіне қарама қарсы сөз қандай сөз.(Мейірімсіз).
Мейірімсіз адам деп қандай адамды айтамыз?
Ешкімге жаны ашымайтын үлкенің тілін алмайтын қатігез адамды айтамыз.
1.Мәтін дегеніміз не?
-мәтін мағынасы жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.
2.Мәтін неше бөліктен тұрады?
Басы. 2.Негізгі бөлім. 3.Соңы .Қорытынды бөлім.
3.Мәтіннің қандай түрлері бар?
1.Сипаттау 2.әңгімелеу 3. пайымдау.
Сабақта етістік сөзін сөзжұмбақтан тапқызып ережесімен таныстыру арқылы аяқтаймын.
Сабақты қорыту.
Білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма.
329- жаттығуды жазып етістіктерді тауып келу.
Аты – жөні ..........................................................................................................
Тест.
1-нұсқа.
1.Етістікті көрсет.
а) ораза , айт.
ә)сөз , тіл.
б) айт, сөйле .
в) айтпа
2.Туынды сын есімді көрсет.
а)білгіш, айтқыш, байқағыш.
ә)өнерлі, таза , әдемі.
б) үлкендеу , ақыл , айна .
в)көркем ,сұлу
3.Сан есімнің сұрақтарын көрсет.
а) Қанша? Қайда? Неше?
ә) Қанша? Неше? Нешінші ?
б)Неше? Нешінші? Қанша? Қашан?
в) Нешеу?
4.Сан есімді көрсет.
а)бес , сана ,ұйқы.
ә)елу бес , жас, кәрі.
б)қырық , елу , екі жүз.
в)есік екеу.
5.Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді, қандай сын есім дейміз?
А)туынды .
ә)негізгі
б)қосымша
в)жұрнақ
6.Реттік сан есім қатарын белгіле.
а) екі , үшеу, үшінші .
ә) үшінші , төртінші,бесінші.
б)бесінші ,алтыншы , бесеу.
в) атау , жетеу.
7.Берілген етістіктен болымсыз етістік жаса
а)жой
ә)үрле
б)тарт
в)сұра
9.Туынды етістік қатарын белгіле.
а)оқы , шегеле, отыр.
ә)тағала, шегеле, жырла.
б)отыр, тұр , жүр.
в) таға , шеге.
10.Туынды сын есім қатарын белгіле.
а)көк , ақылды , жасыл.
ә)тәртіпті , аппақ , қызғылт.
б) өнерлі , саналы, таулы .
в) өнер, сана.
11.Зат есім дегеніміз не?
а) заттың иесін білдіреді.
ә )заттың сынын білдіреді.
б )заттың атын білдіреді.
в )заттың санын білдіреді.
12.Түбір сөзді тап.
а)өнерпаз
ә)шалғы
б)сушы
в)жұмыс
13.Мына сөздер қай сөз табына жатады?Сөздерді әр сөз табының тұсына топтап жаз: жасыл, алма жатыр , алтау
а)зат есім
ә)етістік
б)сан есім
в)сын есім
14.Етістіктің сұрағын көрсет?
а)кім? не?
ә)не істеді? не қылды?
б)кімді? нені?
в)барлығы дұрыс.
15.Қай сызбада зат есім мен сын есім дұрыс байланысып тұр?
а) жапырақ
асыл бұйым
қымбат
ә) сандық
қысқа тоғай
келген
б) үй
биік тал
тау
в) барлығы дұрыс.
Аты – жөні........................................................................................................................................
Тест.
2-нұсқа.
1.Сан есімнің түрлерін тап.
а)болымды , болымсыз.
ә)есептілік, реттілік.
б)жалқы, жалпы.
в)жалаң, жайылма.
2.Күрделі зат есімді белгіле?
а)шаңғышы
ә)Абай Құнанбаев
б)бапкер
в)әнші
3.Дара етістікті тап.
а)Айбар оқып отыр.
ә)Айбар оқыды.
б)Айбарда оқығалы отыр .
в)Айбар оқып болды.
4.Сөйлем неден құралады?
а)дыбыс
ә)сөз
б)буын
в)түбір
5.Дұрысын тап.
а) Жалқы есім бас әріппен жазылады.
ә)Жалпы есім бас әріппен жазылады.
б)Сөздер бас әріппен жазылады.
в)Жер, су , аттары бас әріппен жазылады.
6.Туынды сын есім қатарын көрсет?
а)тау, дала , гүл.
ә)сулы , өнегелі, әсерлі.
б)біл, жүз, тап.
в)оқы , тұр, ойна .
7.Берілген етістіктен болымсыз етістік жаса
а)би
ә)ойна
б)жай
в)тұр
8.Туынды етістікті тап.
а)оқы
ә)жазба
б)жаз
в)шегеле.
9..Мына сын есімнің қайсысына алма сөзімен тіркестіріп айтуға болады?
а)ұзын , биік.
ә)қызыл , дәмдә.
б)үлкен, кең.
в)сары, тор.
10.Реттік сан есім қатарын белгіле.
а)екі , үшеу, үшінші.
ә)үшінші , төртінші , бесінші.
б)бесінші , алтыншы , бесеу.
в)бесеу, алтау, он шақты.
11.Сын есім қатарын белгіле.
а)киім
ә)түймедей
б)сексен
в)отыр
12.Жіктелген тәуелді зат есім қатарын табыңдар.
а)дәрігерімсің
ә)көмекші
б)шөптің
в)айна
13.Күрделенген сын есімді көрсет.
а) ақша бұлт
ә)көк ала доп
б)төрт, бес алма
в)алама қызыл
14.Туынды зат есім қалай жасалады?
а)жалғау жалғану арқылы
ә)жұрнақ жалғану арқылы
б)туынды зат есім болмайды.
в)дұрыс жауабы жоқ.
15.Қай сызбада зат есім мен сын есім дұрыс байланысып тұр?
а) жапырақ
жасыл бұйым
қымбат
ә) сандық
ұзын тоғай
келген
б) әдемі
қыз көркем
сұлу
в) барлығы дұрыс
№
|
1- нұсқа
|
2-нұсқа
|
1
|
б
|
ә
|
2
|
а
|
ә
|
3
|
ә
|
а
|
4
|
ә
|
ә
|
5
|
б
|
а
|
6
|
б
|
ә
|
7
|
ә
|
в,а,б,ә
|
8
|
ә
|
В
|
9
|
ә
|
ә
|
10
|
б
|
ә
|
11
|
б
|
ә
|
12
|
б
|
а
|
13
|
в,а,әб.
|
ә
|
14
|
ә
|
ә
|
15
|
б
|
б
|
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының
педагогика факультетінің ПМНО-22-1.3.5. тобының білімгері
Шаухаева Жанара Кенжеханқызының
«Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі мен мазмұндылығы» тақырыбына орындаған диплом жұмысына
ТҮЙІН.
Бастауыш сынып пәндеріндегі деңгейлеп оқыту технологиясының принциптеріне сүйеніп , технологияны сабақтың мақсатына сай қолданудың жан – жақты жолдарын қарастырып, жаңаша технология мүмкіндіктерін қазақ тілі пәнінде пайдалануға болатындығына көз жеткізу.
Зерттеудің пәні : Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтары.
Зерттеудің мақсаты: Жаңаша педагогикалық технологияны сабақ өту барысында қолдану арқылы бастауыш мектепте білім беру дәрежесінің жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің мүмкіндіктерін анықтау.
Диплом жұмысының құрылымы : Диплом жұмысы кіріспеден , екі тараудан , қорытындыдан , пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Аннотация.
На дипломную работу студентки группы ПМНО 22-1.3.5.Шаухаевой Жанары Кенжехановны выполненную на тему :«Возжожности и важней дифференцированных технологии обучения предметов в начальных классах».Отираясь на технологические принципы , как дифференцированное обучения. В обучения предметов в начальных классах , рассматривая разных пути , доказала что все возможности дифференцаций можно пременять в предмете казахского языка.
Предмет исследования- предмет казахской язык в начальной школе.
Цель исследования – определить возможности разнятия на новый качественный уровень степень образования в начальной школе при дифференцированной технологии в проведении уроков.
Структуре дипломной работы- дипломная работа состоит из введения , двух глов , заключения , списка литературы и приложения.
The Summary.
On degree work student of group PMNO 22-1.3.5. Shaucaevoy G.K. On a theme : ‘Opportunitiesof new pedagogikacal Different tecynology in trainind sudjects in initial classes” On technological principles asprodram training and in training sudjects in initial classes , difterent ways has proved that all opportunities of new technology can be applied in any subject .
The prupose of the studu – define the way gualitative level a degree of formation ( e ducation ) in an Elementary school , with the help application of new pedagodical technology in realization of lessons . Structure of degree work : the degree work con clusion, list of the literature and niethodical appendix.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының
педагогика факультетінің ПМНО 22-1.3.5. тобының білімгері
Шаухаева Жанар Кенжеханқызының
«Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі мен мазмұндылығы»
тақырыбына орындаған дипломдық жұмысына
П І К І Р
Жаңа ғасыр қоғамымыздың білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологияларды жүзеге асыруды пайдалы деп шешуіне байланысты білім негізінің бастамасы – бастауыш мектеп пәндерінде , әсіресе қазақ тілі сабағын оқытуды жаңаша педагогикалық технология деңгейлеп оқытудың талаптарына сүйеніп жүргізу дипломдық жұмыста сауаты да , нәтижелі көрсетілген.
Диплом жұмыс кіріспеден , екі тараудан , қорытындыдан , пайдаланылған әдебиеттер тізімі , отандық, ресейлік ғалымдар мен әдіскерлердің еңбектері және әдістемелік қосымшадан тұрады.
Бірінші тарауда білім берудегі деңгейлеп оқыту технологиясының тоериялық негіздері , әсіресе бастауыш мектеп білім мазмұнына сай технологияның түрлі элементері мен ерекшеліктері қарастырылған .
Екінші тарауда деңгейлеп оқыту технологиясының әдістемелік сипаттарын ендіру жолдары , мұндағы бастауыш мектептің қазақ тілі пәнінде оқушылардың деңгейлік технология негізінде алынған деңгейлік тапсырмалардан даму мониторингін бағалау рейтингісі көрсеткіштері арқылы сабақ мазмұнының сапалы деңгейге көтерілу мүмкіндігін анықталған.
Қосымшада қазақ тілі сабағында деңгейлік технологияны жүргізуге арналған деңгейлік тапсырмалардың әдістемесін жасап ұсынған.
Педагогикалық экспериментте сандық –сапалық талдау жасалынып, нәтижесін пайыздық талдаумен көрсетілген .
Дипломдық жұмыс деңгейлік оқыту технологиясының мәселелерін терең ашып, технологияның теориялық мазмұнын практикамен нәтижелі ұштастырылған .Жалпы айтылғандарды ескере отырып Шаухаева Жанардың дипломдық жұмысын «өте жақсы » /5/ деген бағамен бағалаймын.
Ғылыми жетекші / / Ботанкулова А
Достарыңызбен бөлісу: |