7. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Теориялық материалды меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау.
№ 1 дәріс
Тақырып: Дефектология-ғылым ретінде.
Дәріс мазмұны:
1.Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері.
2.Дефектологияның салалары.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 2 дәріс
Тақырып:Арнайы оқыту мен тәрбиелеу теориясы және практикасының дамуы.
Дәріс мазмұны:
1.Арнайы оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен практикасының дамуы
2.Дефектологияның даму мәселелері.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№3 дәріс
Тақырып: Ақаулығы бар балалар
Дәріс мазмұны:
1.«Ақаулық» түсінігі.
2.Ақаулығы бар балалардың ерекшеліктері
3.Ақаулықтың болу себептері
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 4 дәріс
Тақырып: Арнайы педагогиканың психологиялық негізі
Дәріс мазмұны:
1.Арнайы психологияның міндеттері
2.Арнайы психологияның негізгі түсініктері, мәселелері.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 5 дәріс
Тақырып: Арнайы педагогиканың клиникалық негізі
Дәріс мазмұны:
1.Арнайы педагогиканың клиникалық негізінің мазмұны мен маңыздыдылығы
2.Бала организмінің дамуы
3.Медициналық абилитация және реабилитация түсінігі.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 6 дәріс
Тақырып: Арнайы педагогиканың лингвистикалық және психолингвистикалық негізі
Дәріс мазмұны:
1.Арнайы педагогиканың лингвистикалық және психолингвистикалық негізі
2.Лингвистика және психолингвистика мәселелері
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 7 дәріс
Тақырып:Ақыл- ойы баяу дамыған балалар
Дәріс мазмұны:
1.Олигофрения және оның деңгейлері.
2.Ақыл-ойы баяу дамыған балалар
3.Ақыл-ойы баяу дамыған балаларды оқыту және тәрбиелеу
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 8 дәріс
Тақырып:Психикалық дамуы баяу балалар
Дәріс мазмұны:
1.Психикалық дамуы баяу түсінігі
2.Психикалық дамуы баяу балаларға психологиялық- педагогикалық сипаттама
3.Психикалық дамуы баяу балаларға кешенді көмек ету жүйесі
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 9 дәріс
Тақырып: Естуі бұзылған балалар
Дәріс мазмұны:
1.Сурдопедагогиканың мақсаты мен міндеттері
2.Есту бұзылысының жіктелу түрлері
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 10 дәріс
Тақырып: Естуі бұзылған балаларға арнайы білім беру.
Дәріс мазмұны:
1.Естуі бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұны
2.Естуі бұзылған балалардың тілдік бұзылыстары
3.Саңырауларға арналған арнайы техникалық құралдар.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 11 дәріс
Тақырып:Көруі бұзылған балалар
Дәріс мазмұны:
1.Тифлопедагика пәні, міндеттері
2.Көру бұзылысының түрлері
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 12 дәріс
Тақырып:Көру ақаулықтары бар балаларды мектепте оқыту
Дәріс мазмұны:
1.Көру ақаулықтары бар балаларды мектепте оқыту
2.Арнайы мектептің негізгі міндеттері
3.Арнайы мектеп сатылары
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 13 дәріс
Тақырып: Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалар
Дәріс мазмұны:
1.Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының түрлері
2.Тірек –қимыл аппараты бұзылған балаларға сипаттама
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 14 дәріс
Тақырып: Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалар әлеуметтенуі
Дәріс мазмұны:
1.Әлеуметтік бейімделу бағыттары
2.Түзету -тәрбиелеу жұмыстарының жүзеге асырылуы
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 15 дәріс
Тақырып: Ерте балалық шақтағы аутизм
Дәріс мазмұны:
1.Ерте балалық шақтағы аутизм синдромының түсінігі.
2.Аутизм себептері.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 16 дәріс
Тақырып: Тұлғаның аутистикалық сипаттамасы
Дәріс мазмұны:
1.Клиникалық- психологиялық - педагогикалық сипаттама.
2.Білім беру мен әлеуметтенудың даму мүмкіндікткрі.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 17 дәріс
Тақырып: Сөйлеуі бұзылған балалар
Дәрістің мазмұны
1.Логопедияның мақсаты мен міндеттері
2.Сөйлеу тілінің бұзылу түрлері
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 18 дәріс
Тақырып: Жалпы тіл кемістігі
Дәрістің мазмұны:
1.Жалпы тіл кемістігі
2.Жалпы тіл кемістігінің деңгейлері
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 19 дәріс
Тақырып: Сөйлеуі бұзылған балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі
Дәрістің мазмұны:
1.Білім беру жүйесіндегі арнайы топтар
2.Денсаулықты сақтау жүйесіндегі логопедиялық көмек.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 20 дәріс
Тақырыбы: Жазбаша сөйлеу
Дәріс мазмұны:
1.Жазбаша сөйлеу туралы түсінік
2.Жазбаша сөйлеудің бұзылуын анықтау тәсілдері
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 21 дәріс
Тақырып: Күрделі ақаулық құрылымы бар балалар
Дәріс мазмұны:
1.Күрделі ақаулық құрылымы туралы түсінік
2.Күрделі бұзылыстағы ақаулық құрылымының топтары
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 22 дәріс
Тақырып: Мінез- құлқы бұзылған балалар
Дәріс мазмұны:
1.Мінез- құлқы бұзылған балаларға сипаттама
2.Психопатотивтегі психикалық дескомпенсацияның көрінуі
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 23 дәріс
Тақырып: Ақаулығы бар тұлғаларды еңбек етуге кәсіби бағдар беру.
Дәріс мазмұны:
1.Ақаулығы бар тұлғаларды еңбек етуге көмек ету
2.Ақаулығы бар тұлғаларға кәсіби бағдар беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 24 дәріс
Тақырып: Ақаулығы бар тұлғаларға көмек ету және оларды қолдау
Дәріс мазмұны:
1.Ақаулығы бар тұлғаларға көмек ету
2.Мүмкіндіктері шектелген тұлғаларды қолдау сипаты
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№25 дәріс
Тақырып: Медициналық-әлеуметтік –педагогикалық патронаж
Дәріс мазмұны:
1. Медициналық-әлеуметтік –педагогикалық птаронаж
2. Кешенді медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж
3. Ерте көмек көрсету бағдарламалары
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№26 дәріс
Тақырып:Медициналық-педагогикалық-психологиялық комиссия қызметі
Дәріс мазмұны:
1.МППК-ның мақсаты мен міндеттері және оның ұйымдастыруы.
2.МППК-ның әдістамалық негіздері.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 27 дәріс
Тақырып:Педагог психологтың іс-әрекет диагностикасын ұйымдастыру мазмұны
Дәріс мазмұны:
1. Диагностикалық іс-әрекеттің жалпы мазмұны
2. Педагогикалық психологиялық зерттеу мазмұны.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 28 дәріс
Тақырып:Диагностикалық іс-әрекеттің ұйымдастырылу талаптары.
Дәріс мазмұны:
1. Зерттеуді ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар.
2. Психологиялық-педагогикалық зерттеу процедураларының өзара байланысы.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№29 дәріс
Тақырып: Кәсіби қызмет және арнайы білім беру жүйесіндегі педагог тұлғасы.
Дәріс мазмұны:
1.Арнайы білім беру жүйесіндегі кәсіби қызмет мазмұны
2.Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог тұлғасы
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№30 дәріс
Тақырып: Ақаулығы бар балаларға арналған мекемелерді ұйымдастыру
Дәріс мазмұны:
1.Ақаулығы бар балаларға арналған мекемелерді ұйымдастыру
2.Ақаулығы бар бала арналған мекемелердегі арнайы білім беру принциптері
Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау.
-Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі
-Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.
Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарына жазады.
Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсыныстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.
“Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.
-Аквариум әдісі: “Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Сондықтан да мұны аквариум деп атайды.
-Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.
“Мозайка” әдісі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі
Кезеңдер
|
Позициялар
|
Мазмұны
|
1 кезең. Жеке жұмыс.
|
А Б
В Г
|
Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.
|
2 кезең. Жұппен жұмыс
|
А <-> Б
В <-> Г
|
Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.
|
3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)
|
А Б
| |
В Г
|
Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.
|
4 кезең. Топтық шешім қабылдау
|
А Б
\ /
/ \
В Г
|
Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.
|
Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.
-Ассоциация стратегиясы: «Ассоциация» стратегиясын әдетте студенттер жаңа ұғымды меңгеру кезінде қолданады. Бұл арқылы олар осы ұғым бойынша бұрыннан білетін түсініктерін топ болып ортаға салады. Әрбір топта 4-5 студенттен артық болмағаны дұрыс. Содан кейін әрбір студент жеке не топ болып «Түртіп алу», «3-4 айналым» тағы да басқа әрбір пәнге және мәтінге тиімді стратегияларды пайдалана отырып, жазып келген материалдарын талдау жасайды. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады.
-Кубизм стратегиясы:Бұл стратегия кубиктің 6 жағына байланысты және соған орай берілетін тақырып немесе тапсырмаларға байланысты. Студенттер әдетте алты топқа бөліне отырып, белгілі бір тақырып не оқу материалын жан-жақты талдайды. Яғни, әрбір топ өзіне берілген тапсырма бойынша белгіленген уақыт ішінде өз жұмыстарын жан-жақты, мәнді, терең ашып, талдап көрсетуі тиіс. Дайындыққа және өз жұмыстарын қорғауға уақыт белгіленеді. Мысалы, 1-топ «салыстырыңыз», 2-топ «суреттеңіз», 3-топ «талдаңыз», 4-топ «ұсыныс жасаңыз», 5-топ «дәлелдеңіз», 6-топ «ассоциация жасаңыз» деген тапсырмалар алады. Кейде әрбір топқа бөлек тақырыптар да берілуі мүмкін.
-РАФТ стратегиясы:«РАФТ» (роль, аудитория, форма, тақырып) стратегиясы бойынша студенттер оқылған мәтінге байланысты топтарға бөліне отырып, түрлі рольдерді орындау арқылы хабарламалар жасайды. Мысалы, президент (роль) болып, белгілі бір тақырып бойынша халыққа (аудиторияға) үндеу (форма) жолдауы мүмкін, немесе радиодан, теледидардан сөйлеу т.б. Тақырыпты оқытушы әдетте сабақ тақырыбына байланысты береді. Оқытушы студенттердің өз «қойылымдарында» тақырыптан ауытқымай, оқу материалын толық ашып, көрсетуін қадағалау керек.
Р - Роль
А - Аудитория
Ф - Форма
Т - Тақырып
-ББҮ стратегиясы: «ББҮ» - білемін, білгім келеді, үйрендім сөздерінен қысқартылып алынған. Студент бұл стратегияны да көптеген жағдайларда еркін қолдана алады. Мысалы, сабақ басталған кезде студент сол ұғым немесе тақырып бойынша не білетіндігін, білгісі және үйренгісі келетіндігін өз кестесіне түсіреді. Бұл кестені тақтаға сызып, оған топтың ойларын да жазып қоюға болады. Сабақа соңында сол материалды игере отырып, кестені толтыруға тырысады. Немесе студент оқу жылының басында белгілі пән бойынша осы кестені толтыра отырып, өз білімінің толығуын бақылап отыра алады. Оқытушы бұл кестені жағдайға қарай өзгертіп қолдануына болады.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
|
|
|
-Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.
-Еркін жазу: Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде студенттер (оқушылар) өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
-Топтастыру стратегиясы:
Бұл әдісті жаңа тақырыпты өтерде немесе өткен тақырыпты қайталау кезінде қолдануға болады. Студенттер бұл жұмысты топ болып орындайды. Жаңа материалды өткен кезде қолданған жағдайда сабақ соңына қарай бұл жұмыс толықтырылады.
-Пікірталас жүргізу әдістемесі (классикалық кесте):
Мақсаты: проблемалық пікірталас негіздерін анықтау, жүргізуші ролін және функцияларын анықтау.
Тақырыпты нақтылау және жазба (тезис). Пікірталастағы маңызды шарт тезиті немесе тақырыпты ашу. Егер қатысушылар сабақ тақырыбынан тірек сөздері мен басты ұғымдарды бөліп қарастыра алса, бұл пікірталастың “басқа жаққа” ауытқып кетпеуіне, логикалық бағытының бұзылмауына, тұрмыстық мысалдарда тұрып қалмауына кепілдік береді. Жүргізушінің фнкцияларымен танысу; пікірталас уақытын анықтау. Мәселені талқылау. Қорытынды жасау; жүргізуші ролін бағалау (ертерек анықталған функциялар бойынша).
-Өзара әдісі:
Оқу төрттігін (“Өзара”) ұйымдастыру кестесі
Кезең
|
Іс-әрекет мазмұны
|
1. Жеке жұмыс.
|
Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.
|
2. жұппен жұмыс (горизанталды байланыс).
|
Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды. Мазмұн бойынша тапсырма бұрынғыша қалады, бірақ бұл кезеңнің мақсаты жұп болып ортақ шешім шығару. Ұсынылған шешім сол екі қатысушылардың ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.
|
3. Жұппен жұмыс (вертикалды байланыс).
|
Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, Табылған шешімді қорғауға үйренеді.
|
4. Топтық шешім қабылдау.
|
Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.
|
№ 1 семинар
Тақырып:Дефектологияның міндеттері, әдістері және принциптері
Семинар мазмұны:
1.Дефектологияның негізгі міндеттері
2.Дефектологияның әдістері
3.Дефектологияның принциптері
Әдістемелік нұсқау: «Мозайка».
№ 2 семинар сабақ
Тақырып: Дефектологияның құрылуына және оның дамуына Л.С Выготскийдің ролі.
Семинар мазмұны:
1.Л.С Выготскийдің өмірі мен еңбегі
2.Л.С Выготскийдің дефектологияның құрылуына және оның дамуына қосқан үлесі.
3.Л.С.Выготскийдің биологиялық және әлеуметтік бірлігі теориясы
Әдістемелік нұсқау: «Еркін жазу».
№ 3 семинар сабақ
Тақырып: Арнайы білім берудің құқықтық негізі
Семинар мазмұны:
1.Арнайы білім берудің құқықтық негізі
2.Мүмкіндігі шектелген балалар категорияларына көмек ету.
Әдістемелік нұсқау: «Коллоквиум».
№4 семинар сабақ.
Тақырып: Ақыл- ойы дамуы баяу балалар
Семинар сабақ мазмұны:
1.Олигофренияның соматикалық және неврологиялық белгілері
2.Олигофренияның клиникалық формалары
3.Көмекші мектеп және оның негізгі міндеттері
Әдістемелік нұсқау: «Үлкен шеңбер» әдісі.
№ 5 семинар сабақ
Тақырып:Естуі бұзылған балаларға арнайы білім беру
Семинар сабақ мазмұны:
1.Нашар еститін балаларға арналған арнайы мектеп жұмысының мазмұны
2.Естуі бұзылған балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқау: «Дөңгелек үстел».
№ 6 семинар сабақ
Тақырып:Көруі бұзылған балалардың психикалық ерекшеліктері
Семинар сабақ мазмұны:
1.Бала өмірінде көрудің маңыздылығы
2.Соқырлар мен нашар көретіндердің қабылдау, есте сақтау ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқау: «Ассоциация» стратегиясы.
№7 семинар сабақ
Тақырып:Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалар
Семинар сабақ мазмұны:
1.Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері
2.ДЦП– ға шалдыққан балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыс мазмұны
Әдістемелік нұсқау: «РАФТ» стратегиясы.
№ 8 семинар сабақ
Тақырып: Ерте балалық шақтағы аутизм балалар
Семинар сабақ мазмұны:
1.Ерте балалық шақтағы аутизм балалардың психикалық даму ерекшеліктері
2.Ерте балалық шақтағы аутизм балалармен психокоррекциялық әдістер топтамасы
Әдістемелік нұсқау: «Пікірталас жүргізу».
№ 9 семинар сабақ
Тақырып: Логопедияның әсер ету әдістері мен принциптері
Семинар сабақ мазмұны:
1.Логопедияның принциптері
2.Логопедиялық әдістердің қолданылуы
3Логопедиядағы көрнекілік әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |