Дарынды тану және дамыту жолдарының оқу тәрбие үрдісінде жүзеге асырылуы.
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі-білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазақстан республикасының «Білім туралы»Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдың дамуы, жеке адамның дарынылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше күрделі іс. Осы күрделі істі жүзеге асыруда тәрбие жетекшісінің орны бөлек. Дарынды оқушымен жұмыс істейтін әрбір мұғалім, тәрбие жетекшісінің көкейінде мынадай сұрақтар тұрары сөзсіз. «Дарындылық,данышпандық,қабілеттілік дегеніміз не?Дарындывлықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: қоршаған орта ма,тұқымқуалаушылық па,әлде тәрбие ме?», «Дарындылықты анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің қайсысы нәтижелірек?».Бұл сұрақтардың жауабын міндетті түрде ғалымдар зерттеулерінен іздеу қажет.Мысалы орыс ғалымы Ожеговтың сөздігінде: «Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық» деп атайды. Ожеговтың сөздігінде дарындылық-«табиғаттан берілетін ерекше қабілет»деп түсіндіріледі.
Ал дарындылық әрбір адамның ақыл-сана,оқу, шығармашылық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді»- деп жазылған.
Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық,тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу, мұндай тұлғалар, сонымен бірге мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллектілік деңгейі анағұрлым жоғары.
Ғалымдар еңбегіне сүйене отырып, дарындылықты төмендегідіей саралауға болады: ранаулы дарындылық, жалпы дарындылық, интеллектуалды дарындылық, коммуникативті дарындылық, сенсомоторлық дарындылық, шығармашылық дарындылық, креативтілік дарындылық. Енді әрқайсысына анықтама берейік.
Арнаулы дарындылық- белгілі бір бағытта ерекше қабілеттер
таныта білу; Жалпы дарындылық- қызмет шеңберінің кең қабілеттілігі; интеллектіден өзгеше, оны индивидтің өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілет;
Интеллектуалды дарындылық- көрнекті жетістікке жетуде ой және академиялық (оқуда) дарындылығы басым қабілет;
Коммуникативті дарындылық- адамдарды түсіну және басқару қабілеттіліктері жоғары тұлға. Басқа адамдарды терең түсінеді,олардың мінез-құлқын болжайды;
Сенсомоторлық дарындылық- қызмет қабілеті жоғары.Оның екі түрі бар:
Өз дене бітімдерін ұстай алатндар (олар болашақ спортсмендер, бишілер, әртістер)
Қабілеттері нәзік тоқу, тігу т.б. икемді адамдар;
Шығармашылық дарындылық-шығармашылық қабілетті жоғары, жаңалық ашатын қабілеттері ерекше дарындылық;
Креативтілік дарындылық- іс әрекеттің әр алуан саласында ұлы жетістіктерге жету үшін интеллекті емес, психиканың одан да күрделі ерекшеліктері жаңа: ұшқыр ойлар мен идеалды туындату және қисыны көп, стандартты емес есептердің шешімін таба білетін қабілеті жоғары тұлға.
Дарынды оқушыларды анықтау күрделі үрдіс. Осы үрдісте мынадай келеңсіз жағдайлардың тәрбие жетекшісіне көп келетін тәжірибе анықтады.
Мысалы:
-Дарынды оқушыларға немқұрайлы қарау; олардың ішкі жан-дүниесіне үңіле алмау.
-Дарынды оқушының ерекшелігін, қажеттіліктерін және онымен жұмыс жасаудың кешенді диагностикалық әдістемелерін білмегендіктен дарынды оқушыны тани алмау.
-Оқушы мен жекелей, арнайы жұмыстардың жүргізілмеуі.
- Оқушы дарындылығын анықтау, дамытудағы ғылыми зерттеу жұмыстардың қажеттілігін сезінбеу, яғни ғылымға жүгінбеу.
Осы кезеңсіз жағдайлардан бас тарта отырып, мына мәселелерді басшылыққа алған жөн:
Дарынды оқушы мен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезіну;
Қабілеті жоғары оқушы мен жақсы қарым-қатынаста болу:
Дарынды оқушы мен жұмыстың нәтижелі әдіс-тәсілдерінен талмай іздену;
Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болу;
Жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін меңгерту;
Дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білу;
Қызіргі заманға сай оқытумен, тәрбиелеудің жаңа технологияларын тәжірбибеде пайдалану;
Оқушының пәндік үлгіріміне ғана көңіл бөлмей, тұлғалық басқа қасиеттеріне де көңіл бөлу;
Дарынды оқушыны анықтау әдістері мен жұмыс жасау;
Оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алу.
Дарынды анықтау мен айқындау күрделі үрдіс. Дарындылықты бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы санақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылып анықтау қажет.
Дарынды оқушыны тау
Дарынсыз бала болмайды. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу мұғаліммен, тәрбиешінің парызы. Дарындылық ең алдымен сана мен жүйенің сапалық көрнісі. Ол өзіне танымдық, ер-жігерлік дамушылық ерекшеліктерді біріктіреді. Сондықтан, табиғаттың бұл дара құбылысын тани білу, яғни өзін қоршаған ортамен тығыз байланыста, ерекшеліктерін екшеуде, жас жас мөлшері, қабылдау деңгейі көлемінде жүзеге асырылуы қажет. Сонда неден бастау керек? Ең дұрыс жолы- бұл проблемаға тереңдей ену, қоғам мен мемлекеттің дарынды оқушылармен жұмысқа не себепті мән беріп отырғандығын түсіну. Жалпы ғылымда дарындылықты екі тұрғыдан тану байқалады. Біріншісі генетикалық негіздегі құбылыс, екішісі жеке тұлғаның потенциалдық деңгейі. Дарындылық проблемасының зерттеле бастағанына 100 жылдан астам уақыт өтті. Қалай дегенмен де ол баланың интеллектуалдық қабілеті мен өлшенеді. Дарынды балалардың ерекше белгілері төрт ғалым еңбегінде төмендегідей қарастырылған.
1.Дарындылардың өзгеше ойлау ерекшеліктері.
2.Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан ерекшеліктері.
3.Физикалық және одан тыс сезімдер тұрғысынан ерекшеліктері.
4.Әлеуметтік тұрғыдан ерекшеліктері. Жоғарыда көрсетілген топтар түрінде қарастырылған ерекшеліктердің барлығын әр бір дарынды оқушының бойынан байқауымыз мүмкін. Мысалы Кан мен Каафтың методикасына сүйеніп жасаған Савенковтың «Дарындылықты анықтау» сипаттамасымен екінші жылы жұмыс жасап келеді. Ол дарындылықты анықтаудың 10 түрін қарастырған (практика түрінде айту)
Дарынды оқушыларды тануда мынадай ерекшеліктерге айрықша назар аудару қажет.
-Дарынды бала өзгеше ойлайды.Яғни көп көлемде білім меңгереді және оларды ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары болады.
-Ішкі сезімі жағынан өзгеше болады. Өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қоя біледі.
- Әлеуметтік тұрғыдын ерекшеленеді. Адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғары моральдық қасиеттерге ие болады.
Жоғарыда көрсетілген ерекшеліктердің барлығын әрбір дарынды оқушының бойынан байқаумызда, байқамауымызда мүмкін. Дарынды оқушы бұл төрт топтың бірінде өте жоғары нәтиже көрсетуі мүмкін.
Дарындылықты анықтауда сауалнамалардың маңызы ерекше. Психоөлшеу сауалнамалары бала бойындағы қайсыбір дарынның байқалуы мен өзгеру қозғалыстарын зерделеуде септігін тигізеді.Сонымен қатар балада танымдық ынталану жоғалғанда немесе тіптен болмаған жағдайда оның жасырын дарындарын диагностикалауға көмегін тигізеді. Осылайша, сауалнамалар бала бойындағы қандай да бір дарынды анықтауда пайдаланатын әдістердің бірі ретінде қолданылады.Осы мәселедегі іс тәжірибемізді ортаға салып көрейік. Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін ең алдымен дарынды анықтау, айқындау жолдарынан іздену аса қажет. Ғалымдар тұжырымдамалары, психолог,ата-аналар тәжірибелі, жаңашыл ұстаздар іс тәжірибелеріне де сүйенудің керектігіне түсініктің қажеті жоқ. Ең алдымен ата-аналар көмегіне сүйендік. Оларға қарапайым ғана сұрақтарға негізделген төмендегідей сауалнама ұсынылып, сол сауалнама жауабына назар аудардық.. «Менің балам-дарынды» атты сауалнама сұрақтары:
-Қалай ойлайсыз, сіз балаңызды дарынды бала деп есептей аласыз ба?
- Балаңыздың қандай қабілеттерін байқаңыз?Оны не қызықтырады,неге икемді?
-Ән,күй өнері;
-Сурет,сәулет өнері;
- Қол өнері;
-Ақындық, жазушылыққа икемділігі;
-Театр, рәтістік өнері;
-Қай пәнді ерекше жақсы көреді;
-Басқа да қандай өнер салаларына жақын?
-Оның қабілеті, дарынын қалай анықтадыңыз?
-Балаңыздың қабілетін дамытумен айналысасыз ба?
-Сіз байқауыңызша балаңыз өзін-өзі дамытумен айналыса ма?
- Тәрбие жетекшісінен, ұстаздардан қандай көмек күтесіз? Бізге қандай ақыл кеңес айтар едіңіз?
-Сіз жассыз, біліміңіз бар, балаңыздың дарын дамыту үшін қандай еңбектерімен, іс тәжірибелермен таныссыз, педагогикалық еңбектерді оқып, таным жұмысыңызға пайдаланып жүрсіз бе?
Бірінші кезеңде осы сауалнамаға үңіліп сараптама жасалатынды. Көпшілік ата-ана балаларын қабілетті, дарынды бала деп есеКөпшілік ата-ана балаларын қабілетті, дарынды бала деп есеейтініне көз жетті.
Екі кезеңде мектептегі психолгпен бірге отырып оқушылармен «Мен дарынды баламын» тақырыбында сауалнама жүргізді.
Сұрақтары:
Өзіңді дарынды баламын деп есептейсіңбе?
Өнердің қай саласын ұнатасың, қайсысына бейімсің?
Қай пәнді ерекше жақсы көресің?
Өз қабілеттің , дарынды дамыту үшін не істеп жүрсің?
Ғылыми жобажазғың келеме? Қай пәннен, қай тақырыпта жазар едің?
Саған қандай көмек керек?
Үшінші кезеңде пән мұғалімдеріне сауалнама ұсынылды.
«Мен дарынды баланың ұстазымын». Сұрақтар:
Қалай ойлайсыз, өз пәніңіз бойынша дарынды бала деп кімді атар едіңіз?
Өзіңіз атаған балалардың қабілетін қалай анықтадыңыз?
Дарынды дамыту үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Іс тәжірбиеңізді ортаға салсаңыз.
Тәрбие жетекшісіне айтар ақыл кеңесіңіз?
Сауалнамалардын соң пікірлесу жүргізілді. Ата-ана. Ұстаз, оқушылардың жауабын, ұсыныстарын мектеп психогымен бірлесе отырып талқылап, алдыдағы жұмысқа бағыт-бағдар алдық.. Әрине қай сауалнама болсын, оның жауабын абсалюттік шындықдеп есептеуге болмайтыны түсінікті. Дегенмен, сауалнама диагностика үшін, бағыт бағдар, хабар алу үшін қажетті әдіс.
Сауалнамалармен жұмыстан кейін ата-аналар, ұстаз-тәрбиешілер, оқушылар мектеп басшылығымен бірге отырып кіші педагогикалық кеңес өтілді. Кеңесте «Дарынды дамыту жолдары» сөз болды. Ол туралы тәрбие жетекшісінің жұмыс жоспары талқыланды, ақыл кеңестен бағыт бағдарлар белгіленді. Сауалнама төмендегідей кемшіліктердің бетін ашты.
Ата-аналардың басым көпшілігі баласын дарынды деп есептегенмен оны дамыту жолдарынан ізденбейтіні, тіпті көңіл бөлмейтіні:
Дарынды дамыту тек мектептің, ұстаз тәрбие жетекшілерінің тікелей жұмысы деп есептейтіндері;
Педагогикалық еңбектерді ата-аналардың оқымайтыны, тәрбие жұмысында пайдаланбайтыны, тек «өзіндік шеңберден» шыға алмауы;
Кейбір ұстаз-тәрбие жетекшілер дарынды аныұтау жолдарынан ізденбейді. Ғалымдар еңбегіне ұңілмеушілік, -ізденістің жоқтығы;
Дарынды балалармен арнайы жұмыс жоспарларыныңда талапқа сай еместігі. Осы кемшіліктерді ескере отырып, дарындылықты анықтау, оны дамытуды мақсат еткен жоспар жасалынды. Оны төмендегідей модельден көруге болады.
Осы жоспардың бірі екі саласына тоқталайық..
Кеш өткізудің күрделілігі әрі жауапты екені түсінікті. Тіпті кеш өткізу тәрбие жетекшісінің негізгі жұмысы деп есептемеймін. Дегенмен оның оқушыларды ұйымшылыққа баулуда, дарын көзін ашуда, өнерге, шығармашылық іс әрекеттерге жетелеуде, өзін-өздері танытудағы маңызы зор. Кеш дайындығына оқушылар қызыға кірісті. Оқушылар тіпті қуанып, шабыттанып жүрді. Ол кезде тәрби жетекшісіне әрі режиссер, әрі сценарист, әрі гример, әрі әртіс болып жүруге тура келеді.
-
Ата-аналармен жұмыс. Дарынды қолдау, дамыту қорын құру
Өнер адамдары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысатын дарынды қолдау штабын құру
Әр түрлі кездесулер өткізу, кештер өткізу, дискуссиялық клубтарға қатысу
Облысымызда өтіп жатқан Республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарларға қатысу, баяндама жасау.
Өздерін-өздері дамыту, өзін-өзі тану мақсатында «Дарын»ғылыми тәжірбиелік орталығы өткізетін әр түрлі шараларға жаздық академияға қатыстыру
Олемпиядаға ғылыми жоба резервтерін дайындау штабын ұйымдастыру. Университеттермен байланыс.
Мектептегі ғылыми қоғам жұмысына қатынас, оған мүше болу
Әрбір оқушы өзін «Мен-зерттеушімін» деп есептеп, ғылыми тақырып алып, оны жазу, қорғауға дайындығын жүзеге асыру
Ұлы ойшыл Плутарх былай деген екен: «Көптеген табиғат талант дарынсыз ұстаздардың кеселінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айландырып құртып тынады».
Дегенмен, күні, түні оқушы жанында болатын тәрбие жетекшісі егер ол ізденгіш, байқалғыш, алғыр, білімді болса кез-келген тест. Немесе сауалнамалардан басым түсіп жататыны айқын.
Достарыңызбен бөлісу: |