Дарынды талантты балаларды анықтаудың принциптері мен әдістері Дарынды талантты бала тұлғасының ерекшеліктері Дарындылықтың белгілері


ДАРЫНДЫ - ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ



жүктеу 49,77 Kb.
бет2/11
Дата20.01.2022
өлшемі49,77 Kb.
#33831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
aza-tl-sabaynda-daryndy-talantty-balalarmen-zhrgzletn-zhmys-trler

ДАРЫНДЫ - ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

Дарынды - талантты балаларды анықтау – нақты бір баланың дамуын талдауға байланысты ұзақ мерзімді процесс. Дарындылықты бір реттік тестілеу процедурасымен анықтай салу мүмкін емес. Сондықтан да Дарынды - талантты баланы бір сәтте таңдаудың орнына оны арнайы бағдарламамен оқытуда (қосымша білім беру жүйесінде), немесе дербестендірілген білім беруде (жалпы білім беретін мектеп жағдайында) біртіндеп, кезең-кезеңімен анықтауға күш жұмсау керек.

Психометрикалық тесттер Дарынды - талантты балаларды идентификациялау бағдарламасының аясында қосымша ақпарат көздерінің бірі ретінде қолданылады. Бірақ ол да баланы «дарынды» немесе «дарынды емес» деп шешім шығарудың жалғыз критерийі емес. Дарынды - талантты балаларды анықтау мақсатында қолданылатын психология-педагогикалық мониторинг бірқатар талаптарға жауап беруі керек:

1) баланың бейімділіктерінің кең спектрін қамтуға және ақпараттың түрлі көздерін қолдануға мүмкіндік беретін оның мінез-құлқы мен әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты;

2) идентификациялау процесінің ұзақтығы;

3) баланың бейімділіктері мен қызығушылықтарына барынша сәйкес келетін әрекет саласындағы мінез-құлқына талдау;

4) балалар әрекетінің өніміне (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер, математикалық есептерді шешу тәсілдері және т.б.) сарапшыларды (белгілі бір пән саласы бойынша жоғары білікті мамандар – математик, шахматист, филолог, инженер, т.б.) тарта отырып, сараптамалық баға бергізу;

5) баланың дарындылық белгісін анықтауда оның психикалық дамуының актуалдық деңгейі ғана емес, оның жақын даму аймағын да ескеру керек. Ерекше бағдарламамен проблемалық сабақтар өткізу, баланың психологиялық «кедергіден» өтуіне игі ықпал ететін тренинг әдістерін қолдану тиімді;

6) нақты бір баланың өзіндік ерекшелігі мен дарындылық түріне сәйкес таңдалатын көптеген психодиагностикалық процедураларды қолдану арқылы тексерудің көпкезеңділігі;

7) диагностикалық тексеруді шынайы өмірлік жағдаят жағдайында, табиғи экспериментке ұқсас формада жүргізу;

8) зерттеушілік әрекетті модельдейтін және балаға барынша әрекет еркіндігін беретін пәндік жағдаятты қолдану;

9) балалар мен жасөспірімдердің пәндік олимпиадалардағы, конференциялардағы, спорттық жарыстардағы, шығармашылық байқау, фестивальдардағы жетістіктерін талдау;

10) психодиагностиканың экологиялық валидті әдістерін – баланың шынайы жағдаяттағы шынайы мінез-құлқын бағалауға мүмкіндік беретін - әрекет нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, ата-аналар мен мұғалімдердің сараптамалық бағасын тірек ету;

Дегенмен дарындылықты анықтаудың кешенді амалы да қателіктерден толық арылта алмайды.

Дарынды - талантты балаларды анықтауда дифференциялау қажет:

а) берілген жас ерекшелігі кезеңінде қол жеткізілген, дарындылықты дамытудың өзекті (актуальды) деңгейі;

б) әрекеттің сан түрінде жүзеге асырумен байланысты болатын дарындылықтың нақты байқалуының ерекшеліктері;

в) баланың дамытылуы тиіс әлеуеттік мүмкіндіктері.



жүктеу 49,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау