Педагогтармен, құрбыластарымен қарым-қатынасы
Дарынды - талантты балалардың бұл тобы құрбыластарына қарағанда мектептегі оқу процесіне тез бейімделеді. Құрбыластары оларға үлкен құрметпен қарайды, сабақтың бәріне жақсы үлгеретіндіктен олар сыныптың «жұлдызы» болады. Бұл балалардың дарындылық деңгейіне сәйкес қиындықта тапсырмалар берудің маңызы зор. Біріншіден, оқушы түрлі көзқарастармен танысып қана қоймай, қажет болса, мамандармен қарым-қатынасқа түсе алатындай болуы керек. Екіншіден, Дарынды - талантты баланың өзіндік көзқарасы болатындығын ескеретін болсақ, оған оны жүзеге асыруға мүмкіндік берілуі тиіс. Сондықтан мұғалім мұндай оқушысының өзгенің пікірімен келіспейтіндігін, өз ойын қорғайтындығын білуі тиіс.
Үйлесімсіз даму типіндегі Дарынды - талантты балалардың тұлғасының ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |